Шетел тілін оқытуда бақылаудың түрлері мен формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 17:07, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Кез-келген процессті басқару бақылауды, яғни оның қызмет етуінің тиімділігін тексеру жүйесін қажет етеді. Сондықтан оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады.
Оқыту нәтижесін бақылау мәні – оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімдерді меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
I.Бақылау педагогикалық зерттеудің әдісі.
I.1 Дидактикада зерттеу әдістерін таңдау және қолдану .
I.2 Зерттеудегі бақылаудың мәні туралы .
I.3 Педагогикалық зерттеудегі бақылаудың түрлері .
I.4 Бақылауды ұйымдастыру .
I.5 Педагогикалық бақылаудың функциялары.
II. Шетел тілін оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау.
II1 Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау.
II.2 Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесіннің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін, анықтауға бағытталғандығы.
II.3 Бақылаудың формалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 220.50 Кб (Скачать файл)

          Өз еркімен жүрген және бақылаудағы адамның мінез-құлықтары өздерін сезінуі әр-түрлі болады, егер адам айналасындағылардың өзіне қандай баға беретіндігіне мән берсе жағдай тіпті күрделенеді. Бұдан бұрын бақылау жағдайын қалыпқа түсіру үшін үйренісу кезеңі болуы қажеттігі айтылған. әйткенмен мұндай үйренісу кезеңі балалардың мінез-құлқындағы жасандылық элементін толығымен жояды, олар басқалардың қатысуы үстінде өздерін табиғи жағдайда ұстайды деп толық сеніммен айту қиын. Оның үстіне бөтен адам келген кезеңде жағдайды тәртіпке келтірудің жалпыға ортақ дәстүрін оқушылар меңгеріп алады. Анкета ( мұғалімдер сабаққа басқа адамдардың қатысуына қалай қарайды? Деген сауалға жауап береді). Бұл жағдайға ешкімнің оң көзқараспен қарамайтынын көрсетті. Сондықтан ашық бақылаудың мәліметтерін жасандылық элементтерін түзетіп барып қабылдаған жөн.

     Жасырын бақылау. Қайшылықты, бірақ аса құнды зерттеу әдісі болып саналады. өздерінің бақылаудан тыс жүргеннін сезінетін оқушылардың іс-әрекетін назарға алу процестің нақты бейнесін береді деп айтуға болады. әрине, көрінбейтін бақылау, әсіресе педагогтың сабақ үстіндегі іс-әрекетіне әсер алу, бір қарағанда этикаға жатпайтындай болып көрінеді. әйткенмен мұғалім сабақ үстінде жалғыз болмайтынын ескеруіміз керек. оған ұдайы балалар қарап отырады. бақылау астында екенін сезіну мұғалімге тән қалыпты жағдай. Теле және бейне камералар арқылы жасырын бақылау өндірісте, медициналық мекемелерде кеңінен қолданылады. Мұндай жабдықтарды ғылыми мақсат үшін мектептеде пайдалануға болады.

      Үзіліссіз және дискреттік (үзілісті) бақылау. Бақылау құбылысы толық аяқталған күйде, яғни, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын сипаттайтындай болса ол үзіліссіз бақылау түріне жатады. Аталған жағдайда, үздіксіз нақты педагогикалық процестің ұзақтығын оны зерттеуге кеткен уақытпен бірдей болады. [12]

     Егер зерттеушінің бақылау аймағына  тек обьектінің даму барысы  ғана емес сонымен бірге бақылауға  алынатын процестің пайда болуыда  көрініс табатын болса бақылаудың  бұл түрі генетикалық деп аталады. Мысалы: практиканыт-студеніттер ересек сынып оқушыларының ұйымдастыру тапсырмаларын шешу циклына көп мәрте бақылау жасалады. Бастамашылар тобы нақты сыныптан тыс шараны жобалай отырып оның схемасын ұжымдасып жасайды және онан кейін оқушыларға жүктелетін барлық іс-әрекеттерді белгілейді. Сөйтіп, бақылаушының көз алдында “ күзгі бал”, “ еңбек операциясы”, “жастардың ән-кеші” тәрізді идеялар нақты жоспарға ие болып кейіннен жүзеге асырылатын міндеттер жүйесіне айналады. Оларда тура міндеттерге қоса жаттығу ұйымдастырыуының тәрбиелік мәні болады. Педагогикалық құбылысқа үзіліссіз бақылау орнату сол құбылыс жедел және үзіліссіз жүрген уақытта сәтты болады. Айталық, үйге берілген тапсырманың әдістемесі зерттелетін болса, бұл жұмыстың шағын уақыт ішінде өтіуі бақылаудың да аз уақыт ішінде жүргізілуіне мүмкіндік береді. Мысалы, сабақтың құрылысын зерттеу үшін үзіліссіз бақылау жүргізіуге 45 минут уақыт кетеді. Бұдан кейін басқа сабақтарға бақылау жүргізу операцияның қайталануы болып табылады. Оларда тұтас педагогикалық құбылыс толық аяқталған күйде жаңадан көрініс тауып отыраді.

    Егер процестің басталуы мен аяқталуының арасы ұзақ уақытқа созылып кететін болса оны зерттеу үшін дискреттік бақылауға жүгінуге тура келеді. Педагогикалық процесс жасырын, бақылаушының назарына белгілі бір ситуациядағы көрінісіне ғана ұшыраған жағдайда да дискіреттік бақылау қолданылуы мұмкін. Оқушының мінез-құлқы, шешімі, іс-әрекеті, белгілі жағдайда жасалады, оған алдын ала мүмкіндік беріледі. Жағдайға жол беріп немесе оны әдейі ұйымдастыра отырып зерттеуші процестің жекелеген кадрларын бақылайды.[13]

     Монографиялық және  мақсатты бақылау.  Монографиялық бақылау өз-ара түрлі жағдайға байланысқан құбылыстарды мүмкіндігінше мол көлемде қамтиды. Монографиялық бақылау барысында көптеген құблыстардың дамуына, олардың қарым қатынасының орнауына және өз-ара әсерлік сипатына, негізгі зерттеу процессіне ықпал жасауына зер салу мүмкіндігі туады. Мұндай ғылыми ізденісті ұйымдастыру мысалы ретінде Новсибир педагогика институты педагогтары мен ғалымдар ұжымын алуға болады. Топ 5жыл бойы белгілі бір оқушыларға және солармен қатарлас жастағы балаларға, бірақ әр-жылдары монографиялық бақылау жүргізгін. Аталған жағдайда бақылау көптеген көрсеткіштер бойынша жұргізіліп зерттеу аймағына оқушылар барынша мол тартылған. Осының натижесінде оқушылардың рухани қажеттілігінің өзгеру тенденциясы ( үрдіс) обьективті тұрде көрініс табады.

   Бақылау белгілі бір мәселеге ғана зер салатын  мақсатты болуы мүмкін. Мұндай арнаулы бақылау  зерттеуге тиісті бір құбылысты бөліп алып тек соның ғана әсер ету аймағына зер салуды айтады. Құбылыстың негізін білу, оны саналық құрамын сипаттау үшін осы бақылауды пайдаланады. Бұл жерде зерттеушіні бір бағытқа жетектейтін талдамалы мақсат басым болады.

     Бақылау - ізденіс .

Бұл өзіндік  ерекшелігі бар бақылау. Зерттеуші  педагогикалық процестің ішінен өзін қызықтыратын құбылысты, фактіні  табу үшін осындай бақылау тұрін  жүргізеді. Сөйтіп, ол оқушылар мен  мұғалімдер іс-әрекетінің көп бағыттарына  зер салады, нақты жағдайдың барынша күрделі және жеңіл тұстарын анықтауға ден қояды. Жасөспірімдердің өздеріне сын көзімен қарауы қашан пайда болады? Олар қандай жағдайда көрініс береді? Бұл сауалдарға жауапты тек бақылау-ізденіс қана жауап бере алады. Бұл үшін оқушылардың жиналысына, кеңесулеріне, талқылауларына, қортынды шығаруларына, яғни, өздеріне, өз істеріне баға беретін процестерге қатысу керек. әр-бір жиын үстінде оқушылардың өз істеріне талдау жасауы, сын көзімен қарауы бола бермейді. Сондықтан мұндай сәтті күту үшін көп уақыт кетеді. Бақылаушы-зерттеуші осындай жағдайды балалар ұжымының өміріне қатысты, бірақ негізгі тақырыптан ауытқитын көптеген процестерды бастан кешуіне тура келеді.

        Бақылау-ізденіс  кейде өз-ара байланыстағы  ауқымды педагогикалық  тұтастай жүргізілсе, кейде бір обьектіден екіншісіне көшу ретімен жүргізіледі.

 

   4. Бақылауды ұйымдастыру.

     Зерттеу әдісі терминімен қоса зерттеу әдістемесі деген терминнің пайдаланатынын атап өту керек. бақылау әдістемесі туралы айтқанда эксперименыт әдістемесі, әдеби бастаулармен жұмыс істеу әдістемесі деген ұғымдар туралы да әңгіме болады. Сонымен қоса бақылау техникасы және  эксперимент техникасы деп жіктеледі. Бұл көрсетілген терминологиялардың бірлігі болмауы мұмкін жалпы қабылданған мынандай ұғымды еске ұстау керек: әдіс дегеніміз педегогикалық актіні тану тәсілі, ал әдістеме осы тесілдерді жүзеге асыру үшін қолданылатын жүйе. Ал техника болса ізденістің құрамы болып табылатын жеке ұғым. Бақылау әдісін жүзеге асыратын жалпы жағдайлар ден қоялық. Бақылау әдістемесі, оның құрылымы, жүйесі, түрі, мазмұны, техникасы көптеген жағдайға тәуелді болады, ең бастысы зерттелетін проблеманың мәні мен ерекшелігіне, зерттеудің түпкі мақсаты мен міндеттеріне, обьектінің сипатына, зерттеу затымен зерттеушінің жұмыс істейтін жағдайына, қосалқы құрлымдармен жабдықталуына, бақылау жүргізушінің тәжірибесіне, басқа да жеке қасиеттеріне, зерттеу жұмысына қатысушылардың санына және ең соңынан, осы зерттеудегі басқа әдістердің ішінде осы бақылаудың алатын орнына байланысты болады.

                 Жоғарыда айтылған жағдайлардың бәрі ескеріліп, бақылаудың мүмкіндіктері ойластырылып, оның түрлері іріктелгеннен кейін, бақылаудың жоспары жасалады. Онда бақылаудың обьектісі, мақсаты, уақыты, ұзақтығы, шығуға тиісті нәтижесі қарастырылады және зерттеуші бақылаудың көмегімен анықтайтын сұрақтар болады.[14]

                 Бақылаудың белгілеу техникасы ойластырылады. Оларды жазу әр-түрлі болады. Оның ішінде көрініс берген нәрсенің берін тіркейтін хаттамалық жазу, аса қажетті деген элементтерді көрсететін іріктеп жазу, күнделікті жазу, егер бақылау ұзақ уақытқа созылса үзілісті жазу болады. Сондай-ақ белгіленген схема бойынша мәліметтер жазылатын қалыпты үлгіде пайдаланылады. Бақылау шараларында мынандай көрсеткіштерді белгілеу міндетті: жұмыстың дәл уақыты, мектеп, сынып, бақыланатын педагогикалық процеске қатысушылар, іс-әрекеттің орны, шарты, процестің барлық деталдары туралы дәл хабарлама ( ол алдын ала жасалған болжамға сай келуі, немесе келмеуі мүмкін ), оз жағдайы туралы ескертпелер, бақылаудың барысы және жазба тәсілі туралы анықтамалар.

      5.Педагогикалық бақылаудың функциялары.

      Бақылау аймағында негізінен үш түрлі  өзара байланысқан функцияларды бөлуге болады: диагностикалық, оқыту  және тәрбиелеу.

      Диагностикалық  функция: бақылау- бұл студенттердің білімін, біліктілігін, икемін, дағдысын, нақтылы тәртібінің деңгейін анықтайтын процесс.

      Бақылаудың  оқыту функциясы  оқу материалын игеру бойынша жұмысты белсенділендіруден көрінеді.

      Тәрбиелеу функциясы: бақылау жүйесінің болуы тәртіптендіреді, студенттердің іс-әрекетін ұйымдастырын, бағыттайды, білімдегі кемшіліктерді айқындауға көмектеседі, жеке басының ерекшеліктерін, ондағы кемістіктерді анықтайды, пәнге творчестволық қатынас және өз қабылеттерін дамытуға көмектеседі.

      Оқу-тәрбие процесінде барлық үш функция да бірдей өзара байланысқан және қабысқан, бірақ бақылаудың бір жетекші функциясы басқаларынан басым болатын формасы да болады. Осылай, семинарда негізінен оқытушы функция көбірек көрінеді: әртүрлі ой түйіндері айтылады, нағыз сұрақтар қойылады, қателіктер талқыланады, сонымен бірге семинар диагностикалық және тәрбиелеуші функцияларды орындайды. Педагогика мен  педагогикалық практикада қадағалау кең мағынасында  бір нәрсені  тексеру, тар мағынасында  кері байланыс принцпі ретінде  түсіндірледі.[15]  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Шетел тілін оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау.

   1.Оқыту  процесінің тұтас  жүйесіндегі бақылау.

     Кез-келген процессті басқару  бақылауды, яғни оның қызмет  етуінің тиімділігін тексеру  жүйесін қажет етеді. Сондықтан  оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады.

   Оқыту нәтижесін бақылау мәні – оқушылардың  белгілі бір бағдарлама, пән бойынша  білім беру стандартына сай білімдерді меңгеру деңгейін анықтау.

   Қәзіргі педагогика теориясы мен практикасында  оқыту нәтижесін бақылаумен қатар  педагогикалық диагностика түсінігі кең қолданылып келе жатыр. «Педагогикалық диагностика»  түсінігін алғаш  рет 1968 К.Ингенкамп  ұсынды. Отандық  ғылымда және мектеп практикасында «педагогикалық диагностика» түсінігінің қолдану акясы тар және ол негізінен тәрбие саласына қатысты қолданылады.

   Дегенмен  «педагогикалық диагностика»  түсінігінің  мәні дәстүрлі бақылаудың мәнінен кең  әрі тереңірек. Себебі, педагогикалық  диагностика оқыту нәтижелерін оған жету жолдарымен, әдістерімен бірлікте қарастырады, олардың даму бағыттары мен тенденцияларын анықтайды.

   Дидактикалық  диагностиканың мақсаты оқыту процесінің жүру жағдайын анықтау, бағалау және талдау.  Дидактикалық диагностиканың құрамды бөліктері бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерді жинау, оларды талдау, оқыту процесінің дамуын болжамдау.

   Оқыту процесін бақылау дегеніміз бір  жағынан , мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің ресми-әкімшілік  тәртібі, екінші жағынан мұғалімнің оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жүйелі бақылауы.

   Оқыту процесінің жеке компоненті ретінде  ол білімділік, тәрбиелік және дамытушылық  функцияларды атқарады. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексерудің білімділік және дамытушылық функцияларының мәні оқушылар басқалардың жауаптарын тыңдай отырып жаңа деректер алып қана қоймай олардың өздері де сұрақ беруге қатысады, сол арқылы оқу материалдарын қайталай отырып, белсенді ойлау әрекетттерін іске асырады. Мұғаллімнің оқушы жауаптарын толықтыруы, қосымша талдаулары да білімділік бақылаудың функциясын іске асыруға жағдайлар жасайды. [16]  

   2. Бақылау мен бағалаудың  оқыту нәтижесіннің  мемлекеттік стандартқа  сәйкестігін, анықтауға  бағытталғандығы.

   Бақылаудың  тәрбиелік функциясы – оқушыларды жүйелі жұмысқа үйретуі, оларда тәртіптілік және жігер тәрбиелеу. Бақылаудың жүйелігі оқушыларда өз жұмыстарына деген  жауапкершілікті   қалыптастырады. Сонымен қатар, бақылау оқушыларға өз білімдерін бағалауға, өзінің қабілетін анықтауғы және өзінің оқу іс-әрекетіне түзетуіне мүмкіндік береді. Бақылаудың  негізгі функцияларының бірі ынталандыру функциясы. Оқушылардың жақсы баға алуға ұмтылуы немесе төмен баға алудан корқуы, мұғалімнен мақтау естуі бақылаудың аталған функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.

   Оқытудыцң теориясы мен практикасы бойынша  оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылауды  ұйымдастыруға келесі педагогикалық  талаптар қойылады:

  • әр оқушының жеке жұмысына бақылау жасауды талап ететін бақылаудың жекелік сипаты;
  • бақылаудың оқыту процесінің барлық кезеңінде жүйелі жүруі, оның оқушылардың оқу іс-әрекетінің басқа жақтарымен байланысы;
  • бақылаудың барлық функцияларын іске асыруды қамтамасыз  ететін бақылаудың әртүрлі формаларын қолдану;
  • оқыту бағдарламасының барлық бөлімдерін қамтитын, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық іскерліктері мен дағдыларын тексеруді қамтасыз ететін бақылаудың жан-жақтылығы;
  • оқушыларды жетік білмеуінен және кейбір оқушыларға деген теріс қарым-қатынастан туған мұғалімнің субъективті көзқарастарынан тәуелсіздікті талап ететін бақылаудың объективтілігі;
  • әр оқу пәнінің және оның жеке бөлімдерінің, оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеруді талап ететін бақылауға саралық тұрғыдан келу;
  • оқушылардың оқу жұмыстарына бақылауды іске асырдағы мұғалімдердің талаптарының бірлігі.

Информация о работе Шетел тілін оқытуда бақылаудың түрлері мен формалары