Тәрбие әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 16:59, курсовая работа

Описание работы

«Бала тәрбиесi– бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшiн өз тәжiрибесi жетпейдi. Басқа адамдардың тәжiрибесiмен танысу керек. Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешiден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кiнәлi емес, тәрбиешi кiнәлi; бала сұлулықтан ләззат ала бiлмейтiн мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиешi жазалы. "Бала iстеген жауыздықтың жазасын тәрбиешi көтерсiн" деген иран елiнiң мәтелi шын, дұрыс мәтел" деп М.Жұмабаев бала тәрбиесiне ерекше тоқталған.

Содержание работы

1.Кіріспе.
а) Отбасының-бала тәрбиесіндегі маңызы.
б) ата-ана мен бала арсындағы қарым-қатынас.
в) Баланың отбасындағы алатын орны, рөлі.
2. Негізгі бөлім.
а) ынтымақтастық педагогика туралы жалпы ұғым.
б) ынтымақтастық педагогиканың идеялары.
в) мектеп пен ата-аналар арсындағы қарым-қатынас
г) Отбасы — өнеге айнасы.
3. Қорытынды.
4. Қолданылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

мадина курсовая.docx

— 94.42 Кб (Скачать файл)

2. Ынтымақтастық  педагогиканың негізгі идеялары

Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені, оларда барлық жастар оқып, еңбек ет+++уге үйреніп, дағдыланады, өмірге жолдама алады. 
Орта және жоғары оқу орындарының мақсаты – жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан – жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, танымды, қоғам үйелмен және бос уақытты пайдалану тағы басқаларды орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау, тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау. 
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді. Олар: 
- тәрбие мақсатының реализм идеясы; 
- тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы; 
- өзін өзі талдау (анализдеу идеясы); 
- бала күнінің жартысы; 
- қиын мақсаттық идеясы; 
- сүйеніш идеясы; 
- ірі блоктар идеясы; 
- ата – аналармен ынтымақтастық; 
- мұғалімдердің ынтымақтастығы; 
- өзін — өзі сыйлау идеясы; 
- өзін — өзі басқару (реттеу) тағы басқа. 
Экспериментшіл мұғалімдер 50- ден астам жаңа идеяларды мұғалім жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар көптеген орта және жоғары оқу орындарында қолданылып келеді. Идеялардың біразы «Жалпы орта білім беретін тұжырымдамада» және «Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру кездесулерінде баяндаған». Сондықтан біз идеялардың бәріне тоқталмаймыз, тек қана оларды қолдануды жетілдіру үшін кейбіреулерін еске түсіру артық болмайды. 
Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсаты – адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы – мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның «базалық мәдениеті» тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет – бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас мәдениеті. 
Ересек адамдармен балалардың бірлесу іс — әрекетінің идеясы 
«Ынтымақтастық педагогикасы» принципінен туады, өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ереске адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамаыз етілуі тиіс. 
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға –бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн. 
Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні өте зор. Бірыңғай тәрбие жұмысы – бұл тәрбиешілер мен тірбиеленушінің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиешілер ұжымдық шығармашылық іс – бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады. 
Тәрбие ұжымының қозғаушы күші жолдастық тәрбиелік қамқорлық. Оның мәні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты — адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту. 
Өзін — өзі талдау идеясы. Балаларды өзін — өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н. Ильин оқушыларын өздерінің өімірі, іс — әрекеті жайында ойлануға үйретеді.

2.3. Ата – аналар  мен мұғалімдердің ынтымақтастығы

Мектепте, үйелменде балалар ересек адамдарға ашық, сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйелменде балалармен жолдастық, жылы шырайлық қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша ата – аналар жиналысында балалар туралы сын көзімен ескерту жасауға болмайды. Балалар мен ата – аналар арасында ұрыс- керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата – анаға айтып наразылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім әр ата ананың есігін қағуды қою керек. 
Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, әлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықылыасын оқып білім алуға, еңбеу етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы қарым –қатынас бірлігінің беріктігі – ынтымақтастық педагогиканың принципі. 
Мұғалімдердің ынтымақтастығы 
Экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысының педагогикалық стажы 25 тен 40 жылға дейін. Олар әртүрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер және директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде қолдануға болмайтын шығар дейді. Шынында, олардың тәжірибесі бойынша кез келген мұғалімнің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін емес. Әрине, кімде кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, әдеттегі оқу бағдарламасы және оқулықтар бойынша әрбір мұғалім өзінің сыныбында, әрбір директор өзінің мектебінде қайта құру кезеңінде мәселелерді тың зерттеумен айналысады. 
Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта балаларды бір біріне қарама қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайларды мұғалімдер арасында да болдырмау керек. 
Сонымен, осы идеяларды іске асыру үшін: біріншіден оқу және тәрбие әдістерін жаңарту; екіншіден балалармен қатынасты жаңарту; үшіншіден, мұғалімнің өзін өзі жаңартуы; төртіншіден, балалармен және өзара ынтымақтасу. 
Өзін өзі құрметтеу идеясы. Осы уақытқа дейін оқушының сабаққа, тәртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы көбірек назар аударылады. Демек, оқушының мұндай көзқарасы, қатынасы мұғалім және мектеп жұмысындағы тәртіпке байланысты деп айтушылар да болды. Енді бұдан былай балаға көмектесу,

 

 

дұрыс педагогикалық назар аудару әсіресе бала өзін өзі құрметтемеуі тұлғаның өз құнын кемітуі бұл маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуының, қылмысқа ілінуінің негізгі себептерінің бірі. Жас жігіт өзінше қоғамнан және қалыптаспаған тағдырдан кек алғысы жазалау, қауіп немесе дәлел әсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп қарайды,өзін өзі құрметтемейді. 
Осы сияқты мұғалім де өзін өзі құрметтейді. Өйткені ол өзінің шығармашылық мүмкіншілігін ескермейді, жеңіл желпі жетістіктермен қанағаттанады, тәртібі нашарлаған мектепке өзінің құқын қорғамайды, шыдамшылыққа көнеді. 
Мұғалімнің де және баланың да беделі, іс-әрекеттеріндегеі жетістектерді экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына соның ішінде өзін-өзі құрметтеу идеясына байланысты. 
Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы – бұл сөсіз тұлғаны демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеу мен бірге өзін-өзі құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы абыройын шын құрмет ету.

Өзің-өзі құрметтеу идеясы.

Осы уақытқа дейін оқушының сабаққа тәртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы көбірек назар ударылады. Демек оқушының мұндай көзқарасың қатынасы мұғалім және мектеп жұмысындағы тәртіпке байланысты деп айтушылар да болды. Енді бұдан былай балаға көмектесу, дұрыс педагогикалық назар аудару, әсіресе бала өзіне-өзі көңіл аударылуы қажет. Атап айтқанда, баланың өзін-өзі құрметтеу тұлғаның өз құнын кемітуі – бұл маскүнімдікке, нашақорлыққа салынуының, қылмысқа ілінуінің негізгі себептерінің бірі. Жас жігіт өзінше қоғамнан және қалыптаспаған тағдырдан кек алғысы келеді. Оған ешқашан жазалау, қауіп немесе дәлел әсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп қарайды, өзін-өзі құрметтемейді.

Осы сияқты мұғалім де өзін-өзі құрметтемейді. Өйткені, ол өзінің шығармашылық мүмкіншілігін ескермейді, жеңіл-жнлпі жетістіктермен қанағаттанады, тәртібі нашарланған мектепте өзінің құқығын қорғаайды, шыдамдылыққа көнеді.

Мұғалімнің де және баланың да беделі, іс-әрекеттеріндегі жетістіктерді экспериментшілмұғалімдердің жаңа идеяларына, соның ішінде өзін-өзі құрметеу идеясына байланысты.

Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы – бұл сөзсіз тұлғаны демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеумен бірге өзін-өзі құрметтей білуге үйрету – сонда ғана ол басқаларды да құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы сөзбен немесе үндеу арқылы құрметтеу емес, тек баланың абыройын шың құрмет ету.  
Өзін-өзі реттеу идеясы. Әдебиет беттерінде өзін-өзі ретттеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де бар. Шынында, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді.Ал өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу емес. Өзін-өзі тәрбилеу – бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндетттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік. Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-өзі реттеуі. Тұтас педагогикалық процесте өзін-өзі реттеудің мәні өте зор. Оқытуда зорлау, тәрбиеде бой ұсыну, бағыну сияқты әрекеттер баланы өзін-өзі реттеуден бездіреді.Барлық жаңа әдістеме, соның ішінде өзін-өзі реттеу жұмысына бағытталуы тиіс. Күнде сабақтан кейін міндетті түрде берілетін үй жұмысын оқыту процесін шығарып тастап, В.Шаталов оқушыларға өз күнін, өз жұмысын өзінің жағдайына қарап (жұмыс бастылық, шаршау, кездейсоқ оқиғалар тағы басқа) реттеуге мүмкіндік береді, И. Волковтың оқушылары жұмыстарын өздері өздері іріктеп таңдап алады. В.Краковский басқаратын 825-ші Мәскеу мектебінің оқушылары жұмыстарын өздері жоспарлайды. Бұл-ынтаны, қабілетті босату, яғни еркін қолдану. Бала тәртіп бұзушы емес, ол қабілетін өз бетінше іс-әрекетін орфндауға дайын тұлға, оған толық мүмкіншілік беру керек. 
Қабілет, өз абыройын сезу және өзін-өзі ретттеу-демократиялық тұлғаның өзара байланысты қасиеттері.Жеткіншектік жастағы бала өз өмірінің тиімді өткеніне баға бере бастайды және мектепті бітірер алдында өзіне қайғылы, бірақ өте жақсы сұрақ қояды: «Мен 16 жастамын, ал мен халық үшін не істедім?» Осыған байланысты тәрбие мен оқу процесінде әр түрлі сұрақтар туады. Мысалы, «Мен өзім кіммін?» «Мен қалай істеуім керек?», «Үйелмен, ұжым, қоғам алдындағы менің борышым неде?» тағы басқа. Мұндай сұрақтарда талдау оқушыларды терең ойландырады, олар нақты жауап беруге тырысады. 
Жаңашыл ғалым И. П. Ивановтың әдісі бойынша тәрбиенің басты элементі ұжымда өзін-өзі талдау болады.Әрбір жалпы іске- өнімді еңбек пікір талас жарыс, жорық, демек, түрлі іс-әрекеттеріне қатысушылар ұжымдық талдау жасаулары қажет. Оқушыларда ұжымда өзін-өзі талдауға үйрету зор педагогикалық шеберлікті талап етеді.осыдан ересек адамдар мен балалар арасында ынтымақтастық туады. Оқушылар жалпы іс үшін тілектес болуға оның барысың қадағалап бақылауға үйренеді. Өздерің сол істің иесімін деп сезінеді. 
Оқушылар еңбегін жалғыз мұғалім ғана емес, барлық ұжым бағаласа, онда олар өздерін лайықты ұстап және жұмысты жақсы істеуге тырысады. 
Міне, мұны демокрацияландыру мен жариялылық принципті дейді. 
Оқу-тәрбие жұмысының барысында орын ала бастаған жаңа идеяның бірі бұл бала күнінің жартысы жайлы. 
Бала күнінің жартысы оқушының бірегей мүмкіншілігінің дамуына көмектеседі. Күннің екінші жартысы оқушылардың өз ынтасымен орындайтын түрлі іс-әрекеттеріне (спорт, музыка, пән үйіремелері, өнімді еңбек тағы басқа) арналады. 
Осыған орай, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемін мүлде азайту керек. Ол үшін шәкірттердің оқу материалдарын сабақ үстінде игеруін мұғалім қамтамасыз етуі тиіс 
Тірек идеясы — әдетте балаларды қабілетіне қарай үшке бөліп ( күшті, орта, нашар) оқыту мектептерде орын алған. Бұл бізге Америка мектептерінен келген оқытудың бір түрі. Мектеп мұғалімдерінің балаларды оқыта білмегендігінен, оларды қабілетіне қарай топқа бөліп (тракинг) оөқыту пайда болған. Нашар балалармен қосымша сабақтар өткізу де мектеп өмірінде қолданылып келді. Баланы қабілетіне қарай бөліп оқыту және қосымша сабақ өткізу мәселелеріне жаңашыл мұғалімдер қарсы болып, қабыл алмады. 
Оқытудың мұндай формалары балалардың жан-жақты дамуына, бірқалыпты білім алуына кері әсер етеді, өйткені балаларда күдіктену байқалады. Осының нәтижесінде олар бізде екінші қатардағы оқушыларымыз ба деген ойға бөленеді, оқуға ықыласы төмендейді. Олар жеке – жеке экспримент жасап, бәрі бір тірек идеясына келді: В.Ф. Шаталовтың тірек сигналы, С.Н. Лысенкованың тірек үлгілері, Е.Н. Ильинннің тірек бөлшегі (деталь) тағы басқа. Тірек формалары әр түрлі, бірақ жалпы принцип айқын көрсетілген: ең нашар оқушы тақтада тұрып еркін жауап береді. Ол сабақ қарқының бұзбайды, оның тірек болуы қажет. Тірек бұл кесте түріндегі көрнекі құралдар емес, ол ережелердің, әңгімелердің жол көрсеткіші. Әрбір оқушы түрлі тірек формаларын өзінің жауабында пайдаланады. Мысалы: ереженің жол көрсеткіші, есептер шығару тәсілдер тағы басқа. 
Тірек идеялары жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру қажет. 
Жаңа идеялар мектептегі демократияландыру және ізгілендіру жағдайында жүзеге асырылады. 
Демократяландыру – бұл тұлғаның жан-жақты дамуының мақсаты мен құралы, бұл мектептің ведомстволық мүддеден қоғамның және тұлғаның мүддесі мен мұқтаждығына қарай бетбұруы, бұл мектептің ашықтығы, оған қоғамдық күшті және қоғамдық факторларды (мемлкет, қоғам) қатыстыру. Мектеп –бұл мемлекеттің, сондай-ақ қоғамның және тұлғаның білім жайындағы тілегін қанағаттандыратын қоғамдық- мемлекеттік танылған жүйе. 
Ізгілендіру – бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық процестің барлық дәрежесінде ең бастысы адамның өзі болыуы тиіс. Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру — бұл мектептің баланы өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол әрбір жас сатысында-балалық шақта, жеткіншектік шақта және жасөспірімдік шақта баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету. 
Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасың жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мұғалім баланың бойына жақсы қасиеттерді егеді, дүниеге көзқарасын, мінезқұлықтың нормасын қалыптастырады, болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде таңдап ала білуге даярлайды.



3.Мектеп пен ата- аналар арасындағы қарым-қатынас

 «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.

Балаға деген таза көңілді жанашырлық, ата-аналардың: балаларына деген мейірімі мен қамқорлығы, балалары үшін отқа да, суға да түсуге әзірлігі, өмірлік ауыртпалықтар мен қиындықтардан қорғап, сақтап отыруға тырысушылықтары, саналы тәлім-тәрбие, бала жасынан еңбекке баулулары, жан тазалығына, биік адамгершілік қадір касиеттерге талаптандырулары, баланың еркін, саналы, жігерлі, мығым, намысшыл, басқаларға мейірімді, адал да таза тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал ететін отбасылық ахуал мен тәлім-тәрбие қандай болуын білдірсе керек. Әке-шешенің жеке басты үлгі-өнегелері баланың дұрыс тәрбиелеуінің ең ықпалды құралы болып саналады. Ата-аналардың үлгі-өнегесінің тәрбиелік мәні балаларға тән үлкендерге, олар тарапынан жасалатын жақсы игілікті іс-әрекеттерге еліктеушілікпен туындайды. Өйткені, бала бойына жеткілікті өмірлік тәжірибе, бейімділік пен икемділік әлі де болса толық қалыптасып бітпегендіктен, ол үлкендердің мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, сұхбаттасу мәнеріне, іс-әрекетіне, басқалармен ара-қатынасына еліктейді. Олай болса, әке-шеше қарым-қатынасы, өзара сыйластығы, бір-бірін қадірлей, мақтан тұта білулері, үй шаруашылығын келісе отырып шешулері бір-біріне көмектесіп отырулары, өзара сұхбаттасу қалыптары, бала үлгі-өнеге тұтып, қабылдап алып, өзінің іс-әрекетінде жасауға тырысатын қылықтарының сипатын құрайды. Үлгі өнегелік бағдаршамы ретінде қабылданады. Отбасылық тәрбие бала тәлімінің мәні бала нәрестелік шағынан ержетіп, оң-солын тани бастаған шақ аралығындағы үрдісінің мазмұнын құрайтындығы нақты тұрмыстық, тәрбиесі және өнегелік үлгілер негізінде пысықталады. Ата-ана тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен ұштасады, бірін-бірі толықтырады. Ата-ана тәрбиесі терең ата-аналық сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы болса, қоғамдық тәрбие балалардың өзін көпшілік ортада ұстай білу қалыптарына тәлімдейді. 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім-тәрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз деген сөзін басшылыққа алған біздің балабақша ұжымы бүгінгі таңда білім мен тәрбие жұмысын дамыту, өркендету барысында жұмыс жасайды. 
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттеріміздің бірі. 
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымы ең маңызды міндеттердің біріне айналады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасындағы «Мектептегі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сапасы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Баланы тәрбиелеу, дамыту мен білім беру мәселелерінде отбасы мен мектеп ұжымы өзара тығыз байланыста болуы қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бала тәрбиелеуде іске асырушылар – мектеп пен отбасы. Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп мекеменің жаңа қарым-қатынасын талап етеді. Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің максат, міндеттерін түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруларына ықпал етеміз. Ата-аналардың өз балаларының мектептегі өмірін, қалай өсіп жетілетіндігі интеллектуалдық жеке қабілетінің қалыптасатынын көріп, біліп отырғаны абзал. Ата-ана мен мектеп атқаратын істер әрқилы болады да, бірінің жұмысын екіншісі атқара алмайды, сондықтан олардың қарым-қатынасы бірін-бірі толықтыруы, бір-бірімен түсінісуі, бір-бірінің бағытында құрылуы тиіс.  
Мектеп мекеменің дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, оларды қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік бере отыра, ата-аналарға «Ашық есік» күн өткізіп, топтарға саяхат жасап, мектеп жұмысынан көрініс көрсетіп, ата-аналармен әңгімелесіп, олардың алған әсерлерімен бөлісе отырып, туындаған сұрақтарға жауап бердік. Мектеп мекемелерде өткізілетін жиналыс ата-аналар қатынасының бірлігінің міндетті түрі. Мұндай жиналыстарда жалпы талаптар ұсынылады, балалармен отбасында: еңбек, адамгершілік, дене тәрбиесін ұйымдастыруға, мектеп өміріне бейімделуіне нұсқау беріледі. Мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында оларға психологиялық-педагогикалық білімді дамыту жағы көзделуі қажет. Олар үшін сұрақ-жауап кештері, «дөңгелек үстелдер», іскерлік ойындарды өткізу жұмыстары ұйымдастырылады. Ата-аналарға кеңес беру баланың даму мен тәрбиеленуінің, денсаулығын сақтауының накты жағдайларын талдауға көмектеседі. Кеңес беруді өткізгенде сенімді мағлұматтар жинап, белгілі бір отбасының баланы тәрбиелеудегі тәжірибесін пайдалануға болады. Кеңес беруді ұйымдастыруда ата-аналардын дайындық деңгейін ескеру маңызды. Бұл кеңес берудің түрін аныктайды. Жекелей кеңес беру екі жақтың да белсенділігіне байланысты болу керек. Мұндай кеңес ақыл, тілек, нұсқау беру түрінде өткізіледі. Топтық кеңес беру ата-аналармен арналған жұмыстардың түрі. Олар бірнеше отбасында бірдей қиыншылықтар туындаса немесе бірдей кызығушылықтары болса жүргізіледі. Топтық кеңес берудің мынадай тақырыптарын алуға болады: «Балалар ойынына талаптар», «Баланың дамуынын көрсеткіштері», «Тіл дамыту негіздері». Жыл бойына жүргізілетін жоспарларды ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі заман талабына сай ата-аналар өзекті мәселелерді, әртүрлі тақырыптарды өздері ұсына алады. 
Бүгінгі жас отбасылар - еліміздің ертеңгі - рухани кемелдену дәрежесіне жету үшін ұлттық тәрбиенің де алар орны ерекше. Қазақстан мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарап ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халкынын тарихын, діні мен мәдениетін, жеке тұлға тәрбиелеу - жалпы жұртшылык, әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті.  
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына арналған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға тиіспіз және оларды қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, мектепте ата-аналардың катысуымен «Менің Қазақстаным» атты ұлттық тәрбие жұмысын жүргізуі керек. Мұндай шаралар аналардың және баланың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Балалардың шығармаларын шындай түсу мақсатында «Біз бақытты отбасы» атты сайысын көрсету, қолөнер шеберліктерін, сауалнамалар, тестілеу тапсырмаларын орындау сияқты сайыс кезеңдерінен өте отыра өз бағаларын алды. 
Отбасында өсіп келе жатқан ұл-қызға тәлім-тәрбие беру мақсатымен арнайы ата-аналарды балаларымен мектеп ауласын көгалдандыру іс-шараларына қатыстыра отыра, қоршаған ортаға, табиғатты сүюге, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттырдық. 
Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген мақсатымен ата-аналарды балаларымен спорттық ойындар кешендеріне қатысуы жиі жоспарланып отырады. Себебі, ойындардың басты тәжірибелік мәні - болашақ ұрпақты жан-жақты дамытып, ой-өрісін өрбітеді. «Әкем анам және мен» атты спорттық жарыс өткізіліп, ата-анаммен мектепті бір-біріне жақындастырып, қиыншылықты бірге жеңіп, табысқа жетуге баулиды.  
Отбасы педагогикалық процеске тарту, мұғалім жеке басына құрметпен, сеніммен қарауға итермелейді. Осы тұрғыда балалардың ата-аналарының үйлеріне бару, Бұл мақсата әртүрлі болуы мүмкін. Мұғалімнің отбасына баруы, ата-аналарда Мұғалімнің жеке басы туралы көзқарастарын, оның балаларының қарым-қатынас тәсілдері мен әдістері жайлы түсініктерін қалыптастырады.

Мұғалім сонымен қатар ата-аналардың нені кадірлейтінін, өмір жағдайы, психологиялық ахуалы туралы мәлімет алады. Осы мақсатта ата-аналарды топ өміріне тартып, әртүрлі бірлескен іс-әрекеттер түрлерін, мерекелер мен сауық кештерінің ұйымдастырылуы қажет.  
Толық емес отбасында тәрбиеленіп жаткан балаларға ата-аналардың толық мүмкіншіліктері жетпей жатқанда, каржы мәселесін тұрмыстық мәселенің шешуін таба алмай, еңселері түсіп жүрген ата-аналарға психологиялық тұрғыдан көмек болатындай баяндамалар, кеңестер ұсынамын. Бұл отбасылардың өмірдің бастарына түсірген тауқыметіне қарсы тұра алатындай өмірге тез бейімделіп кетуіне себеп болады. Ұжымымызда әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықтағы, көпбалалы отбасына көмек ұйымдастырылды. «Қайырымды болсаң өзгеге, шапағаты тиер өзіңе» акциясы ұйымдастырылды. Отбасы мен мектеп - бұл екі тәрбиелік феномен. Әрқайсының әлеуметтік тәжірибесі балаға берері бөлек. Алайда, екеуінің үйлесімділігі кішкентай баланың үлкен өмірге енуіне ыңғайлы ықпал жасайды. Ата-аналар және мектептің өзара қарым-қатынасының бірден қалыптасуы сирек кездеседі. Бұл ұзақ мерзімді процесс, таңдалған мақсатты ұдайы зерттеуі, шыдамдылықты талап етуші, ұзақ еңбекті қажет ететін еңбек. Сондықтан ұйымның өзара қарым-қатынасы өте киын жұмыс. Оның нәтижесі педагогтің шыдамдылығы және талапшылдығымен оның отбасында кәсіби көмекші болу іскерлігімен анықталады. Барлық бұл әрекеттер әрбір баланың ойлау және танымдық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, ең басты, оны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталады.

 

 

 

1630 жылдары жазылған словак  педагогы Ян Амос Коменскийдiң " Аналар мектебi" еңбегi есiңе  түседi де, ана құдыретiне амалсыз  бас иесiң"4 деп толғанады " Ерте  жастан тәрбиелеу тағылымдары»  мақаласының авторы.  
Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң "Құтты бiлiк" еңбегiнде:  
Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық  
Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.  
Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,  
өзгермейдi салғанша ажал құрығын.  
Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың "Құтты бiлiк" еңбегiндегi ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алатындығы айтылған.  
Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйренген. "Ата көрген оқ жонар" деген осыдан шыққан.  
Қазақ халқының " Ата – балаға сыншы" деген мақалы бар. Әр әке өз балаларының ерекшелiктерiн, қандай iске бейiмдiлiгiн дамытуға тырысып, ерте аңғарып, ән мен күй өнерiнен бейiмi болса, өнер қуған сал-серiлерге, үй шаруасына бейiм болса, үй шаруасының тiзгiнiн берiп, сөз ұғарлық ойы болса, жақсыларға жанастыратын.  
Ал қыз абыройы – отбасының, елдiң болашағы, босағаның берiктiгi. Қазақ қыздың жолы жiңiшке" деп бекер айтпаған. Осындай ұл мен қыздың тәрбиесiне қазақ халқының тек жеке отбасы ғана емес, бүкiл ауыл аймағы, әулетi жауапкершiлiкпен қараған. "Қызға қырық үйден тыйым", " Ұлға отыз үйден тыйым" демекшi, ұлға да, қызға да айтар сын аз емес.  
Әр отбасы ұлы мен қызына салт-дәстүрдi, жетi атасын бiлудi үйреткен. Ата-ананың қанша баласы болса, әр бала ата-анаға өзiнше қымбат.  
"Алуан-алуан жүйрiктiң әлiне қарай шабатынын" ең алдымен, атасы мен анасы бiледi. Тарихқа көз салсақ, халқына қорған, елiне басшы болар азамат өсiрiп, төңiрегiне аналық мейiрiмiн төгiп, ел анасы атанған аналар аз ба? Домалақ ана, Қараша ана, Мұрын ана, Дәулет бике, Қарқабат ана, Қызай ана... секiлдi көптеген аналарымыз елiне тұтқа боларлық ұл-қыз өсiрiп, бiр ру-тайпаның атын иеленiп, өнегелi iстерi аңызға айналып, бүгiнге жетiп отыр. Сондай-ақ, кешегi Түркi қағанаты заманында түрiк әлемiне Күлтегiндей батырды, Бiлге Қағандай дананы сыйлаған ананы халқы хан көтергендей ақ киiзге отырғызған, ардақтаған.5  
"Ана мен әке өздерiнiң үлгi-өнегелерi, гуманистiк белгiлерi арқылы әдептiлiгiмен, өнерпаздығымен, бiр-бiрiне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегiмен балаларына үлгi-өнеге көрсете алады. Егер оқушы маманданған ұстаз десек, ата-ана – өздерiнiң өмiрлiк iс-тәжiрибесi арқылы тәрбиелiк iс-әрекеттерiн қалыптастырған ұстаз. Ал, ұстаз өз iсiнiң шеберi, бiлгiр адам болуы қажет"6 деп толғанады ақын.  
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. "Шебер ұстаздан – тәрбиелi шәкiрттер" деп айту өте орынды. "Бала үшiн жай нәрсенiң өзi де жаңалық. Бұлар – құмарпаз, әуесқой, тынымсыз зерттеушi".7  
Ата-аналары балаларын өнегелi сөзiмен, жеке басының тәрбиесiмен тәрбиелейдi. Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Әр бала сипағанды, жылы сөйлегендi, аялағанды, еркелеткендi, ертегi әңгiме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл– баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленiп тұратын негiзгi қасиетi. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Өйткенi бала сезiмi– пәк. Баланы перiштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келедi. "Бала тiлi– бал", "Балалы үй– базар" деген мақалды халқымыз өте орынды айтқан. Баланы сипау, аялау, жылы сөйлеу– баланың ақылды, ұстамды, мейiрiмдi азамат болып өсуiне көп ықпал етедi. Ал балаға ұрсу және оны балағаттау баланың бойында кек алу, өшпендiлiк қасиеттердi оятады. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне құрғақ ақылдан гөрi үлгi-өнеге арқылы ықпал етудiң жұғымды екенiн және балаға жора-жолдастарының, құрбы-құрдастарының әсерi мол екенiн айтқан. "Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол" деп, тәрбиелiк мәнi зор мақал-мәтелдер айтқан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне ерекше назар аударып, "Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла" деп, баланың ой-өрiсi даму кезеңiн ерекше бағалаған.  
Ата-бабаларымыз жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде де бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк ұстаған. Мысалы, "Қасымның қасқа жолы" (1511-1518), "Есiмнiң ескi жолы" (1598-1628), Әз Тәукенiң "Жетi Жарғысы" (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға түспеген. Бұл – заңдық құжаттар.  
Ата-заңды аттаған азғындарды "етегiн кесiп, елден қу" деген қағидамен аяусыз жазалаған8. Халқымыз ұл мен қыз тәрбиесiне ерекше мән берген. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң" деген мақал арқылы бала тәрбиесiндегi отбасының рөлi ерекше екендiгiн атап көрсетедi. Бала тәрбиелей отырып артына iз, өшпес мұра қалдырған.  
"Жерге себiлген дақылдың өсуi жердiң құнарлығына, ылғалдылық пен күн шұғылысына байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның белгiлi бiр мамандықты игеру қабiлетi де сыртқы орта жағдайына ( тәлiм-тәрбиесiне) қатысты.»9  
«Бала тәрбиесi– бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшiн өз тәжiрибесi жетпейдi. Басқа адамдардың тәжiрибесiмен танысу керек. Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешiден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кiнәлi емес, тәрбиешi кiнәлi; бала сұлулықтан ләззат ала бiлмейтiн мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиешi жазалы. "Бала iстеген жауыздықтың жазасын тәрбиешi көтерсiн" деген иран елiнiң мәтелi шын, дұрыс мәтел"10 деп М.Жұмабаев бала тәрбиесiне ерекше тоқталған.  
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Баланың тәрбиелi болып өсуiне берекелi отбасының әсерi мол. Отбасының әрбiр мүшесi өзара сөйлесiп, не болмаса ата-ананың, баланың мiндетiн атқару ғана емес, береке – бiрлiк, сүйiспеншiлiкпен араласса, босағасы берiк, шаңырағы биiк отбасына айналары сөзсiз.  
Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi.  
Ата – асқар тау,  
Ана – бауырындағы бұлақ,  
Бала – жағасындағы құрақ, – деп, ата – ана, баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаласың.  
"Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгiмелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейдi, – деген болатын А.С. Макаренко. – Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра бiлуде, балаға әркiмнiң өз жеке басы арқылы үлгi-өнеге көрсетуде. Отбасындағы бала тәрбиесi халық өмiрiмен, қоғамның мақсат-мiндеттерiмен байланысты болуы керек". 
Ата-бабаларымыз баланың дүниеге келуiн ерекше күткен. Балаға қамқорлық ол дүниеге келмей-ақ жасалған. Мысалы, аяғы ауыр әйелге жерiк асын тауып жегiзген, ауыр көтертпеген. Жас босанған анаға қалжа жегiзген, сорпалаған, баланы тiл-көзден сақтаған, өсiп-өнген аналарға баланың атын қойғызған, тұсауын кестiрген. Бала өсе келе ән айтқызып, домбыра тартқызған.  
Жамбылдың жырын, Күләштың әнiн, Динаның күйiн, Әлия мен Мәншүктiң, Бауыржанның ерлiгiн халқымыз ұрпағына өнеге еткен. Талғат пен Тоқтардай ғарышкерлерiн, Абай мен Шоқандай дарынды тұлғаларын тәрбиелеген де халық. Отбасы халық тәрбиесiнен үнемi нәр алып отырады. Халық тәрбиесi– отбасы тәрбиесiнiң негiзгi бастауы. Ұрпақтары бұл тәрбиеден нәр алып, бала бойына сiңiредi.

Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді. 
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.  
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:  
«Ана – үйдің берекесі,  
Бала үйдің – мерекесі.  
Бұтағымен ағаш сымбатты,  
Ұрпағымен адам қымбатты.  
Бала болсаң балғындай бол.  
Айналаңа қорғандай бол» -деген  
қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.  
Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке таңытыды.  
Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам  
бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.  
Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе?  
Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады.  
Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында да: «Нағыз жаылы орын: қылышқа – қынабы , отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл сөз бар.  
Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларныың көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өіне мейрімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат.  
Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – деген халық даналығын ұмытуға ешкімнін хақысы жоқ. Сондықтан, «бала жас, әлі  
ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді», – деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін  
аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды.  
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:  
«Обасы –шағын мемелеке,  
Мен – президент, сен – премьер», дегені бар.  
Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беділі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылмдарынын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.  
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,  
Өнермен қуантады түбінде.  
Бала нені білсе жастан, ұядан –  
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.  
Өнер – білім берем дасең басыннан,  
Бер оқуға балаларды жасынан,  
Жақсы-жаман болса, бала – соларда», – деп  
ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше.  
Отбасынадағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Өйткені, ежелгі Рим философы Горациий айтқандай: «Өмір еңбексіз ештене бермейді.» Сондықтан: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері арасындағы қарым-қаиынаста әдеп-инибат, адалдық пен ақпейілдік үстем бола алады.  
Барлық балаларға, соның ішінде ұл балаға оның қалыпты дамуына анасының да, әкесінің де, яғни екеуінің де маңызды да мәнді тәлім тәрбиесі қажет. Қай отбасында болмасын ана барлық балаларына үнемі жақын болып, өзінің аналық мейірімі мен махаббатына бөлейді. Ал ұл бала үшін әкесі жынысына байланысты жақын және олардың мінезі-құлықтары мен қарым-қатынасында көптеген ұқсастықтар анықталады, сондықтанда ұл баланың қабілеттілігі әкенің ықпалына байланысты деп айтып жататыны осыдан.  
Әке ұлына күшті жыныс өкілі ретінде үлгі болады. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Ер бала ең алдымен әкенің өнегесінен нағыз ер адам қандай болу керектігін қабылдайды. Сондықтанда әке ұлын батылдыққа, батырлыққа, ер жүректікке, адалдыққа, қайраттылықа, ұлтжандылыққа, әйел баласына серілік қарым-қатынас танытуға, отағасы қандай болу керек екендігін өз тәжірибесі арқылы үйретіп, үй еңбегінің аса қиын соғатын істерді өз мойнына алуға талпынуға тәрбиелеуі керек  
Ал ананың міндеті ұлының алдында барлық әйелге тән жақсы қасиеттерді көрсете отырып, өзінің шынайы және шексіз махаббатымен ұлынан да әйел баласы алдында сондай жауапты қасиеттерді көрсетуге шақырады және оның эмоционалды дамуына себепші болады. Ер баланың анасына деген қарым-қатынасы белгілі дәрежеде қыз балалармен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру мәнін игеруге мүмкіндік тудырады, адамдарға қамқорлық жасауға үйретеді, өзінің маңайындағыларға қажетті көмек жасауға ықпал етеді.  
Отбасында жеткіншек ер баланы тәрбиелеу – бұл қарапайым емес маңызды және жауапкершілікті талап ететін үлкен іс. Өйткені осы жастағы ер баланың бойынан шығармашылыққа, өзінің өмірден орнын іздеу сияқты талпыныстарын байқауға болады. Осы тұста ата-ана олардың жан дүниесін түсініп, дер кезінде бағыт-бағдар көрсетсетсе, бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі тапқырлығы болып саналады. Ер бала бойында болып жатқан кез келген өзгерістерді ескеріп, ата-ана баламен жүргізетін тәлімдік, тәрбиелік істерді олардың барлық қырынан зерттей, ішкі «Меніне» әсер ететіндей ешқандай іс-әрекетке бармай, жақын досындай ақыл-кеңес бере отырып жүргізуі қажет. Сонда ғана ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас оң нәтиже береді. Сондықтан да, әрдайым өзіндік педагогикалық білімді толықтырып отыру, басқа да ата-аналардың тәжірибелерінің жағымды жақтарын қолдану, мектеп пен мұғалімдермен бірігіп жұмыс істеуді қолға алу, ата-аналарға арналған өзіндік лекцияларды тыңдау, әдебиеттерді оқу керек. Бір сөзбен айтқанда, егер сіздің балаңыздың өмірде белгілі деңгейде жетістікке жетуін қаласаңыз, жеке тұлға ретінде, маман ретінде ашылуына еңбектендіре отырып, көмек беру қажет. Бұл ата-ана үшін, балалар үшін және қоғам үшін өте тиімді.  
Бүгінгі таңда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете алмай, ұлдарымыз маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп, жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы.  
Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Ойткені: «Балалар – ата-аналар қолына берілген аяулы аманат.» Бұл ғажайып құдайшылдық аңықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің мандайшасына іліп қою тұрарлық. Баланы өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалы шақ, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақытты жағалауын бетке алып, өмір – айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа тенесек, оның қос ескегі – әке мен ана дер едік.   

Информация о работе Тәрбие әдістері