Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 09:54, курсовая работа
Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.
Кіріспе......................................................................................3
І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері.............................................................9
1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы...................................................................................18
1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі.................................................25
ІІ. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы
2.1. Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру.........................................................................................37
2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру..............................................................................43
2.3. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері.............57
Қорытынды.............................................................................63
Әдебиеттер..............................................................................65
География пәнінің
оқу бағдарламасында зерттеу
жүргізілу барысында
География. Географиялық ортада өмір сүретін орта және адамның қызметі өндірістің территориялық комплекстері – қоғам мен табиғаттың өзара әсерлесуінің саналы жаңа кезеңдері. Адам қызметінің табиғи ортаның өзгеруін бағалау. Адам қоғамының дамуының табиғат жағдайларына ықпалы. Мемлекет табиғи-әлеуметтік жүйе: өндіруші күшпен өндірістік қатынастың даму деңгейі. Табиғи және экономикалық потенциал. Қала экологиясы. Экологиялық мәселелер: глобальды, аймақтық, жергілікті. Табиғатты қорғауда шара қолданудың экономикалық тиімділігі. Табиғи ортаны бағалау және бақылау.
Химия пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар химия курсында игеруге тиіс.
Химия: ортаның химиялық өлшемдерінің нормасы. Олардың адамның химиялық іс-әрекетінің нәтижесін өзгеруінің шегі мен бағасы. Химия өндірістерін экологияландыру: қалдықтарды тазалау және залалсыздандыру, металдарды тотығудан сақтау. Қоршаған ортадағы химиялық заттарды нормаға келтіру. Қоршаған ортаның химиялық жағдайын бақылау.
Физика пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар физика курсында игеруге тиіс.
Физика: адамды қоршаған ортаның физикалық параметрлері, олардың физикалық антропогенді әсерлердің нәтижесінде өзгеруін бағалау: шудың деңгейінің жоғарылылығы, радиация, электромагниттік сәулелену, шаңмен ластану және т.б. Қоршаған ортаға тасталынған физикалық қалдықтар нормасы.
Физика, биология, химия, география пәндерінің оқу бағдарламаларының барлық мүмкіндіктерін оқып, зерттеу оқушылардың пәнаралық байланысты экологиялық білім мен тәрбие берудің зерттеуші моделінде комплексті түрде жүзеге асырудың кестесін жасауға мүмкіндік берді.
Оқушылардың экологиялық тәрбие беруде мектепте оқытылатын әр пәннің өзіндік ерекшелігі болатындығы сияқты, пәнаралық байланыс арқылы биология, химия, география, физика т.б. сабақтарында өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру ісін мектеп тәжірибесінде жаратылыстану ғылымдары арқылы іске асыру қазіргі уақытта дәстүрге айналуды. Биология, география, химия, физика т.б. пәндерде оқушы бойына табиғатты қорғауға баулитын сан түрлі тсезімдері оятудан гөрі табиғат туралы білім фактілерін жинақтап беру басым.
Мәселен, пәнаралық байланыс арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында жүргізіліп жүрген физика сабақтарына тоқталайық. 8-шы сынып оқушыларына физика курсының «Газдардағы, сұйықтардағы, қатты денелердегі диффузия» тақырыбына өткізілетін сабақты қарастыруға болады. Бұл сабақта физикасына көп көңіл бөлінбей диффузия құбылысы арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында, оның экологиялық мазмұнына басқа пәндермен, табиғатпен байланысына, оны қорғауға баса көңіл бөлінеді. Бұл сабақта өсімдіктерге, жануарларға және топырақ қалай ластанатынын көрсету керек. Мысалы, географиядан «Атмосфералық таза ауаны сақтау тәсілі», «Биосфераға адамның ықпалы», биологиядан «Клеткаға заттардың түсуі», «Өсімдіктердің өмір сүру жағдайы».
Осы тақырыптарға байланысты оқушыларға көрнекілік жасап, соны жетік түсіндіру керек.
Соңғы кезде көп пайдаланып жүрген дәстүрлі емес сабақ түрлері (лекция, конференция, пікірталас, семинар, т.б.) мұғалімдерге шығармашылықпен жұмыс істеудің көптеген мүмкіндіктерін ашып берді.
Семинар сабақта оқушылар алған білімінің тиянақты екенін көрсетіп, берілген сұрақтарды шешуге белсене қатысады.
Экологиялық тәрбие беру практикасында ойын әдістері көп қолданылуда
Экологиялық ойын – экологиялық білім берудің бір формасы. Ұстаздық тәжірибеде және түрлі жарияланымдарда ойынға қатысты көптеген термин түсініктер бар: (ұйымдық, іс-қимылдық, ойын, оқыту ойыны, педагогтық ойын, еліктеу ойыны, іскерлік ойын, рөлдік ойын, т.с.с.).
Экологиялық рөлдік ойын – экологиялық іс-әрекеттердің әлеуметтік мазмұнын, моделдеуге негізделген экологиялық ойын түрі. Ойынға қатысушылар белгілі бір рөлдерде ойнайды. Бұл ойынға қатысушыларды шын өмір жағдайына жақындата түседі. Рөлдік ойынды өткізу арнайы дайындықты талап етеді. Өйткені, болашақ мамандар өздерінің мамандықтары төңірегінде білімдерін жетілдіруі тиіс. «Космостық экспедиция» ойынын жүргізуге болады. Яғни, белгісіз ғаламшардан келген ғылыми топ біздің планетамыз туралы есеп беруге тиісті. Оған қоса экспедиция мүшелерін жердегі адамдармен қандай да бір байланыс жасауға тыйм салады. Экспедиция құрамына зоолог, ботаник, геолог, физик, химик, океанолог, палентолог кіреді.
1. «Сот процесі» ойыны экологиялық құқықтану білімін игеруге бағытталған ойын түрі. Бұл ойын экологиялық апатқа жол бергенге завод әкімшіліктердегі сот процесін көрсетіп, ойналады. Қатысатындар: прокурор, қорғаушы, кінә тағушы, куәгерлер, эксперт. Көрсетілген ойын сөзсіз жоғары сынып оқушыларын оқытуда қолдануға болады.
2. «Табиғат
қаласы» ойынына жоғарғы және
орта сынып оқушылары, сондай-
1. Ботаникалық
бақ. Өсімдіктер туралы
2.Зоопарк. Жануарлар туралы викториналар, суреттер галереясы.
3. Табиғат
тақырыптарына арналған
4. Ертегілер әлемі. Табиғат туралы жұмбақтар шешіледі.
5. Концерт залы. Табиғат тақырыбына арналған шумақтар.
6. Көркемдік салоны. Сурет көрмесі.
7. Кітапхана.
Табиғат туралы кітаптар
8.Табиғат үсті. Плакат, фотографиялармен иллюстрацияланған табиғат тақырыбындағы баяндамалар. Ойын соңында қорытындысы айтылып, мерекемен аяқталады.
2.2.
Сыныптан тыс жұмыста
білім және тәрбие беру
Қазіргі таңда экологиялық проблемалардың зардаптық көлемі ұлғаюына байланысты жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын қалыптастыру деп отырмын. Ол үшін оқушылардың экологиялық білімді игеруі мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілетіні анықталып отыр.
Біріншіден сабақ оқытудың барысында экологиялық мәселелердің бір-бірімен байланыстырылған ғылыми негізінде қабылдаса, екіншіден сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесінде, олар табиғат пен қайта түлеген ортаға тиімді ету жөніндегі нақты білім мен практикалық тәжірибені, іскерлік пен дағдыны меңгереді.
Сондықтан экологиялық білім беруге әр түрлі әдістерді пайдаланамыз: олар табиғатқа экскурсия, экологиялық үйірме, факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары: экологиялық білім беру және тәрбиелеудің мақсаты мектеп оқушыларының қоршаған ортаның жай күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық білімдері мен біліктерін қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, оның жалпы кәсіби білімі мен сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Осының бәрі бір-бірімен үйлесімді жүруі оқушылардың экологиялық білімдерінің дамуына жол ашады.
Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттері:
1. Оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, оқу іс-әрекетінде белсенділіктерін арттыру, яғни, бағдарлама бойынша берілген экологиялық материалдарды тең меңгеруіне көмектеседі.
2. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстар өткізу және оған дайындық барысында оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер қоя білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқуына мүмкіндік берді.
3. Сыныптан
тыс жұмыстар практикалық
Сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың алуан түрлері бар, бірақ олардың әрқайсысының өзінің ерекшеліктері бола тұрса да, бір мақсаттылыққа жұптасып ортақ талаптарды іске асырады.
1.Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне қарай оқушыларды қалыптастыру тек қана ерікті болуы тиіс.
2.Қандай да жұмыстың түрі болса да, оның қоғамдық және қолданбалы бағыты болуы керек.
3.Сыныптан тыс және мектептен тыс жүргізілетін экологиялық жұмыс түрлерін анықтағанда оқушылардың ынта-ықыласына, талабына, бейім-қабілеттеріне мен құштарлығына сүйенген жөн.
4.Ұйымдастырылған қандай да бір экологиялық жұмыс түрі болмасын оқушылардың белсене қатысуына, ізденушілікке бағыттайтындай болу керек.
5.Балалармен жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде экологиялық бағыт-бағдар басым болғандығы дұрыс.
6. Бұл жұмыстар
нәтижелі болу үшін нақты
7. Сыныптан тыс және мектептен тыс экологиялық жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру жағын ойластыру қажет.
8. Экологиялық
жұмыс жүргізгенде оқушылардың
жас ерекшеліктерін, өмір тәжірибелерін,
бейім-икемділіктерін ескеру
Менің ойымызша экология курсының жүргізілетін экологиялық мазмұндағы сыныптан тыс жұмыстардың рөлін арттыруына мынадай жағдайлар әсер етеді:
1. Сыныптан тыс жұмыстардың жан-жақты болуы, білім және тәрбие беру әдістемесінің сапасын көтеруге әсерін тигізді.
2. Мектеп бағдарламасында оқу материалын экологиялық жұмыстармен байланыстыру барысында, оқушылардың білімін жан-жақты жетілдіруге мүмкіндік береді.
Сабақ мазмұндары мектеп бағдарламасында шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғалми техникалық, экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан тек қана іскерлікпен ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарды жаңа материалдардағы өзгерістерді кең түрде қолдануға болады.
Осыған байланысты сыныптан тыс оқушыларға экологиялық білім беру факультатив сабақтар мен табиғи ортадағы жұмыстар жүргізілуі керек.
Қазақ халқында табиғат пен адам арасындағы байланыс өте ертеректен келе жатқаны бәрімізге мәлім. Табиғаттың сансыз сыры мен құбылыстарын түсіндіруге ұмтылу, халықтың бойында ақыл санасында табиғат жайындағы танымды табиғатты аялаудың қажеттілігі жайында ұғымдарды белгілі жүйемен жинақтауға талпынған. Халқымызда «табиғатым-тағдырым» деген нақыл сөз бар. Ежелгі дүниеде халқымыз табиғатқа, туған жерге, суға, өзі өмір сүріп отырған ортасына көп көңіл бөле білген.
Табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдік бұзылмаған, халқымыздың ауыз әдебиетінде де осы табиғат, жер, су, өсімдік, жануарлары бар дүниесіне де өте мән берілген. Ата-бабамыздың өмірлік тәжірибесінен жинақталған, аңыз, әңгіме, нақыл сөз, мақал-мәтелдернен халық даналығын танып білуімізге болады. Мысалы:
Жаздың бір күні
Қыстың мың күніне татыр –
деп жаздың жайма шуақ, елге сондай жайлы екендігін тілге тілек етсе, ал мына бір мақалында:
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар
дейді, яғни адам
мен табиғатта болатын
Тау кезеңсіз болмайды,
Өлке өзенсіз болмайды –
деп өмірі
көшіп-қонудан басталған
Сондықтан да, мектепте экологиялық мәселелер бойынша оқу-тәрбие процесін белгілі бір жүйеге келтіріп, этноэкологиялық бағытта дұрыс жолға қойып, салт-дәстүрге жетелейтін бағытта бағдарламалар құру қажет.
Сондықтан сыныптан тыс өткізілетін жұмыстарға жете мән беріп, әртүрлі бағдарламалар шығарып, жаңа арна тәсілдер іздестіру қажет, өйткені, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар жас жеткіншектерге оның ықпал әсері ерекше болмақ(№1-кесте).
Биология сабағында оқушылардың білімі мен икемділігіне қоятын талаптар.
№1-кесте
Білімі |
|
Кіріспе |
икемділігіне |
Табиғатты қорғаудағы халық дәстүрі |
Табиғаттың сансыз, сыры мен құбылыстарын түсінуге, табиғатты аялаудың қажеттілігі жөніндегі түсінушілік. |
Қазақ халқының табиғатты қорғауға арналған дәстүрлері |
Табиғатты қорғауға арналған дәстүрлерді игере білу. |
Ауа-райының құбылыстарын бақылауға байланысты халық дәстүрлері |
Ауа-райының құбылыстарын бақылауға арналған іс-шараларды білу. |
Су қорғауға байланысты халық дәстүрлері | |
Өзен-көл суларына тиімді пайдалану, ластанудан сақтау |
Өзен суларының ластану себебін анықтау, су қорын тиімді пайдалануды білу. Өзен туралы мақалдарды есте сақтап, әртүрлі іс-шараларға қатысу, табиғатты қорғау. |
Пайдалы қазбаларды қорғауға арналған халық дәстүрлері | |
Адамдардың жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды игеруде және шаруашылық қызметінің әсерінен өзгеріске ұшырауы. Жер қойнауын пайдаланып, оны қорғаудағы халық дәстүрі |
Жер қойнауының адам баласы үшін ашылмаған сырларының көптігін білу. Жергілікті жердегі негізгі тау жыныстары мен минералды заттарды ажырата білу. |
Топырақты қорғауға байланысты халық дәстүрлері | |
Топырақ эрозиясы, оны бақылауға арналған іс-шаралар, қазақ халқының топырағын аялап қорғау дәстүрлері |
Қазақ халқының арасында эрозияға ұшыраған топырағын қорғаудың, қалпына келтірудің, құнарлығын арттырудың біреше тәсілдерін ажырата білу. |
Табиғат аясына экскурсия | |
Туған өлке табиғатын тиімді пайдалануға және қорғауға арналған іс-шараны ажырату |
Табиғаттың ережелерін сақтау, табиғат қорғауға арналған жұмыстарға қатысу. |
Информация о работе Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы