Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:56, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау;
2. Ақпараттық технологияларды қолдану барысындағы педагогикалық тәжірибелерді салыстыру.
Зерттеудің әдістері:
Озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыру, жинақтау, талдау, байқау, әңгіме, сұрақ – жауап және сауалдама жүргізу.

Содержание работы

Кiрiспе
1 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың негіздері
1.1 Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың мазмұны мен қазіргі жай күйі
1.2 Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру барысында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері
1.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың даярлығын қалыптастыру
2 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың бағыттары
2.1 Оқытудың ақпараттық технологияларын құру принциптері
2.2 Ақпараттық технологиялардың оқушылардың іс-әрекетін қалыптастырудығы рөлі
2.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың диагностикасы
Қорытынды

Файлы: 1 файл

9 Туленбаева А.doc.doc

— 275.00 Кб (Скачать файл)

1. Ақпараттық  технологиялар арқылы студенттерді  негізгі біліммен ғана қаруландырып  қоймай, олардың бойында ой еңбегінің  жалпы тәсілдері мен әдістерін пайдалану біліктерін қалыптастыру арқылы білімді меңгеруді қамтамасыз ету қажет.

2.  Студенттерді белсенді ұстанымда ұстап, оларды таным процесінің тікелей қатынасушылары  ету керек. Ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастырылатын өзіндік жүмыс тапсырмалары жекеленген фактілерді меңгеруге емес,  әртүрлі проблемалар шешуге бағытталуы тиіс. Өзіндік жүмыстарды орындай отырып, студенттер проблемаларды көруге және ойлап табуға, оларды өз бетімен шешуге үйренуі тиіс, ол үшін осы уақытқа дейін қалыптасқан білім, білік, дағдыларын пайдаланып, соның негізінде алынған нәтижелерді тексергендері жөн.

3.  Ақпараттық   коммуникациялық  қүралдарымен   еркін  жүмыс   істеу барысында  студенттердің ой еңбегін белсендіру  үшін ақыл-ой әрекетіне біртіндеп  күш түсіруді талап ететін жүмыстар беру керек. Мүның өзі ақпараттық технологиялар арқылы студенттердің әртүрлі жаттығуларды және тапсырмаларды орындауда алған білімдерін өз бетінше қолдану және жаңа білімді өз бетінше алу мүмкіндігі қамтамасыз етілетін жағдайларды қамтамасыз етеді.

 

2.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың диагностикасы

 

Ақпараттық  технологиялар оқушылардың  сауаттылығын қалыптастыру мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу үшін ең алдымен диагностикалық әдістер таңдап алынды. Педагогика ғылымында диагностика тұтас кешенді өлшеу, ақпараттандырушы, бағалаушы, қозғаушы, қалыптастырушы, бағдарлаушы, рефлексиялық қызметтерді атқарады.

С.А.Рубинштейннің  кәсіби іс-әрекетке даярлықты кезеңдер бойынша қалыптастыру туралы зерттеуіне сүйене отырып, біз өзіміз үшін мынадай маңызды мәселелерді анықтап алдық:

-   аярлық  алдыңғы кезеңде жинақталған  тәжірибеге сүйене отырып, іс-әрекет  үрдісінде қалыптасады, яғни философияның  терістеуді терістеу заңына сәйкес  неғүрлым жоғары деңгейге өтіп отырады;

-  алдыңғы  деңгей келесі деңгейді қалыптастыруға  негіз болып табылады;

- нақты тұлғаның даярлық деңгейін уақытында анықтау кемшіліктерді жоюдың келешектегі жоспарын анықтауға мүмкіндік береді;

Ақпараттық  технологиялар арқылы оқушылардың  сауаттылығын қалыптастырудың ғылыми тұрғыдан негіздеу осы сапаның деңгейлерінің ерекшеліктері туралы білімді талап етеді. Өйткені заңгерлердің кәсіби-заңгерлік іс-әрекетін жүзеге асыруы оның даярлығын қүрайтын компоненттердің жақсы пайдаланылғанына байланысты, сондықтан студенттерде олардың даму ерекшеліктерін ашып көрсету керек. Осы мақсатпен біз диагностикалық әдістеменің кешенін жасадық, мүнда диагностиканы бақыланатын немесе оқып-үйренілетін объектінің жай-күйі туралы әдістер мен тәсілдер кешенінің көмегімен ақпаратты алу процесі ретінде қарастырдық [19].

Диагностикалъщ  зерттеу - болашақ заңгерлерді даярлау процесін талдаудың шынайылылығын, маңыздылығын, негізгі мәселелерді іріктеуін қазіргі заман және болашақ талаптарына сай жетілдіру кепілі. Ол студенттердің кәсіби іс-әрекетке бағыттылық деңгейін, кәсіби-заңгерлік іс-әрекет туралы мағлүматының болу дәрежесін, кәсіби-заңгерлік іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті білім жүйесін меңгеру деңгейін, меңгерілген білімді қолданудағы белсенділігін, кәсіби-заңгерлік іс-әрекетті жүзеге асыру біліктері мен дағдыларының қалыптасуын, кәсіби-заңгерлік іс-әрекет рефлексиясына қабілеттілігін, заңгердің өзін-өзі бақылауға қабілеттілігін, кәсіби түрғыдан өзіне-өзі баға беруін анықтау нәтижесінде даярлық сапасын арттыруға жағдай жасайды.

Сондықтан біз  диагностикалық зерттеудің негіздерін оқып-үйрену үшін алдымызға мынадай  міндеттер қойдық:

1.  Диагностика  жайлы теориялық білімді тереңдету,  яғни ғылыми-педагогикалық әдебиетерге  шолу жасау.

2.   Оқушылардың  сауаттылығын қалыптастырудың деңгейін анықтау үшін әдістемелерді жан-жақты зерттеп, жинақтау.

3.  Диагностикалық  зерттеуді жүзеге асыру үшін  әртүрлі зерттеу әдістері арқылы  ақпарат жинақтау.                                

Диагностикалық  зерттеудің тиімділігі мен нәтижелілігін мына жайттардан көруге болады:

-       зерттеу нәтижесінде оқушылардың  іс-әрекетке даярлығы бойынша толық ақпарат алынады;

-  ақпаратты  талдаудың нәтижесінде ақпараттық  технологиялар арқылы даярлықты  қалыптасырудың мазмүны мен әдістемесі  жасалады;

-   таңдап алынған әдістеме арқылы даярлықты қалыптастыру жүзеге асырылады.

  Сонымен бірге зерттеу барысында біз осы даярлық компонентерін қалыптастыруға ақпараттық технологиялардың тигізетін ықпалын анықтау үшін диагностикалық әдістемені қолдандық. Ол үшін сауалнама, әңгімелесу және сұхбаттасу әдістері пайдаланылды.

Студенттерге  ақпараттық технологияларды пайдалану  олардың даярлық деңгейлерінің  қалыптасуына қалай әсер еткенін  анықтау мақсатында бірнеше сауалнама  сүрақтары берілді. Олардың жауаптары үш деңгейде бағаланды.

Біріншісі - жоғары деңгейде (Ж), яғни 5 (өте жақсы) студенттер акпараттық-коммуникациялық технологиялар  жағдайында даярлықты қалыптастырудың  мәнін терең үғынуы қажет, электронды оқулықта берілген интерактивті тапсырмаларды  еркін орындап, Интернет web-беттерін жасай білуі керек, Интернет жүйесіне сүйене отырып, оқу материалы бойынша қажетті ақпаратты іздей білуі қажет. Электронды пошта, модем, Outlook Express, Internet Explorer және т.б. мүмкіншіліктерді еркін қолдана білуі қажет.

Екіншісі - орта деңгейде (О), жақсы (4). Бүл деңгейде олар акпараттық-коммуникациялық технологиялар жағдайында кәсіби іс-әрекетке даярлықты қалыптатсырудың әлеуметтік қажеттілігін білу қажет, электронды оқулықта берілген интерактивті тапсырмаларды орындап, Интернет web-беттерін компютьердің көмегімен жасауы керек, Интернет жүйесіне сүйене отырып, оқу материалына қатысты қарапайым ақпараттарды жинастыра білу керек. Электронды пошта, модем, Outlook Express, Internet Explorer және т.б. мүмкіндіктерді қалай қолдану керек екенін білу қажет [20].

Үшіншісі - төмен  деңгейде (Т), қанағаттанарлық (3). Бүл  деңгейде олар акпараттық-коммуникациялық  технологиялар жағдайында оқытушымен берілген тақырыптар бойынша қарапайым  тапсырмаларды орындай білуі  қажет. Электронды оқулықтар мен Интернет web-беттерін өздері колдана білуі керек. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға электронды пошта, Outlook Express, Internet Explorer және т.б. жататынын біліп, игеруі қажет.

Студенттерге  төмендегідей түрде сауалнамалар таратылып, жауап беру үсынылды [ Кесте 1].

 

Кесте 1.     Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыруға технологиялардың тигізетін ықпалын анықтау сауалнамасы

 

Сұрақтар

Өзін-өзін бағалау  реті

 

Ж

0

Т

  Электронды оқулықтардын маңызы мен ролін білесіз бе?

     

Электронды оқулықтардың мазмүнының құндылығын анықтай білесіз бе?

     

Электронды  оқулықтармен жүмыс жасауға қызығасыз  ба?

     

Электронды  оқулықтардың сауаттылықты қалыптастыруда пайдалану мүмкіндіктері мол деп ойлайсыз ба?

     

Электронды  оқулықтар арқылы Сіз ақпараттық деңгейді толықтыру мүмкін деп ойлайсыз ба?

     

Электронды  оқулықтардың ішінен болашақ кәсіби іс-әрекетіңізде қажетті материалдарды  таба білесіз бе?

     

Электронды  оқулықтардағы берілген мәліметтерді салыстырып, оларды толықтыра аласыз ба?

     

Электронды  оқулықтардағы мәліметтерді болашақ кәсіби іс-әрекетіңізге сәйкес талдай білесіз бе?

     

Сауаттылықты қалыптастыруда Интернеттің мүмкіншіліктері мол деп ойлайсыз ба?

     

Интернет ақпараттарды қолдануға көмектеседі ме?

     

Интернеттің ақпараттық мүмкіндіктері үлкен бе?

     

Интернетке  дамудың жоғарғы сатысы ретінде  қарайсыз ба?

     

Интернет мүмкіндіктерін ғылыми болашақ кәсіби іс-әрекетіңізде пайдаланасыз ба?

     

Интернет жағдайында даярлығыңызды жетілдіре аласыз ба?

     

Ғылыми ақпаратты  тиімді таба білесіз бе?

     

Интернет және электронды оқулық зерттеулері бойынша  мәліметтер жинай білесіз бе?

     

Интернет арқылы болашақ кәсіби іс-әрекетіңізге қажетті  мәселелердің ақпараттарын таба білесіз  бе?

     

 

Осы мазмұндас әртүрлі сауалнамалар арқылы оқушылардың  сауаттылығын қалыптастыруда ақпараттық технологиялардың тигізетін ықпалы айқындалды.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келгенде ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отырғаны көпшілікке мәлім Олай болатын болса, оқушылардың  сауаттылығын қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстарын жүргізу міндеттері жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық проблемалардың шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді.

Бүгінгі таңда  орта арнайы және жоғары оқу орындарында  мамандарды даярлау барысында білім  беру жүйесін ақпараттандыру бойынша өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән оқытушыларының бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды тираждау мәселесі нақты шешімін таппаған, компьютерлік сыныптарда көбінесе информатикадан ғана сабақтар өткізіліп, басқа пәндерден ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы сабақтар өткізу шектеулі.

Сондықтан оқушылардың  сауаттылығын жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды үйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

1. Оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2.  Нақты әрекетке  негізделген кері байланысты  қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер  арқылы әрбір оқушы өзінің  білімін бақылауға, тексеруге  және бағалауға мүмкіндік алады.

3.      Материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады .

  Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді жоғары және арнайы оқу орындарында маман даярлау тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне ендіру үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін мынадай ақпараттық технологиялар құрайды:

1.   Компьютерлік     және     ақпараттық     сауаттылық.     Компьютерлік  сауаттылыққа оқушылардың электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.

2.  Оқу үрдісінде  компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік түрғыдан қамтамасыз  етуге де  елеулі  өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мүндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының конституциясы. – Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазанындағы №284 –I заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – 52 б.

2.  Білім туралы  Қазақстан Республикасының Заңы. – Астана, 2004, 63 б.

3. Қазақстан  Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – /Егемен Қазақстан. – 2004. -16 қазан. -2-3 б.

4. Қазақстан  Республикасында білім беруді  дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы. – /Егемен  Қазақстан. – 2004. -16 қазан. -2-3 б.

       5. Хуторской А. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы образования. //Народное образование. № 2, 2003; Ключевые компетенции. Технология конструирования. //Народное образование. № 5, 2003.

      6.  Алдамұратов Ә., Рахымбеков Қ., Іргебаева Н. т.б. Жалпы психология. – Алматы: Білім, 1996. – 224 б.

       7. Қараев Ж.А. Активизация познавательной  деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения. Автореф.докт.пед.наук. Алматы, 1994. 46 с.

      8. Қабдыхайырұлы Қ., Монахов В.М.  Оқытудың жаңа технологиялары. Алматы, 1999, 149 б.

9. Маслова Н.В. Ноосферное образование: технология, методология, методика, - М, 1998.

10. Назарова Т.С., Полат Е.С. Средства обучения: технология создания и использования. М., 1998.

11. Даль Вл. Толковый словарь живого  великорусского языка.

12. Ушаков Д.Н. Болшой толковый словарь русского языка. Изд-во АСТ -1280 с.

13. Питюков В.Ю. Педагогическая технология в процессе профессиональной подготовки учителя: Автореф. Дис. ... канд. Пед.наку. М., 1994.

14. Кумбс Ф. Кризис образования в современном мире. Системный анализ. –М.: Прогресс, 1970.

15. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. –М.:Педагогика, -1989.

16.  Митчелл П. Энциклопедия педагогических средств, коммуникаций и технологий. Лондон, 1978.

17. Әбдікәрімұлы  Б. Білім берудегі педагогикалық  технологиялар // Ізденіс. -2003. №4. –Б200-203.

18. Информатика және компьютерлік техника. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы, «Мектеп»2002.

19. Тәжіғұлова  Г.О., Мәлібекова М.С. Ақпараттық  технологиялар теориясы. –Қарағанды, 2004, 119 б.

Информация о работе Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру