Ойын технологиясын қолданудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2015 в 20:00, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен - күнге басты талапқа айналып , осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді .
Курстық жұмысының өзектілігі :
Курстық жұмысымдағы өзекті мәселе : жаңа педтехнологияларды сабақтарда қолдануы – сабақтың білім сапасын көтерудің факторы деген пікірді дәлелдеу .

Содержание работы

І. КІРІСПЕ. …………………………………………………. ……..3


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ..........................................................................5

2.1. Педагогикалық технология талаптары .

2.2. Оқытуды технологияндыру .

а) Ойын технологиясын қолданудың тиімділігі.

ә) «Деңгейлеп саралау» технологиясы

б) М. Жанпейісованың модульдік технологиясын сабақта қолдану –
сабақтың білім сапасын көтерудің факторы.

в) Ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану.


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………...23


ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………………

Файлы: 1 файл

жаңа технологиялар.doc

— 198.50 Кб (Скачать файл)

    Оқу  модулі  үш  құрылымды  бөліктен  тұрады :

  1. Кіріспе  2 . Сөйлесу  бөлімі    3 . Қорытынды бөлімі.

   Кіріспе  бөлімінде  мұғалім  модульдің  жалпы  құрылымының  таныстырады . Бұл  бөлімдегі   мұғалімнің  негізгі  мақсаты :  оқушыларға Нені  білу ?  Нені  үйрену  керек ?  және Не  үшін  қажет ?  екенін  түсіндіріп  жеткізу . Сөйлесу  бөлімінде  оқытуды  ойын  түрінде  ұйымдастыру  және  әр  түрлі  белсенді  формаларды  ( топтық , жұппен , диспуттар )  қолдану  -  оқытудың  міндетті  шарты  болып  табылады . Атап  айтқанда :

  1. Оқу  оқушының  жеке , топтық , ұжымдық  жұмыс  барысындағы  түрлі  қызметінің  жүйесі  ретінде  қаралады. Олар  оқушының  қисынды  ойлауын , қабілеттерін , көзге  елестету  қабілетін , жадын , шығармашылығын  және  т. б.  Дамытуға , яғни , білім  берудің  мақсаттары  болып  табылатын  тұлғалық  қасиеттерін  дамытуға  бағытталған ;
  2. Оқуды  басқарудың  психологиялық  сенімді  түрі  -  ең  алдымен , оқушының  қажеттіліктерін , қызығушылығын  және  қызмет мақсаттарын  дамытуға жағдай  жасау ;
  3. Оқуды  басқару  икеменді  болуы  тиіс , бұл  тек  оқушылардың  іштей  өсуі  жүргенде  ғана  балалардың  білім  дәрежесінің  артуына  қарай  мүмкін  болады ;
  4. Оқушылар  нақты  оқу  қызметінің  мақсаттарын  анықтауға тікілей қатысуы  керек , яғни , басқару  тұлғалық  бағыттылған  болуы  тиіс . Оқу  процесін  тұлғалық  басқару  дәрежесі  оқушылардың  өсуіне  қарай  артып  отыруы  және  оқудың  жоғары  сатысында  жалпылама  сипат  алуы  тиіс ;
  5. Оқу  процесін басқару балалардың ішкі қуатын және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

Бұл бөлімде оқыту және оқу :

а) дамытушы болады, соған байланысты мұғалімнің оқушылар мүддесіне бейімделуі қажет. Бұдан шығатыны : оқу процесін әрбір оқушының қисынды ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттіліктерін, танымдық қызметке қызығушылығын дамытуға бағытта, жағдай туғызу керек. Жағдай туғызу дегеніміз: оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін, психологиялық өзара ортаны қамтамасыз ету;

    б) даярлаушы болады,   яғни, модульдің қорытынды (бақылау) бөліміне шығуға даярлайды. Сондықтан  да әр сабақта әрбір оқушыға  қойылатын барлық бағдарлар мен берілетін бағалаулар бақылаушы емес, ынталандырушы сипатта болады. Бағалар мен бағалауларды негізінен оқушылардың өздері (өзіне, бір – біріне, командаға, топқа) береді.

