Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 17:07, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Кез-келген процессті басқару бақылауды, яғни оның қызмет етуінің тиімділігін тексеру жүйесін қажет етеді. Сондықтан оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады.
Оқыту нәтижесін бақылау мәні – оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімдерді меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.
Кіріспе
I.Бақылау педагогикалық зерттеудің әдісі.
I.1 Дидактикада зерттеу әдістерін таңдау және қолдану .
I.2 Зерттеудегі бақылаудың мәні туралы .
I.3 Педагогикалық зерттеудегі бақылаудың түрлері .
I.4 Бақылауды ұйымдастыру .
I.5 Педагогикалық бақылаудың функциялары.
II. Шетел тілін оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау.
II1 Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау.
II.2 Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесіннің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін, анықтауға бағытталғандығы.
II.3 Бақылаудың формалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары педагогиклық үрдісті ұйымдастыруға, білім бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандарттарының орындалуына жауап береді; оқушылардың білім сапасына, мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарына бақылау жасайды; педагогикалық жүктемені бөліп, сабақ кестесін құрады, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады, т.с.с.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тәрбие процесінің жүргізілуіне жауап береді.
Ғылым ісі жөніндегі орынбасар ғылыми жұмыстардың (мұғалімдер мен оқушылардың) жүргізілуіне, инновациялардың енгізілуіне, эксперимент жұмыстарына, ЖОО-мен байланысқа жауап береді.
Директордың басқару іс-әрекетінің тиімділігі көбіне мектеп әкімшілігі мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің нақты көрсетіліп, міндеттер бөлісудің ашықтығынан тәуелді болады. Қажеттілікке баййланысты мектеп директоры нұсқаулық немесе оперативті кеңестер өткізеді, жоспарға сәйкес директор жанындағы мәжіліс, педагогикалық кеңестерді жүргізеді.
Тұтас педагогикалық процесті басқарудың бір функциясы – педагогикалық талдау (анализ). Ол ерекше орын алады: кез келген цикл талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Оның бірнеше түрі бар (Ю.А.Конаржевский, Т.И.Шамова): параметрлік талдау (білім процецісінің барысы мен нәтижелері туралы күнделікті ақпараттарды зерттеуге, оны бұзатын себептерді анықтауға бағытталған), тақырыптық талдау (педагогикалық процестегі тұрақты, қайталанатын тәуелділіктерді, тенденцияларды қарастыру), қорытынды талдау (кең уақыттық, кеңістіктік және мазмұндық шектерді қамтиды, тоқсан, оқу жылының аяғында жүргізіледі).
Басқарудың келесі функциясы – мақсат қою және жоспарлау. Кез келген педагогикалық жүйені басқару процесі мақсатсыз және жоспарлаусыз жүзеге асырылмайды. Оны жетілдіру педагогикалық жүйенің ұздіксіз даму қажеттігіне байланысты.
Басқару іс-әрекетінің мақсаты – жұмыстың жалпы бағытын, мазмұнын, формалары мен әдістерін анықтайтын бастау. Жоспарлау педагогикалық талдау негізінде мақсатқа байланысты шеімдер қабылдау ретінде қызмет етеді, ол перспектикалық (бес жылға), жылдық (оқу жылына арналған), ағымдағы (тоқсандық) түрде болуы мүмкін. Олар бір-бірінен шығады.
Жылдық жоспардың мазмұны: 1) өткен оқу жылының қысқаша талдауы; 2) жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру; 3) пеұжымның оқыту процесінің сапасын арттыруға бағытталған іс-әрекеті;4) тәрбиеге байланысты мектептің, жанұяның, қоғамның, еңбек ұжымдарының біріккен жұмыс; 5) педагог кадрлармен жұмыс; 6) мектепішілік бақылаудың жүйесі; 7) мектептің оқу-материалдық базасын нығайту; 8) ұйымдық-педагогтық шаралар. Жоспарлау функциясын бірегей басқарушылық циклде жүзеге асыру мектеп іс-әрекетінің тиімділігін жоғарылатады.
Мектепті
басқарудағы ұйымдастыру
Мектептегі басқару әрекетінің ұйымдық формалары: педагогикалық кеңес,директор жанындағы отырыс, директор орынбасарлары жанындағы отырыстар, оперативті ақпараттық отырыстар, оқушылар, ата-аналар комитеті отырыстары.
Мектепішілік
бақылау функциясы күрделі
Мектепішілік
бақылауға бірнеше жалпы
Мектепішілік бақылау әдістері: мектеп құжаттарын зерттеу, ауызша және жазбаша бақылау, социологиялық (анкета, сұрау, интервью алу, әңгіме, эксперименттік бағалау, т.б.), хронметраждық, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, диагностикалау.
Мектепішілік бақылаудың формалары мен әдістерін таңдау оның мақсатына, міндеттеріне, бақылау объектісі мен субъектісінің ерекшеліктеріне, уақытқа байланысты болады.
Тестерді
оқыту мақсатына сәйкес ажыратуға
болады. Оқыту мақсатының төрт таксономиялық
категорияларына сәйкес тестің төрт түрі
бар. Тестің бірінші түрі оқушының фактілерді,
түсініктерді, заңдарды, теорияларды білуін
тексереді. Екінші түрі игерілген білімдер
негізіндегі ойлау операцияларын орында
іскерліктерін тексереді. Үшінші түрі
оқығанға өзінше сынай баға беру іскерлігінің
қалыптасуын тексереді. Ал төртінші деңгейдегі
тапсырмалар оқушылардың игерліген білімдер
негізінде жаңа нақты жағдайларды шешу
іскерліктерін тексереді.[22]
Қорытынды
Оқытудың әр кезеңінде бақылаудың әр түрлері қолданылады: алдын-ала бақылау, ағымдық бақылау, тақырыптық бақылау, қорытынды бақылау.
Кез
келген тақырыпты игерудің нәтижелілігі
алдыңғы кезеңде игерілген
Ағымдық бақылау күнделікті жұмыста оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау және алдыңғы материалдарды игеруін тексеру мақсатында іске асырылады.
Тақырыптық бақылау бағдарламаның бір бөлімін өткеннен кейін қолданылады. Оның мақсаты оқушылардың білімдерін жүйелеу. Бақылаудың бұл түрі жүйелеу сабақтарында қолданылады және оқушыларды қорытынды бақылауға дайындайды.
Бақылау
формалары: жеке, топтық және фронталды.
Қолданылған
әдебиеттер:
Информация о работе Шетел тілін оқытуда бақылаудың түрлері мен формалары