Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 16:59, курсовая работа
«Бала тәрбиесi– бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшiн өз тәжiрибесi жетпейдi. Басқа адамдардың тәжiрибесiмен танысу керек. Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешiден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кiнәлi емес, тәрбиешi кiнәлi; бала сұлулықтан ләззат ала бiлмейтiн мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиешi жазалы. "Бала iстеген жауыздықтың жазасын тәрбиешi көтерсiн" деген иран елiнiң мәтелi шын, дұрыс мәтел" деп М.Жұмабаев бала тәрбиесiне ерекше тоқталған.
1.Кіріспе.
а) Отбасының-бала тәрбиесіндегі маңызы.
б) ата-ана мен бала арсындағы қарым-қатынас.
в) Баланың отбасындағы алатын орны, рөлі.
2. Негізгі бөлім.
а) ынтымақтастық педагогика туралы жалпы ұғым.
б) ынтымақтастық педагогиканың идеялары.
в) мектеп пен ата-аналар арсындағы қарым-қатынас
г) Отбасы — өнеге айнасы.
3. Қорытынды.
4. Қолданылған әдебиеттер.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстыќ сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н.Ә.Назарбаев
Көшпелі және рулық-тайпалық
негізде құрылған халықтарда туыстық
байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың
негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жаќын
туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы
арасында туыстық байланыстан туындайтын
парыз бен қарыз міндеттері өте көп. Олар
қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас ерлер
жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел
жағымен де туыстық байланыстардың атаулары
бар. қыздан туған балаларды жиен деп атап,
балалар үшін шешесінің туыстары нағашы,
нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша
жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын
беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас
атаулары 90ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан
келесі атаның баласын, туысты қ тармақтарды
еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша,
тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан
балаға жалғастырылады.
Туыстыќ жүйенің ең негізі, бел ортасы
- отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық–
осы отбасынан есептеледі.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады.
Ол – ата, әке, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасыныњ
берекесі, аќылшысы болып келеді. Олардың
әрќашанда мәртебесі биік болып, сый -
құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды
қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені
мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі
мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс
деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау
көргенділік деп есептеледі.
Дәстүрлі қоғамда ата-әженің тәрбиесін
көрмей өскен бала болмаған. Ата-әжелер
жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін
рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Қазақтың ежелгі дєстүрі бойынша тұңғыш
немересін атасы мен әжесі өз қолына алып,
немере ыстық болғандықтан балаларынан
да артық көріп, тєрбиелеген. Тұңғыш немерелер
ата- әжесін өз әке-шешесіндей санап, туған
әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де
танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже
ұлының орнына, атасының ќара шаңырағына
ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің
тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы.
Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аналардың
орны ерекше.
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй,
қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы
да құрметті.
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің
үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды
бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ
отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері
үйленіп үй болысымен еншілерін алып,
бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже
иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары
үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.
Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы
әңгімелегенде, Орта Азияны мекендеген
басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда
қазақ қыздары мен әйелдерінің анаѓұрлым
еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін
жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген.
Дегенмен, қазақ әйелдері үшін басты міндет
– отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу,
ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау
көрсету болып табылады.
Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен
өмір тєжірибелерін бөлісіп, болашақ үлкен
өмірге дайындайды. Туыс ағайындардың
әйелдері – абысындардың қарым-қатынасы
өзара көмек пен түсіністікке, берекеге
құрылады. Сондықтан да, «Абысын тату болса,
ас көп, ағайын тату болса, ат көп», - деген.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы,
өнер білімі ұл баланың көз алдындаѓы
үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін
нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы,
өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе
атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен,
өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайды.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон
пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері
немесе аталарының бойындағы қасиет пен
өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта,
ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне
аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының
қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында
жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық,
әншілік, серілік, мергендік, аңшылыќ,
зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті
атасына дейін жалғастырған әулеттер
қазір де баршылық.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз
өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне
аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға
дейін бойжеткен болашақ отбасы өµмірінің
басты міндеттерінен сабақ алды. Ол ерінің
адал жары, ана болу, отбасы беріктігін
сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық
жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты
қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге
дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары
қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп
өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші
анасы жауапты болған. Сондыќтан қазақ
«Шешесіне қарап қызын ал» – деген.
Ұзатылып келген ќалыңдық үйлену тойының
ертеңінде бүкіл ру, әулет, ауылға келін
болып саналады. Өзі аттаған босағасыныњ,
рудың адамы санатына қосылып кетеді.
Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген.
Қазақ дәстүрінде үлкенніњ атын атамай,
тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу
- жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің
айғағы.
Тұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы,
парасатты келінді есейе келе, ауыл-үй
құлақ салып ақылдасатын ана дәрежесіне
көтереді.
Қызына құда түсіп, айттырған күннен бастап
жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете
бақрады. Күйеуқ қайын жұртында төрге
шықпайды, оған сыбағалы асы деп асықты
жілік пен төс тартылады.
Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің
әлеуметтік мәртебесі де жоғарылайтыны
белгілі. «Күйеу қартайса ќұда болады»,
сөзі осы уақыт аралығында күйеу жақтан
әлденеше қыз алысып, қыз беріскендігін,
күйеудіњ де беделді адам бола бастағандығын
айғақтаса керек. Қазақтыњ «Күйеуді ќызым
үшін сыйлаймын» деген сөзінде де үлкен
мән бар.
М.Әуезов Абай жолы: Бұл романда жазушы
Құнанбайды асқан сүйіспеншілікпен жетер
жеріне жеткізе суреттейді. Құнанбай Абайға
әке ғана емес, заманның үлкен қайраткері,
әрі үлкен тұлѓасы. Ал, Абай ойы, Абай даналығы,
Абай тереңдігі – тазадан тазалыққа, биіктен
биіктерге шақырар жанның жарыќқ жұлдызына
айналған. Мұндай эпопеяны халқын шын
сүйген адам ғана жаза алады. Бұл эпопеясы
болмаса қазақ өмірі, оның кім екендігі
дәл сондай құдіреттілікпен дұниеге танылмас
еді. «Абай жолы» халќымыздыњ ақыл – ойын
биікке көтерген, әрбір отбасының сүйіп
оқитын, тәлім-тәрбие алатын туындысы
болды.
Сол қызға есі ауған жігіт мүлде,
Бүк түсіп жата алмады құрып
күнде.
Ұйқыда бейқам жатқан сорлы
ананың
Жүрегін жұлып алды тұрып
түнде.
Сүюдің серті ме еді соның бәрі,
Ол, міне, қыздың шартын
орындады.
Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,
Жүрегі түсіп кеткен қолындағы
Анаңның кезі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным, байқасаңшы», - депті оған…
Бұл – ананың баланы қаншалық шексіз сүйетінін
білдіретін терең мәнді көңілсіз мысал.
Ал біздің бала кезімізде «Ана тілі» оқулығында
Ы. Алтынсариннің «Ананың сүюі» деген
өлеңі болды. Осы өлеңді оқығанда, сол
кезде кішкентай бала болсақ та, қатты
тебіренуші едік. Бала ұғымына лайық тілмен
ананың қадір-қасиетін жүрекке жылы етіп
жеткізген өлең шумақтары әлі күнге дейін
есімде. Онда былай деуші еді:
Кім сендерді балалар сүйе -тұғын,
Қуанышыңа ќуанып, қайғыңа күйе -тұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре –тұғын.
Кім сендерді, балалар
тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар,
жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгенінше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.
Барша аналарға тән қасиет осындай деп
ойлаймын.
Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу
- айрықша парыз. «Әкеге бағыну - Аллаға
бағыну. Оның алдында күнәһар болу - Алла
алдында күнәһар болу» дейді Пайғамбарымыз.
Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық
сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті
туралы айтылған асыл сөздерді табар едік.
«Алты аға бірігіп - әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,
- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың
үміт-арманы баласымен бірге жасайды.
Сол себепті олардың бар тілеуі балаға
бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері:
бала-шағаның алдында дүние салып, солардан
топырақ бұйырса, - дейді. Осындай ата-ананы
сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай
бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай
алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет!
Қазақтар – «Түріңнен қарт кетпесін»
деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет
ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу
– біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе
нєр берген ата-ананың алдында адамның
парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы
ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір
- қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал
күшін аќтау - өµз болашағыңды сақтау.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады.
Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың.
Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың
да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын
болады.
Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен
немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде
төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі
кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні
атасына тамақты темір табақпен береді.
Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.
Әке-шешесі:
- Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда
тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын,
- депті баласы. «Әкесін сыйламағанды,
баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе?
Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі
ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан
болып саналады. Қазақ халқында ондай
пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа
ұшыраған.
Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың
көңілі – далада», - демекші, өзінің перзенттік
борышын түсінбеген, сүйтіп, ата-анасын
жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар
бұрын да болған, ќазір де жоқ емес.
Бүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша
жағынан қарасуды өздерінің перзенттік
борышын өтегендік деп біледі. Мұны әке-шешесін
аңыратып, ат ізін салмай кеткендер мен
жалғыз басты қарттарын кәрілер үйіне
тапсыруға дәті барған жүзіқараларға
қарағанда адамшылыққа баласақ та, оның
да оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын.
Ата-анаға қажетті - баласынан күтері жалғыз
материалдық жәрдем бе екен? Қайта, ата-анасы
баласымен бірге тұруға болмаған күнде,
жиі-жиі көрісіп, жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп,
мейірін қандыруды, баласын, келіні мен
немерелерін көріп, көңілдері көншуін,
олардың сый-құрметін көріп, тәңірге шүкіршілік
етуді аңсамай ма?! Дүниеге бала әкеліп,
оны азаптанып өсіріп, енді соның қызығын,
қызметін көре алмай, тірідей суынып, қайырылмай
кеткен баласын аңсай-аңсай, дүниеден
өткен кәрі әке-шеше қайғысынан артық
қайғы бар ма?!
Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы
– күйік», - дейтіні содан шығар.
Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес
болу отбасы тіршілігініңң бір ғанибеті
ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-ана
сының мерейін өсіріп, өз ортасында төрден
орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың
сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін
жетесіз бала олардың сағын сындырып,
төрдегі басын есікке сүйрейді.
Отбасындағы психологиялық оңды ахуал,
татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, пейіл-береке
– оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға
алған істерінің өрге басып, мақсаттарының
жүзеге асуының кепілі.
Балалардың ұрысқақ, жанжалқой, дөрекі-дөкірлігі
әке-шешенің жатса-тұрса жадынан шықпайтын
қауіпі, азабы болады. Ондай ата-аналар
үнемі алаңдаумен күн кешіп, қабақтарынан
кірбің кетпейді.
Бұған қарама-қарсы еңбекқор, кең пейіл,
жарқын мінезді болып өскен ұл-қыз ата-ананың
қас-қабағына қарап, хал-жағдайларын айтқызбай
аңғарып, олардың көңілін тауып, мерейін
өсіреді. Демек, балалары ата-анасын, үлкендерді
қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе,
алдымен, әдепті болулары керек, өз жұмыстарын
адал да тыңғылықты атқарып, отбасына
кіріс кіргізіп, әке-шешенің қарттығын
қажетті тыныштықпен жєне дәулетпен қамтамасыз
етулері қажет.
Ата-ана да адам, сондықтан олардың қателесетін,
жаңылысатын, ағаттық жіберетін кездері
болады. Әдепті бала ондай кезде зіркілдеп,
дауыс көтеріп шыға келмейді, ал үлкенді
балағаттау – бала тұрмақ жасы кіші адамның
ісі емес.
Үлкендердің әлдеқалай істеген ісі, сөзі
жаныңа қатты батса да, сабыр етіп, өзіңді
дүниеге әкеп, зор мехнатпен әлпештеп
өсіргенін есіңе түсіруің, кешірімді болуың
міндет. Ұл-қыз әдептілігінің негізі –
ата-ананы риза қылып, үнемі алғыс батасын
алуында. Сонда ғана үлкендердің мерейі
көтеріліп, ұл-қыздардың өркені өспек!
Ата-аналар, сіздер үшін
1. Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың
моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.
2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында
толық келісім болуға тиіс.
3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық
атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан
талабын көтермелеп отыру керек.
4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі
үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.
5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында
жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік
жєне рухани мєдениеттің негізін, қоғамдағы
мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.
6. Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа,
сергектікке, үлкендерді құрметтеуге,
әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға
тиіс.
7. Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың
алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ
барлық отбасы мүшелерінің тату-тєтті
тұруға ұмтылуы.
8. Үй ішіндегі татулыќ күйеуіне де, әйелге
де байланысты. Оның бірінші шарты - өзара
сенім, құрмет, өзара түсіністік және,
әрине сыпайы, әдепті мінез-құлық.
9. Сыпайылық жєне әдептіліктің ережелерін
сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір
жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа
негізделмеуге тиіс.
10. Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып,
өзін-өзі билей білу керек7
5 Отбасы — өнеге айнасы.
Жалпы адамзаттық қоғамның дамуы үшін
қазіргі кездегі ең үлкен фактор-ол білімді
азаматтарды көбейту. Өздеріңіз білесіздер,
жаһандану дәуірінде елімізідң мәртебесін
сақтап қалар құрал да осы болмақ. Біздің
елеміздің болашағы осы біліммен қаруланған-білімді
ұрпақ қолында. Ол болашақ бүгінгі тәрбиелеп
отырған сіздер мен біздердің балаларымыз.
Жақсы, нәтижелі білімге жету үшін ең алдымен
балаға тәрбие берілуі шарт. Ал тәрбие
отбасынан басталады.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың
бас ұстазы ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не
көрсең, ұшқанда соны ілерсің»-деген дана
сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны
самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран
болу керек»деп текке айтылмаған.
Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала
әкеден-ақыл, анадан-мейірім алады. Әке-отбасының
асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің,
ана-отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы.
Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын
бақытқа бөлейді.
Отбасы шағын әлеуметтік топ-бала үшін
өмір мектебі. Бала тәрбиесіне отбасының
әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш
топқа бөліп қарастыруға болады:
Отбасы топтары:
1-топ-баланы қалай тәрбиелей біледі және дәп солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің сапалы өмірі мен сапалы іс-әрекетін тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді;
2-топ- өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін;
3-топ-балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді. Бұлар соншалықты көп болмағанымен «қиын» балаларды беретін отбасылар.
Атақты физиолог И.Павлов «Әрбір
баланың мінез-құлқы отбасы мен ата-анасының
жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында
қалыптасады» деп тұжырымдайды. Моральдік
жағынан азғындаған отбасында әдетте
балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар
ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін
сезінбегендіктен, олар ертеңгі күннің
қуанышын жоғалта бастайды. Сондықтан
олар отбасында жоқшылық пен қайырымдылықты
сырттан, көшеден іздейді. Өкінішке орай
көп жағдайда олар жат топтардың ықпалына
түсіп кетеді
Отбасындағы бала тәрбиесі туған, өскен
ортаға, ата-анаға, үлкендерге, олардың
үлгісіне байланысты. Мысалы: «Жібекті
түте алмаған жүн етеді, баланы күте алмаған
құл етеді», «Бала айналасына қарап өседі»-дейді
халқымыз. Асырау мен тәрбие беру екі түрлі
мәселе.
«Жігіттің тентек болмағы-биінен, баланың
тентек болмағы-үйінен, өнеге күші өлшеусіз»,
деп бала тәрбиесінің өскен ортаға байланысты
екенін көрсетеді. Адамға көбінесе үш
алуан мінез адамнан жұғады. Бірінші-ата
–анадан, екінші-ұстазына, үшінші-құрбысынан
деп ойшыл Абай да өте дұрыс айтқан.
Блонский «Ата-ананы тәрбиелемей тұрып
баланы тәрбиелеу қиын»-дейді. Шындығында ғылыми
зерттеулерге жүгінсек отбасында мынадай
кемшіліктер кездеседі екен:
1-ден: Әке мен шеше өз мінез-құлықтарындағы кемшіліктермен күреспейді; бірақ балалардан адамгершілікті талап етеді. Оларға дөрекі сөйлейді, өтірігін айтып бетіне басады, өзі өтірік сөйлейді, оны бала сезіп тұрса да қорыққанынан айтпайды.
2-ден: Ата-аналар балалардың ішкі жан-дүниесіне жеткілікті көңіл аудармайды, жылы жүзбен қарап, қамқорлық жасамайды, баланың қайғы-қуанышын бөліспейді.
3-ден: Оқушының үй шаруасына көп көмек етуін талап етеді, оған жасаған жақсылығына міндетсиді.
4-ден: Мектеп мұғалімдерімен тығыз
байланыста болмайды, оқушылардың жағдайын
бірігіп, талқылап шешпейді.
Баланың алғашқы адами құндылықтары әрине
отбасында қалыптасады. Алайда ешбір ата-ана
өз баласының жаман болғандығын қаламайтындығы
даусыз. Әрбір ата-ана мектепте қандай
да болса бір жұмысты, тіпті кішігірім
істің өзін бар ықыласымен орындауды өздеріне
парыз деп санаса ғана олардың көмегі
орасан зор нәтиже береді.
Сонымен қатар, баланың әр күнді бастауы,
қарсы алуы сәтті болуы керек. Ол ұшін
таңертең баланы оятқанда жайлы баппен
оятыңыз, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен
өте жақсы көріп тұрғаныңызды сезу керек.
Бірден «тез тұр» деп жекімеу керек. Егер
сіз кешегі күні ескерту жасасаңыз да,
сабаққа жіберер алдын да балаға «байқа,
бұзық болма», «өзіңді жақсы ұста», «мен
сен үшін ескерту алмайын» деген сияқты
ескерту сөздерден аулақ болыңыз. Егер
бала бірдеңе айтқысы келсе, қарсы болмай
тыңдау керек. Егер бала ренжіп отырса,
онда себебін өзі айтқанша асықпаңыз.
Бала мектептен келгенде бірден сұрақтар
қойып қарсы алмау керек. Балаға мектепке
барар алдында сенімділік пен сәттілік
тілеу керек.
Бала тәрбиелеуде отбасылық жақсы дәстүрлер
қалыптастыру-ата-ананың бала тәрбиесіндегі
қажетті құралы. Отбасы мүшелерінің туған
күндерін жақсы істермен атап өту, бірлесіп
еңбек ету, үй шаруаларын атқару жөнінде
күнделікті ақылдасып отыру, сабақ даярлауға
көмектесу секілді істер бұл баланың жақсы
азамат болып өсуіне, салауатты өмір сүруге
жетелейді. Барлық ата-ананың үлкен мақсаты-балаларын
үлкен әріппен жазылатын азамат етіп тәрбиелеу.
Осы істе табысқа жету үшін баланы өз ісіне
есеп беруге, заңды сыйлауға, өз құқығын
қорғай білуге, соңында өзін-өзі тәрбиелей
білуге үйретуіміз керек. Осындай мақсатты
өмірлік ісі деп түсінетін ата-аналар
балаларын қоршаған ортамен, айналадағы
қоғамдық құбылыстармен, тарихпен, әдеби
жаңалықтармен таныстырып, ерінбей еңбек
етуге үйретіп, сыпайы қарым-қатынас жасап,
күнделікті өмірінде дос, сырлас бола
біледі.
Қорытып айтқанда ұлы педагог Макаренко:
«Тәрбие ішінде ешбір ұсақ-түйек нәрсе
жоқ. Еш нәрсені ұсақ-түйек деуге, ұмытуға
хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың
өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек
алып, соған қатты зер салып, қалғандарын
елемей қалдырсаңыз қателіктің ең зоры
сол болып шығады. Ұсақ-түйектер үздіксіз,
күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады
және өмірдің өзі сол ұсақ-түйектен құралады,
өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және
оны ұйымдастыру сіздің және біздің ең
жауапты міндетіміз»-деген.
Тақырыбы:
«Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі»
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың
дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына
ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін
жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату
және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата
- аналардың балабақшамен, тәрбиешімен
тығыз байланысын арттыру. Балалармен
бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің
жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының
аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Әдістері: пікір
алмасу, сұрақ - жауап, сауалнама, психологиялық
жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Танысу» жаттығуы.
2. Топқа бөлу.
3. Ой жинақтау.
4. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
5. Ситуациялық сұрақтар.
6. Тест «Бала тәрбиесі».
7. «Ашық айтсам..» анкетасы.
8. Қорытынды.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар!
Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата
- ана ролі» атты тренинг – сабағымызға
қош келдіңіздер!
1. Танысу жаттығуы.
Ата - аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы
өзінің есіміне сын есім қосып және өз
бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып
шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады. Талқылау:
Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
2. Топқа бөлу.
Ата - аналар сол тұрған күйінде түрлі
түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша
топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
3. Ой жинақтау.
Екі топқа тақырып беріледі. Ата – аналар
сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
1 топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін
жазалаудың түрлері.
2 топ. Бала үшін тәрбиеші мен ата - ана
арасында қандай байланыс болуы керек?
4. «Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Тәрбиешісінің толық аты - жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы
көреді?
7. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
8. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға
қандай сөз түседі?
9. Балаңыздың ең жақын досы кім?
Ата - аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға
тез жауап береді.
5. Ситуациялық сұрақтар.
Ата - аналар үстел үстінен үлестірмелі
қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап
береді.
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске
қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не
істер едіңіз?
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер,
Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті,
ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын
сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай
сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге
тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз
ба?
3. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің
балаңыз басқа балаларды ұрады» деген
бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата
- аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген
сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз?
Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір
іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала
алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып
жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне
теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп,
балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі
сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы
алды. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңыз қандайда бір теріс іс - әрекеттер
көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?
6. Сауалнама: "Сіз қандай ата - анасыз?"
1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен
айналыса аласыз ба?
2. Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса
аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым - қатынас барысында
жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан
кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде
өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз
ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге
бола ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық
шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз
ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді,
сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз
ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез -
құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз
ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға
кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз
бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік
көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайысыз
ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі
екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз
ба?
Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл
2. Кейде ғана келісемін – 2 балл
3. Келіспеймін - 1 балл
Сауалнаманы бағалау өлшемдері:
0 - 16. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема.
Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін
педагог немесе психолог мамандардың
көмегіне сүйеніңіз.
16 - 30. Балаға қамқорлық жасау – бірінші
кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызға
тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде
әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен
әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем
жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану
керек.
30 - 39. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды
болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана
қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен
қарауға тырысасыз.
7. «Ашығын айтсам».
Ата - аналарға төмендегідей бланкілер
таратылып толтырылады.
Менің тренинг барысында түйгенім ----------
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады -------------
Жүргізушіге ұсыныс ---------
Маған ең пайдалы, құнды болған ----------
Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім, егер
----------------
Маған ұнамағаны --------------
Ең жақсы ұнағаны --------------
Келесі тренингте мен келесі жайттарды
білгім келеді -------------------
Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?--------------
Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам
-------------
Тренингті қорытындылау --------------------------
Қолы ------------------------------
8. Қорытынды.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз
ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы
тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін
айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар,
қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік
және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді
ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе
жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына
жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында
берілген тәрбие жігеріңді құм қылып,
жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан
түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай,
бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп,
еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,
білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік.
Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз
байланыста болса, балаларға бірдей талап
қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл -
қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.