Тәрбие әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 16:59, курсовая работа

Описание работы

«Бала тәрбиесi– бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшiн өз тәжiрибесi жетпейдi. Басқа адамдардың тәжiрибесiмен танысу керек. Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешiден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кiнәлi емес, тәрбиешi кiнәлi; бала сұлулықтан ләззат ала бiлмейтiн мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиешi жазалы. "Бала iстеген жауыздықтың жазасын тәрбиешi көтерсiн" деген иран елiнiң мәтелi шын, дұрыс мәтел" деп М.Жұмабаев бала тәрбиесiне ерекше тоқталған.

Содержание работы

1.Кіріспе.
а) Отбасының-бала тәрбиесіндегі маңызы.
б) ата-ана мен бала арсындағы қарым-қатынас.
в) Баланың отбасындағы алатын орны, рөлі.
2. Негізгі бөлім.
а) ынтымақтастық педагогика туралы жалпы ұғым.
б) ынтымақтастық педагогиканың идеялары.
в) мектеп пен ата-аналар арсындағы қарым-қатынас
г) Отбасы — өнеге айнасы.
3. Қорытынды.
4. Қолданылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

мадина курсовая.docx

— 94.42 Кб (Скачать файл)

Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер - бiлiм берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – соларда",1 деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.

Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi "ананың әлдиiнен" басталады емес пе?!

Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, " адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: "Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi–бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, "ол немене", "ол неге үйтедi", " бұл неге бүйтедi" деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" дегенi».

Қатыгез, зұлым адамдар да ақ сүт берген Ана алдында бас иген. Осы орайда Домалақ Ананың (Нұриланың) "Диһнат мама" атану тарихы да қызық. Бұлақ басында қара лашықта қалған қарапайым әйел тапқырлық танытып, қарақшылардың терiс қылығына тосқауыл қояды. Бұл эпизодтар бүгiнгi ұрпақты ұлы әжемiздiң адамгершiлiк өнегесiн қастерлеуге, тәлiм алып, оны көкiрегiне орнықтыруға үндейдi. 2 Әсiресе, Домалақ Ананың мейiрiмдiлiкке шақыруы Ана алдында бас игiзедi. Ұлы Жамбыл Домалақ ененiң қадiр-қасиетiн, әулиелiгiн терең түсiнiп, үлкен жүрекпен жырлайды. Өзi де ұлы анасына тағзым ете тiл қатады. Шерхан Мұртазаның сөзiмен айтқанда: «Ұлы анамыздың артында, батыстан шығысқа, шығыстан батысқа созылып жатқан қыруар ұрпақ бар. Олардың iшiнде ержүрек мықтысы да, осалы да жетiп жатыр".

" ХҮIII ғасырдың аяғында дүниеге  келген бала Пушкин де, ХIХ ғасырдың  орта шенiнде қазақтың кең сахарасында  дүниеге келген Абай да шешесi мен әжесi берген тәрбие уызын  емiп өседi. Амал жоқ, 1630 жылдары  жазылған словак педагогы Ян  Амос Коменскийдiң " Аналар мектебi" еңбегi есiңе түседi де, ана құдыретiне  амалсыз бас иесiң"4 деп толғанады " Ерте жастан тәрбиелеу тағылымдары»  мақаласының авторы.

Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң "Құтты бiлiк" еңбегiнде:

Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық

Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.

Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,

өзгермейдi салғанша ажал құрығын.

Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың "Құтты бiлiк" еңбегiндегi ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алатындығы айтылған.

Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйренген. "Ата көрген оқ жонар" деген осыдан шыққан.

Қазақ халқының " Ата – балаға сыншы" деген мақалы бар. Әр әке өз балаларының ерекшелiктерiн, қандай iске бейiмдiлiгiн дамытуға тырысып, ерте аңғарып, ән мен күй өнерiнен бейiмi болса, өнер қуған сал-серiлерге, үй шаруасына бейiм болса, үй шаруасының тiзгiнiн берiп, сөз ұғарлық ойы болса, жақсыларға жанастыратын.

Ал қыз абыройы – отбасының, елдiң болашағы, босағаның берiктiгi. Қазақ қыздың жолы жiңiшке" деп бекер айтпаған. Осындай ұл мен қыздың тәрбиесiне қазақ халқының тек жеке отбасы ғана емес, бүкiл ауыл аймағы, әулетi жауапкершiлiкпен қараған. "Қызға қырық үйден тыйым", " Ұлға отыз үйден тыйым" демекшi, ұлға да, қызға да айтар сын аз емес.

Әр отбасы ұлы мен қызына салт-дәстүрдi, жетi атасын бiлудi үйреткен. Ата-ананың қанша баласы болса, әр бала ата-анаға өзiнше қымбат.

"Алуан-алуан жүйрiктiң әлiне  қарай шабатынын" ең алдымен, атасы  мен анасы бiледi. Тарихқа көз  салсақ, халқына қорған, елiне басшы  болар азамат өсiрiп, төңiрегiне  аналық мейiрiмiн төгiп, ел анасы  атанған аналар аз ба? Домалақ  ана, Қараша ана, Мұрын ана, Дәулет  бике, Қарқабат ана, Қызай ана... секiлдi көптеген аналарымыз елiне тұтқа  боларлық ұл-қыз өсiрiп, бiр ру-тайпаның  атын иеленiп, өнегелi iстерi аңызға  айналып, бүгiнге жетiп отыр. Сондай-ақ, кешегi Түркi қағанаты заманында  түрiк әлемiне Күлтегiндей батырды, Бiлге Қағандай дананы сыйлаған  ананы халқы хан көтергендей  ақ киiзге отырғызған, ардақтаған.

"Ана мен әке өздерiнiң үлгi-өнегелерi, гуманистiк белгiлерi арқылы әдептiлiгiмен, өнерпаздығымен, бiр-бiрiне деген  өзара достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегiмен балаларына үлгi-өнеге  көрсете алады. Егер оқушы маманданған  ұстаз десек, ата-ана – өздерiнiң  өмiрлiк iс-тәжiрибесi арқылы тәрбиелiк iс-әрекеттерiн қалыптастырған ұстаз. Ал, ұстаз өз iсiнiң шеберi, бiлгiр  адам болуы қажет"6 деп толғанады  ақын.

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. "Шебер ұстаздан – тәрбиелi шәкiрттер" деп айту өте орынды. "Бала үшiн жай нәрсенiң өзi де жаңалық. Бұлар – құмарпаз, әуесқой, тынымсыз зерттеушi".

Ата-аналары балаларын өнегелi сөзiмен, жеке басының тәрбиесiмен тәрбиелейдi. Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Әр бала сипағанды, жылы сөйлегендi, аялағанды, еркелеткендi, ертегi әңгiме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл– баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленiп тұратын негiзгi қасиетi. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Өйткенi бала сезiмi– пәк. Баланы перiштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келедi. "Бала тiлi– бал", "Балалы үй– базар" деген мақалды халқымыз өте орынды айтқан. Баланы сипау, аялау, жылы сөйлеу– баланың ақылды, ұстамды, мейiрiмдi азамат болып өсуiне көп ықпал етедi. Ал балаға ұрсу және оны балағаттау баланың бойында кек алу, өшпендiлiк қасиеттердi оятады. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне құрғақ ақылдан гөрi үлгi-өнеге арқылы ықпал етудiң жұғымды екенiн және балаға жора-жолдастарының, құрбы-құрдастарының әсерi мол екенiн айтқан. "Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол" деп, тәрбиелiк мәнi зор мақал-мәтелдер айтқан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне ерекше назар аударып, "Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла" деп, баланың ой-өрiсi даму кезеңiн ерекше бағалаған.

Ата-бабаларымыз жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде де бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк ұстаған. Мысалы, "Қасымның қасқа жолы" (1511-1518), "Есiмнiң ескi жолы" (1598-1628), Әз Тәукенiң "Жетi Жарғысы" (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға түспеген. Бұл – заңдық құжаттар.

Ата-заңды аттаған азғындарды "етегiн кесiп, елден қу" деген қағидамен аяусыз жазалаған8. Халқымыз ұл мен қыз тәрбиесiне ерекше мән берген. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң" деген мақал арқылы бала тәрбиесiндегi отбасының рөлi ерекше екендiгiн атап көрсетедi. Бала тәрбиелей отырып артына iз, өшпес мұра қалдырған.

"Жерге себiлген дақылдың өсуi жердiң құнарлығына, ылғалдылық пен  күн шұғылысына байланысты. Осы  тұрғыдан алып қарағанда, адамның  белгiлi бiр мамандықты игеру қабiлетi де сыртқы орта жағдайына ( тәлiм-тәрбиесiне) қатысты.»   

Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі:  
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;  
- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамныњ азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;  
- отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек – арқауы;  
- отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;  
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;  
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеп, елжанды азамат тәрбиелеу;  
- отбасы баланың мамандықты еркін жєне саналы таңдауына ықпал жасаушы;  
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы.

  Негізгі

 

 

1.Ынтымақтастық педагогика жайлы ұғым

Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі, қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл – экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке – жеке, керек десе бірін – бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген. 
Экспериментшіл мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір – бірімен кездесуді, пікірлесуді тәжірибе нәтижесін ортаға салып, талқылауды ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет деп тапты. Бұл пікірлердің мазмұны «Учительская газета» беттерінде жарияланды. Осы газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл мұғалімдер үш жыл ішінде төрт рет кездесті. Бірінші кездесуінде (18 қазан 1986 ). 
«Ынтымақтастық педагогика» – екінші кездесуінде (17 қазан 1987 ж). «Тұлғаны демократияландыру», үшінші кездесуінде (19 наурыз, 1988 ж.) «Жаңарту әдістемесі», төртінші кездесуінде (18 қазан, 1988 ж), «Жаңа мектепке кіреміз», тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп, білім және тәрбие саласында көптеген жаңа үздемелі педагогикалық пікірлер ұсынды. Бұл пікірлердің біразын атап кеткен жөн. Мысалы, балалар, мұғалімдер және ата – аналар арасындағы ынтымақтастық ұжымдық шығармашылық тәрбие орындаушылық және шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзін — өзі талдауға үйрету, тұлғаның дамуы, тірек, идеясы, жаңарту әдістемесі, озып кету идеясы, жаңа мектеп және ғылым үздіксіз білім және тағы басқа. 
Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек ғана мұғалім емес, әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жыл орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды іріктеп алудан бас тартып, оларды оқыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем беру, себепші болу. Егер оқуға өздігімен талаптанушылығы жоқ болса, дерлік, егер еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті жоқ болса, егер жалпы пәнге қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орындағымыз келсе, онда алдымызда бірақ – жол бар, «біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тарту керек. Әйтпесе баларды оқытуға болмайды,» — дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер.



Оқудың нәтижесі ынталылық пен қабілеттіктердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталылық нөльге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөльге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынмақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген олар. Мұндай педагогика балдарды ынмақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді. 
Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы айқай, қорқыту арқылы тәрбиелеуге, оқытуға болмайды – бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады. 
Адамгершілік және ынтамақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйрену мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтамақтастық педагогикасы – құлық педагогикасы, даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуінде, біртекті құбылыс, мұғалімдер мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым – қатынасы, істегі ынтымақтастығы. 
Әрбір педагогикалық әсер, әрбір шешім, әрбір әрекет балалардың даму барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал дамудың бірқалыпты немесе оның қалыптасуы әрбір мұғалімге мәлім. Дамудың артта қалушылығының басты себептері біріншіден, үйелмендегі рухани қатынастың жетіспеуі; екіншіден мұғалімдер мен ата – аналардың зорлап оқыту нәтижесінде балалардың оқыту материалдардың мазмұнына түсінбей жаттап оқуында; үшіншіден балалардың дамушы қабілеттерін еске алмай, мектептің тек қана оқыту процесінің үш компоненттеріне (білім, іскерлік, дағды ) сүйену тағы басқа. Осының салдарынан балалардың көпшілігінің даму процесі тоқтайды.

 Жаңашыл мұғалімдердің  тұжырымдамалары бойынша ең алдымен  баланың дамуын бірінші орынға  қою керек. Бұл оқушының білімді  іздеп табуына, игеруіне мүмкіншілік  жасайды, іскерлікті, дағдыны меңгереді. 
Сонымен, баланы әр жақты дамыту үшін бәрінен бұрын құлық, рухани ақыл – ой, дене тәрбиесі бірінші кезекте болуы қажет. 
Кейбіреулер ынтымақтастық педагогиканың осы заман педагогикасынан айырмашылығы бар ма деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа мағыналы жауап беру қиынырақ секілді. Бірақ екеуіне анықтама берсек артық болмайды. 
Осы заман педагогикасы – бұл тұлғаның жеке ұжымның тәрбие және өзін өзі тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым. 
Ынтымақтастық педагогика – бұл тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі емес пе? Мектепке, жоғары оқу орнына жаңа кадрларды дайындауда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау үшін ынтымақтастық педагогика керек. Бұл педагогика жас мұғалімнің ғылыми педагогикалық теория мен озат педагогикалық тәжірибенің нәтижесімен қарулануына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ізгілендіру, гуманитарландыру жағдайында тұтас педагогикалық процесте жаңа иедяларды пайдаланудың жолдарын қарастырады.

Информация о работе Тәрбие әдістері