Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:56, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау;
2. Ақпараттық технологияларды қолдану барысындағы педагогикалық тәжірибелерді салыстыру.
Зерттеудің әдістері:
Озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыру, жинақтау, талдау, байқау, әңгіме, сұрақ – жауап және сауалдама жүргізу.

Содержание работы

Кiрiспе
1 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың негіздері
1.1 Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың мазмұны мен қазіргі жай күйі
1.2 Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру барысында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері
1.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың даярлығын қалыптастыру
2 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың бағыттары
2.1 Оқытудың ақпараттық технологияларын құру принциптері
2.2 Ақпараттық технологиялардың оқушылардың іс-әрекетін қалыптастырудығы рөлі
2.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың диагностикасы
Қорытынды

Файлы: 1 файл

9 Туленбаева А.doc.doc

— 275.00 Кб (Скачать файл)

Жоғарыда аталған  зерттеулерге теориялық және әдістемелік  түрғыдан талдау жасай отырып, біз  ең алдымен ақпараттық технологиялар ұғымын анықтап алуды жөн көрдік:

-   ақпараттық  технология - ақпараттық ресурстарды  қолдану процесін жеңілдетуге,    олардың    қауіпсіздігі    мен    жылдамдығын    арттыруға  бағытталған,   ақпаратты  жинау,  сақтау,  өңдеу,  шығару және  тарату жүмыстарын атқаратын технологиялық тізбекке біріктірілген әдістердің, өндірістік  процестердің  және  программалық-техникалық  құралдардың жиынтығы [5];

-  ақпараттық  технологиялар  -  ақпаратты   алудың,  қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары [6 ];

-  ақпараттық  технологиялар ақпаратты өңдеудің, жеткізудің, таратудың, информатиканың  есептеу мен бағдарламалық құралдарын  жасаудың машиналы (ЭЕМ-нің көмегімен) технологиясы ;

-   ақпараттық  технологиялар - адамдар білімін  кеңейтетін және олардың техникалық,   әлеуметтік   процестерді   басқару   бойынша   мүмкіндіктерін дамытатын ақпараттарды жинаудың, ұйымдастырудың, сақтаудың, өңдеудің, берудің және жеткізудің әдістері мен техникалық құралдарының жиынтығы ;

- кез келген педагогикалық технология ақпараттық технология болып табылады, себебі оқытудың технологиялық процесінің негізін ақпарат пен оның қозғалысы құрайды, ал компьютер қолданылатын оқыту технологиясын компьютерлік технология деп атаған неғұрлым қолайлы ;

- жаңа  ақпараттық  технология  компьютерді  қолдануға,  ақпараттық процеске пайдаланушылардың (бағдарламалау саласынының мамандары емес) белсенді қатынасуына, интерфейсті өзара жолдастықтың жоғары деңгейінде пайдалануға, жалпы және проблемалық мақсатта қолданбалы бағдарламалар пакетін кеңінен пайдалануға негізделген технология ;

-  қазіргі кездегі жаңа  ақпараттық технологиялар - қазіргі  компьютерлік техника негізінде  ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу  және тасымалдау істерін қамтамасыз  ететін математикалық және қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Дайындалған корреспонденцияны  жөнелту мен келген хаттарды қарап  шығу ісін әркім өзіне ыңғайлы  кезде арнаулы бағдарлама бойынша  жүргізеді. Ол бағдарлама хаттарды дайындаумен  қатар сол компьютерді бүкіл  әлеммен қарым-қатынас жасату негізі болып саналатын тораптық компьютермен кез келген байланыс сеансын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде бағдарлама дайын хаттарды жөнелтіп, келген хаттарды қабылдап алу істерін қатар атқарады. Дербес компьютердің ішіндегі жеке «пошта жәшігіндегі» бұрынғы салынған хаттар түгел тораптық компьютерге жіберіліп, сырттан келіп түсетін хат-хабарлар ғана «жәшікте» жатады. Мысалы, Microcoft Outlook бағдарламасында электронды поштамен жұмыс істеуді қарастырайық.

Microsoft Outlook бағдарламасы Интернетте пайдаланатын стандартта жасалып, электронды поштамен және жаңалықтармен жүмыс істеуге арналған. MS Outlook бағдарламасында мынадай қызмет түрлері атқарылады:

1.  Бірнеше пайдаланушыларға  арналған куәлік. Куәліктер диспетчерін  пайдалана отырып, MS Outlook бағдарламасын пайдаланушылар үшін жеке -жеке баптау параметрлерін беруге болады. Ол параметрлер басқа қолданбалы бағдарламаларда пайдаланылады (мысалы, Windows-тің адрестік кітабында).

2.   Hotmail қызмет бабын есепке алу жазбаларын сүйемелдеу. Осыдан кейін MS Outlook бағдарламасы Hotmail қызмет бабының барлық бумаларымен жүмыс істей алады, сонымен бірге Hotmail қызмет бабының есепке алу жазбаларындағы байланыстарды Windows адрес кітабындағы байланыстармен үйлестіре алады.

3.    Дербес (автономды)  жүмыс істеу және хабарламаларды үйлестіру, реттеу (синхромдау). ІМАР жаңалықтары мен бумаларын автономдық режимде жүктеуге болады.

4.   Автономдық   режимде   жасалатын   әрекеттер   (хабарлама   жіберу, хабарламалрды ІМАР есепке  алу жазбалары көлемінде жылжыту) желіге қосылғанда да орындала береді.

5.   Байланыстар терезесі.  Осыдан кейін Windows  адрес кітабындағы жазбаларға MS Outlook бағдарламасының негізгі терезесінен қатынас қүруға бола береді.

6.  Хабарламалар үшін  кеңейтілген ережелер. «Кеңейтілген»  деген үғымға бірсыпыра қосымша параметрлер мен әрекеттер кіреді. Олар белгілі бір хат иелерінен хабар алдырмау мүмкіндігін енгізуді және жаңалықтар тобынан алынатын хабарламаларға алынған ережелер жасау істерін де қамтиды.

7.   Бірнеше   қолтаңбаларды   пайдалану.   Сандары   шектеусіз   көптеген қолтаңбалар жасап, оларды пайдалануға болады, олардың әрқайсысын бір немесе бірнеше жаңалықтармен немесе поштаның есепке алу жазбаларымен байланыстыру мүмкіндігі бар.

8. Қауіпсіз поштаны (S/MIME стандарты) пайдалану. Outlook Express бағдарламасы әр компьютерде орнатылған цифрлық куәліктерді автоматты түрде  іздеп  табады  да,   оларды  поштаның   есепке   алу  жазбаларымен байланыстырады. Сонымен қатар бағдарлама адрес кітабына басқа да хабар жөнелтушілердің цифрлық куәліктерін қосып қояды.

9.   Телефон  номерін теру. Адрестік кітапта  көрсетілген кез келген номерді  компьютердегі номертергіш бағдарлама  арқылы теруге болады.

10.   Түзетілмеген  және жөнелтілетін хаттар. Outlook Express бағдарламасы аяқталмаған хабарламаларды ІМАР серверінің «Жөнелтілмеген» бумасында сақтай алады,  ал жіберілген хабарламаларды «Жөнелтілген»  бумасында сақтайды.

11.     ІМАР бумалар диспетчері. Бумалар  тізімінде ІМАР бумалар бейнелуді  немесе жасырып қоюды беру  мүмкіндігі бар (жазылу жүрген  бумалар ғана бейнеленеді).

12.   Интернет  каталогтарында кеңінен іздеу.  Каталогтар серверінде (LDAP) мәлімет іздеу ісін қосымша параметрлер мен логикалық операторларды пайдалану арқылы жүргізуге болады.

13.   Талқылауды    қарап    шығу    және    өткізу.    Поштадағы    немесе жаңалықтардағы талқылуларды «көрінетін» деп белгілеу қажет. Онда осы талқылауға келіп түсіп жатқан хабарламалар бейнеленіп түрады. Талқылауды «өткізіліп жіберілген» деп белгілесек, оған келіп түсіп жатқан хабарламалар бейнеленбейді.

14.  Гипермәтіндік   хабарламаларды   түзету.    Гипермәтіндік    (HTML) хабарламаларды редакциялап, олардың ішінде HTML тілінің кеңейтілген нүсқасының тектерін пайдалануға болады.

15.  Хабарламалар  үшін  бапталатын  сүзгілер.  Кескіндемелерді   баптау кезінде пайдаланатын оннан аса параметрлер бар. (Кескіндеме - хабарламаны бейнелеу немесе жасыру ережесі).

16.  Қажетсіз  хабарламаларды електен өткізу. Қажет етілмейтін поштаны, яғни  белгілі бір адамдардан келген  хабарламаларды немесе мазмүны  сәйкес келмейтін хабарламаларды бергізбеу үшін бақылау енгізуге болады.

17. Бланктерді  жасау шебері. Гипермәтіндік бланктерді  жасау процесі оңайлатылған. Бланктерде  шеткі өрістерді, қаріптерді, фондық  суреттерді және мәтін түстерін  беруге болады.

18.                     Байланыстарды баптауды оңайлату.

MS Outlook бағдарламасында электронды поштаны оқу үшін қолданылатын мәліметтер алмасу жүйесі SMTP және РОРЗ, ІМАР немесе HTTP хаттамаларын сүйемелдейтін болуы тиіс.

Outlook Express бағдарламасы хабарламаны қабылдап алғаннан кейін немесе аспаптар тақтасындағы поштаны жеткізу бастырмасын басқаннан соң, сол хабарламаны көру аймағында немесе жеке терезеде оқуға болады. Ол үшін:

1.  Бумалар тізімінде  немесе Outlook тақтасында Кіретіндер бумасының белгішесін шерту керек.

2. Хабарламаны көру аймағына шығарып қарау хабарламалар тізіміндегі керектісін шерту қажет.

Хабарламаны жеке терезеде оқу үшін тізімдегі оның атына  тышқанды екі шерту керек.

Outlook Express бағдарламасын Usenet тәрізді жаңалықтар тобын немесе талқылау тобын оқу үшін де қолдану мүкіндігі бар. Жаңалықтар тобымен жүмыс істеу NNTP жаңалықтар сервері арқылы орындалады. Қандай жаңалықтар серверін пайдалану қажеттілігін Интернет қызметін үстанушыдан немесе желі әкімшілігінен білуге болады. MS Outlook бағдарламасы көмегімен msnews. microcoft.com жаңалықтар серверіне Microcoft корпорациясы өнімдері жайлы мәлімет алуға болады.

Хабарламаны жөнелту  үшін мына әрекеттер орындалады:

1.    Аспаптар  тақтасындағы Хабарлама жасау  батырмасын басу.

2. Кімге   және/немесе   Көшірме   өрісіне   барлық   хат   алушылардың электронды пошта адрестерін үтір немесе нүктелі үтірмен бөле отырып енгізу.

3.   Адрестік  кітаптағы алушыны таңдау үшін, хабарлама жасаушы терезедегі  Кімге, Көшірме және СК алаңында  қатар орналасқан кітап белгішесіне  шерту және қажет адресті таңдау.

4.   СК алаңын  пайдалану үшін, Түр менюінен  Барлық тақырыпшаны таңдау.

5.   Мәтін  алаңында хабарлама тақырыбын  көрсету.

6.   Хабарлама  мәтінін енгізу және хабарлама  жасаушы аспаптар тақтасынан  Жөнелту батырмасын басу.

Егер қандай да бір фрагметті ерекшелеп белгілеу немесе хабарлама мәтінінің қүрылымын беру қажет болса, (қалыңдатылған қаріппен, түспен белгіленсе, маркерлік тізімдерді пайдалансақ т.с.с), Интернетте мәтінді форматтау стандарты болып табылатын HTML гипермәтіндік белгілеу тілін қолдануға болады. HTML гипермәтіндік белгілеу тілін қолдану графика және Web - тораптарға сілтемелерді орналастыру мүмкіндігін береді.

Егер хабарламада  гипермәтіндік белгілеу тілі қолданылса, ал хабар алушының поштаны немесе жаңалықтарды оқу бағдарламасы гипермәтіндік белгілеу тілін сүйемелдемесе, хабарлама қүрамында HTML - файлы бар жай мәтін түрінде болады. HTML форматтауы бар хабарламаларды тек MIME (Multipurpose Internet Mail Extensions - Интернет поштасын көпмақсатты кеңейту) форматын сүйемелдейтін пошталық бағдарламалар ғана оқи алады.

Outlook Express бағдарламасының қүрамына Windows адрестік кітабы қосылған. Бүл бағдарлама байланыс мағлүматтарын басқару оған қоса байланыс тораптарын, хабарламаларды және электронды пошта адресін сорттайтын бума қосу сияқты кең мүмкіншіліктер береді. Windows адрестік кітабы LDAP (каталогтарға жеңілдетілген қатынас қүру хаттамасы) қолданатын Интернет хаттамалары жай адрестер мен электронды пошта адрестерін іздестіру процесін жеңілдетеді. Адрестік кітап бағдарламасында бірнеше танымал бумаларға қатынас қызметі бапталған [7].

Интернеттің пошталық қызметіне жататын электронды конференциялардың  да болашақ мамандардың білімін  өздігінен жетілдіруде атқаратын  ролі зор. Бүгінде Интернет арқылы өткізілетін  электронды конфернециялардың екі түрін атап көрсетуге болады:

-    «шынайы»  конференциялар, мүнда пайдаланушылар  бір-бірімен үздіксіз қарым-қатынасқа  түседі, тіпті дыбыс пен бейнелік  суреттемелерді қолдану мүмкіндігі  де бар;

-   уақыты   бойынша   кешіктірілген   пікірталастар,   оларды   көбінесе телеконференциялар деп те атайды.

Электронды  конференциялар негізінен белгілі  бір тақырып аумағында біріктірілген  бірнеше «сюжетті сызықтарға» бөлінеді.

Сонымен бірге  конференциялар тізбекті пайдаланушының кез келгенінің қолы жететін ашық түрде немесе конференцияны жүргізүшінің (модератордың) қатаң бақылауымен жүргізіліп, тек таңдап алынған қүрамға (конференцияға қатынасушыларға немесе шақырылғандарға) ғана арналған жабық түрде болуы мүмкін.

Электронды   конференциялардың   тиімділігі   студенттердің   өздерінің ғылыми ойлау нәтижелерін басқалармен бөлісуге мүмкіндік беруі болып табылады. Бүл бір мекемеде, мәселен, мектепте отырып, Жер шарының түкпір-түкпіріндегі өз қатарластарымен білім алмасуды, пікір таластыруды, ортақ проблемаларды шешуді көздейді.

Кешіктіріліп  қол жеткізілетін телекоммуникациялық  конференциялар жазбаша түрде ақпарат  алмасуды білдіреді. Оның барлық материалдары автоматты түрде сақталынады  да, қызмет ақпаратпен жабдықталады. Сондықтан  мүндай конференцияларды дәстүрлі конференцияларға қарағанда орын алатын мағыналық кедергілердің саны көп болады. Соған қарамастан, мүндай конференциялар үзақ уақыт бойында сүрақтар қойылғаннан кейін пікір алмасу үшін ашық болады. Негізінен бүл жағдайда конференция үлгісі бойынша жазбаша пікір алмасу өткізіледі: талқыланатын сүрақтар конференцияға қатынасушылардың жауаптарымен қамтамасыз етіледі, мүнда телекоммуникациялық байланыс хабарламалардың тақырыптық байланысын, әрі конференцияға қатынасушылардың арасындағы байланысты сақтап отыруға мүмкіндік беретін қызмет бабындағы ақпараттарды қадағалап отырады. Тізбекті конференцияның дәстүрлі конференциядан немесе ауызша пікір алмасудан артықшылығын осыдан көруге болады. Мүндай пікіралмасулардың материалдарын сақтап қалу өте күрделі еңбек іс-әрекеті болып табылады, көбінесе маңызды мағыналық пластардың жоғалуына әкеп соқтырады. Сондықтан ойды еркін айтып жеткізу осы жүйенің негізгі қүндылығы болып табылады, пікір алмасуды қүра білу аймағында басқару мен бағыттауға да көп назар аударылады.

Сонымен телекоммуникациялық конференциялар кәдімгі гипермәтінге қарағанда материалға деген қызығушылықты оятудың неғүрлым белсенді қүрылымы болып саналады, себебі конференция үлгісінің қүрылымының өзінде диологқа, өзара тіл табысуға деген қажеттілік көрініп түрады. «Пікірлесушінің» психологиялық түрғыдан маңызды үлгісі конференцияға қатынасушыларды тақырыпты белсенді түрде талқылауға итермелейді. Мүнда талқылауға сүрақтар қойып, пікір алмасуды басқарып отыратын конференция модераторының кәсіби біліктілігі мен шеберлігі де ерекше мәнге ие болады.

Информация о работе Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру