Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 09:54, курсовая работа

Описание работы

Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................3

І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері

1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері.............................................................9

1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы...................................................................................18

1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі.................................................25

ІІ. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы

2.1. Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру.........................................................................................37

2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру..............................................................................43

2.3. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері.............57

Қорытынды.............................................................................63

Әдебиеттер..............................................................................65

Файлы: 1 файл

І. О-у-т-рбие процесінде о-ушылар-а экологиялы- білім мен т-рбие.doc

— 319.50 Кб (Скачать файл)

 

Мектеп өміріне  кеңінен орын-тепкен сыныптан тыс көп жұмыстың біден-бір түрі  үйірме. Үйірменің түрлері көп.

1. Пән үйірмесі - әдебиет, тіл, тарих, физика, математика, химия, биология т.б.

2. Драмалық  үйірме: көркем саз, би, фотосурет,  радио үйірмесі.

Оқушыларға экологиялық білім беруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың үйірме жұмысының алар орны өзгеше. Себебі, экологиялық білім беру жүйесінде үйірме жұмыстары ерекше міндеттер атқарады. Ол мынадай міндеттер:

  • сабақпен салыстырғанда сыныптан тыс уақытта экологиялық теория мен практика мәселелерін оқып, үйренуге мүмкіндік туғызады;
  • оқушылардың теориялық материалдарды меңгеруге экологиялық және табиғи қорғау мәселелерін дұрыс бағалай алатын практикалық дағдыларын дамытуды ұйымдастыру;
  • оқушылардың экологиялық қабілетін жетілдіре түсу үшін олардың әрқайсысының жеке мүдделеріне сәйкес көзқарастарын іс-әрекеттерін іске асыруға мүмкіндік жасау.

Сонымен қатар  экологиялық үйірме арқылы оқушылардың  экологиялық жұмыстарға белсенділігін  өз бетімен сапалы ұғынуға, табиғи орта дүниетанымын қалыптастыратын экология курсына деген құштарлығын айтуға болады.

Мектепте өткізілетін үйірме жұмыстарының барысында «табиғатты аялаушылар» жұмыстарының негізгі мақсаты оқушыларға экологиялық білім беру, оны тереңдету, күнделікті өмірмен табиғи ортаны тікелей байланыста жүзеге асыруда біршама жұмыстар іске асырылады.

1. Үйірме  отырыстарында күнделікті өмірмен,  табиғи ортамен тікелей байланыста  жүзеге асыру.

2. Жерді тиімді  пайдаланумен, оның сапасын сақтауға  көңіл бөлу.

3. Ауаның  тазалығын сақтауын дағдыландыру.

4. Жаңадан отырызылған балауса шыбықтарды қорғауға үйрету.

Оқушыларға  табиғат қорғауға баулу жұмыстары  ішінде экологиялық мүмкіндіктерінің өзіндік орны бар, оқушылардың экологиялық  қорғау әдет дағдылары табиғи ортада іске асырылмақ.

Экологиялық мүмкіндік оқушыларға не бермек?

  • жаратылыстану ғылымдарынан алған білімдерін тиянақтауға;
  • табиғатқа деген сезім құштарлығын арттыруға;
  • табиғатпен тікелей байланыста болу нәтижесінде дұрыс мінез-құлықтың, сапалы қарым-қатынастың қалыптасуына;
  • табиғат байлығын күтіп, баптауға, бақылаулар жүргізуге, ұқыпты қарауға баулиды.

Қазіргі уақытта  біздің елімізде үйірмелер аз емес. Осы үйірмелер оқушыларды табиғат  қорғауға тәрбиелеуде айтарлықтай  нәтижелер беріп отыр[29,30].

Ал, биология пәні бойынша пәндік апталықтар өткізуге болады. Біз «Табиғатым – тағдырым» атты апталық өткізуге тырыстық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарламасы

«Табиғат  – тағдырым» атты экологиялық  апталықтың жоспары

№2-кесте

Күні, уақыты

Экологиялық апталық бағдарламасында жүргізілетін, іс-шаралар, жұмыс түрлері

1.

6.02.06

сағ. 14:00

Апталық ашылу  салтанаты, оның бағдарламасымен таныстыру, апталыққа қатысушы қонақтардың  тілегі мен пікірлері

2.

7.02.06

сағ. 14:00

«Халық жүрегінде–табиғат  тағдыры» халқымыздың ақын-жазушыларының  әңгімелерін, өсиет сөздерін сахнада көрініс түрінде бейнелеп, мағынасын түсіндіре отырып, өнеге алу бағытында өткізу

3.

8.02.06

сағ. 14:00

«Ата-бабам  айтқан сөз» халықтың мақал-мәтелдерін, қасиетті сөздер, көркем сөздері

4.

9.02.06

сағ. 14:00

«Табиғат  адамның алтын бесігі» табиғат  пен адамның біртұтастығын айту

5.

10.02.06

сағ. 14:00

«Табиғатты  қорғау» КВН етіп өткізуге болады

6.

11.02.06

сағ. 14:00

«Табиғатым  – тағдырым» қорытынды кеш:

1. Кеш қонақтарының  пікірі

2. Озық нөмірлер  жеңімпаздары

3. Викториналық  сұрақтар «Алтын сандық» ойыны

4. Музыкалық  сәлемдемелер /2-4 нөмір/


 

1.1. Сахналық  көрініс: «Жер-Ананың күңіренуі» сахнада жердің құрғап, тілім-тілімі шыққан көрінісі. Аударылған қайық, өлген балықтар. Қара жамылған жер ана қайғылы күйде отыр. «Қорқыттың күйі» бүкіл залда мұңды зарымен күңіреніп тұр. Еңкейген кәрі шал-жолаушы таяққа сүйеніп келе жатыр, елдің барлығы туған жерін, үйін тастап кеткен, жолуашы жер анаға кездесуге келе жатыр.

Бастаушының сөзі: Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы-нулы көкорай жер шарын талай ғасыр мекен етіп келген адамдар, өзен-көлді суалтып, қу-тақырға, жасыл шалғынды орман-тоғайды күйдіріп, өртеуге, тау мен даланы тескілеп шаңын аспанға шығарып,тірі организмдердің барлығын улап, оның тіршілігін жер бетінен жойып жіберуге әзір тұр. Соның ең қатерлісі ядролық соғыс пен ядролық қаруды сынау болып отыр.

Жолаушы күңіреніп  отырған жер анаға кездесті.

Жолаушы: О, жер ана неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарлайсың? Саған не болған, сенімен бірге бүкіл ғалам түнеріп тұр.

Жер ана: Мен неге күңіренбеймін, неге мен зарланбаймын? Қарашы мына байтақ даланы не болып жатыр, нені көрмеді, жерімде, елімде жазды. Қарашы мына Аралыма, толқынды теңізім қайда, толқынды қуалай шалқақтаған шағаларым қайда, теңізді қақ жарып, өтіп жатқан кемелерім қайда? Теңіздің суы тартылып, жердің соры шығып, тілім-тілім болып жатыр.

Адамдардың  көпшілігі ауруға шалықты. О, Адамзат  не ойың бар?

Жер ана: Иіліп, отырып, қалды.

Жолуашы: Көкжиекке қарап, ойланып қалды. Залда мұңлы күй жайлап өрби отыра қатыңқы ойнап тұрады.

Көрініс: «Теңіз неге ашулы?»

Автор – Қожатаева Зарина

Дауыл – Жамалбеков Нұрдос

Арал –   Момбаева Мөлдір

Күн –     Нұрлыбекова Ақерке

Бұлт  –    Жүсіпов Бақыт

Автор: Кешегі бар байлықтың мекені аталған қайран Арал.

Міне, қазір  шаршаған, қамыққан күйде сырын шашып  сырласатын, мұңын шағып, мұзданатын ешкім жоқ. Жан-жағына елеңдей қарайды. Осы уақытта уілдеген дауыс естіледі. Бұл ескі дауыл екен.

Дауыл: Ау, Арал! Қалың қалай? Неге мұңайып отырсың?