        Қорытынды  бөлімі – бақылау. Оқушы сөйлесу  бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсету тиіс. Міндетті бағалау – тестілеу. Басқа түрлері – сынақ, бақылау жұмысы, диктант. Тексерудің бұл түрлері білім деңгейін әділ бағалауға, бағасын жақсартуға мүмкіндік береді.

     Сөйлесу бөліміндегі тапсырмалар деңгей бойынша беріледі :

І деңгей  - дарынды  балаларға  арналған  шығармашылық  тапсырмалар ;

ІІ  деңгей  -  стандарт  талабына  сай  тапсырмалар ;

ІІІ  деңгей  -  жеңілдетілген  тапсырмалар .

    Қорытынды  бөлімдегі  ( рефлексиялық  бағалау )  бақылау  сұрақтары  мемлекеттік  стандартқа  сай  келеді .

        Технология  үш  деңгейлік  тапсырмаларды  дайындағанда  Б. Блумның  таксономиясын  ұсынады . Бұл  дегеніміз :

ІІІ  деңгей  -  жеңілдетілген .

     Тақырыпты  қарапайым  білім  мен  түсінік  деңгейінде  игеру .

Таксономия  бойынша  білу , түсіну .

    ІІ  деңгей  -  мемлекеттік  білім  стандартының  талабына  сай  тапсырмаларды  алған  білімін  қолдана  білу  және  талдау  деңгейінде  игеру .

    Таксономитрия  бойынша :  қолдану , талдау .

    І  деңгей  -  жоғары  күрделілік  дәрежесіндегі  (  « Стандарттан  жоғары » )  тапсырмалар  алған  білімін  топтау  және  бағалау  деңгейіне  бағытталған .

    Таксономия  бойынша : топтау , бағалау .

    Модульдік  технологияны  айта  отырып , бағалауға  тоқталуды  жөн  көріп  отырмын . Баға  -  бейне  бір  белгі  және  сонымен  қатар  өлшем  сияқты , ол  оқытудың  нәтижелілік  дәрежесін  анықтауға  мүмкіндік  береді ( Тірек  -  схема ) .

    Сонымен , зерттеулер  көрсеткендей , технологияның  ерекшелігі , құндылығы  оқушылардың  білім  сапасын  едәуір  арттыруға  және  білім  стандарты  бекіткен  оқу  материалын  барлық  оқушылардың  қажетті  дәрежеде  меңгеруін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретінінде .

в ) Ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану .

     Өз  басым     оқушыны      жеке    тұлға  және  ақыл  -  ой  зердесін дамытуда  үлкен  рөл  атқаратын  технология  деп  есептеймін .

  Менінше  оқушыларға  сапалы  білім  беру  үшін  ең  қолайлы  технология  -  ұжымдық  оқыту  тәсәлә  деп  санаймын . Бұл  технология  бойынша  әр  деңгейлі  топтар  құрылуы  керек . Әр  топтың  басшылары  болады . Топ  басшыларының  міндеті : топтағы  жұмыстарды  ұйымдастыру . Ал   мұғалімнің  рөлі  тек  басқарушы , бағыттаушы . Сабақтың  аяғында  міндетті  түрде  рефлексия  болу  керек .

       Дьяченко  негізін  салған  ұжымдық  технологиясында   оқушы  мынадай  рөлдер  атқарады :

  1. оқушы ;
  2. оқытушы ;
  3. үйретуші .

Бұл  жерде  әр  оқушының  еңбегі  пайдалы  болу  керек .

    Түсінгенін  әр  оқушы  басқаға  меңгергенше  түсіндіру . Өзі  оқи  отырып , өзгені  оқыту .

    Мақсаты : әр  оқушының  қабілетін  дамыту , еңбек  етуге  баулу , ұйымшылдық  қабілетін  ояту . Ынтымақтастыққа  жетелеу .

