Шетел тілін оқытуда бақылаудың түрлері мен формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 17:07, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Кез-келген процессті басқару бақылауды, яғни оның қызмет етуінің тиімділігін тексеру жүйесін қажет етеді. Сондықтан оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады.
Оқыту нәтижесін бақылау мәні – оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімдерді меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
I.Бақылау педагогикалық зерттеудің әдісі.
I.1 Дидактикада зерттеу әдістерін таңдау және қолдану .
I.2 Зерттеудегі бақылаудың мәні туралы .
I.3 Педагогикалық зерттеудегі бақылаудың түрлері .
I.4 Бақылауды ұйымдастыру .
I.5 Педагогикалық бақылаудың функциялары.
II. Шетел тілін оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау.
II1 Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау.
II.2 Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесіннің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін, анықтауға бағытталғандығы.
II.3 Бақылаудың формалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 220.50 Кб (Скачать файл)

   Аталған талаптарды сақтау бақылаудың сенімділігін және оның оқыту процесіндегі барлық міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді.[17] 

   2. Оқытудың әр кезеңінде бақылаудың  әр түрлері қолданылады: алдын-ала бақылау, ағымдық бақылау, тақырыптық бақылау, қорытынды бақылау.

   Кез келген тақырыпты игерудің нәтижелілігі алдыңғы кезеңде игерілген білімдірдің  көлемі мен деңгейінен тәуелді. Егер мұғалімде ондай ақпараттар болмаса  оның оқыту процесін тиімді жобалау  және басқару мүмкіндігі төмендейді. Сонымен қатар пән немесе бөлім бойынша оқушылардың білімдерін анықтау мұғалімнің өзінің іс-әрекетін дұрыс жоспарлауына және ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Аталған міндеттер  алдын-ала бақылау арқылы шешіледі.

   Ағымдық бақылау күнделікті жұмыста оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау және алдыңғы материалдарды игеруін  тексеру мақсатында іске асырылады.

   Тақырыптық  бақылау бағдарламаның бір бөлімін өткеннен кейін қолданылады. Оның мақсаты оқушылардың білімдерін жүйелеу. Бақылаудың бұл түрі  жүйелеу сабақтарында қолданылады және оқушыларды қорытынды бақылауға дайындайды.

   Қорытынды бақылау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында өткізіледі.

   Бақылау формалары: жеке, топтық және фронталды.[18] 

3. Бақылаудың формалары.

     Бақылау әдісі - оқыту процесінің тиімділігі, оқытудың нәтижелілігі туралы мәліметтер алу мақсатымен оқыту процесіндегі қарама-қарсы байланыстарды қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді өзара байланысқан әрекеттер жүйесі. Олар оқыту процесі туралы жүйелі, толық, жан-жақты, дәл және оперативті ақпараттарды алуды қамтамасыз етуі керек.

   Қәзіргі кездегі дидактикада келесі бақылау  әдістері көрсетіледі: ауызша бақылау  әдістері, жазбаша бақылау әдістері, практикалық бақылау әдістері, дидактикалық тестер. Жекелеген ғалымдар  графикалық бақылау әдістерін (Щукина Г.И.), бағдарламаланған және лабораториялық бақылау әдістерін (Бабанский Ю.К.) көрсетеді.

   Ауызша  бақылау әдістері - әңгімелесу, оқушы  әңгімесі, түсіндіру, мәтінді, технологиялық  картаны, схеманы оқу және тағы басқалар. Ауызша бақылаудың негізі - оқушының монолог түріндегі жауабы немесе сұрақ–жауап формасындағы әңгімелесу. Ағымдық ретіндегі ауызша бақылау әр сабақта жеке және фронталды формаларда ұйымдастырылуы мүмкін. Ауызша жеке бақылау барысында мұғалім оқушының білім деңгейі туралы толық жәәнее нақты деректтер алады. Ауызша жеке бақылаудың кемшілігі ретінде бір оқушы жауап бергенде басқа оқушылардың оқу белсенділігінің төмендеуін айтуға болады.

   Ауызша  фронтальды  бақылау аз көлемді  оқу материалы бойынша бір-бірімен  логикалы байланысы бар сұрақтар ретін қажет етеді. Әдетте бұл әдіс қысқа уақыт аралығында оқу материалдарын қайталау және бекіту үшінг қолданылады. Фронтальды сұраудың жеке сұраумен салыстырғанды артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Оның артықшылығы бүкіл сыныптың жұмысын белсендіруге, аз уақыт ішінде көп оқушыларды сұрауға жағдай жасайды, уақытты үнемдейді. Сонымен қатар фронтальды сұрау барлық оқушыларға басқа оқушының жауабын толықтыруға, түзетуге мүмкіндік береді. Бірақ ол оқушының білімінің тереңдігін, жан-жақтылығын тексермейді және ондай сұрау барысында оқушының кездейсоқ сәтті жауаптары болып қалуы мүмкін.

   Жазбаша бақылау (бақылау жұмысы, мазмұндама, шығарма, диктант, реферат) оқушылардың  білім деңгейін терең және жан-жақты  тексеруді қамтамасыз етеді. Жазба  жұмыстарда оқушы өзінің теориялық білімдерімен қатар оларды нақты міндеттерді шешуде қолдану іскерліктерін көрсетуі керек. [19]

   Практикалық бақылау әдістері бейнелеу өнері, технология, дене тәрбиесі, математика, физика, химия  пәндері сабақтарында қолданылады. Жоғары сыныптарда лабораториялық  жұмыстар орындалады. Практикалық бақылау әдістері белгілі бір практикалық жұмыс іскерліктері мен дағдыларының қалыптасқандаығы ткесеру үшін қолданылады.

   Дидактикалық  тест – оқушылардың белгілі бір  оқу материалдарын меңгеру әдрежесін анықтауға арналған стандарттандырылған тапсырмалар жиынтығы. Тестіге қойылатын талаптар: валидтілігі, сенімділігі және объективтілігі. Тестің валидтілігі тест құрастырушы  қандай білімдерді анықтауды және өлшеуді жоспарлады, тестің  соларды  өлшеуі. Тестің сенімділігі ұқсас жағдайларда бірдей нәтижелерді көрсетуімен анықталады. Дұрыс құрастылыған тест тапсырмалары бірнеше талаптарға сәйкес болуы керек:

  • жауапқа көп уақытты қажет етпеуі;
  • тапсырманың бір мәнді болуы, әртүрлі түсінуге мүмкіндік бермеуі;

   1. Жалпы басқару дегеніміз – қойылған мақсатқа сәйкес шешімдер қабылдау, басқару объектісін ұйымдастыру, бақылау, реттеу, нақты ақпаратқа сүйене отырып талдау және қорытынды шығару. Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару субъектісі болып Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, қалалық, аудандық білім бөлімдері табылады.

   Жалпы білім беретін мектеп күрделі  әлеуметтік жүйе ретінде мектепішілік басқарудың объектісі болып табылады. Мектепішілік басқару – тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қажет нәтижені алуға бағытталған, оның объективтік заңдылықтарын тану негізіндегі мақсатты саналы өзара іс-әрекеті. Процеске қатысушылардың өзара іс-әрекеті кезекпен, өзара байланысқан әрекеттердің немесе функциялардың (педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу) тізбегі ретінде құралады.

   Мектепішілік  бақылау туралы дәстүрлі түсінік  басқару субъектісінің объектіге  мақсатты әсер етуі ретінде қалыптасқан. Кейінгі уақытта әсер ету философиясының орнына өзара әсер ету, өзара әрекет, ынтымақтастық философиясы келді. Педагогикалық менеджмент теориясы оны толықтыра түседі. ²Менеджмент – басқарушының әлеуметтік мәнін, басқару мен менеджерліктің қоғамдағы орнын ерекшелендіріп көрсететін басқарудың жаңа философиясы² (Ю.А.Конаржевский). 

   Қазіргі жүйе дамуының негізгі ерекшелігінің  бірі – білім беру жүйесін мемлекеттік  басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға  өту. Оның негізгі идеясы – білім  проблемаларын шешуде мемлекет пен  қоғамның күшін біріктіру, мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға оқу процесінің мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін, мектеп типтерін таңдауда еркіндік беру. Білім жүйесінің мемлекеттік сипаты ҚР Конституциясы мен „Білім туралы“ Заңында көрсетілген білім саласындағы бірегей мемлекеттік саясаттан көрінеді. Ол мына принциптердің жиынтығы арқылы бекітілген:

    • білімнің жалпыға бірдей қолжетімділігі;
    • білімнің зайырлық сипаты;
    • білімнің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, тұлғаның еркін дамуының басымдығы;
    • ұлттық, мәдени және білім кеңістіктерінің бірлігі.
    • білім жүйесін басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты.

   Білім беру жүйесін басқару органдары  сол сияқты мемлекеттік білім  стандарттарын құрып, оның сақталуын  бақылауды жүзеге асырады.

   Басқару жүйесінің қоғамдық сипаты мемлекеттік органдармен қатар құрамына ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар өкілдері кіретін түрлі деңгейдегі қоғамдық органдардың жұмыс істеуінен байқалады. Олардың басқару процесіне қатысуы мектеп ұжымында жағымды психологиялық климат пен шығармашылық жағдай туғызуға себеп болады.[20] 

   2. Педагогикалық жүйелерді басқару  теориясы мен практикасында бірқатар  төмендегі негізгі принциптер  бөліп көрсетіледі:

   1) Педагогикалық жүйелерді басқаруды  демократияландыру және ізгілендіру.  Ол ең алдымен жариялылық, мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімдігіне байланысты. Әкімшіліктің жүйелі есеп беруі, мұғалімдердің, оқушылардың шешім қабылдауға қатысуы демократияландырудың көріністері болып табылады.

   Субъект-субъектілік  қатынастардың қалыптасуы, монлогтан диалогқа өту – педагогикалық процесті ізгілендірудің нақты формалары болып табылады. Басқаруды ізгілендіру – бұл тұлғаға бағытталу, адамның адамгершілік сапаын құрметтеу және оған сенім білдіру.

   2) Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық. Мектепті басқарудағы жүйелілік әдіснамасы басқарушыға мектепті жүйе ретінде, оның негізгі белгілерін терең білуге итермелейді. „Жүйе“ түсінігі тұтастық, оның жекелеген бөліктерін немесе компоненттерін жіктеу мүмкіндігі туралы ұғым береді. Интегративтік қасиеттердің тұрақтылығы жүйенің тұтастығымен анықталады.

   Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық сонымен  бірге басқарушы мен педагогикалық  ұжым іс-әрекетіндегі басқарушылық функциялардың  өзара байланысы мен өзара  әрекетін білдіреді. Бұл принцип  басқару іс-әрекетінің тізбекті, логикалық  құрылымды, өзара пайдалы және оның барлық функцияларының тең дәрежеде маңызды екенін көрсетеді.

   3) Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың  тиімді үйлесуі. Мектеп пен педагогика тарихы шектен тыс орталықтандырудың басқаруды әкімшілдікке ұрындыратынын айқын көрсетті. Ол төмен сатыдағылардың инициативасын іске асыруды шектейді, олар (төмен сатыдағы басшылар, мұғалімдер, оқушылар) өздерінің қатысуынсыз қабылданған шешімдердің орындаушысы болып қалады. Сол сияқты біржақты жүргізілген орталықсыздандыру да педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін төмендетеді, басқарудың және басшының ролін төмендетіп, оның талдау және бақылау функцияларын жоғалтуға алып келеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, „демократия ойыны“ ұжымның іс-әрекетінде тоқыраулар тудырып, онда түсінбеушіліктер мен қақтығыстар пайда болады, әкімшілік және қоғамдық органдардың қарсы тұруын туындатады.

   Сондықтан тек орталықтандыру мен орталықсыздандырудың үйлесуі ғана әкімшілік пен басқа  органдардың ұжым мүддесіне сәйкес қызмет етуін қамтамасыз етеді, басқару  шешімдерін жоғары кәсіби деңгейде талқылау мен қабылдауға жағдай туғызады, қайталауды болдырмайды және жүйенің құрылымдық бөліктерінің үйлесімділігін көтереді.

   4) Басқарудағы бір бастаулық (единоначалие) пен коллегиалдықтың бірлігі принципі. Бұл принципті іске асыру тұтас педагогикалық процесті басқаруда субъективтілікті, авторитаризмді болдырмауға бағытталған. Басқару іс-әрекетінде әріптестердің тәжірибесі мен біліміне сүйену, оларды шешімдер даярлау мен талқылауға бағыттау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, оларды талдау және қажетті шешім қабылдау өте маңызды. Коллегиалдық сонымен бірге ұжымның әр мүшесінің тапсырылған іске жауапкершілігін жоққа шығармайды.

   Басқарудағы бір бастаулық (единоначалие) тәртіпті, педпроцеске қатысушылардың міндеттерін  нақты бөлуді қамтамасыз етеді. Егер коллегиалдық шешімді даярлау және талқылау, қабылдау сатысында басымдыққа ие болатын болса, онда бір бастаулық оны жүзеге асыруда өте қажет.

   5) Білім беру жүйелерін басқарудағы  ақпараттың объективтілігі мен  толықтығы принципі. Педагогикалық  жүйелерді басқарудың тиімділігі көп жағдайда нақты, шыншыл және қажетті ақпараттың болуымен анықталады. Ақпараттың объективтілігі мен толықтығы дәлсіздікке, таңдаудағы, талдаудағы және қорытудағы үстіріттікке қарсы тұрады. Дегенмен, ақпараттың көптігі және ретсіздігі оның мүлде жоқтығы тәрізді шешімдер қабылдауда қиындық келтіреді.

   Ақпараттық  мәліметтер банктерін, оларды оперативті пайдалану технологияларын құру басқару еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуының  деңгейін көтереді.[21]

   3. Білім беру жүйесі басшысының  басқарушылық мәдениеті мектеп басқарудағы құндылықтар мен технологияларды меңгеруге, жеткізуге және құруға бағытталған басқару іс-әрекеттерінде басқарушы тұлғасының шығармашылық тұрғыдан өзін көрсетуінің тәсілдері мен шараларын айтамыз. Басқару мәдениеттерінің компоненттері – аксиологиялық (басқаруда мәні бар басқару-педагогикалық құндылықтар жиынтығы), технологиялық (педагогикалық процесті басқарудың тәсілдері мен әдістері) және тұлғалық-шығармашылық (педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт ретінде қарастыру).

   Оқу мекемесін басқаруды директор мен  оның орынбасарлары жүзеге асырады, олардың функциональдық міндеттері, тағайындау немесе сайлау тәртібі мекеме Жарғысына сәйкес жоғары тұрған органдармен  келісімде жүзеге асады. Олардың  функциональдық міндеттері жалпылама түрде Білім және ғылым министрлігі бекіткен типтік ережелерде көрініс тапқан, соған сәйкес әр мекеме тиісті құжаттар даярлайды.

   Жалпы білім беретін мектептерде директордың  оқу-тәрбие және тәрбие, шаруашылық  ісі жөніндегі орынбасарлары  болады, инновациялық мектептерде сонымен қоса ғылым ісі жөніндегі орынбасар және менеджер-ақпаратшы штаттары болады.

   Директор  мемлекет және қоғам алдында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау талаптарының орындалысына жауап береді, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, оның барысы мен нәтижесін бақылайды, оқу мекемесінің жұмыс сапасы мен тиімділігіне жауап береді, тиісті мемлекет органдары алдында мекеме атынан сөйлейді, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жүргізуге қажетті жағдай жасайды, кадр мәселесін шешеді, мекемеге бөлінген қаржыны тиімді пайдалануды ұйымдастырады, мекеменің қаржылық, шаруашылық жағдайына жауап береді, т.с.с.

Информация о работе Шетел тілін оқытуда бақылаудың түрлері мен формалары