Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:56, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау;
2. Ақпараттық технологияларды қолдану барысындағы педагогикалық тәжірибелерді салыстыру.
Зерттеудің әдістері:
Озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыру, жинақтау, талдау, байқау, әңгіме, сұрақ – жауап және сауалдама жүргізу.

Содержание работы

Кiрiспе
1 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың негіздері
1.1 Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың мазмұны мен қазіргі жай күйі
1.2 Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру барысында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері
1.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың даярлығын қалыптастыру
2 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың бағыттары
2.1 Оқытудың ақпараттық технологияларын құру принциптері
2.2 Ақпараттық технологиялардың оқушылардың іс-әрекетін қалыптастырудығы рөлі
2.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың диагностикасы
Қорытынды

Файлы: 1 файл

9 Туленбаева А.doc.doc

— 275.00 Кб (Скачать файл)

Электронды  оқулықтарды жасау көпфакторлы  және көп өлшемді құбылыс екенін айта отырып, ғалымдар (Е.Аленичева, Н.Монастырев)  оны тиімді пайдаланудың шарттарын  бөліп көрсетеді: функциональдық, үйымдастырушы-лық, техникалық, гигиеналық және арнайы шарттар.

Функциональды шарттар электронды оқулықтың атқаратын қызметіне, яғни оқушыларда білім, білік, дағды қалыыптастыруға сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады. Сонымен бірге функциональдық шарттарға мыналарды жатқызуға болады:

-  оқулық  мазмұнының  сол уақытта басшыллыққа  алынып  отырған мемлекеттік білім беру стандарттардың талаптарына сәйкестігі;

-    оқу  материалының дидактикалық принциптерге  сәйкес қүрылуы;

-  негізгі  педагогикалық қызметтерді (анықтамалық-ақпараттық, бақылау, жаттықтыру, т.с.с.) жүзеге  асыру мүмкіндігі;

-   оқушылардың   дербес   ерекшеліктерін   (дайындық   деңгейі,   ойлау процестерінің жүру жылдамдығы, ақпаратты қабылдау ерекшеліктері, т.с.с.) есепке алу;

-    жүмыс  істеуге қолайлы жағдай жасау.

Ұйымдастырушылық шарттар табысты оқытуды қамтамасыз ететін практикалық сипаттағы талаптармен анықталады. Мұның өзі электронды оқулықтарды жасаған кезде қүрылатын бағдарламалық өнімнің мақсатты бағдарын, пайдаланушылардың дербес ерекшеліктерін, оларды оқыту формалары мен сабақты өткізу орындарын есепке алу қажеттілігін білдіреді.

Электронды  оқулықтарды тиімді пайдаланудың техникалық шарттары «пайдаланушы-ЭЕМ» интерактивті диалогын қамтамасыз ету талаптарынан туындайды. Бүл ең алдымен ақпаратты  енгізу-шығару қолайлылығы, сонымен  бірге бағдарламалық өнімнің тез әрекет етуін қамтамасыз ету болып табылады.

Ақпаратты ендіру қолайлылығы мынадай жайттардың есебінен қамтамасыз етіледі:

- механикалық  манипуляциялар (клавиатура, тышқан, трекбол,  джойстик, графикалық планшет);

-    акустикалық  әсерлер (микрофон);

-  аппаратық құралдар (сканер, цифрлық камера, дискілер).

Ақпаратты шығару қолайлылығы «диалогтық» қондырғылардың (монитор, колонкалар) және дайын ақпаратты беру құралдарының (принтер, плоттер, дискі жинақтары) көмегімен жүзеге асырылады.

Тез әрекет етуге электронды оқулықтың орналасу орны (сервер, дискілер жинағы, стример); компьютер қондырғысының конфигурациясы ықпал етеді.

Гигиеналық  шарттар бағдарламалық өнімге қойылатын  санитарлық-гигиеналық талаптармен  анықталады.

Арнайы шарттар  электронды оқулықтарды жасауда іске асырылуға тиісті жоғары ақпараттық технологиялардың өзіне тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қарастырады. Оған мыналар жатады:

-    «пайдаланушы-авторлық  үжым» арасындағы өзара кері  байланысты іске асыру; 

-   оқулықтың  мазмұнына өзгерістер енгізу;

-     басқа оқулықтармен екі жақты  сілтемелерді жүзеге асыру;

-    электронды  оқулықтарды қүру үшін қосалқы  бағдарламалық-қабықтарды пайдалану  .

3. Модельдеу. Модельдеу идеясы оқыту процесінде жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, оқу үрдісінде компьютерлік модельдеуді қолдану, ойға негізделген   болжамдарды   тексеруге,   студенттердің   қоршаған   ортамен байланысын анықтап, адамзат санасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді, компьютерлік графика адамның айтар ойын белгілі-бір графикалық жүйеге келтіріп, адамның шығармашылық болжамын шыңдауға көмектеседі. Сөйтіп, модельдеу  әдістемесі  оқу  бағдарламасының  сапасын  бағалау  жолымен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың қүралы болып табылады. Ол оқыту түрін білімді бакылауды дамытудың, білім беру әдістемесін оқу процесі жүйесінің әр түрлі компоненттерін реттеу қүралы ретінде қолданады.

Компьютер ақпаратпен жүмыс істейді, объектілер жағдайлар  жөніндегі мәліметтер модель ретінде  оның сөздік, сандық «сипаттамасы»  ретінде қаралады. Сондықтан да ақпараттық модельді күрделі жүйе ақпаратының көзі ретінде қарауға болады. Модельді былай қабылдау, ақпараттық модельдің барлық компьютерлік модельдеуге тән, модельдеудің ортақ түрі екенін көрсетеді. Осындай ақпараттық қабылдау негізінде әлемдегі әр түрлі көріністердің жаңа акпараттық бейнесі суреттеледі .

4. Компьютерлік  оқыту бағдарламалары. Олар интерактивті  тәртіппен компьютер арқылы қандай  да болмасын пәнді оқып-үйренуді  көздейтін бағдарламалар болып  табылады. Бүл бағдарламаларда теориялық материал мен блоктар болады, олар студештердің берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

5. Қашықтықтан  оқыту - оқытушы мен студент  кеңістікте   бөлінген жағдайда  ақпараттық   технологияларды  пайдалану арқылы оқытудың түрі. Оның белгілерін былай бөліп көрсетуге болады: білім алудың қажеттілігі және оны пайдаланудың мүмкіндігі; оқытушы мен студештің үнемі білім беру байланысының мүмкін еместігі; байланыс жүйесінің көмегімен оқытушы мен оқушының техникалық өзара қарым-қатынасын жүзеге асыру; қашықтықтан оқытуға арналған дидактикалық материалдың бар болуы, т.б.

Қашықтықтан оқыту  білім беру бағдарламаларының әр түрлі орталықтарында өзінің білімін  толтырып, жетілдіруге мүмкіндік  береді, жоғарғы оқу орнының бағдарламаларының әр түрлі бағыттары бойынша сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді, үздіксіз білім беруді дамытуға жағдай жасайды.

Қашықтықтан оқытудың дәстүрлі оқыту формаларынан айырмашылығын  былай бөліп көрсетуге болады:

-    икемділік,  өзіне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы орында   және ырғақпен айналысу мүмкіндігі, бүл кезде пәнді игеру үшін уақыт кезеңі белгіленбейді;

-    қарама-қайшылық, яғни өндірістен үзбей өзінің  білімін жетілдіру;

-   қамту,  барлық студенттердің оқу ақпараттарының  түрлеріне (электронды кітапханалар, білім базасына және т.б.) және байланыс тізбегі арқылы бір-бірімен және оқытушылармен тіл табысуды бір уақытта қамту;

-   оқу  алаңдарын, техникалық құралдарды  тиімді пайдалануда үнемділік;

-    технологиялық,   яғни   білім   беру   процесінде  ақпараттық   және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалану;

-  әлеуметтілік  тепе-теңділік, түрғылықты жеріне, денсаулық  жағдайына, оқушының  материалды  қамтамасыздығына  қарамастан  білім   алу  үшін мүмкіндіктің тең  болуы.

Қашықтықтан білім беру педагогиканың теориясы мен практикасына мынадай жаңашылдықтың енуіне үлесін тигізді:

-   байланыс  тізбегі  бойынша өздерінің   оқу тапсырмаларын орындау процесінде  бір-бірімен өзара әрекетті және  бөлінген оқу процесін біріктіруде  оқушылардың бірлігін анықтайтын виртуалды оқу топтары;

-  бірнеше  практикалық міндеттерді шешумен   байланысты, қойылған мақсатқа жетуде  қашықтықтан оқыту процесіне  қатысушылардың біріккен әрекеті  арқылы жалпы білім беру жобалары. Жобалар үжымдық жүмыстың дағдысы  мен іскерлігіне жағдай жасай отырып, оқыту процесінде интегративті әрекетті үдетеді;

-    білім  беру процесінің үздіксіздігін  қамтамасыз ету мақсатымен оқытушы  мен   студенттерде    өзара   ақпараттық    байланыстарын   үйымдастыруда, қашықтықтан оқытуды  қолдау жүйесі;

-  оқыту процесінің  ырғағы мен жылдамдығын   түзетуге  арналған кері байланысты телекоммуникациялық  қүралдар;

-  диалогты     оқыту     технологиялары,     бүлар     дәстүрлі     телефон байланыстарымен қатар,  телеконференция және   электронды пошта сияқты жаңа технологиялар.

6. Ақпараттық  телекоммуникациялық оқыту технологиялары. Әлемдік тәжірибеде «телекоммуникациялар»  деп техникалық қүралдардың (телефонның, телеграфтың, радионың, теледидардың  және т.с.с.) көмегімен қашықтықтан  өз бетімен ақпараттың берілуін айтады.

Білім беру тәжірибесінде, телекоммуникациялар деп компьютерлік қүралдардың (модемнің), не дәстүрлі телефон  желілерінің, не спутниктік байланыстардың көмегімен ақпаратты алуды, қайта  жасауды, жеткізуді, сақтауды және пайдалануды  айтады. Компьютерлік телекоммуникацияларда ақпаратты беру және қабылдау тікелей, яғни компьютерден компьютерге (синхронды байланыс) және аралық ЭЕМ, яғни хабарламаларды жинақтап, пайдаланушының сүранысы бойынша дербес компьютерлерге берілуі (асинхронды байланыс) мүмкін .

Бүгінгі таңда  оқу орындарында болашақ заңгерлердің өзіндік іс-әрекетін жандандыру үшін синхронды телекоммуникациялық  және асинхронды телекоммуникациялық  байланысты орнатудың қажеттілігі  артып отыр. Көп жағдайда, синхронды  телекоммуникациялық байланысқа қарағанда, асинхронды телекоммуникациялық байланыстар неғүрлым тиімді болып есептелінеді. Себебі, синхронды телекоммуникациялық байланыс жағдайында хабарласушы екі жақ алдын-ала байланысу уақыты мен кейбір хабарласу тақырыбы болатын негізгі мәселелер бойынша келісуі қажет, мұндай байланыс әртүрлі уақыт белдеуінде тұратын хабарласушылар үшін қолайсыздық тудырады.

Асинхронды  телекоммуникациялық байланыс жағдайында ең тиімдісі электронды пошта болып  табылады, студенттер ол арқылы хаттар мен басқа да хабарламаларды жедел түрде ала алады. Электронды поштаны пайдалана алу студенттердің ой-өрісін кеңейтуге, тиісті білім саласы бойынша білім, білік, дағдыларын бекітуге, өз бетімен жүмыс істеу қабілеттерін арттыруға, піығармашылық белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді. Себебі, электронды пошта арқылы олар тек хат-хабар жіберумен ғана шектелмейді, сонымен қатар «электронды журнал», «электронды газет», «электронды жарнамалар» жасап, оны өзара таратуды іске асырады. Бүл аталғандар белгілі бір пән бойынша нақты тақырыптың аумағында жасалуы мүмкін. Сонымен бірге электронды пошта арқылы мәтінді хабарламаларды немесе компьютерлік бағдарламалар, мәтінді редактордың көмегімен өңделген графикалық бейнелеулер жазылған файлдарды, электронды кестелерді, тіпті дыбыстық және бейнелік ақпараттарды бір немесе бірнеше адресаттарға жіберуге болады.

Электронды  пошта кез келген қүжатты - ол мейлі  қызмет жайлы жалпы мәліметтер бола ма (мекен-жайы, аты-жөні, тақырыбы) немесе жай хабар түріндегі мәтін (хаттың өзі) бола ма - бәрібір олардың ақпараттық негізін бір түрде нық үстап, нақты әрі сенімді түрде жеткізе алады.