Арал: Дауыл достым-ау! Мұңаймай қайтейін, маған ешкім соқпайтын болды, бұрын сен де жиі келуші едің, толқындарымды тасытып, көңілімді көтеруші ең. Сенде соқпайтын болдың.

Дауыл: мұңайма достым. Бізге де күн туар, толқының қайта тұрар, байлығың қайта толар.

Арал: Әй, қайдам! Ондай күн көзімнен бұл-бұл ұшты ғой.

Дауыл: Сені осындай күйге түсірген адамдар ғой, сен олардан кек алуың керек. Сені олар аямады, сен де оларды аяма.

Арал: Сонда сен маған не дейсің? Адамдарға қатігездік жаса дейсің ба?

Дауыл: Иә, достым. Олар сені аямады, сен де оларды аяма!

Арал: сонда не істе дейсің?

Дауыл: «Маған ерік бер. Мен жағалауыңдағы тұз бен сорды оларға шашамын. Көрсін қандай екенімізді!

Арал: Ендеше бердім рұқсатымды. Өзің біл не істесең де!

Автор: бұлардың сөзін тыңдап тұрған күн-ана мен бұлт-апа сөзге араласты.

Күн: Әй, Арал, алдандың ба? Ана құтырған дауылға неге еркіндік бердің? Әй, бұлт бердеңе десейші, Дауылға!

Бұлт: Ол дауыл мені тыңдамайды ғой.

Арал: Мен бе алжыған. Алжыған, адасқан адамдар. Бізді олар аямады, бізде аямаймыз оларды.

Автор: Міне, кешегі ару Арал тағдыры мынандай.

Сондықтан табиғатты қорғау бәрімізге ортақ іс. Табиғат туған үйіміз. Оны қорғау біздің бәріміздің абыройлы борышымыз, парасатты парызымыз!

Ән: «Аралдан ұшқан аққулар»

Сөзі: Ш. Сариевтікі 

Апталықтың 3 күні:

«Ата-бабам  айтқан сөзі

Бізге келіп  жеткен сөзі» атты тақырыпта өтті. Онда 8 –шы сыныптан бір-бір бала шығып, табиғат, туған жер туралы мақал-мәтелдер, қасиетті үлгі боларлық дүниелер сөзін келтіріп, ақын-жазушылар шығармаларынан көрген сөздер оқыды.

Мысалы,

«Жер тоймай, ел тоймайды»

«Жер –  ана, ел – бала» деп айтып шықты.

Апталықтың  соңғы күні:

1. апталықты  қорытындылау:

Мектептің 8-шы сынып оқушыларымен өткізілген «Табиғатым–тағдырым» деп аталатын экологиялық апталықтың оқушыларға берері мол болды.

Біріншіден, қазақ халқының бар өмірі, тіршілігі табиғатпен етене байланысты екендігіне көздері жетті.

Екіншіден, көптеген мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, тақпақтар  жаттап, жан-жақты білімдерін арттырды.

Үшіншіден, түрлі  көріністер арқылы олардың табиғат алдында деген қамқорлық пейілі мен сүйіспеншілік сенімдері қалыптасты.

Сондықтан жас  өспірімдер арасында жүргізілетін халқымыздың  болашақ ұрпақтарын жақсылыққа жетелеп, ел қамын ойлайтын жақсы азамат болып  шығуына көмектеседі.

ІІ. Табиғи ортадағы жұмыстар (Танымжорық)

Табиғатқа танымжорық жүргізбей экологиялық білім беру мүмкін емес. Экологиялық танымжорық (лат. еxeurcio – жол түрі мағынасын білдіреді) табиғатқа және мәдени орындарға білім алу мақсатында топталып қатысатын экологиялық білім формасы.

Белгілі педагог, әдіскер К.Т. Ягодовский ХХ ғасырдың басында-ақ танымжорық жүргізудің негізгі ұстанымдарын ұсынды, ол «танымжорықтың негізгі мақсаты – тірі заттардың аттарын жаттау емес, табиғатты бақылауға үйрету».