    Ұжымдық  технологиясы  он  әдістемеден  құрылады . Сонын  ішінде  ең жиі  қолданылатын  алты  әдістемелер :

  1. Ривин  әдістемесі
  2. Ривинге  кері  әдістемесі
  3. Ривин  -  Баженов  әдістемесі
  4. Өзара  жаттықтыру  әдістемесі
  5. Тапсырмалармен  өзара  алмасу
  6. Тақырыппен  өзара  алмасу.

 1. Ривин  әдістемесі . Бұл  әдістемені  мәтіндермен  жұмыс  істегенде  пайдаланады . Ол  мәтіндерді  түсініп  оқу  үшін  арналған . Әдістемені  пайдаланғанда  5 – қадам  бойынша  ( алгоритм )  жұмыс жасалады : 1 – қадам  берілген  азат  жолда  жұптасына  дауыстап  оқиды ; 2 – қадам  -  азат  жолда  берілген  сөздердің  мағынасын  ажыратып , сөздікпен  жұмыс  істейді ; 3 – қадам  -  кілт  сөздерді  тауып , азат  жолдан  басты  ойын  белгілейді ; 4 – қадам   -  азат  жолдың  атын  қояды ; 5 – қадам  -  азат  жолдың  моделін  салады . Соңында  міндетті  түрде  жұптасын  ауыстыру  керек .

2. Ривинге  кері  әдістемесі . Ривин  әдістемесінде  нәтиже  болып  жоспар  пайда  болса , Ривинге  кері  әдістемеде  керісінше  дайын  жоспар  беріледі . Бұл  жоспардың  пунктері  бойынша  ауыспалы  жұпта  жұмыс  істеп  отырып  бірте  -  бірте  мәтін  пайда  болады . Яғни  нәтиже  -  мәтін . Бұл  әдістемені  жаңа  материалды  оқығанда  қайталау , шығарма  жазған  кезде  пайдалану  керек .

3. Ривин  -  Баженов  әдістемесі ( Р – Б ) . Әдістеме  практикалық  дағдыларды  тексеруге  арналған . Бұл  әдістемені  бақылау  жұмыстарының  алдында  пайдалану  керек . Балалар  әрбір  тапсырманың   шығарылуын  ауызша  талқылайды . Содан  кейін  әркім  өздерінің  тапсырмаларын  дәптерлеріне   өздігінен  жазады . Соңында  бір  -  бірінің  дәптерін  тексереді . Екінші  тапсырманы  басқа  баламен  талқылайды .

4. Өзара  жаттықтыру  әдістемесі . ( Ө Ж ) . Бұл  әдістемені  практикалық  дағдыларды  жаттықтыру , қайталау , бекіту , автоматтандыру  мақсаттарында  пайдаланады . Әдістеме  бойынша  арнайы карточкаға  5 – 6  тапсырма  және  оның  шығарылуын , немесе  5 – 6  сұрағымен  жауабын  бірге  жазамын . Балалар  карточкаларды  алып , бір  -  бірлерін  ауыспалы  жұпта  жұмыс  істей  отырып  тексереді , білімдерін  бекітеді .

5. Тапсырмалармен  өзара  алмасу  әдістемесі ( Т Ө Ә ) . Бұл  әдістеме  көбінесе  практикалық  дағдыларды  меңгеруге  арналған . Оны  жаңа  тақырыпты , жаңа  ережені  өткен  кезде  және  бекіту  кезінде  қолданылады . Әдістеменің  екі  нұсқасы  бар . Жалпы  карточка  екі  бөлімнен тұрады . Бірінші  бөлімінде  тапсырма  мен  алгоритмімін  жаздым , тапсырманы  калай  орындау  керек . Екінші  бөлімінде  бірінші  тапсырмаға  дәлме  -  дәл  сәйкес  2  тапсырма  беріледі . Оны  оқушы  өздігінен  шығарады .

6. Таққырыппен  өзара  алмасу . Бұл  әдәстеме  тақырыпты  өз  бетінше  оқуға  арналған . Әдістеме бойынша  міндетті  түрде  3  бөлімнен  тұратын  карточка  жасалады . Бірінші  бөлімінде  азат  жолға  арналған  сұрақтар . Екінші  бөлімінде  бүкіл  тақырыпты  қамтитын  сұрақтар , деңгейлік  тапсырмалар , оқушыларды  ойландыратын , ізденіс  жасайтын , қиын  сұрақтар . Оқушылар  екінші  бөлімдегі  тапсырмаларды  орындағаннан  кейін  мұғалімге  келіп  міндетті  түрде  тақырыбын  тапсырады . Тек  тексергеннен  кейін  оқушының  басқамен  тақырып  алмасуға  құқы  бар . Ал  шығарамашылық  деңгейді  оны  істей  алатындары  ғана  жасайды .

   Осы  ұжымдық  оқыту  әдістемелерімен  оқытқанда  балалар  жақсы  оқып , мәтіннің  мазмұнын  айтып , сұрақтарға  жақсы  жауап  береді . Өзара  сұхбат  жасап  сөйлесуге  машықтанады . Берілген  жаттығуды  өз  беттерімен  орындауға  тырыса  бастайды .

    Нәтижесінде , бір  -  бірімен  кезектесіп  диктант  жазу  арқылы , нашар  деген  оқушының  жазу  сауаттылығы  жақсарғанын  байқаймыз . Себебі  ол  көзімен  көріп , құлағымен  тыңдап , жазу  әрекетін , оқу  техникасын  меңгерді . Мұғалімдер  тәжірибе  бойынша  жаңа  технологиямен  оқытқанда  әрбір  оқушының  жеке  басының  ерекшелігін  ескере  отырып  әдіс  -  тәсілді  қолдану  үлкен  жетістікке  жеткізеді .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ .

Қазіргі  заманға  ғылыми  -  техникалық  үрдістің  қарқыны  білім  беру  жүйесінің  алдына  мүлде  жаңа  міндеттер  қойып  отыр .Ол  -  өз  жұмыс  орнында  және  бүкіл  техникалық  тізбекте  технологиялардың  үздіксіз  өзгерістеріне  бейімделе  алатын  орындаушының  тұлғасын  қалыптастыру . Ал  оларды  даярлау  үшін  қазіргі  дидактикалық  мүмкіншілдіктерді , жаңа  идеяларды  және  білім  беру  технологияларын  пайдалану  керек . Жалпы  мектеп  тәжірибесіне  жаңалықтардың  енгізу  -  оларды  қолдануға  деген  қажеттіліктен  туындайды . Ал  оқыту  технологиясын  қолдану  үшін  алдымен  жаңалықты  игеруге  даярлық , яғни  технологиялық  өнделген  құжаттар  болуы  керек . Мұғалімдердің  оқыту   технологияларын  меңгеруге , қолдануға  деген  қажеттілкті  туғызып , технологиялық  жұмысқа  бағыттау  -  білім  сапасын  арттырудың  маңызды  құрылымы . Бұған  мұғалімдерді  психологиялық ,  теориялық  және  әдістемелік  тұрғыдан  даярлау  қажет . Оқытудың  қазіргі  технологияларын  оқыту  үрдісіне  қолдану , оған  қызығушылық  таныту , ынта  қою , оның  мақсатын , мазмұның , болашағын  түсініп , іс  жүзінде  асыра  білу , белгілі  бір  мақсатты , жүйелі  дайындықтың  нәтижесі  болып  табылады .

Қазіргі  білім  беру  жүйесінде  жаңа  технологияларды енгізу  күннен  -  күнге  басты  талапқа  айналып , осы  әдістерді  жетілдіре  түсу  қажеттігі  күшейіп  келеді .

    Оқу  бағдарламысына  жаңа  үрдістер , жаңа  оқу  технологиялары  көптен  енгізілуде . Олар : проблемалық  оқыту  технологтясы , модульдық  технология , коммуникативті  технология , ойын  технологиясы , дебат , тағы  басқалар . Атақты  ғалым  В. М. Шепельдің  « Технология , бұл  -  өнер , шеберлік , іскерлік  әдістердің  жиынтығы , жағдайдың  өзгеруі » деуі , бүгін  жаңа  технологиямен  оқыту  маңызын  нақты  айқындап  тұр . Ендеше , оқытушы  күнделікті  баспасөз  бен  теледидардан  болып  жатқан  өзгерістерді , жаңалықтарды  өз  шығармашылығына  лайықтап , өндеп  пайдалануы  қажет . Себебі , М. Чошанов  « Технология , бұл  -  дидактикалық  жүйенің  құрамды  бөлігі »  деп  анықтама  берген  болатын . Жаңа  әдістемелер  мен  технологиялардың  негізгі  міндеті  оқу  процесін  жүйелі  құрып ,  оқушылардың  танымдық  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға  көмек  берумен  қатар , мұғалімнің  өзіндік  оқыту  әдістемесін  құру  және  пән  бойынша  оқу  материалдарын  жүйелеп , шығармашылығын  арттыра  түсу  болып  табылады . Мұғалім  әр  сабағында  мақсатына  қарай  ерекше  тапсырма , қызықты  жұмыс  түрлері  мен  әдіс  -  тәсілдерді  көбірек  пайдаланып , сабақ  барысында  ойын  түрлерін , жүппен , топпен   жұмыс  түрлерін  т. б. қолданып  отыруы  әдетке  айналдыруы  керек . Осынау  жаңа  технологияларды  шын  мағынасында  танып  білу , үйрену , анықтау , тарату , насихаттау  үшін  мұғалімдердің  атқарар  қызметі  де  ерекше

    Педагогикалық  технология – қазіргі  талапқа  сай  анықталып , іріктеліп , реттелген  оқытудың  жаңа  мазмұн , әдіс – амалдарының , редактикалық  талаптарының  психологиялық – педагогикалық  жиынтығы. Міне  осы  жаңа  педагогикалық  технологияларды , атап  айтқандар : В. Давидовтың  әдістемесінен «Оқушыны  зерттеу  жұмысыны  бейімдеу» , В.  Шаталовтың  әдістемесінен «Тірек  конспектісі  пайдалану». Ж. Қараевтің «Деңгейлеп  оқыту , Бесполько  әдісінен «оқушыларды  шығармашылыққа  бағыттау» , Сорос – Қазақстан  қорының  «оқу  мен  ажу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  бағдарламасын  оқып  үйреніп , әдіст - тәсілдерін  оқу  үлгісіне  еңгізу  керек. Өйткені  барлық  жаңа  технологияның  алдына  қоятын  мақсаты – оқушының  жеке  басының  дара  және  дербес  ерекшелігін  ескеріп  олардың  өз бетінше  ізденуні  арттырып , шығармашылықтарын  қалыптастыру. Оқушылардың  ойланып  ізденуіне , өз  бетімен  жұмыс  істеп , қорытынды  жасай  алуына , эмоциялық  сезімдерін  арттыратын , адамгершілікке  тәрбиелеуге , өмірдің  түрлі  сырларын  түсіне  білуге  жетелейтін  озық  технологиялардың  бірі – мәселелік  оқыту  технологиясы  элементтерін  жас  ұрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеу  барысында  жие  қолданып  қолданылады. Оқушылардың  жас  ерекшелектеріне  қарай  мәселелі  сұрақтар  тұғызып , айтыс  тұғыза  алатындай  дәрежеге , оқушылар  көркем  шығарманы  терең  түсінетіндей   мазмұнды  қарастыруға  әрекет   жасап  отыруы  керек.

Информация о работе Ойын технологиясын қолданудың тиімділігі