Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:23, курсовая работа
Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі жағдайдағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Кіріспе
1 Оқу үрдісінде қолданылатын оқыту әдістері
1.1 Оқыту үрдісінде интерактивті технологияны қолдану жолдары
1.2 Оқытудың интерактивті әдістері
2. «Радиотехникалық тізбектер және сигналдар» пәнін оқыту
2.1 Пәнді оқыту үрдісінде «жүйелік тәсіл технологиясын» қолдану
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе
1 Оқу үрдісінде қолданылатын оқыту әдістері
1.1 Оқыту үрдісінде интерактивті технологияны қолдану жолдары
1.2 Оқытудың интерактивті әдістері
2. «Радиотехникалық тізбектер және сигналдар» пәнін оқыту
2.1 Пәнді оқыту үрдісінде «жүйелік тәсіл технологиясын» қолдану
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз [1]. Қазіргі жағдайдағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан пәнді оқыту үрдісінде жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Пәнді оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс - тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс [2].
Курстық жұмыс "Пәнді оқу үрдісінде қолданылатын оқыту әдістері "- деп аталады.
Кіріспеде, зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігі, зерттеу обьектісі, зерттеу пәні, зерттеу мақсаты, зерттеу міндеті, зерттеудің әдіснамалық негізі, зерттеу әдістері беріледі.
Зерттеу тақырыбының нысаны – пәнді оқыту үрдісінде оқытудың әр түрлі әдістерін пайдалануды зерттеу процесі
Зерттеу тақырыбының пәні- пәнді оқытудың әдістері мен теориялық мазмұны.
Зерттеу тақырыбының мақсаты – пәнді оқыту барысында әр түрлі әдістерді қолдану арқылы оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесіне қол жеткізу.
Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Оқу үрдісінде қолданылатын оқыту әдістерімен танысу;
- Кәсіптік мамандарды даярлаудағы оқыту әдістерін анықтау;
- Оқыту
әдістерінің көптүрлігімен
- Оқытудың тиімділігін жоғарылату және оқу материалын түсіндіру мүмкіндігін арттыру;
-«Радиотехникалық тізбектер және сигналдар» пәнін интерактивті әдіс технологиясы негізінде оқыту;
- Аталмыш пәнді өткізу барысында студенттердің қабілеттіліктерін дамыту;
- Студенттердің пәнге деген танымдылық құштарлығын қалыптастыру
Құрылымы: курстық жұмыс Кіріспе бөлімнен, екі тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қорытындыдан тұрады.Сонымен қатар курстық жұмыста кестелер, зерттеу кезінде жүргізілген суреттер келтірілген.
Кіріспеде курстық жұмыс тақырыбына жалпы кіріспе, осы зерттеу тақырыбының нысаны, зерттеу тақырыбының пәні, зерттеу тақырыбының мақсаты, зерттеу тақырыбының міндеттері беріледі.
Курстық жұмыстың бірінші тарауы «Оқу үрдісінде қолданылатын оқыту әдістері» деп аталады. Бірінші тарауда жалпы оқыту әдістерінің түрлеріне тоқтала кетіп, олардың оқу барысына тигізетін әсері проблема ретінде қарастырылады. Оқыту әдістерінің түрлері және де интерактивті технологияны қолдану пәнді оқытуда қолданылуы жайында айтылады.
Қорытындыда зерттеу проблемасы бойынша жасалған тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
Қосымшада зерттеу барысында
алынған мәліметтерге қосымша ретінде
көмекші материалдар
1 Оқу үрдісінде қолданылатын оқыту әдістері
Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері. , сондықтан ол екі жақты біртекті процесс, біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы танып міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Форма – сыртқы пішін, түр,
қалыптасқан белгілі бір
Сабақ – оқушылардың топқа ұйымдасқан, класс (сынып, топ) деп аталатын тұрақты құрамымен, мұғалім басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы. Сабақта оқыту мен тәрбие мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Сабақ - логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы. Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психолого - педагогикалық зандылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.
Оқу үрдісінің жалпы заңдылықтары:
Мақсат қою қоғамның қажеттілігі мен даму деңгейіне, білім үрдісіне қоятын талаптарына, тұлганы тәрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысты.
Мазмұнын айқындау оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқушының жас ерекшелік жэне жеке дара қабілеттеріне, оқытудьң теориялық және практикалық даму деңгейіне байланысты.
Әдістерді таңдау оқытудың міндеттері мен мазмұнына, оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктері мен оларды колдануына байланысты. Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістеріне байланысты.
Оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі оқушылардың бойында ішкі танымдылық түрткілердің және сыртқы ынталардың (қоғамдық, зкономикалық, педагогикалық) қамтылуымен тыгыз байланысты [3].
Оқу үрдісінің тиімділігі барлық заңдылықтардың өзара байланысы мен үйымдастырылу жағдайына тәуелді.
Оқу үрдісінің жекеленген зандылықтары: дидактикалык өз құрамына үрдістің мазмұнды - процессуалдық сипаттамасын (мазмұны, тәсілдері, түрі, әдісі, формасы т.б.) қамтиды;
- гносеологиялық мұгалімнің басшылығымен оқушының қоршаған ортаның нақтылыгын, табиғаттың, қоғамның және өз - өзін факторлары мен заңдылықтарын тану аспектілерін айқындау.
- психикалыққа оқушының оқу үрдісінің барысындағы айрықша ішкі психикалық (танымдылық) іс - әрекетіне қатысты.
- кибернетикалық оқу үрдісіндегі барлық байланыстың сан қырлығын, ақпараттық ағымының таралуын, ақпаратты меңгеруін басқаруды бейнелейді.
- әлеуметтік жалпы үрдіске қатысушылардың (оқушы мен оқушы арасындагы өзара қатынас, бағыттылық, оқудың әлеуметтік маңыздылығы т.б.) қарым - қатынасын қамтиды.
- ұйымдастырушылық оқу үрдісін интеллектуалдық еңбек (оқу мен оқытушылық еңбекті ұйымдастыру, олардың материалдық - техникалық жабдықталуы, ынталандырылу, өнімділік т.б.) негізінде айқындайды.
Оқыту заңдылықтарын білу оқу үрдісін
әртүрлі накты жағдайларда
Сабақ талдау турлері мен типтері
Сабақты талдау мен өзіндік бағалаудың өзі мұғалімнің шығармашылығының элементі. Өзіндік талдаусыз мүмкін емес:
оқытудың толық жүйесін құру;
шеберлікті арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
озат педагогикалық іс - тәжірибені жинақтау;
техникалык жұмысқа уақытты жұмсауды қысқарту;
мұғалімнің өзіндік қорғау мен
психологиялық ахуалды
1.Толық - мұғалім іс-әрекетінің стилін анықтау мен іс - тәжірибесін, оқу -тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
2.Қысқа - жалпы сапасын бағалау максатында және негізгі дидактикалык категорияларды айқындайды;
З.Кешенді - сабақты үйымдастыру формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындагы байланыс пен бірлігін жан - жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақырыпқа байланысты бірнеше сабақтарды талдауда және жас мамандарды оқытуда қолданылады.
4. Аспектілі - сабакқты бір түрін терең қарастыру кажеттілігі туындаған кезде мүғалімнің іс - әрекетіндегі жекеленген амалдарың тиімділігі мен кемшіліктерін айқындау мақсатында қолданылады. Талдаудың әрқайсының бірнеше түрлері бар: дидактикалық, психологиялык, тәрбиелік, методологиялық, ұйымдастырушылық.
Педагогикалық талдаудың мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, осыған сүйене отырып сабақтың бір аспектісіне (жалпы педагогикалық, психологиялық т.б.) сәйкес келетін жекеленген талдау жүзеге асырылады [ ].
Сабақты талдаудың жалпы критерилері. Нәтижелік, сабақтың нәтижелігі сабақты өткізу технологиясына тәуелді деп саналады, оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі ережелері орындауға негізделген және неғұрлым технология сапалы, согұрлым сабақты нәтижесі жоғары. Сондықтан мұгалімнің және оқушының барлық іс-әрекеті казіргі заманғы психолого - педагогикалық жетістіктерді ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары.
- танымдылық, тәрбиелік және дамытушылык мақсатты қою мен шешу;
- оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып окьітудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);
- оқушылардың танымдылық
оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;
оқушылардың өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру;
жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;
қарама - карсы байланыстың шапшандығын ұйымдастыру;
- оқушы мен мұғалімнің қарым - қатынасының ынтымактастығын қалыптастыру.
Сабақ құрлымы. Қазіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады. Сабақтың құрылымы дидактикалык мақсат негізінде құрылады, оқу материалының мазмұны, оқу іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатын акыл-ойлық және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына (класс қүрамына, дайындык деңгейіне, келесі келтіретін және күшті оқушылардың әсері т.б.) сәйкес кұрылады.
Қандай да бір оқу материалының меңгерілу деңгейінің заңдылығына сәйкес мұғалім үйренудің логикасын, реттілігін құрады, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың көптеген түрлерінің сан алуандылыгымен байқалады.
Сабақтың ұтымды құрылымын қамтамасыз ететін:
- оқытудың, тәрбие мен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау;
-сабақ мазмұнының ішіндегі негізгісін және тақырыптың маңыздысын, нақтылап бөлу;
-материалдың мөлшерлігі және қайталау уақыты, жаңа материалды оқу, үй тапсырмасын бекітудің мақсатқа лайықты реттілігін анықтау;
-оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдері, амалдарын таңдау;
-оқушыларға жеке дара және дифференциалды көзқарас;
-оқытудың қажетті оқу - материалдық жағдайын қамтамасыз ету. Оқушылардың танымдылық іс-әрекетін, белсенділігін арттыру:
оқушының оқу - танымдылык міндеттерді қабылдауы мен түсінуі;
шешу жолдарының жоспарын кұру;
міндеттің іс-жүзінде шешуі;
міндетті шешу үрдісін бақылау;
үлгіге сәйкес нәтижесін бағалау;
жинаған білімін одан әрі жетілдірудің міндеттерін айқындау.
Мұғалімге оқушыларға сабақ үстінде өзіндік шыгармашылықпен оқу іс- әрекетін ұйымдастыра білу қажет және оқытудың «белсенді» әдісін қолдана отырып меңгерілу үрдісіне бақылау жасау, ерекше карым - қатынасты ұйымдастыра отырып көптеген әдістемелік амалдарды қолдана отырып жүзеге асыру қажет.
Сабақты өзіндік талдау деңгейі:
1. Эмоционалдық - ырықсыз деңгей, мүғалімнің
өзінің педагогикалық іс -
әрекетіне толық қанағаттануы немесе
қанағаттанбау деңгейі.
2. Бағалау - сабактың нәтижесінің қойылған
мақсат пен жоспарға
сәйкестігін бағалау;
Информация о работе Пәнді оқыту үрдісінде қолданылатын оқыту технологиялары