Тәрбие әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 16:59, курсовая работа

Описание работы

«Бала тәрбиесi– бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшiн өз тәжiрибесi жетпейдi. Басқа адамдардың тәжiрибесiмен танысу керек. Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешiден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кiнәлi емес, тәрбиешi кiнәлi; бала сұлулықтан ләззат ала бiлмейтiн мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиешi жазалы. "Бала iстеген жауыздықтың жазасын тәрбиешi көтерсiн" деген иран елiнiң мәтелi шын, дұрыс мәтел" деп М.Жұмабаев бала тәрбиесiне ерекше тоқталған.

Содержание работы

1.Кіріспе.
а) Отбасының-бала тәрбиесіндегі маңызы.
б) ата-ана мен бала арсындағы қарым-қатынас.
в) Баланың отбасындағы алатын орны, рөлі.
2. Негізгі бөлім.
а) ынтымақтастық педагогика туралы жалпы ұғым.
б) ынтымақтастық педагогиканың идеялары.
в) мектеп пен ата-аналар арсындағы қарым-қатынас
г) Отбасы — өнеге айнасы.
3. Қорытынды.
4. Қолданылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

мадина курсовая.docx

— 94.42 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар

1.Кіріспе.

а) Отбасының-бала тәрбиесіндегі маңызы.

б) ата-ана мен бала арсындағы қарым-қатынас.

в) Баланың отбасындағы алатын орны, рөлі.

2. Негізгі  бөлім.

а) ынтымақтастық педагогика туралы жалпы ұғым.

б) ынтымақтастық педагогиканың идеялары.

в) мектеп пен  ата-аналар арсындағы қарым-қатынас

г) Отбасы — өнеге айнасы.

3. Қорытынды.

4. Қолданылған әдебиеттер.

     Кіріспе

«Бала тәрбиесi– бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшiн өз тәжiрибесi жетпейдi. Басқа адамдардың тәжiрибесiмен танысу керек. Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешiден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кiнәлi емес, тәрбиешi кiнәлi; бала сұлулықтан ләззат ала бiлмейтiн мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиешi жазалы. "Бала iстеген жауыздықтың жазасын тәрбиешi көтерсiн" деген иран елiнiң мәтелi шын, дұрыс мәтел" деп М.Жұмабаев бала тәрбиесiне ерекше тоқталған.

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Баланың тәрбиелi болып өсуiне берекелi отбасының әсерi мол. Отбасының әрбiр мүшесi өзара сөйлесiп, не болмаса ата-ананың, баланың мiндетiн атқару ғана емес, береке – бiрлiк, сүйiспеншiлiкпен араласса, босағасы берiк, шаңырағы биiк отбасына айналары сөзсiз.

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi.

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ, – деп, ата – ана, баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаласың.

"Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгiмелесумен, оған ақыл-кеңес берумен  ғана шектелмейдi, – деген болатын  А.С. Макаренко. – Тәрбие тұрмысты  дұрыс ұйымдастыра бiлуде, балаға  әркiмнiң өз жеке басы арқылы  үлгi-өнеге көрсетуде. Отбасындағы  бала тәрбиесi халық өмiрiмен, қоғамның  мақсат-мiндеттерiмен байланысты  болуы керек".

Ата-бабаларымыз баланың дүниеге келуiн ерекше күткен. Балаға қамқорлық ол дүниеге келмей-ақ жасалған. Мысалы, аяғы ауыр әйелге жерiк асын тауып жегiзген, ауыр көтертпеген. Жас босанған анаға қалжа жегiзген, сорпалаған, баланы тiл-көзден сақтаған, өсiп-өнген аналарға баланың атын қойғызған, тұсауын кестiрген. Бала өсе келе ән айтқызып, домбыра тартқызған.

Жамбылдың жырын, Күләштың әнiн, Динаның күйiн, Әлия мен Мәншүктiң, Бауыржанның ерлiгiн халқымыз ұрпағына өнеге еткен. Талғат пен Тоқтардай ғарышкерлерiн, Абай мен Шоқандай дарынды тұлғаларын тәрбиелеген де халық. Отбасы халық тәрбиесiнен үнемi нәр алып отырады. Халық тәрбиесi– отбасы тәрбиесiнiң негiзгi бастауы. Ұрпақтары бұл тәрбиеден нәр алып, бала бойына сiңiредi.

Отбасы тәрбиесі-қоғам негізінің бастауы. 
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты.

Отбасындағы тәрбиенің маңызы. 
Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау. 
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. 
Бала – кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. 
Отбасының балаға берері де, үйретері де өте көп. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», дегендей бала кішкене кезінен бастап, өз ата - анасына еліктегіш, олар не істесе соны істеп, солардан үйренгісі, соларға ұқсағысы келіп тұрады. Ата - ананың басты міндеттерінің бірі баланы, әсіресе сәби кезінен ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Есі кіріп, тілі шыға бастасымен - ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Сондықтан ата - бабаларымыз өз ұрпағын «адам, азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Халық даналығында «Баланы әуелі мейір - шапағатқа, онан соң ақыл парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы» - дейді.

Ерте кезде балалар оқыса да, оқымаса да дін талап еткен тұрмыс ережесін білуге, орындауға тиісті болған. Ғасырлар бойы қалыптасқан, халық дәстүрлері мен салттары болған, отбасы тәртібі солар арқылы қатаң реттеліп отырған. Мысалы: қызға қандай киім лайықты, шашты бір өрім бе, әлде екі өрім етіп өруі дұрыс па, оны шашбаумен сәндеу керек пе, не орамалдың, не кимешектің астына жасырып қойған жөн бе? дейтін жайларды жіктеген. Ал, қазіргі кезде қыздарымыздың кіндігін көрсетіп жүруі, жарассын-жараспасын киімдерді киюі, өміріміздің бір бөлшегіне айналғанын жасыра алмаймыз. Баланың жақсы адам болуы тек ғана өмірдің ағымынан қалмай киіну ғана емес, ең негізгісі өмірден өз орнын таба алатын азамат ретінде тәрбиелеу жағы ақсап жатады. 
Ұрпақ – болашақ, яғни ол адамзаттың болашағы, ал отбасы кішкене мемлекет. Отбасында ынтымақ болмауынан, ерлі-зайыптылар арасындағы алауыздықтан, бірінің сөзін екіншісі тыңдамауы, бала тәрбиесін тым қиындатып жібереді сондықтан ата-ана беделден, тіл алғызу ықпалынан айырылады. Кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды. Балаларының білімін мектепте алған бағаларымен ғана бағалайды. «2» алса жаман, «5» алса жақсы. Оқу жылы ішінде бірде-бір рет балаларының сабағына қатыспайтын ата-ана, баласы бұзық болса, тәртіпсіз болса ұстаздар қауымына тіл тигізіп, қаралап жататын кездері де аз болмайды. Міне, сондықтан отбасындағы білім беру бағытындағы тәрбиесі жайына қалады. Отбасының аса маңызды міндеттерінің бірі-баланы жарқын істерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу екендігін естен шығарып алған қаншама ата-ана бар десеңізші. Халқымыздың «Балаңды бес жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан он бес жасқа дейін құлындай жұмса, одан соң өзіңе ақылшы дос сана» деген өмірлік қағидасы бар емес пе! 
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы, ата-ана тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы ата-анасы» демекші отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын сол қасиет солай қалыптасады. «Болса тәртіп, бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу ата-ананың басты міндеттерінің бірі. 
Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әрқашан аулақ болуы керек. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде шешенің орны ерекше. «Қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол», «Ұл туса елдің қорғаны, Қыз туса елдің көркі» деп халқымыз бекер айтпаған шығар. Мұның бәрі әке-шешенің бала тәрбиелеудегі өздерінің үлгі-өнегесіне де тікелей байланысты болмақ. 
Ата-бабамыз отбасы тәрбиесінде еңбекке де көп мән беріп, ол туралы да өзіндік ойларды қалдырған. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған айуанның бірі боласың. Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың» деп отбасында баланы жастайынан еңбекке баулудың маңыздылығын жоғары қоя білген. «Ата – ана балаға сыншы». Балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, немен айналысып жүргендігіне жіте көңіл бөлсе, мерзімдік басылымдарға жаздырып, әдеби шығармаларды оқуға жасынан дағдыландырса кейін бармақ тістейтін оқиғалардың алдын алуға болар еді. 
Үлкенді құрметпен қадір тұту, ілтипатты қарым-қатынаста болу, сыйласа білу, ата-ананы қартайғанда қарау, кішіге қамқор болу-бұл қазақ халқы үшін жазылмаған заңдар. «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды», «Аға әдепті болса, іні әдепті, апа әдепті болса, сіңлі әдепті» т. б. мақалдардан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиеге ерекше назар аударғанын көреміз, 
Сонымен, ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Тәрбие – табалдырықтан басталады» нақылы өмірден алынған шындық. Бала тәрбиесі – нәзік те күрделі, әрі қоғамдық жауапкершілікке жатады. Бала – өмірдің гүлі, сол әлеуметтің болашағы. Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе, ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек. Адамгершілік пен саналықтың бастапқы қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың болашағы жарқын, өмірі мәнді болмақ. «Біздің балалар-біздің қарттығымыз, жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз» демекші кең байтақ елімізде ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік, шарапаттылық салтанат құрып үйлесімділік тауып жатса, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаятынын естен шығармауымыз керек. 
           1".... Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі..."(Әл – Фараби) - дегендей балаға әуелі білімнен бұрын, тәрбие берілуі тиіс. 
Бала: 
Жанұя, ата - ана 
Ортасы, жолдастар 
Мектеп мұғалім 
Осының ішінде бүгін ата - ана, жанұя тәрбиесіне тоқталып өтсек. 
«Адамның бір қызығы бала деген» Абай айтқандай, бала адамның да өмірдің де қызығы. Ата - ана - тәрбие өнегесі, сондықтан, мынадай қазақ мақал мәтелдері ертеден жатталып, айтылып келеді. 
«Ата көрген - оқ жонар, 
Ана көрген - тон пішер, 
Баланың ұяты - әкеге, 
Қыздың ұяты - шешеге» 
Баласының келешегін ойлаған ата - ана өз мекенін ауыстыруға дейін барып жатады. 
«Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен көрші бол, қызың жақсы болсын десең, қызы жақсымен көрші бол» деген өнегелі сөз де содан шықса керек. 
Бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда «Алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата - анаға, сіз балаңыздың 1, 5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іштен тәрбиелеу керек» деген еврей халқының мысалын келтіріп жатамыз. 
Бала тәрбиесі - қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш - жігер қажет екенін бәріміз білсек те, мойнымыз жар беріп, бала тәрбиесімен айналыса бермейміз. Кейін баламыз есейген сәтте, «сен маған тартпағансың, мынаны олай істемедің, ананы бұлай істемедің, ештеңеге қырсызсың» деп кінәлап жатамыз. 
Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. 
Шығыс ғұламасының бірі болып саналатын Жүсіп Баласағұнның дастандарында отбасы тәрбиесі көп айтылады. 
Мемлекеттің беріктігі тек ел билеуші қайраткерлерге әділ заңға, күшті әскерге ғана емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін сипаттайды. 
Оның ойынша: отбасы беріктігі жаңа жар таңдаудан басталады және өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрпақ тәрбиеленеді. 
Елбасы Н. Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» баяндамасында отбасының беріктігі, жұбайлардың бір - біріне, ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігі де көп нәрсеге байланысты. Ата - аналар балаларына, ал балалары ата - аналарына қамқор болуға тиісті деп атап өткен. 
ҚР - ның Конститутциясы да «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың құқығы әрі парызы деп көрсетілген».  
2. ата-аналар мен бала арасындағы қарым-қатынас 

Әрбір дәуір кезеңінде ата-аналар балаға тәлім-тәрбие берумен бірге олардың бойында ақыл-қайрат, білім-тағылым алу қасиеттерін дамытуға үнемі көңіл аударып, жете мән беріп отырған.

Атадан – ұлағат, анадан — ғибрат. Ата-ана отбасылық тәрбиесіндегі басты тұлға. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, олардың өмірлік көзқарастарының бірлігі, ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің жоғары болуы — бала тәрбиесіндегі жетістіктің маңызды шарты.

Жүсіпбек Аймауытұлының көзқарасында бала психологиясының, жан-дүниесінің қалыптасуына әсіресе, өмірінің алғашқы жылдарындағы ата — ананың тәрбиелік ролі ерекше маңызды екендігі туралы пікір басым. Ол «баланы іспен емес — сөзбен, үлгімен емес-ақылмен үйреткен адам сорлы» — дейді. Баланы болашақта бұзуға немесе дамытуға себеп болатын басты шарт-оның жас күніндегі көрген үлгі — өнегесі болуы тиіс дегені «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» — дегені еді.

Халықта «Тәрбие табалдырықтан басталады» — деген нақыл сөз бар. Асыл сөздің мәні неде? Яғни, әр отбасындағы ата-аналардың алдында тұрған басты міндет — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеуде дей отырып, «адам ұрпағымен мың жасайды» — деген тұжырымды үлгі тұту. Мәңгі жасағысы келетін халық атадан балаға қалатын қара шаңырағын қорғап, өркендеп өсуін үнемі қадағалап отырады.

Ұзақ жылдар бойы ата-баба жолын, халықтық мұра, мақал-мәтелдер, шешендік сөз бен жыр маржанын «ескіліктің қалдығы», өзімнен кейін дүниені топан су қаптаса демей, өскелең ұрпақтың тәлім тәрбиесіне баса назар аудару-ата-ананың борышы. Онсыз елде болашақ жоқ.

Бала тәрбиесіндегі ең алдымен отбасындағы ата-ананың ықпалымен жүзеге асып,қоғамдық тәрбиемен ұштасып жатады. Қазақта бесік деген киелі ұғым. Халықта «Бесік жырын естімегеннен не адамшылық күтесің», «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп тегін айтылмаған

Атаның батасы, әженің әңгімесі, әкенің өнегесі, шешенің тәрбиесі халықтық мұра.

Әл-Фараби бабамыз тіл тағылымына айрықша мән беріп халқымыздың болашақ ұрпағы тәлім-тәрбие,білім алып,дүниетанудың сырына қанығуды ойластырды. Тәуелсіз еліміздің, ұлтымыздың төл бесігінің бірі-ана тіліміз болып отырғанда, адамзаттық адамгершілігі мол, еліне, жеріне деген сезімі жоғары жастарды тәрбиелеп, олардың сана-сезімін ояту ең алдымен ата-ананың әрбір отбасының басты міндеті. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлап, қазақша өмір сүру ғанибет қана емес, ол сән мен сымбат, салтанат пен парасат.

Қандай да бір ұлттық тілі жоғалған кезде толыққанды ұят болуды қалады.Жаны таза,жүрегі пәк сәбидің тілі шыға бастағанда-ақ оның сүттен біткен мінез-құлқының сүйекпен кеткенін есте ұстағанымыз абзал.

Бала отбасы мүшелері арасындағы ең жарасты,ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болып,үлгі-өнеге алады.

Отбасында баланың жауапкершілігі мен өзгелерге достық, ар — намыс сезімдерінің оянуы ата-ана тәрбиесінің ықпалы. Ата-ана және басқа ересектер өскелең буынға тек жеке бастарының өнегесімен, іс-әрекеттерінің үлгісімен ықпал жасайды. Ата-аналар ұнамсыз жайларға тіпті уақытша болса да бой алдыруына жол бермеуі тиіс. Өйткені күйкі көріністің ықпалы лезде тамыр жайып, баланың бойына мінез болып қалыптасуы ықтимал.

Ата — бабаларымыз ұрпағының ер-жігітке кедергі болатын жалқаулық, аңқаулық, жасқаншақтық, өтірік-өсек айтып, алдап-арбау сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиеленген. Сонымен қатар олар жан-тәнімен, қанымен қорғаған жерімізді, елімізді, Отанымызды, тілімізді сақтай отырып өскелең ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулуды мақсат тұтқан.

Қазақ отбасындағы қыз балаға тәрбие берудің тарихи даму барысында-ғы педагогикалық-психологиялық негіздерін талдап, оны қазіргі тәрбие беру ісіндегі орнымен пайдалана білу жолдарын нақты анықтау — арнаулы зерттеуді қажет ететін мәселе деп есептеуге негіз бар.

Қазақ отбасында қыз балаға тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс-тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәдениетімен тығыз байланысты.

Қазақ даласының зор көлеміне, рулық-жүздік бөлінулеріне, сондай-ақ көршілес халықтардың ықпалына қарамай, түрлі аймақтардағы педагогикалық көзқарастағы айырмашылық шамалы. Демек, қазақ халық педагогикасындағы қыз балаға тәрбие беру біртұтас жүйе болып қалыптасқан. Қазақ ұғымындағы отбасы-өмірдің тұтқасы. Отбасында көрген жақсы — жаман қылықтардың бәрі бала сезіміне әсер етеді.

Халқымыз қыз бала тәрбиелеуді үлкендердің ата-анасының, елге белгілі кісілердің жақсы істерін үлгі ету тәрбиеге «ұят», «намыс», «ар» ұғымдарын кең пайдалана отырып, сендіру, үйрету, жаттықтыру, көтермелеу, мадақтау, мақұлдау, жазалау, тиым салу, талап қою әдістері арқылы жүзеге асырып отырған.

Қазақ отбасының күнделікті тіршілігіне қыз бала тәрбиелеуде педагогикалық ықпал етудің түрлі тәсілдері баласының адамгершілік, имандылық сезімдерін ояту мақсатында олармен қайырымды,ілтипатты, қамқарлық қатынас жасау, тұлғалық қалыптасуына ықпал ету мақсатында жанама ықпал ету, моральдық қолдау, сенім арту,өзіне деген сенімін иығайту, жауапкершілік жүктеу, қызықты іс-әрекетке тарту;әдептен асудың алдын алу мақсатында еркелете кінә арту, жалған енжарлық білдіру, ашулану, айыптау, бұйыру т.б.қазір де өз мағынасын жойған жоқ.

Қазақ халқының қыздарға педагогикалық ықпал етудегі ең кең тараған тәсілі-тұспалдап айту. Онда өтірік сөз, юмор пайдаланылған. Қыз балаға арналып айтылған тұспал сөздер бейнелі — абтрактылы ойдың дамуына әсер етеді. Той-думан,ойын-кештерде, ақындар айтысында, күнделікті қарым-қатынас кезінде әзіл-қалжың, жұмбақ ретінде, астарлы сөзді жиі пайдаланған. «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Ымды түсінбеген, дымды түсінбейді», «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді» деген халық нақылдары осының кепілі. Бала өмірлік «Ғибратты өзі туған отбасы, одан әрі өскен ауылының тұрғындарының үлгі-өнегесі арқылы бойына сіңірген. Олар бала кезінен сән-салтанатты саулық сайрандардың үнсіз куәгері бола отырып, көріп, біліп, есте сақтап, өздері үйренген тұспал сөздерді құрбы-құрдастарының арасында пайдалануға алғашқы қадам жасайды. Осылайша зеректікке, тапқырлыққа жаттыға отырып, кейін келе өз өнерін ұштауда орнымен пайдаланған. Отбасында қыз баласына тәрбие беруді мына талаптың тәсілдері пайдаланылған:

-          астарлап сөйлеп,тұспалдай отырып талап ету;

-          әзіл,ойын,күлкісі аралас түріндегі талап;

-          шарт қоя отырып талап ету;

-          сес көрсете талап ету;

-          қағытып,кекету түріндегі талап;

-          ишара,ым ретінде талап ету;

-          кеңес түріндегі талап;

-          сенімсіздік білдіріп,күдік көрсете отырып талап ету;

-          нақты талап ету.

Қазақта қаталдықпен талап етушілік — халық педагогикасының негізі. Біріншіден, мейірімділік, сонан соң барып белгілі бір дәрежеде дейтін себебіміз, тәрбие беру барысында айқын өктемдік аса қажет емес. Ата — ананы, үлкенді, туыстық байланыстарды терең құрметтейтін ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер үлкендердің беделін онсыз да қамтамасыз етеді.

Қазақ қауымында ұрпақ тәрбиесі,оның ішінде қыз баланы тәрбиелеуде, ер баланы тәрбиелеу де,негізінен отбасында жүзеге асырылған.

«Ұрпағын мол таратқан отбасы  — Қарашаңырақ, ұрпақтар өрбіген ұя саналады.

Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жерде Қарашаңырақ. Сондықтан да  қазақ баласы Қарашаңырақтың иесі — Қазақ атасының үйін ардақтайды. Яғни, Қазақ атасы көтерген Қарашаңырақты аялай қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар намысындай сезінеді Бұл ұлға да, қызға да бірдей парыз, өмірлік борыш.»

Ендеше ата-бабаларымыздың отбасы тәрбиесіндегі өнегелі іс-әрекеттерін, ерекшеліктерін ескеріп, өз ұрпағымызды тәрбиелеуде орнымен пайдаланып, жалғастырушы болайық!

     2. Баланың отбасындағы алатын орны, рөлі.

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата - ананың табиғи құқығы, әрi парызы" делiнсе, "Қазақстан –2030" бағдарламасында " Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi..." делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады.

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.

"Қатты тәртiп көрсе бала  күнiнде,

Өнерiмен қуантады түбiнде.

Информация о работе Тәрбие әдістері