Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 09:54, курсовая работа

Описание работы

Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................3

І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері

1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері.............................................................9

1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы...................................................................................18

1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі.................................................25

ІІ. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы

2.1. Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру.........................................................................................37

2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру..............................................................................43

2.3. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері.............57

Қорытынды.............................................................................63

Әдебиеттер..............................................................................65

Файлы: 1 файл

І. О-у-т-рбие процесінде о-ушылар-а экологиялы- білім мен т-рбие.doc

— 319.50 Кб (Скачать файл)

Оқушылардың адамгершілік қасиетін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік және басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласу жеткіліксіз болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке душар болады.

Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің маңызын  бағалай келіп, А.Е. Тихонова «табиғатты эмоциялық сезіммен қабылдау, оған деген эстетикалық қатынастың бастапқы негізі болып саналады. Мұғалімнің маңызды міндеті эстетикалық сезімді байыту ғана емес, сонымен бірге табиғатқа адал қатынастағы адамгершілік-эстетикалық жағын дамытуды, оның сұлулығын молайтуға ұмтылдыруда болып табылады», - деді[15].

Сондықтан да адамның табиғат сұлулығына қатынасы эстетикалық қатынас деп қана емес экологиялық аспектідегі адамгершілік-эстетикалық қатынас деп қарастырған жөн. Табиғат пен көркем шығармалар арқылы бейненің ішкі үйлесімдігі экологиялық пен эстетикалық үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Демек, табиғатқа эстетикалық қатынасты оған деген адамгершілік қатынасты, «эстетикалық тәрбиені экологиялықтан бөліп қарастыруға болмайды».

Табиғат –  сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас  қайнар көзі, ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал, бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да, «экологиялық жағы» еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде үйлестіріп отыратын, еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас олқылықтар пайда болады.

Ч.Дарвин «Түрлердің шығуы» деген еңбегінде органикалық дүниенің дамуына байланысты көптеген экологиялық байқауларын келтірген[16]. Дегенмен, ғылымда «Экология» деген ұғымды алғаш айтқан адам Эрнест Геккель. Ол «Экология» деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Эрнест Геккельдің өмірге енгізген «экология» сөзін дәлме-дәл аударғанда «үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым», деген грек сөзінен шыққан[17]. Келесі бір экологиялық сөздікте «экология (гректің ойкос – үй, мекен, тұрақ және логос – білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған) – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым».

Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге, көкөністерді органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. «Осы іс-әрекеттің әрі аса қажет екендігіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өзі үкімімен бізге берер соққысын жеңілдету мен лайықты аз жазаны аз да болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр», - деп атап көрсеткен болатын Америка экологы Р.Риклефс.

Жоғарыда  айтылғандардан шығаратын қорытынды  айқын: адамдарды құтқару жолындағы  әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып үйренуден бастау қажет.

Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне  сай және табиғатқа жақын қарым-қатынаста  жүргізілсе ұтымды болатындығына К.Д. Ушинский назарын аударған. Оның «Детский мир», «Родное слово» атты кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіріледі. Ол адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып, «Табиғат даусын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес, адамға тек оның заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады», - дейді. Ол табиғаттың тәрбиелік күшіне берік сене отырып, оны «ой ұрығы», «ұлы тәрбиеші» деп бағалады. Өзінің жастық шақ өмірінің негізінде қорытынды жасай отырып: «Мейлі мен педагогикада тағы деп атаңдар, бірақ өзімнің өмірлік әсерімнен жер бетінің әсем көріністерінің баланың жан дүниесін дамытуда ересек мол тәрбиелік мәні, ықпалы бар, тіпті ойымен тәрбиесінің ықпалынан да бәсекелесуі қиын деген терең шешімге», - келдім деген болатын[18].

Р.Г.Лемберг, А.С.Макаренко, Ш.Т.Шацкий т.б. өздерінің еңбектерінде адамның табиғи ортаға деген қарым-қатынасының қалыптасуы күнделікті қызмет барысында жүзеге асатынын атап көрсеткен.

Табиғаттағы эстетикалық түйсінуге балаларды жүйелілікпен, мақсаттылықпен тәрбиелеу идеясын Н.Н. Рыбников, В.А.Сухомлинский т.б. еңбектері арқылы негізделді. В.А.Сухомлинский «табиғат адам оны танып білгенде себеп-салдарын байланыстыра ой-жеткізуде ғана тәрбиенің қуаты қайнар көзі бола алады», - деп табиғаттың заңдарын жете меңгеруге ғана, табиғаттың жай-күйін түсінетіндігіне ерекше мән береді. Ол баланың бойына табиғатқа сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айырбастауға болмайтын эстетикалық, адамгершілік «эстетикалық тәрбиені экологиядан бөліп қарастыруға болмайды» [19].

Бар өмір тіршілігі  табиғатпен араласып өтетін, оның аясында  өскен халқымыздың туған жерге  қатынасы туралы халықтық педагогикада, ақын-жырауларымыздың, ағартушыларымыздың даналық сөздеріне қанып өскен Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың еңбектерінде табиғатқа көзқарастарының ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол. Ш.Уәлиханов туған халқының табиғатпен қатынасындағы әдет-ғұрыпын, дәстүрін, этикасын зерттей отырып, қазақтар арасындағы сенім олардың табиғатты шексіз қадірлеуінен туған», - табиғаттың сұлулығын тану адамдарға рухани күш беретіндігін айтқан болатын.

А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі философиялық ой-пікірлері, оның табиғат заңдылықтарын терең пайымдау алумен бірге оған байланысты ғылыми көзқарастарын танытады. Ол табиғаттың бір байлығын адам баласының ауызына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келіп, «Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз», - деп өсіп келе жатқан ұрпақты табиғат ананы аялап сүйе білуге үндейді[5].

Қазіргі экологиялық  мәселелер бүкіл адамзат баласын  ойландырып отырған кезде халқымыздың  бұл салада қалдырған тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор асыл мұраларына көңіл бөлу керек. Халықымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа өнеге-үлгі боларлық жыл мұралар, даналық ұғымдар, мақал-мәтел, нақыл сөз, аңыз әңгіме арқылы жетіп отырған. Осындай әрбір асыл мұраның өзінде қаншама терең ой, әрі тәлім-тәрбие өнегесі жатыр. Сондықтан да әрбір ұстаз, әр тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халықтық педагогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, әрі оны пайдаланып отырса, оқушылардың экологиялық түсінігінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Аңыздардағы Қорқыт бабаның жерді бүлдіріп қаза беруден сақтандырып, «...уы шығып  кетер», - деп безектеді, Асанқайғы  атамыздың халқына жайлы қоныс  іздеп, желмаясымен жеті жыл кезуі, тіпті М. Әуезовтың Америкаға  барған бір сапарында сол жақта  тағдыр талабымен тұрып жатқан Әбілсәмәд деген қазақтың қонақ үйге іздеп келіп: «Сыр ағып жатыр ма?» – деп сұрауының өзі туған жерге, туған жер табиғатына деген сүйіспеншіліктің белгісі.

Халқымыз  табиғаттың кейбір туындыларын «киелі», «қасиетті» деп ұғып, оларды жоюға  болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас, бірінен-бірін бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттың өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген Ш.Уәлиханов: «табиғат пен адам: өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? – дей келе қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырымын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі», - деп атап көрсеткен.

Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап, «Бұлақ көрсең көзін  аш», «Аққуды атпа», «Құстың ұясын  бұзба», «Көк шөпті жұлма» деп өсиет  етіп отырды. Ал қарлығаш, аққу, ұлар т.б. құстар жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастауы, игіліктің иесі, сұлулықтың символы деп ұясын бұзуға, балапанын алуға, өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

Ертедегі  табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, жырау мен ақындар жырларындағы ойлы пікірлер – экологиялық тәрбие беруде және экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал. Ертеден қалған:

«Көзіңді қалдыр бұлақ көзін аша жүр,

Ізіңді қалдыр жақсы істен мұра шаша жүр,

Өзіңді қалдыр бақша өсіріп, жаса нұр – деген өсиетінде зор мағына жатыр.

Табиғат –  ананың сырларын бойға сіңіріп алмайынша  онымен тең отырып сөйлесу қиын. Ең бірінші, табиғатты – туған  анаңдай түсіну, екінші, табиғатқа  – туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған ұлыңдай қорғауың қажет. Түсінбей тұрып табыну, табынбай тұрып қорғаудың қисыны жоқ. Табиғат пен адамзат баласы дүниенің бірінсіз-бірі тұл болатын – ажырамас бөлшектері. Адам үшін жері мен суы, орманы мен тасы, жануары мен өсімдіктері тіршілік ететін басты көздері болса, табиғат үшін адам оның бағбаны іспеттес.

Бүкіл түркі дүниесінің бабасы Қорқыт Ата «Қаратауларың  бұзылмасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарың қырқылмасын», - деген қасиетті сөздері  – туған жер табиғатын аялауға  шақырған аталы ұғымдар. Мысалы: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Сулы жер – нулы жер», «Жері байдың елі бай» - деген сөздер бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады.

Белгілі ғалым-эколог И.Д.Зверев «педагогикалық практиканың негізгі жағдайында барлық оқу пәндерін экологияндыруға байланысты мұқият ойланып істелген жұмыстар қажет» - деп пәндерді экологияландыруға басты назар аударды[20].

Қазіргі кезде  мектептегі экологиялық тәрбие беру саласында себептен гөрі сандарға көбірек көңіл бөлініп отыр. Нәтижесінде табиғат пен қоғамда орын алатын күрделі байланыстарды талдаудың орнына, адамзат бар күшін табиғатты ұтымды пайдаланбаудың жағымсыз салдарын жоюға жұмсауда.

Экологиялық тәрбие беру жұмысы жанұяда, балалар  бақшасында, мектепте, орта арнаулы  және жоғары оқу орындарында, жұмыс  істеуге көшкен кезде де үздіксіз жүргізілген жағдайда адам санасында табиғатты қорғап, оның байлықтарын сақтау жөніндегі тиянақты көзқарасты қалыптастырып, жүйелі білім беруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен

  тәрбие берудің жағдайы

Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкіл халықтың мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі – бұл істі жүзеге асыруды бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттеп отыр. Мұның мәні – оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін ұғындыру табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен икемділік, дағдыларымен қаруландыру. Біздің елімізде «әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байланыстарын қорғауға міндетті» деген талаптар барлық уақытта бірдей дәйектілікпен жүзеге асырылып отырымағаны мәлім.

«Жалпы білім  беретін мектептерде табиғат  қорғау жұмыстарын күшейту туралы»  әдістемелік хатта оқыту процесінде экологиялық тәрбие берудің маңыздылығын ашып көрсетуі, оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын тәрбиелеу ісіне қорғау салады. Қазіргі әлемдік экологиялық мәселелердің туындап отырған кезеңінде оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр.

Адамдар табиғатты  билеп – тың игеру жылдарында қаншама жерді тілім-тілім етіп жыртып, эрозияға ұшыратты. Мақта мен  күріш өсіреміз, шөл даланы гүлдендіреміз  деп каналдар салып, суды бөгеп табиғаттың бұзылуына әкеліп соқтырдық. Адам мен  табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған бұл қарама-қайшылықты жою қазіргі кезде, барлық қауымды ойландыруда. Сондықтан қазір ол дүние жүзі халқының, экологтардың, ғалымдардың, педагогтардың, саясат қайраткерлерінің назарын ерекше аударып, Біріккен Ұлттар ұйымының таңдап талқылайтын ең маңызды мәселелердің біріне айналды.

Біріккен  Ұлттар ұйымы біздің планетамыздағы экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде  барлық елдердің қоян-қолтық тізе қосып, бірлесіп жасаған кең көлемді  бағдарламасында мазмұндалған «табиғат қорғаудың әлемдік стратегиясы» деп аталатын, халықаралық мәні зор құжатты жариялады. БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму мәселесі жөніндегі конференциясы 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында болып өтті. Онда 108 мемлекет пен үкімет басшылары қол қойған «ХХ ғасырдағы күн тәртібінде» деп аталатын құжат қабылданды. 1998 жылы аталған бағдарламаның шешімінің орындалу барысын қараған Б.Ұ.Ұ-ның Бас Ассамблеясының арнаулы 19 сессиясы Нью-Йоркте болып өтті. Оған БҰҰ-ға мүше 185 елдің басшылары мен делегациясы қатысты.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы мектептерінде экологиялық білім мен тәрбие беруге көңіл бөлініп келеді. 1997 жылы тамыз айынан бастап «Қазақстан Республикасында табиғатты қорғау туралы» жаңа заң қабылданып күшіне енді. Заң адамның өмір мен денсаулық үшін айналадағы қоршаған ортаның қолайлы болуын қамтамасыз етіп табиғатты қорғаудың экологиялық құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді».

Ол мынадай  тармақтардан тұрады:

1. Республиканың  халыққа білім беру органдары  табиғатты қорғау жөнінен халықтың  барлық топтарын қамтитын тәрбие мен білім беру жүйесін жүзеге асырады.

2. Жалпыға  бірдей кешенді және үздік  экологиялық білім мен тәрбие  беру жүйесі мектепке дейінгі, мектептегі тәрбие мен білім берудің, жоғарғы және арнаулы оқу орындарында кадрларды, мамандарды кәсіптік жағынан даярлаудың, олардың білікті болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экологиялық құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді[2].

Информация о работе Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы