Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 17:07, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Кез-келген процессті басқару бақылауды, яғни оның қызмет етуінің тиімділігін тексеру жүйесін қажет етеді. Сондықтан оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады.
Оқыту нәтижесін бақылау мәні – оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімдерді меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.
Кіріспе
I.Бақылау педагогикалық зерттеудің әдісі.
I.1 Дидактикада зерттеу әдістерін таңдау және қолдану .
I.2 Зерттеудегі бақылаудың мәні туралы .
I.3 Педагогикалық зерттеудегі бақылаудың түрлері .
I.4 Бақылауды ұйымдастыру .
I.5 Педагогикалық бақылаудың функциялары.
II. Шетел тілін оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау.
II1 Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау.
II.2 Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесіннің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін, анықтауға бағытталғандығы.
II.3 Бақылаудың формалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- әдістер
процестің барысын, нәтижесін ғана емес,
сонымен бірге процестің атқарылуына
мүмкіндік беретін жағдайларды талдауға
кол жеткізгені жөн. Жоғарыда аталған
талаптардың бәрін орындау үшін ғалым-педагог
ғылыми зерттеудің белгілі болған барлық
әдістерін меңгергені дұрыс, әсіресе
солардың ішінде бақылау,
әңгімелесу интервью
алу, анкета тарату,
педагогикалық эксперимент
жасау тәрізді кең таралған
әдістерді жетік меңгерген
ләзім[3].
2. Зерттеудегі бақылаудың мәні туралы .
Бақылау термины түрлі мағынада қолданылады. Тұрмыстық тұрғыдан алғанда ол адамның айналасындағы коршаған өмір шындығымен тамырластығын, төңірегін бағдарлай алуын өзгеріске түсіп отырған жағдайға сай іс-әрекет жасай алуын білдіреді. Тәрбиешінің педагогикалық бақылауы баланың түрлі қарым-қатынастағы, ситуациялардағы іс-әрекетіне тікелей баға беруі, қабылдауы арқылы көрініс табады.
Ғылымда бақылау аса маңызды әдістің бірі ретінде кеңінен пайдаланылады. Зерттеушілік бақылау - ғылымның әмбебап аспабы. Ғылымның қай түрімен айналыспасын, ешбір маман бақылаусыз жұмыс істей алмайды.
Бақылау зерттеушілік жағынан болсын, тіпті тұрмыстық тұрғыдан болсын мұғалім үшін аса маңызды әдіс. Бақылау қасиетінің жетілуі, яғни, байқампаздық адамның педагогикалық қабілетінің көрсеткіші.
А.Толстойдың педагогикалеқ еңбегін талдай келіп Н.К.Курпская Толстой-педагог мектепте “мұғалім үздіксіз бақылауға тиіс, өз бақылауының нәтижесін тексеріп, тағы да байқап, тағы да бақылауға тиіс...”. лабараторияны көрді деп атап көрсеткен болатын.
Бақылаудың мәні неде? Бұл сауалға жауап беру үшін түйсікке назар аудару қажет. өйткені бақылау соның нәтижесінде жүзеге асырлады. Әйткенмен бұл терминнің мәні сан алуан. Түйсік процесімен қатар онымен дербес категория ретінде түйсік нәтижені белгілейді. Түйсік процесінің нәтижесінде бақылау жүзеге асырылады. Бұл арада атап өтетін бір мәселе бақылау мен түйсік тепе-тең ұғымдар емес. Біріншісі ауқымды меселен, баланің өсу процесін біз көзбен көрмей тұрып түйсікпен кабылдай алмаймыз. Ал белгілі бір уақыт аралығына бақылау жасай отырып біз процестің жүріп жатқанына көз жеткіземіз. Түйсік - психологиялық акт. Сонымен бірге бақалау тәрізді педагогикалық процесті, оның көрінісін талдаудың әдісі болып табылады.[4]
Бақылаудың мәні мынада зерттеушінің санасында қаралатын обьектінің өзгерістері, оның сандық, сапалық, құрылымдық және векторлық ( сан жөнінен ғана емес амалының бағыты жөнінде де сипатталатын шама) құбылыстар іріктеліп, белгіленеді. Одан әрі ойластыру үшін, сол обьектіні зерттеудегі басқа әдістерді қолданудың нәтижелерін салыстыру үшін нақты фактілер жинақталады. Жоғарыда аталып өткендей, бақылау әдісі техникалық процестің жетілуіне, аспаптардің пайда болуына байланысты дамиды. Оған зерттеушілердің тәрбие-білім беру құбылысы аумағындағы құпияларға үңілуі, оларды жарыққа шығаруы өзінің оңды әсерін тигізеді. Педагогикалық процесті тану құралы ретінде бақылау басқа әдістермен байланыста пайдаланылған жағдайда тиімды болмақ . Бұл ретте бақылау жеке дара, немесе басқа әдістердің құрамдас бөлігі ретінде қолданылуы мүмкін.
Педагогикалық эксперимент
Педагогикадағы зерттеу бақылауының мазмұнын тану үшін оны түрлерге топтастыру кажет. Бұны бірнеше белгілердің негізінде жүзеге асырады.
Обьектімен оны зерттеушінің арасында тура қатынастар орнап байланыстар қосалқы өктемсіз жасалған жағдайда бақылау тікелей деп аталады. Мұнда зерттеуші назарына құбылыстың бейнеленуі, баяндалуы, жаңғырығы емес, процестің тікелей барысы көрінеді. Тікелей бақылау түптеректен материал береді. Сондықтан оның мәліметтері шындыққа барынша сай келеді дейміз. Зерттеушінің санасына процесс фатографиялық -әділеттілік тұрғыдан емес, эмоцианалдық тұрғыдан қабылдайды. Онда бағалау ойша түзету шешімдерінің элементтері болады. Тікелей бақылау жіктеліп алынған педагогикалық құбылыстың суреттін емес, бақылаушының табиғи байланыстарын жазған процестің тұтас картинасын хабарлайды. Алынған материалдың саны мен сапасы бақылаушының көзқарасына тәуелді болады. Бұл ретте, көзқарастың үш түрін атап көрсетуге негіз бар:
Зерттеуші – куә. Бақылаудың мұндай түрі негізінде мектеп жетекшілерінің, мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс-әрекетіне, оқушылардың жеке дара және ұжымдық өміріндегі нақты процестерге қатысты аса ауқымды ғылыми материалдар жинастырлып қорытынды жасалады. Мұндай бақылауды ұйымдастыру көпшілікке белгілі, оның әдіс-тәсілдері кеңінен таралған. Мұны тек ғалымдар ғана емес мұғалімдер, мектептер мен халыққа білім беру органдарының жетекшілері, студенттерде де практикада пайдаланады. Әйткенмен бейтарап тұлға көзқарасы тұрғысына алғанда жеңіл көрінетін бақылаудың бұл түрінде мәлметтердің ақиқаттығына күмән келтіретін бір маңызды жағдай бар. Ол бақылаушының қатысы нәтижесінде педагогикалық процестің табиғи картинасының өзгертіліп берілуі. Тәжірибе мен арнаулы зерттеушілерді педагогтар мен оқушылардың басты бөлігі бөтен адамдардың қатысуына, олардың өз сабақтарына бақылау жасауына қатты назар аударылатынын айғақтайды.
Өздерінің бақылауында болуын сезіну оқытушы мен оқушыларға әртүрлі әсер етеді. Бірақ, оның нәтижесіне қарамастан бақылауда болушылардың мінез-құлқы табиғи қырынан өзгеретіні анық, сабаққа бөтен адамнің қатысуы біреулерді ұялтса , екіншілердің көзге түсуге ұмтылыс жасауына себеп болады.[6]
Зерттеуші - процеске катысушы. Іштен болатын зерттеушілік бақылау өте қызықты. Бұл ретте зерттеуші оқушылар ұжымының іс-әрекетіне көпшілікпен бірдей қатысады, олармен ортақ құқыққа ие болады. Педагогикалық процеске қатысушылардың ішіне “ сіңіп” кеткен зерттеуші оқушыларда болып жататын өзгерістердің бәрін бастан кешеді. Мұндай көзқарас барлық кезде және барлық жағдайда мүмкін болмайды, көбінесе ол шартты сипатқа ие болады. Дегенмен, мұндай жолмен алынған мәліміттер жинақталған материалдардың қатарын толтырып, оларға түзету енгізеді. зерттеуші оқу процесіне араласқан жағдайда сабақ кезінде ол оқушылармен бірге оларға қойлатын талаптарды өзі атқарады ( мысалы: есептер шешеді, жаттығулар орныдайды, оқулықтармен, картамен жұмыс істейді т.б. міндеттерді атқарады).
Сырттай бақылау кезінде мұнің бәрі көрінбей қалуы мүмкін. Бұл жағдайдағы ересек, білімді адамның оқушылармен бірдей болуы мүмкін емес, дегенмен бақылаудың обьективті біршама тең шартты жағдайда өтуі педагогикалық процесс туралы мүмкіндікті байытады. Зерттеуші іс-әрекет үстіндегі оқушылар ұжымымен әсіресе еңбек жағдайында, көркем өнерпаздар жұмысында, спорт сабақтарында, қоғамдық еңбекте, әсіресе экскурсиялық жорықтар үстінде жақсы араласып, жалғасып кетеді. Осындай көзқарас тұрғысынан алғанда зерттеушінің жүргізген жұмысы бақылауда болғандардың тыныс тіршілігіне көбірек дөп( дәл ) келетіні анық.
Зерттеуші - жетекші. Мұндай көзқарас педагогикалық зерттеу жүргізуге бақылаушы үшін барынша қолайлы жағдай туғызады. Мектеппен тікелей байланыстағы педагог ғылыми қызметкер оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін адамға қарағанда өте қолайлы жағдайда тұрады. Мектепте сабақ беретін педагог-зерттеуші өзіне жүктелген жүйенің жетістігі мен кемшілігін зерттеуге үлкен мүмкіндікке ие болады. Ал мұғалімдердің жұмысын бақылайтын жәй ғылыми қызметкерде мұндай мүмкіндік жоқ. Жетекші рөліндегі ғылыми қызметкерге, мұғалімге, педагогикалық құбылыстың дамуына, процестің жүруіне жетекшілік ету мүмкіндігі беріліп, ол бақылайтын обьектісінің іс-әрекетіне ықпал жасап оны өзі ойлағандай бағытқа бұра алады. Қажет болса тисті ситуация туғызады. Көріп отырғанымыздай, оқу-тәрбие жұмысына жетекшілік ету оқушылардың іс-әрекетін басқаруы зерттеушінің алдыңғы көзқарастарымен салыстырғанда, бұл жолы көптеген артықшылықтар ие болған.[7]
Жанама ( опосредованное-косвенное) бақылау. Тікелей бақылаудың материалдарын зерттеушінің тапсырмасы мен бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкіл тұлғаның қатысуы арқылы яғни, жанама бақылау арқылы толықтырылуы мүмкін. Қолайлы жағдай туғанда зерттеуші топтағы педагогикалық процесті бақылау үшін әріптестерін, студенттерді, ата-аналарды кейбір жағдайларда оқушыларды да қатыстыра алады.
Қаладағы бір мектепте
Тағы бір мектепте бір топ ата-ана өз балаларының үйдегі іс-қимылына бақылау жасаған. Соның алдында ғана сынып жетекшілері олармен арнаулы этикалық әңгіме өткізген болатын. Тағы бір мектепте 8 сынып оқушылары практикант-студенттердің ғылыми қоғамының мүшелері белгілеген тапсырмалар бойынша сәбилердің үзіліс кезінде қандай ойын түрін ерікті таңдап алатынына бақылау жүргізген. Жұмыстың табысты болуы топ мүшелеріне нұсқау беретін педагогтарға байланысты. Бақылауға қатысушылар жан-жақты түсінік алады, сондықтан белгілі бір көлемде бақылау жүргізушінің жалпы және жекелей міндеттері, ой-мақсаттары және тіркелетін фактілерді белгілеу тәсілдері жайлі сауатты болғаны жөн.
Кешенді бақылауға қатысушылар туралы мәліметтердің болуы, сондай-ақ, аралас проблемалар бойынша бақылау материалдарының жинақтары маңызды әрі құнды.
Зерттеушінің тапсырмасы бойынша ұжымдық бақылау жүргізудің варианттары қолданылады, сонымен бірге педагогикалық процестің нақты нәтижесі туралы бірнеше адамның әсер алуы сұралады. Процеске қатысушылардың бірі педагогтың сабақ үстіндегі іс-әрекетін, екіншісі окушылардың жағдайын бақыласа, үшіншісі сыныптағы жекелеген балалардың мінез-құлқына назар аударады, ең соңында әртүлі адамдардың белгілі бір педагогикалық құбылысқа бақылау жасауының нәтижесі қолданылып, соңынан бақылау бағалары салыстырылып, фактілер типтендіріледі. [10]
Бақылаудың қызықты мысалын С.Т. Шацкий жүргізгін екен. Ол жұмыс істеген колонияда эстетикалық тәрбиенің белгілі бір жүйесі қалыптасқан. Бұл жерде бүкіл ұжым болып жиі музыкалық шығармаларды тыңдап, балалар өнерге ерекше қызығушылықпен қараған. Ал осы шаралар оқушылардың тұрмысында қандай көрініс береді? Оқушылардың санасында қандай із қалады, олар жәй уақытта музыкаға көңіл аудара ма? Бұл сауалдарға жауап беру үшін бірнеше бақылаушыны шақырып, оларды балалар жиі болатын жерлер туралы бәрін жазып отыруды міндеттеген. Зерттеушінің тапсырмасы бойынша оқушының өзіне-өзі бақылау жасауы өте қызықты. Бірақ бақылаудың мұндай түрі шындыққа сай келеді деп айта аламыз ба? Өйткені бұл жағдайда оқушы педагогикалық процестің жүру обьектісінен ғылыми зерттеуге қатысушыға айналып кетеді.
Өзіне-өзі бақылау жасау тәсіліне сүйенетін зерттеуші үшін мынандай жолмен ережелер міндетті болуы мүмкін: а) Білім беру тәрбие процесін зерттеуде өзін-өзі бақылау жасау негізінен жоғары сынып оқушылары арасында жүргізілуі керек; б) педагогикалық өзін-өзі бақылау жасау негізінен іс-әрекетке, олардың нәтижелеріне, іс-әрекеттердің жеңілдік және ауырлық жағдайына қатысты жүргізіледі; в) жұмысқа тартылған оқушылар өзін-өзі бақылау жасаудың және нәтижелерді белгілеудің әдістемесі туралы жан-жақты нұсқау алуға тиісті; г) өзін-өзі бақылау жасаудың көрсеткіштердің тұжырымдау барысында тәжірибеге қатысушылардың даралық ерекшеліктерін, өзіндік толғаныстарын және жұмысты ұйымдастыру жағдайын есепке алу керек.[11]
Жанама бақылаудың кейбір ерекшеліктері осындай қаралып отырған әдістің алуан түрлері сияқты ол да зерттеушіні фактілермен байытып, мәселені терең зерттеуге мүмкіндік туғызады.
Ашық және жасырын бақылау. Бақалау материалдарынің құнды және обьективті болуы зерттеушіні бақылаған педагогикалық процестің каншалықты табиғи болғанына байланысты, шарттың нақты бейнесі бақылаушыға педагогтармен оқушылар жұмысының шынайы жүйесін көрсетеді. Әдейілеп ұйымдастырылған құбылыстарды емес, шынайы процесті бақылау қажет.
Ашық бақылау. Бұл оқушылармен мұғалімнің көз алдында бөтен адамның қатысуы арқылы жүргізілетін бақылау.
Жоғарыда айтқанымыздай бөтен адам қатысып отырғанда педагогикалық ситуация әдеттегідей емес басқаша болады. Тіпті ештеңеге еліктемейтін балалардың өзі бөтен адамнің бақылауы астында өздерін басқаша ұстады. Мәселен, сабаққа балаларға таныс мұғалім қатысып отырғанның өзінде процеске әдеттен тыс жағдайдың элементтері енеді.
Информация о работе Шетел тілін оқытуда бақылаудың түрлері мен формалары