Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:56, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау;
2. Ақпараттық технологияларды қолдану барысындағы педагогикалық тәжірибелерді салыстыру.
Зерттеудің әдістері:
Озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыру, жинақтау, талдау, байқау, әңгіме, сұрақ – жауап және сауалдама жүргізу.

Содержание работы

Кiрiспе
1 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың негіздері
1.1 Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың мазмұны мен қазіргі жай күйі
1.2 Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру барысында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері
1.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың даярлығын қалыптастыру
2 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың бағыттары
2.1 Оқытудың ақпараттық технологияларын құру принциптері
2.2 Ақпараттық технологиялардың оқушылардың іс-әрекетін қалыптастырудығы рөлі
2.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың диагностикасы
Қорытынды

Файлы: 1 файл

9 Туленбаева А.doc.doc

— 275.00 Кб (Скачать файл)

Қазіргі кезендегі  компьютерлік автоматтандыруда адам мен  техниканың байланыс түрлері де өзгеріске  үшырады. Адам бірінші рет техникалық жүйенің бір бөлшегі болудан, машиналық қызметті орындаудан арылады. Компьютерлік автоматтандыру (оның дамыған түрлерін айтады) адам мен техника арасындағы баяғыдан келе жатқан қайшылықтың технологиялық жүйе шеңберіндегі шешім тапқанын білдіреді. Аяқталып біткен компьютерлік автоматтандыру - жобалаудан бастап, дайын шығарған өнімді алғанға дейінгі өндірістің барлық буындарын қамтитын түтас, өзін-өзі басқара алатын жүйе болып табылады . 1990 жылдардан бері біздің елімізде айтыла бастаған (басқа техникалық дамыған елдерде 1970 жылдарда айтылды) телекоммуникациялық, ақпараттық, компьютерлік жүйелердің ғылымның адамға қарай, адамды зерттеуге қарай бетбүрысының жаппай белгілері анық біліне түсуде. Соның ішінде, ғылымдардың техникаға, жаңа ақпараттық технологияларға бағыт үстауы қоғамның өмір сүру іс-әрекетінің барлық саласына ене түсіп, интеграция дәуірі басталды. Бүл болашақ заңгерлерді еңбек нарқынында бәсекелестікке төтеп бере алатындай етіп даярлаумен тығыз байланысты. Бүл даярлықты арнайы оқу орындарынан бастаған жөн. Себебі, оқу пәндері бойынша ересек оқушылардың кәсіби маңызды іскерліктері мен қабілеттері олардың кәсіптік еңбекке түрақты кызығушылыктарының қалыптасуымен сапалы жетіледі.

Арнайы оқу  орындарының оқушыларына тән  жетекші кәсіптік қабілеттерге жататындар - танымдылық (одан туындайтын дүниетанымдық  пен хабардарлық), шығармашылық, кәсіби іскерлік және онымен тығыз байланыста қалыптасатын азаматтық-қүқықтық ой-өріс. Олардың дамуына оқу процесінде мүмкіндік туғызатын негізгі факторлар - әрбір оқу пәнінің әсері, сабақтан тыс уақытта іздену, шығармашалықты еңбекпен орындауы, іс-әрекетін бағалауы.

Әлеуметтік және ғылыми техникалық прогресті дамытудағы басты мәселелердің бірі - мамандардың белсенділігі, дербестігі, инициативалылығы, идеялық сенімділігі мен кәсіптік дайындығы болып табылады. Сондықтан да жоғары мектептің алдына қойып отырған маңызды талаптар, студенттің өз бетінше іздемпаздық белсенділігін дамытуды қамтамасыз ететіндей амал-тәсілдері табу болып табылады.

Жоғары мектеп студенттерінің тиянақты білім алып, біліктілігі мен машығын қалыптастыруды мақсат етіп қоя отырып, оларды ойлауға  үйрету, өз оетінше білімдерін толықтырып, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігін де дамыту қажет.

Студенттің  жалпы танымын, ойлауын дамытатын, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда елеулі рөл атқаратын оқыту түрлерінің, техникалық қүралдарды қолданудың, тәрбиелік куатының мол болуы да маңызды шарттардың бірі. Олар оқытудың тиімділі мен сапасын көтерумен бірге оқытушы мен студенттің түсінікпен біріге жүмыс істеуіне алғы шарт ретінде де қамтылады. Білімнің дүниетанымдық мәнін саналылықпен түсінуге және сол арқылы студенттердің мүмкіндік деңгейге сай білім көлемін жеңіл меңгеруіне жол ашады. Студенттің өзіндік санасы осы кезеңдегі сапалық өзгеріс ретінде саналады. Білімді саналы меңгерудің басты шарты — студенттің бойындағы сапалық өзгерісті, оның өзіндік санасының қалыптаса бастауын, әлеуметтік қатынас жүйесіндегі күндылық бағдарының шешуші рөл атқаратынын ескере отырып оқыту. Бұл орайда білім беру міндеті мен студенттің рухани қажеттілігінің үйлесімді үштастырылуы ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесінде білім берудің негізгі тірегі етіп алғанда оң нәтижелер алуға болады.

Оқушылардың білім алуындағы маңызды жағдай - жоғары білімді мамандарды даярлауда қоғамның сүранысы мен әлеуметтік тапсырыстың педагогикалық интеграциясы болып табылады, ол жаңа педагогикалық негіз бен әдістерді қажет етеді.

Білім беру жүйесін  компьютрлендіру оқушылардың сауаттылығын сапасын арттыру, халық арасында компьютерлік сауаттылықты арттыру және білім жүйесі мен педагогика ғылымының ішкі қажеттілігі - оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруды көздейді.

«Адам мен машина»  қатынасы әрқашан да еңбек «субъектісі» мен еңбек қүралының қатынасы болды, қазір де солай және солай бола береді де. Машина, оның ішінде есептеу немесе ақпараттық-логикалық машина да, еңбек қүралы болып қалады. Қазіргі заманғы техника табыстарының мәні еңбек қүралдарының еңбек субъектісіне айналуында емес, олардың барған сайын әр алуан және мықты қүралға айналуында және тек дене еңбегін ғана емес, сонымен қатар ой еңбегін де жеңілдету және оның өнімділігін арттыру үшін қолданылатындығында.

Бүл жерде жаңа ынталандыру құралы оқу процесінде компьютер, желілік құралдар бола алады, мүның өзі жаңа ақпараттық технологияның пайдаланылуы - танымдық қажетсінуді қанағаттандыратынын білдіреді.

Оқытуды компьютерлендіру қазіргі адам - машина жүйесінің  қоғамдық өмірінің барлық сферасына  интенсивті енуінің көрінісі. Олардың  жетекші компоненті - адамдар іс-әрекеті, ал машиналық компонент оны үтымды іске асырудың қүралы ретінде көрінеді. Еңбек әрекеті іс-әрекеттің ойындық, ғылыми, оқу сияқты түрлеріне негіз болады. Өз мазмүны бар бүкіл іс-әрекет мынандай құрылымнан тұрады: қажеттіліктер мен мотивтер; мақсаттар (есептер); әрекеттер; операциялар.

Егер адам әрекеті  бір іс-әрекеттің мақсатына сәйкес болса, онда сол әрекетке кіретін  операциялар осы мақсатқа жету шартына  сәйкес болады. Машинаны пайдаланып адам өз іс-әрекетінің операторлық іске асуын машинаға береді. Адамдық - машиналық жүйеде адам белгілі бір қажеттіліктер мен мотивтерді басшылыққа ала отырып, өз алдына мақсат қойып, ал осы мақсатты орындауға бағытталған операторлық әрекетті машина арқылы орындайды. Бірақ, кез келген адам - машина жүйесі өзінің компоненттері бір-бірімен сәйкес келгенде, қажеттілік, мақсат, мотив, әрекеттік дүрыс тізбек күруы бүкіл жүйенің қызметін қамтамасыз етеді.

Мақсатқа жетуде машинаны қолдану өнімнің сапасына, оны алу жылдамдығына, адамның  физикалық плюс психикалық мүмкін-діктеріне, шарттардың өзгеруіне қатысты. Дәстүрлі машиналар адамның мақсатқа жетуіндегі түрақты операцияларын орындайды. Бүл жағдай жаңа электроника мен есептеу техникасы адамның ой - әрекетіне енген информатиканың пайда болуына әкеледі. Бүл әрекет адамның өзінің психикалық ерекшеліктеріне бейімделуімен байланысты. Есептеу машиналары осы шарттардың біразын тіркеп, соған сәйкес адамның ойлау әрекетіндей операцияларды орындайды (кез келген есептеуіш машиналар адам қүрастыратын әрекеттер мен мақсаттардың операторлық бөлімінің орындалу қажеттілігі болып табылады) .

Біз зерттеу  барысында ҚР мемлекеттік жалпыға  міндетті кәсіптік білім беру стандарттарын  талдай отырып, заңгерлерді даярлауда  ақпараттық технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктерін анықтадық .

Іс-әрекет-адам мен қоғамның тіршілік етуі мен дамуының негізі. Педагогика ғылымында іс-әрекет проблемасы оқу-тәрбие процесінің негізі ретінде қарастырылады. Іс-әрекеттің жалпы теориясы, педагогикалық теория мен тәжірибедегі іс-әрекеттік түрғыдан қарау түлғаны қалыптастыруға бағытталған оқу-тәрбие процесін қүрудың ерекше мүмкіндіктерін ашып береді. Педагогикалық және психологиялық сөздікте іс-әрекетке мынадай анықтама беріледі: «адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс- әрекет түріне еңбек жатады. Адамның өзге іс-әрекетінің барлығы (ойын, оқу, т.б.) еңбекпен тығыз байланысты. Адамның әлеуметтік тарихи дамуы барысында қоғамдық ерекше қажеттілік ретіндегі теориялық іс-әрекет, яғни ой еңбегі пайда болған. Іс-әрекет қүрамына іс-әрекетті қозғаушы түрткі, іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтиже, іс-әрекетті жүзеге асырушы қүралдар қамтылады.

Іс-әрекет түрткісіз  адамның түрлі қажеттіліктеріне, қызығушылығына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткінің мазмүны мен сапасына лайық адамның түрақтылығы байқалады, көздеген мақсатына жетеді. Іс-әрекеттің мақсаты мен түрткісі қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу.

  Кез келген іс-әрекет субъект арқылы мақсат, құрал, үрдіс, нәтижеде көрінеді. Адам қажеттілігінен туған іс-әрекет оның санасын бейнелейді. Қоғамдық өмірде адам түрткі мен мақсатты өз дамуына байланысты пайдаланады. Жеке адамның дамуында іс-әрекет жетекші роль атқарады. Адамның іс-әрекеті дене және ой еңбегі арқылы көрінеді. Өнімді еңбек материалды қүндылықтар, ал ой еңбегі рухани қүндылықтар жасайды. Адам үшін ең маңызды іс-әрекет - үйрену. Түлға іс-әрекет арқылы тәжірибе жинақтайды, шындықты игереді, іскерлігі артады, дамиды» [17].

Ақпараттық  технологияларды студенттердің  өзіндік оқу іс-әрекетін қалыптастыруда пайдаланудың мәні зор, мұның нәтижесінде  шешілетін басты педагогикалық  міндеттер олардың оқу іс-әрекетін белсендіру, тиімділігі мен сапасын  арттыру, өз бетімен жүмыс істеу мәдениетін дамыту, өзіндік іс-әрекет ету аймағын кеңейту және т.б. болып табылады.

Осы мүмкіндіктер арқылы оқытушы мен студентердің ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша бірлескен өзара іс-әрекетін былай көрсеттік .

Студенттердің өзіндік оқу іс-әрекеті проблемасын талдау зерттеліп отырылған мәселенің толығымен тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатынын көрсетіп берді. Өзіндік оқу іс-әрекеті оқу процесінің ішкі жүйесі ретінде студенттердің өзіндік шығармашылық іс-әрекетінің қүрамдас бөлігі болып табылады.

Өзіндік оқу іс-әрекеті дегеніміз - бұл дидактикалық ұғым, ғылыми практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік тәсілдерін болжау және анықтау, жеке түлғаның өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық процеске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративті білімі [18].

Ақпараттық  технологиялардың өзіндік оқу іс-әрекетін қалыптастырудағы атқаратын ролін  бөліп көрсетуге болады:

-    ақпаратты  сақтау, жинақтау, тарату және қүру қабілеті бар;

-    гипермедийлық  ақпараттармен жүмыс істеуге  болады;

-  кез келген  қүжатқа графикалық суреттер  мен гиперсілтемелер қоюға болады, мүның өзі кез келген электрондық  мекен-жай немесе Интернет сервері  арқылы байланысқа шығуға мүмкіндік  жасайды;

-  бағдарламалық  құралдан екіншісіне кеңейтілген мәтінді көшіруге болады;

-    тізбектен  қажетті ақпараттық іздеуді жүзеге  асыру қабілеті мол;

-   алынған  ақпаратты көрсетілген электрондық  мекен-жайға бере алады және  т.б.

Ақпараттық  технологиялар арқылы студенттердің өзіндік оқу іс-әрекетін тиімді үйымдастыру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет:

1.    Оқу  жүктемесі мен студенттердің  өзіндік жүмыстарының көлемін  дүрыс есептеу    керек.    Әсіресе,    студенттердің    орындайтын    әрбір    өзіндік жүмыстарының түрлеріне байланысты уақыт пен күш-қайратты негізге алу ерекше маңызды. Ол үшін студенттердің ақпараттық технологиялар арқылы өзіндік жүмыстарын үйымдастырудың жоспарын қүру тиімді, онда әрбір өз бетімен  істелінетін  жүмысқа  жүмсалатын  уақытты,  тақырып  бойынша әдістемелік әдебиеттермен, электронды оқу материалдарымен қамтамасыз етілу жағдайын, ақпараттық коммуникациялық қүралдарымен еркін жүмыс істеу мүмкіндігін есепке алу қажет [19]..

2.  Студенттер  мен оқытушының бірлесіп жүмыс  істеу қатынасын біртіндеп өзгерту керек. Алғашында ақпараттық технологиялар арқылы студенттердің өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру үшін оқытушының бағыт-бағдары аса қажет болып табылады, біртіндеп студенттердің өз бетімен жүмыс істеуіне мүмкіндік беру   керек.   Ақпараттық   оқу   қүралдарымен   жүмыс   істеу   барысында студенттерде санаткерлік біліктердің, яғни талдау, жинақтау, проблемаларды қою және шешу біліктерінің қалыптастуына көңіл аударған жөн. Мүның өзі өзіндік   іс-әрекеттің   біртіндеп   шығармашылық   іс-әрекет   сипат   алуын қамтамасыз етеді.

3.   Студенттерді  дер кезінде әдістемелік әдебиеттермен,  электронды оқу материалдарымен  қамтамасыз ету керек. Бүгінгі  таңда әрбір студенті қажетті  әдебиеттермен қамтамасыз ету  мүмкіндігі өз деңгейінде емес, сондықтан электронды басылымдар мен Интернеттің ақпараттық ресурсын пайдалануға тура келеді.

4. Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмаларының сапасына оқытушы тарапынан жүйелі бақылау жүргізіліп отыру керек. Бүл неғүрлым басқару мақсатында емес, студенттерді оқыту, яғни дидактикалық шарт ретінде іске асырылса тиімді болар еді, мұнда электронды тест материалдарын қолдану аталмыш бақылаудың нәтижелілігін қамтамасыз етеді.

Өзіндік оқу  ісәрекетін ұйымдастыру үшін оның құрылымдық компоненттерін білу қажет. Оқыту тұрғысынан алып қарасақ, оның төмендегідей құрылымдық компоненттерін бөліп көрсетуге болады:

-   мақсатты  компонент, ол оқытудың жалпы  және нақты мақсаттарынан түрады;

-  мотивациялық  компонент,   ол  арнаулы  құралдардың,   әдістер  мен тәсілдердің көмегімен студенттердің бойында танымдық қажетсінудің пайда болуын қамтамасыз етеді;

-    мазмүнды - операциялық компонент, ол студенттер  «оқытушы - студент» деген дидактикалық  өзара іс - әрекет барысында және  үстаздың тікелей немесе жанама  түрде қатысуымен үйымдастырылған ізденімпаздық жүмыс барысында игерілетін білім мен әрекет тәсілдерінің жүйесін қамтиды;

-      қажыр-қайрат  компоненті,   ол   студенттердің   назарын,   ерік-жігерін  шоғырландырады, танымға деген игі  сезімталдық пиғылды туғызады, мүның  өзі    білім    мен    әрекет    тәсілдерін    игеруге,    танымдық    қажетсінуді қанағаттандыруға және сайып келгенде, оқыту мақсатына қол жеткізуге септігін тигізеді;

-  ағымдағы  бақылау, оның барысында оқытушы  студенттерді өздігінен бақылайды,  оқудың басқа әдістерін, нысандары мен қүралдарын пайдалану арқылы тиісті түзетулер енгізіледі;

-   бағалау  компоненті, ол - оқу нәтижелерін  оқытушының талдауы, олардың алға  қойылған  мақсаттарымен  үйлестіру  және  қажет  болған жағдайда  оқытудың келесі кезеңін жобалау  кезінде ескеру үшін олардың үйлеспеу себептерін анықтайды.

Оқу процесінің барлық компоненттерін өзара тығыз  байланыста қарастыру керек. Оқытудың мақсаты оның мазмүнын анықтайды, оқытудың мақсаты мен мазмүны оны ынталандыру  мен үйымдастырудың белгілі бір  қүралдарын, әдістерін және формаларын талап етеді. Қүралдар, әдістер, формалар оқу процесінің мазмүнды операциялық компоненттерінің элементтері бола отырып, студенттердің өзіндік іс-әрекетін үйымдастырудағы мүғалімнің мүмкіндіктерін анықтайды, яғни педагогикалық процестердің қозғауыш механизмін қүрайды. Бүл топтың компоненттерін мүғалімнің меңгеруі педагогикалық процесті үйымдастыру тиімділігіне байланысты.

Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру барысында студенттердің әрбір пән бойынша ұсынылатын өзіндік жүмыстарын үйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Ақпараттық технологиялар арқылы өзіндік іс-әрекетті жүзеге асыру барысында студенттердің белсенді ой-әрекетін күшейтуге оқытушы жүмысты жоспарлы түрде үйымдастырып, оған дүрыс басшылық жасай алғанда ғана қол жеткізеді. Ол үшін оқытушыға мұндай өзіндік жүмыстарды алдын-ала дайындап, мынадай талаптарды басшылыққа алуға тура келеді:

Информация о работе Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру