Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 15:07, курсовая работа
Педагогикалық процестің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Мұндай заңдылықтардың бірнеше түрлерін атауға болады.
Оқыту мен тәрбие қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Совет мектебінде бұл заңдылықты іске асыру еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми -техникалық прогреске сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу -материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық прогресс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогика колледжі» КМҚК
Педагогика пәнінен сабақ жоспары
Тақырыбы: Тәрбие ұстанымдары мен заңдылықтары.
Іс-тәжірибе базасы: М.О Әуезов атындағы педагогикалық колледж
Сағат саны: 1 сағат
Күні: 21.03.2014 ж
Уақыты: 2 пар
Топ: 32 «Ә»
Дәрісхана: 11
Машықкер: Актаева Т.А.
Оқытушы: Алканова З.С.
2013-2014 оқу жылы
Технологиялық карта
Тақырыбы: Тәрбие ұстанымдары мен заңдылықтары.
Сабақтың мақсаттары:
2. Студенттерге тәрбиенің принциптерін, заңдылықтарын түсіндіре отырып, адамгершілік, қайырымдылық қасиеттерін тереңдете түсу.
3. Студенттердің танымдық дүниетанымдарын жан-жақты жетілдіру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме, сұрақ жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың жабдықталуы: слайд, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: психология, философия.
Сабақ жоспары:
Сабаққа қатысты әдебиеттер тізімі:
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру)
№1
Тәрбие әлеуметтік құбылыс |
Ішкі |
Сыртқы |
Қарама-қайшылықтар | ||
|
______________________________
№2
______________________________
ІІІ. (Жаңа сабақты түсіндіру.)
Жаңа тақырыптың жоспары:
Педагогикалық процестің
заңдылықтары оның тұтастығын
дәлелдейді. Мұндай заңдылықтардың
бірнеше түрлерін атауға болады
Оқыту мен тәрбие қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Совет мектебінде бұл заңдылықты іске асыру еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми -техникалық прогреске сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу -материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық прогресс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.
Тәрбиенің, оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ал бала дамуының «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозалысқа келтіреді. «Ең таяу даму зонасы» одан әрі «ақтуальды даму зонасына» көшуі тиіс яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.
Оқытусыз тәрбиені іске асыруға болмайды, себебі адам баласы белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана өмірге игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзінің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы ұйымдастыруға болмайды.
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің рөлі өте зор. Іс - әрекеттің барысында белсенділіліктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым - қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін - өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Қарым-қатынас белсенділігі арқылы бала жолдастармен, кейбір адамдарымен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойында адамгершілік қасиеттері (қамқорлық, қайырымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады.
Тәрбие және оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңиді, тереңдейді. Мысалы, оқыту процесінде баланың ақыл ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтың жауаптарын табады.
Жеке адамның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан ішкі факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық сөздермен ережелермен толтырылған сауыт емес, ол шырақ, оны өзін-өзі тәрбилеудің аса мейірімділік ынтықтығымен тұтандыру керек. Демек, жеткіншектер тек айналадағы дүниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тірбие обьектісі, ал екінші жағынан тәрбие субьектісі болады.
Тәрбие мен оқыту іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші рөлі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты. Іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-әрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиды, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады.
Іс- әрекетінің процесінде қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-өатынас – бұл адамдардың өзара әрекетесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлуметтік өмір құбылысы, ол информациялық, нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады.
Қарым-қатынас оқушыларды адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, айналадағы орта туралы, мол информациялармен байытып, ой-өрісін дамытады.
Қарым-қатынас нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ, оқушылардың қарым-қатынас белгісі нормалар жинағымен реттеледі. Ол нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық нормалардың көзі – идеология, қоғамның әлеуметік –саяси және экономикалық практикасы.
Қарым-қатынас таным процесі. Таным және қарым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.
Педагогикалық процесте оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу. Жас ерекшеліктері мынадай жағдайда еске алынады.
а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын т.б. жасағанда;
ә) организмнің дене және психикалық дамуына байланысты;
б) оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы жұмыстардың процесінде,
Жеке адамның дербес ерекшеліктері:
а) темперамент, оның типтері (сангвинник, флегматик, холерик, меланхолик)
ә) мінез жеке адамның өзіне, өмір сүрген ортасына қатынасын білдіретін негізгі психикалық сипаттар;
б) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер. Қабілет – адамның түрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.
Білім беру және тәрбие жұмыстары жеке адамның жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылады.
Педагогикалық процесте коллектив пен жеке адамның өзара байланысы. Жеке адамды қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады. Ұжымсыз жеке адам дамымайды, азғындайды, кері кетеді.
Совет ғалымдары Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский коллективті қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасайды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас- коллективтің даму процесі. Педагогикалық процесте коллективтің басты борышы - әрбір адамның түгеп өсуіне қамқоршы болуы тиіс. Тәрбиенің ерекшелігі, оның коллективті бағытта іске асырылуынада, өйкені тәрбие екі жақты, бір текті процесс.
Міне, осы тұрғыдан жаңашыл мұғалімдердің тәрбиешілермен балалардың бірлесуі іс-әрекетінің идеясы творчестоволық ынтымақтастықтың шешуші шарттарының бірі болады.
Педагогикалық процестің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының және әдістерінің өзара байланыс заңдылықтары. Педагогикалық процестің, барлық элементтерінің мақсаттары және міндеттері, яғни олардың мұғалімнің, тәрбиешінің және тәрбиеленушілердің жұмысшыларының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтайды.
Бұл заңдылықтар:
а) оқыту мен тәрбиенің мазмұны қоғамның мақсаттарын және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты:
ә) оқыту мен тәрбиенің формалары, оларды ұйымдастырып, өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты:
б) оқыту мен тәрбиенің әдістері, олардың мақсаттарымен анықталады.
Егер педагогикалық процестің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылығы ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді.
Тұтас педагогикалық процестің принциптері
Тұтас педагогикалық принциптің заңдылықтары оқыту мен тәрбие принциптерінде бейнеленеді. Принцип латын сөзі – негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді.
Оқыту мен тәрбиеге қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін педагогикалық процестің принциптері деп атайды. Педагогикалық процестің бірнеше принциптерін атауға болады.
Педагогикалық процестің мақсаттылық принципі. Әрбір сабаққа немесе тәрбие ісіне дайындалу үшін ең алдымен олардың мақсаттарымен мен міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған жөн. Мақсатсыз сабақ, мақсатсыз тәрбие жұмысы жақсы нәтиже береді. Өйткені оқыту мен тәрбиенің әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың жеке коллективтің ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту мен тәрбие жұмыстарының формаларының, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғаліммен оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
Мектептің өмірмен байланыс принципі. Мектеп қарқында өмірден, қоғамның прогресшіл өзгерісінен қол үзбей, тәрбие мен білім беру ісін жүзеге асыруы тиіс. Мектеп өмірмен байланысы оқыту мен тәрбие процесін, айналаны қоршаған дүниені оқушылардың терең түсінуіне тікелей әсер етеді.
Теория мен практиканың бірлігі, тәрбие мен оқытудың қоғамдық мұқтаждықпен алдын ала келісуі, революцияшыл қайта құру кезеңінде қоғам өмірінің барлық салаларына мектептің қатысуының қажеттілігі жайында осындай байланыс маркстік-лениндік ілім тұрғысынан қарастырғаны жөн. Мектеп жаңа қоғамның экономикалық-әлеуметтік және рухани қатынасына, яғни өзара байланысына сүйенеді. Осының негізінде жеке адамның көзқарасы қалыптасады, өзіне және қоршаған айналаға жауапкершілікпен қарайды.
Байланыс принципі еліміздің шетелдердің өмірімен, оларда болып жатқан түрлі оқиғалармен таныстырып отыруды талап етеді. Атап айтқанда:
Бұлардың үлкен тәрбиелік мәні бар: біріншіден, халықаралық жағдай жайында оқушылардың адамгеншілік сезімі, саяси ұғымы артады; екіншіден, мұндай мәселелер оқушыларды толғандырады, зерттеу жұмысымен айналысады, ересек адамдармен және коллективтермен қарым-қатынас жасайды, олардан үлгі алады.