Танымжорықтың негізгі объектісі – табиғат құрам бөліктері. Танымжорық өлкетану негізінде экологиялық проблемаларды оқып үйренуге, айналадағы ортаны қорғауға, зерттеп білуге, дүниетанымды қалыптастырудағы мүмкіндіктер береді.

Педагог-әдіскер  мұғалімдер үшін төмендегідей бірнеше  бағыт-бағдар ұсынылады:

1. Табиғатқа  танымжорық жасау серуендеу емес, экологиялық білім берудің тиімді түрі екенін есте ұстау.

2. Танымжорық мәселелерін ертерек анықтау, алдын-ала жергілікті жермен танысып, маршрутын құру.

3. Танымжорық кезінде көзге көрінетін құбылыстар мен көріністер жөнінде әңгімелесу.

4. Оқушыларды шамадан тыс жаңа атаулармен таныстырудың қажеті жоқ, олар көпшілік жағдайда ұмытып қалады.

5. Табиғатта  білімгерлердің зейінін табиғи  объектілерге аудара білу.

6.Оқушылардың шаршағанын уақытында байқап, танымжорықты дер кезінде аяқтай білген жөн.

Танымжорыққа шығар алдында оқушыларға не көретін және қалай бақылау керек екені түсіндірілді. Оларға жергілікті жерді бағдарлау үшін маршрут жобасын көрсетіп, табиғатта өздерін ұстау, мінез-құлық ережелері жөнінде нұсқа беріледі.

Мұғалім табиғат  жөнінде ақын-жазушылардың, суретшілер мен сазгерлердің шығармаларымен жете танысып, оқушылардың ұғым, түсініктерін арттыратын ақпараттық материалын дайындауға тиіс.

Мысалы, А. Құнанбаевтың «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс» деген  өлеңдерінде қазақ табиғаты толық  және әсем суреттелген. Ұлы ақын әдеби тілмен табиғаттың өзгерісін, өсімдіктердің әсемдік және жануарлардың мінез-құлқын шебер суреттейді.

Танымжорықта қазақ сазгерлерінің әндері мен шығармаларын кең пайдалануға болады. Әсем ән мен тәтті күй оқушының түсінігіне жақсы әсер етеді. Әсіресе, Құрманғазы Сағырбаевтың «Ақсақ киік», «Сарыарқа» күйлерінің мәні, мазмұны ерекше.

Танымжорықтың барысы оқушылар Талас өзенінің жағасына барып, ондағы өсімдік, жануарлар дүниесімен танысты. Өзен суының лайлану себебіне мән берді. Танымжорық барысына экологиялық түсініктерге сипаттама берілді.

Өзен жағасына бақылау жасау барысында оқушылар өзен экологиясымен танысты. Өзен жағасындағы  адам әрекетінен болған өзгерістерді көріп, оның себептерін түсінді.

Оқушылар  өзен жағасын бақылап, көргендерін айтып, ой өрісінің дамуына мүмкіндік алды және табиғатты сүюге, оның әсемдігін түсінуге үйренді.

Табиғатқа танымжорық – оқушыларға экологиялық білім берудің, тәрбие берудің бірден-бір табиғи жолы.

Қорыта айтқанда өткізілетін апталықтар мен кештер табиғат байлығын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ашудың ыңғайлы тәсілі болып табылады. Олардың негізгі мақсаты – табиғатты қорғаудың басты нұсқасын насихаттау, бұл іске деген оқушылардың ынта-жігерін ояту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау.

 

2.3. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының  нәтижелері

 

Оқушыларға  экологиялық білім мен тәрбие берудің биология сабақтарындағы тәжірибелік  жұмыс кезеңі бақылаудан өтті. Бұл  арнайы жасалған тәжірибелік жұмыс 2005-2006 оқу жылдары аралығында өткізілді.

Бұл дипломдық  жұмыс болғандықтан осы тәжірибе жұмысына негізінен Тараз қаласының  №30 қазақ орта мектепбінің 8-шы сынып оқушылары қатысты. Биология пән мұғалімі Жұмабекова Ұлтай Жұмабекқызы көмектесті.

Информация о работе Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы