Пәнді оқыту үрдісінде қолданылатын оқыту технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:23, курсовая работа

Описание работы

Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі жағдайдағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Содержание работы

Кіріспе
1 Оқу үрдісінде қолданылатын оқыту әдістері
1.1 Оқыту үрдісінде интерактивті технологияны қолдану жолдары
1.2 Оқытудың интерактивті әдістері
2. «Радиотехникалық тізбектер және сигналдар» пәнін оқыту
2.1 Пәнді оқыту үрдісінде «жүйелік тәсіл технологиясын» қолдану
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

курсовой главный1111.docx

— 172.26 Кб (Скачать файл)

Интерактивті әдістерге  мыналар жатады:

  1. проблемалық шығарма әдістері
  2. презентациялар
  3. пікірталастар
  4. топпен жұмыс
  5. миға шабуыл әдісі
  6. сын тұрғысынан ойлау әдісі
  7. викториналар
  8. мини зерттеулер
  9. іскерлік ойындар
  10. рөлдік ойындар
  11. инсерт әдісі т.б

Жоғарыда көрсетілген  әдістер оқушының қызығушылығы мен  белсенділігін арттырып, алынған  мәліметтерді шығармашылық тұрғыдан қайта  өңдеу болып табылады.

Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың  сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту  барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін  пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын  үнемдей отырып оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері  оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып,таңғалып, шабыттанып отырып білім алады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі  жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім  беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен  тиімділігін арттырудың маңызы зор.

 

 

1.2 Оқытудың интерактивті әдістері

 

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл  өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды.

Әлемдік деңгейдегі білім  берудің қазіргі парадигмасы  білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына  бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық  қарым-қатынастарға бейімдеу болып  отыр. Демек, оқушы білімді дайын  күйінде мұғалім түсіндірмесінен  алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау  негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы  кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы  қалыптасуы керек.

Бiздiң ел дамудың демократиялық  жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта  оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға  мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер   интеракивтi  деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа  негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады [ ].

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу  үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік  тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті  ақпаратты игеруге уақытты көбірек  бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі  өлшемдерді қолдануды қажет етеді  және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Интерактивті оқыту әдістерін  тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік  талаптарын есепке алып, алғышарттарын  қанағаттандыру керек.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің  сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың  бірлескен әрекет ережелерін мойыгндай  отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық  ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің  ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың  өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекеи дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу  әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің  сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың  топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті  оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың  таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға  дайындықтарының жетіліп, өзара  әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық  ұжымның қалыптасуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен  бәсекелестік болып табылады.

Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық  ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру  немесе өнім жасау.

Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық  өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен  түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.

Топтың сандық құрамы оқыту  немесе өзара әрекеттестiктiң сапасын анықтамайды. "Өзара әрекеттестiк” әдiсiнiң өзектi ерекшелiгi – ол ашу үрдісін бiлдiредi, оның мәнi – оқушылардың оқыту дағдыларын  өзара әрекеттестiк арқылы меңгеруi.

 Бiз оқытуды және  бiлiм берудi, егер сабақ барысында  мұғалiм мен оқушы арасында  өзара әрекеттестiктiң жоғары  деңгейiне қол жеткiзсе, "интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.            

 Ең бастысы, мұнда  мәселенi шешу процесi жауапқа  қарағанда маңызды екендiгiн түсiну  қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң  м а қ с а т ы – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.            

 Интерактивтi оқыту әдiстерiн қолданатын мұғалiмдер, тек ақпарат беретiн және өздерiнiң қатысуынсыз берiлген тапсырмаларды оқушылардың есте сақтауы нашар болады, оқушылар қолдарындағы көтермелеушi қор – құрдастарының идеяларын пайдалана алмайды деп  есептейдi. Зерттеулердiң "бiз қолымызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз” деген қорытындысын жиi естимiз.

Бiздiң тәжiрибе - соның  дәлелi. Атқа шабу дағдысын меңгеру  үшiн, оны қалай жасау керектiгiн  бiреудiң түсiндiргенi немесе оны кiтаптан оқып алу әлi жеткiлiксiз. Ол үшiн шындығында атқа мiнiп барып, дағдыларды меңгерген  абзал. Бұлай болатын себебi, iскерлiктi практика жүзiнде дамыта отырып, бiз  бiлгенiмiздi қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз.

Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік  беру, балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау, оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату және іс-әрекет барысында білім игеруге жол  ашу.

"Жағада тұрып жүзуді  үйренуге болмайтыны сияқты”  дайын білімді қабылдап алу  арқылы қажетті икем-дағдыларды  дамыту мүмкін емес. Сондықтан  оқушылардың арнайы іс-әрекет  барысында икем-дағдыларды меңгеруі  маңызды роль атқарады. Ол үшін  оқыту білімді балалардың өздігінен  оқып-үйренуге бағытталуы керек.

Оқушылардан, шешу үшiн кейбiр  нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы  мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:

-          өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;

-          шешендiк өнерiн жетiлдiредi;

-          танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын);

-          сыни ойлау дағдыларын дамытады;

-          өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады;  

-          пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап берген.

Жоғарыда аталғандарды "үйрене бiлу” деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң  негiзi болып табылады және барлық дамыған  және дамушы елдердегi азаматтар үшiн  қажет.

Екінші жағынан, құстың қос  қанаты сияқты оқушының да екі сүйеніші бар: бірі – оқи алуы болса, екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек  баланың дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті береді.

Өзара әрекеттесуге бағытталған  үрдiс барысында бала iстеп жатқан iсiнің мәнiне енедi. Оқушыларға дайын  жауаптары бар тапсырмалар бергенде, олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды. Ал, өз ойын тиянақтап, оны қорғау кезiнде танымдық белсендiлiк  деңгейi күрт артады.

Өзара әрекеттесу үрдісінің  негізгі мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. өйткені, сыныптағы оқушылардың  белгілі бір салада ортақ білімдері  бар болғанымен, олардың тек өздері ғана білетін білімдері де бар  екені айқын.

Танымдық iскерлiктi қажеттi интеллектуалды дағдылар деңгейiне қарай  жіктеуге болады. Тиiмдi оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегi iскерлiктерiн  практикада қолдануды көздейдi, олар:

-          Фактiлердi есте сақтау (аса көп күштi қажет етпейдi);

-          Құбылыстардың мәні мен маңызын түсiну;

-          Бiлiмдердi дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;

-          Анализ (бiз бiр нәрсенi құрамдас бөлiктерге бөлу);

-          Синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшiн топтастыру);

-          Бағалау (бiр нәрсенiң сапасы туралы пiкiр бөлiсу).

Қоғамның дамуы  осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.   «Радиотехникалық тізбектер және сигналдар» пәнін оқыту

 

«Радиотехникалық тізбектер және сигналдар» пәнін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол.

Радиотехника сабақтарында ақпараттық технология келесі жұмыс  түрінде де қолданысын табады. Бұл  оқушылардың аса шығармашылығын талап ететін жоба жұмысы. Бұл жұмыс  түрін жүргізгенде оқушылар техникалық құралдарды қолдану арқылы жобасын  дайындайды. Мәселен, сабақта тербелмелі амплитудалық құбылыстармен танысу үшін арнайы топ құрылып, тақырып  бойынша терең мағлұмат жинап, онымен бүкіл сыныпты таныстыру мақсатында, тақырыпқа байланысты материалдарды  суретке түсіріп, жалпы толық  бейнематериал жинақтайды. Жиналған мағлұматтарды компьютер арқылы өңдеп, қысқаша деректі фильм  етіп шығарады. Содан соң бұл фильмді  сабақ үстінде сынып назарына ұсынады. Осындай өзгеше жұмыс түрлерін өткізу арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың пәнге  деген қызығушылығын оятуға, дарынды  тұлғаны қалыптастыруға әбден болады.Соңынан  мұндай тапсырмаларды студенттер бірінен-бірі оқу арқылы техникалық терминдерді  кеңінен меңгереді.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл оқытушыға   радиотехника  сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі  өзгертуге, оқытудағы пәнаралық  байланысты күшейте отырып, оқушылардың  дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сабақта компьютерді  пайдаланудың тиімділігін былай  саралап көрсетуге болады.

  1. Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді.
  2. Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің  көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.
  3. Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін қазақ тілі мен әдебиет сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады. Мысалы, СТО стратегияларын, дидактикалық үлестірмелер, түрлі ребустар, суреттермен жұмыс кросвордтарды жатқызуға болады [4] .

Ақпараттық технологияның  мұғалім жұмысына ең тиімдісі –  оқушылардың білім олқылықтарына  үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында  құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ  ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған  заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына  ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап  етеді.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау  қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік  байланыстар мен заңдылықтарды  табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің  кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Бүгінгі таңдағы  ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың  ойлау қабілетін қалыптастыратын  және компьютерлік оқыту ісін дамытатын  жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық  технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз [6]. 

ХХІ ғасыр – бұл  ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық  мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.  Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра  отырып, оқу – тәрбие үрдісінің  барлық деңгейлерінің тиімділігі мен  сапасын жоғарлатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр  –ақпараттандыру ғасыры» деп  аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі  белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Информация о работе Пәнді оқыту үрдісінде қолданылатын оқыту технологиялары