Электронды  поштаны пайдалану кезінде компьютерде  әртүрлі арнаулы бағдарламалар  қолданылады және олардың қажеттілігіне  қарай бірінен біріне жеңіл ауысып отыруға болады. Мүндай бағдарламалар төмендегідей жүмыстарды атқарады:

-    алынған  хабарларды талдау және жаңа  хабарлар дайындау;

-   байланыс  торабымен жылдам хабар алмасу.

Бірінші бағдарламаның  жүмысы байланыс желісіндегі компьютердегі  мәтіндік ақпаратпен жүмыс істеу  болады.

Бүл кезеңде  белгілі бір редакторлық бағдарлама көмегімен мәтінді дайындап, оны  артынан қарап шығуға тура келеді. Мәтінді оқу, толықтыру, талдау жүмыстары  әдеттегі поштамен жүмыс істегенмен бірдей. Компьютерде әрқашанда жинақталған  мәліметтер архиві болуға тиіс, керек еместерін «қоржынға» тастап, керектеріне жауап жазып, кейбірін қайта архивке салып сақтап қояды. Ең соңында, дайындалған хатты немесе келген хатқа жазылған жауапты «пошта жәшігіне» салып, керекті адреске жөнелтеді.

Сонымен, электронды поштаның кәдімгі поштадан айырмасы «байланыс бөлімі» дербес компьютерде орналасады және тек жеке адамдарға, яғни хабарласаушы екі жаққа ғана қызмет етеді.

Аталған  бағыттарды жүзеге  асыру білім  беруді  ақпараттандыруда мынадай міндеттерді  қояды:

-   білім    беруді    ақпараттандырудың    әдіснамасын    жетілдіру    және стратегиялық мазмүнын таңдап алу;

-     оқытудың әдістері мен формаларын  жетілдіру;

-    қытудың  әдістемелік жүйесін жасау;

-   ақпараттық-оқу,   эксперименттік-зерттеу   іс-әрекетінің   түрлі   өзіндік жүмыс істеу әрекеттерін жүзеге асыру;

-  ақпараттық  технологияларды пайдалану арқылы  оқытудың сапасын арттыруға қол  жеткізу.

Бүгінгі таңда  әрбір оқушының коммуникациялық компьютерлік ортада жүмыс істеуі басқа коммуникациялық технологияларды пайдалану сияқты күнделікті әдетке айналуы үшін оларға электронды пошта мен Интернеттен бастап, басқа да электронды қүралдармен жүмыс істеу мүмкіншілігін туғызу қажет. Бүл заңгердің ақпаратты іздеу, әртүрлі қүжаттарды дайындау саласындағы іс-әрекетін анағүрлым жеңілдетеді және жүмыс істей жүріп, кәсіби біліктілігін арттыруға, өздігінен білімін көтеруге мүмкіндік береді. Сондықтан оқытушыларға қойылатын талаптардан тікелей туындайтын міндет бүл барлық пәндерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды көздей отырып, нақты жаңарту, оларға қосымша материалдарды кіргізу болып табылады. Осыған сәйкес арнайы пәндер бойынша ақпараттық телекоммуникациялық оқыту технологиялары бойынша әртүрлі оқу материалдар дайындап, оларды оқу процесіне пайдаланудың мүмкіндіктері бар. Мұның өзі білім беру саласында біртүтас телекоммуникациялық желіні қүру мен дамыту міндеттерін шешуді көздейді:

-  ақпараттық  мәдениетті қалыптастыру мен  дамыту үрдісін жоғары деңгейге  жеткізу;

-  жасалынған  және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртүтас халықаралық ақпараттық кеңістікте интеграциялау;

-  біртұтас   ақпараттық   кеңістікте   әртүрлі   деңгейдегі   ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;

 

- білім беруді  дербестендіруді қамтамасыз ету,  қашықтықтан оқытуға мүмкіндік  жасау .

 

 

2.2 Ақпараттық технологиялардың оқушылардың іс-әрекетін қалыптастырудығы рөлі

 

Жоғары және арнайы оқу орындарында заңгерлерге  кәсіптік әрі ақпараттық жүйелі білім  беру мемлекеттік білім беру стандартына, типтік оқу жоспарларына, жұмыстық оқу жоспарларына, оларда көрсетілген оқыту пәндеріне, сағат көлеміне, курстық, дипломдық және өзіндік жұмыстарға, практикаларға байланысты. Ақпараттық қоғамда компьютерлік техника, жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылуы да жүйелі кәсіптік білім берудің негізі мен басты қүралына айналды.

Информация о работе Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру