Тәрбие ұстанымдары мен заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 15:07, курсовая работа

Описание работы

Педагогикалық процестің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Мұндай заңдылықтардың бірнеше түрлерін атауға болады.
Оқыту мен тәрбие қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Совет мектебінде бұл заңдылықты іске асыру еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми -техникалық прогреске сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу -материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық прогресс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.

Файлы: 1 файл

пед 2.docx

— 60.31 Кб (Скачать файл)

Тәрбие барысында мұғалімнің, мектептің, отбасының және қоғамдық мекемелердің педагогикалық ұмтылыстарының бірлігі мен келісімі қажет.

Мектептегі оқу жұмысы да, оушылардағы жеке адамдық сапаларды тәрбиелеу де осы заңдылықтарынды ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Тәрбие принциптері.

Тәрбие процесінің принциптері (тәрбие принцип бұл процесінің мазмұнына, әдістеріне оны қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын ережелері. Олар тәрбие процесінің өзіндік ерекше. Педагогикалық процестің жалпы принциптерінен нақты тәрбие принциптерінің өзгешелігі – мәндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ екендігінде жатыр.

Тәрбие принциптері – дайын нұсқау емес, тіпті олар ұстану арқылы жоғары нәтижеге – автоматты түрде жеткізе салатын әмбебап ережелер де емес. Олар тәрбиеге қажет арнайы білімдерді, тұлға тәжірибесін, шеберлігін алмастыра алмайды. Тәрбие принциптерінің талаптары баршаға бірдей болса да, олардың практика жүзінде іске асырылуы тұлғалық шарттарға байланысты болады.

Тәрбие процесі сүйенетін принциптер белгілі жүйені құрайды. Тәрбие жүйелерінің түрлері бұрын да, қазір де көптеп саналады.

Принциптер:

  • Тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы;
  • Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы;
  • Тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу;
  • Тәрбие гуманизациясы;
  • Тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;
  • Тәрбиелік ықпалдардың бірлігі.

       Тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы. Тәрбие мемлекеттік, құрылыстың, ондағы өкімет билігі мен мекемелерінің қуатына арқа сүйеп, сонымен бірге мемлекетте қабылданған және жүргізіліп жатқан саясат. Ата заң мен заңдар негіздегі азаматтық және әлеуметтік сапалардың қалыптасуына бағытталады. Бұл принцип педагог іс-әрекетін мемлекеттік тәрбие стратегиясына сәйкес өскелең ұрпақ тәрбиелеу міндеттеріне бағындыруды көздейді және тәрибеші іс-әрекетін қажетті тұлға типін қалыптастыруға бағыттайды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істегендіктен тәрбиеші тәрбие саласы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайды.

  • Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы көптеген тәрбие жүйелерінің негізгі принципі болып табылады. Ол тәрбиешілердің мынадай екі бағыттағы белсенді іс-әрекетін талап етеді:1) тәрбиеленушілерді адамдардың қоғамдық өмірі мен  еңбегімен қолма-қол әрі кең таныстырып, жалпы тұрмыста болып жатқан әлеуметтік өзгерістерді мезетінде түсіндіріп беру.

2) тәрбиеленушілерді шынайы  өмірлік қатынастарға, әртүрлі қоғамдық  пайдалы еңбектерге араластыру.

Тәрбиенің өмірмен байланысты болу принципін дұрыс іске асыру педаготан төмендегі бірліктерді қамтамасыз етуін талап етеді:

Оқушылардың қоғам өмірі мен әрбір адам үшін еңбектің рөлін, азаматтардың үздіксіз толастаған сұраныстарын қанағаттандыруүшін қоғамның экономикалық базасының мәнін түсіндіру.

Материалды және рухани байлықтар менқұндылықтарды жасайтын еңбек адамдарына сый-құрмет жасау.

Көп және табысты еңбек ету ептіліктерін дамыту, өзі үшін және қоғам пайдасына орай жауапкершілік және шығармашылықпен еңбектенуге ниеттендіру.

Қазіргі өндірістің жалпы негіздерін түсіну, политехниукалық білімдерін кеңейтуге талпыну, еңбект ғылыми ұйымдастыру негіздерін және жалпы мәдениетті меңгеруге бағыт беру.

Еңбек іс-әрекетінде жеке және қоғамдық нанымдарды үйлестіру мен міндеттерін  және шаруашылық қажеттілігіне сәйкес мамандық таңдай білуге баулу.

Қоғамдық мүлік пен табиғат байлықтарына күтімді қарау, өз еңбегі арқылы қоғамдық меншікті көбейтуге талпыну ниетін қалыптастыру.

Жауапсыздыққа, шаруасыздыққа, еңбеу тәртібін бұзушылыққа, жайбарақаттыққа, енжарлық пен іссіздікке сергелдеңдікке төтеп беріп, қоғамдық меншікті және табиғат байлығын талан-таражға түсіруге ымырасыз болуға тәрбиелеу.

Еңбекпен, өмірмен байланысқан тәрбие келесі ережелерді ұстану арқылы іске асырылады:

  1. Оқушылардың әлеуметтік және еңбектік тәрбиесіндегі абстрактілік пен логматизмді шегеріп, оларды нақты және ерен ңс-әрекетке кірістіру. Сабақта және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында көзделген талаптарды орындау принципінің бағдарламасы болуы шарт.
  2. Тәрбиеші өз әрекеттерін отбапсы мүддесімен келістіре отырып, әрбір тәрбиеленушіге қоғамдық өндіріске негізгі тигізер пайдасы оның оқу еңбегі, отбасы мен мектептегі көмегі екендігін түсіндіреді. Жасөспірімдердің өндірістік ұжымға, шаруашылық есептегі бригадаларға бірігіп демалыс кездерінде еңбек етулерін қолдап, қуаттау керек.
  3. Балалар әдетте іс-әрекет жасауға құлшыныс білдіріп тұрады. Енжарлық, іссіздік дегендер бала табиғатына жат нәрселер. Осыны ескермеген тәрбиеші тұлғаның әлеуметтену процесін бұзып, оның дамуын бәсеңдетеді.
  4. Бұл принципті іске асыру сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарда жергілікті өлкелік материалдарды кеңінен пайдалануды талап етеді.
  5. Оқушылар үлкендермен бірдеймаңызды өмірлік мәселелерді шешуге қатыса отырып, өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйренеді, сонымен бірге оларда азаматтық сапалар шапшаң әрі табысты қалыптаса бастайды.
  6. Елдің әлеуметтік өмірі мен шаруашылығындағы өзгерістерге сәйкес тәрбиенің өмірмен байланысы принципінің  табысты іске асырылуы тәрбие мазмұнын, ұйымдастырылуы және әдістемесін үнемі қайта қарап, жаңартып отыру міндетті іс.
  7. Тәрбие процесінде балалар өз еңбегінің қоғамға, адамдарға қажет екендігін сезініп, одан қанағат ләззатын алуы қажет.

Ұнамды өнеге-үлгіге арқа сүйеу

Өнеге-үлгіге арқа сүйеу принципінің талаптарының бәрі қарапайым болып келеді. Олар мыналар: педагогтар адамдағы жақсы қасиеттерді анықтауға міндетті, соларға сүйене отырып, әлі толық қалыптастаған немесе кері бағыттағы қасиеттердң үнмі дамытып, оларды өажетті деңгей мен жан-жақты үйлесімге жеткізуі қажет.

Тәрбиеші іс-әрекетінің табысты болып, жылдам әрі нәтижелі болуы үшін принциптерді іске асыру ережелерін басшылыққа алу керек.

Тәрбие процесіндегі келіспеушілік, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара ой-пікір тайталасы  мен көзқарастарының үйлесімсіздігінен туындайды. Тек бірлесіп жұмыс істеу, шыдамдылық, тәрбиешінің тәрбиеленуші тағдырына қызығушылықпен қатысуы жақсы нәтижелер береді.

Оқуышының қателіктері мен қылығындағы кемшіліктеріне ғана мән беру де дұрыс емес. Тәрбиенің басты парызы, керісінше, жақсы қасиетерді анықтап, оларды қолдау. Кері қасиетті айыптау және түзету керек. Ең негізгісі – алдымен қажетті оң қасиеттерді дұрыс танып және олардың дамуына жол ашу.

       Тәрбиелеушілердің  қызығушылықтарына (танымдық, эстетикалық, табиғатқа, жан-жануарларға деген  сүйіспеншілік және т.б.) сүйену  педагогикалық жағынан әрқашан  ұтымды нәтижеге жетудің кепілі. Осылардың көмегі арқылы еңбек, адамгершілік және эстетикалық  тәрбиенің көптеген міндеттерін  шешуге болады. Жақсы нәрсеге  сүйену принципі тәрбие процесінде  жетекші әрекетті таңдап алумен  де байланысты. Осы әрекеті әрбір  нақты жағдайға үйлестіре білу- тәрбиешінің міндеті.

Өнеге үлгіге сүйенудің тағы бір жағы бар, оны ұнамды тәрбиелік жағдай жасау құралы  ретінде пайдалануға болады. Бұл тәрбиелеушілердің өмірлік іс-әрекеті және тәрбиелік қатынас жасау стилі, тіпті оқу-тәрбие мекемелерінің «рухы». Әрқайсысы өз ісімен шұғылданып, бір-біріне ешкім кедергі жасамайтын  тыныш, іскерлік жағдайында да, сенімді әрі ерікті ілгері жылжуға ықпал ететін еңбек пен демалысты жоғары, дәрежеде ұйымдастырумен әрбір ұсақ бөлшегіне дейін ойластырылған оқу орнының тәрбиелік мәнінде, бірлескен әрекет сезілген жерде өнімді табыс мотиватцаларының болмауы мүмкін емес.

Кемшіліктерін бетіне баса бергенде тәрбиеленушілердің өз-өзіне, күші мен мүмкіншіліктеріне деген сенімі азаяды. Тәжірибелі тәрбиешілер осыны сезіп, баланы мақтап –мадақтауды, оның алдағы болатын жақсы қасиеттеріне күні бұрын қолдау береді. Келешек әрекет- қылықтардың жобасын жасап, тәрбиеленушілердің табысты нәтижелерін тірегі болып, көмек көрсетеді.

Тәрбие гуманизациясы.

Жақсы өнегеге сүйену принципіне тағы бір маңызды принцип жанасады – ол гуманизация. Бұл принциптің талаптары: тәрбиеленуші тұлғасына адамилық тұрғысынан қарау; оның құқықтары мен тәуелсіздігін сыйлау: тәрбиеленушіге саналы ойластырылған талаптар қою; қойылған талаптарды орындаудан тартқан кезде де оның ұстанымын құрметтеу; адамның өзімен -өзі болу құқығын қолдау; тәрбиеленушінің санасына тәрбиенің нақты мақсатын жеткізу; қажетті сапалардың қиналыссыз, зорлықсыз қалыптасуы; тұлғаның қадір қасиетін төмендететін дене және басқа да жазалаудан бас тарту; тұлғаның нанымдарына қандай да бір себептермен қайшы келетін қасиеттерді қалыптастырудан аулақболу құқығын мойындау ( гуманитарлық, діни сенімдер және т.б.)

ЮНЕСКО қабылдаған «Адам құқығы декларасиясының» бірінші  бабында былай деп жазылған: «Барлық адамдар өз қадірін мен құқығы бойынша ерікті және тең». Олардың өзіндік санасы мен нанымы бар және олар бір-бірімен қарым-қатынаста болуы керек. Тәрбиелеушілерді бас июші емес, тәуелсіз адамдар санатында танып, тәрбиеші күш билігін пайдаланбай, шәкірттер төбесіне тұрмай, олардың болашағын үшін жас әулетпен бірлікті күресуі қажет.

Тәрбиеге тұлғалық бағыт беру.

Тәрбиелеу процесінде тәрбиеленушілердің жеке міндеттемесі мен мүмкіншіліктерін есепке алу маңызды жұмыс болып табылады. Тұлғалық сапаларға сүйену тәрбиенің өте маңызды сипаттамаларының бірі, яғни тұлғаның бағыттылығы мен оның құндылықтар таңдауын ескере білу. Тұлға бағыты оның өмірлік жоспарларын, қалыптасқан өміржолдарын, іс-әрекетін және қылығын басқарушы мотивтерін білдіреді.

Тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау принципі тәрбиешіден мына міндеттерді орындауды талап етеді: өз тәрбиеленушілерінің жеке терперамент ерекшеліктерін, мінез бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, әдеттерін қырағы танып, жақсы білу: ойлау бейімі, тұлғаның бағыттылық мотивтері, қызығушылықтары, өмірге, еңбек етуге көзқарасы, құндылықтар пайымы, өмірлік жоспарлары т.б. сияқты аса маңызды сапалардың қалыптасу деңгейінің қаншалықты болғанын және болатынын анықтай білу. Тұлға дамытуды әсерлі біртіндеп  күрделендіре отырып тәрбиелік әрекеттерге әрбір тәрбиеленушіні тарту, дер кезінде мақсатқа жетуге кедергі болатын себептерді анықтап, олардан арылу, егер дер  кезінде сезіп, жою мүмкіндігі болмаса, онда жаңа туындаған жағдайларға байланысты  тәрбие тактикасын ауыстыра білу. Тұлғаның өз белсенділігіне көбірек сүйену. Тәрбиенің тұлғаның өзіндік тәрбиесімен байланыстырып, өзіндік тәрбиенің мақсат, әдіс, формаларын таңдауға көмектесу. Тәрбиеленушінің өзіндік іс-әрекетін, белсенділігін, дербестігін дамытып, оған жетекшілік етіп, ұйымдастыра табысқа жетуге бағыттау.

Бұл талаптардың бірлікті түрде іске асырылуы жас және жеке ерекшеліктеріне үстірт қарамай, процестердің тереңнен дамуына, себеп -салдарлы қатынас заңдылықтарына сүйенуге тәрбиешіні міндеттейді.

Тәрбиені тұлғалық тұрғыдан жүргізген кезде жас және жеке ерекшеліктерді есепке алу жаңа бағыт алады.

Адамгершілік, әлеуметтік сапаларды қалыптастырудың ең ыңғайлы мүмкіндіктері бастауыш мектеп жасында болады. Неғұрлым жасы кіші болса, соғұрлым тәрбие ықпалдарын нақты қабылдап, бала өз тәрбиешісіне көбірек сенеді, оның беделіне сөзсіз бағынады. Сондықтан кіші мектеп жасында және ерте жеткіншек жаста жағымды әдеттерді тәрбиелеуге, балаларды еңбекке, тәртіпке, қоғамдық іс-әрекеттерге үйрену жеңіл болады. Ересек жеткіншектер болса, пайдалы еңбектің тура, ашық міндеттерін қалайды, оларды орындауда белсенділік танытуға құмар келеді. Дегенмен де,  бұл белсенділік, талпыныстар педагогтар тарапынан өте жақсы ұйымдастырылуы қажет.

Тәрбиенің болашақ нәтижелерін жобалағанда тәрбиеленушілердің мүмкіншілік пәрмендерінің кейбір сапаларды  қалыптастыруда азаятынын, жасына байланысты жүйке жүйесінің нәзіктігін, сыртқы әсерлерге психологиялық қарсылықтың көбейетінін, сензитивті кезең қажеттіліктерін өзгеруін естен шығармаған жөн. Тәрбиеші сүйенетін оқушының жеке ерекшеліктерінің олардың қабылдау, ойлау, есте мақтау, сөйлеу, темперамент, ерік бітірістерін атауға болады. Бұл және да ерекшеліктерді айыра тану тәрбиелеуде қиынға соқас тәрбиеші табысқа жетуді ниет қылса, қосымша уақытын, жігерін, құралдарын пайдаланып, тұлғалық сапаларды және нақты танып-білуге ынта - ықыласты болуы шарт.

Тәрбиеші қазіргі заманғы оқушылардың білімі жоғарлылығын ескере отырып, өзі де жан-жақты отыруы керек, яғни өз мамандығын төңірегіндегіні біліп қоймай, санымен қоса саясат, өнер, мәдениет білімдерді жинақтап, өз тәрбиеленушілеріне адамгершіліктің жоғарғы үлгісі ретінде, адамдық қадір-қасиетің, құндылықтың таратушысы ретінде танылуы тиіс.

Балалық  және жеткіншек жастағы тұлғалық сапалардың жылдам қарқынымен қалыптасуы  озық әрекет етуді, тәрбиеленушіден даму желісіндегі тәрбие мазмұны мен оның ұйымдастырылуы, әдістері және формалары арасында қайшылық туындамай тұрғанда, жағымсыз әдеттер баланың жан дүниесіне орнығып  қалмай тұрып, алдын-ала қимылдауды қауырт талап етеді. Әйтсе де, талаптарды күшейте отырып, тәрбие ықпалдары бағытталған тәрбиеленушілердің шама-шарқын ескерген абзал. Қиын талаптар баланың өз күшіне сенімін азайтып, көңілдерін қалдырады, тіпті ең қауіптісі, сол талаптарды үстірт орындауға итермелейді. Әдетте, мұндай жағдайда жартылай істелінген іске қанағат тұту әдеті қалыптасып қалуы мүмкін.

Тәрбиешілер әсіресе, тұлғаның негізгі сапаларына, яғни олардың құндылықтарды таңдау бағытына, іс-әрекет жасаудың және қылық қалыптастырудың өмірлік процесті тұлғалық және қоғамдық қажеттерді  қанағаттандыруға бағдарлайды.

Кейбір тәрбиешілер нақты тәрбиені тек «қиын» оқушылар мен тәртіп бұзушыларға қатысты деп ойлайды. Сөз жоқ, мұндай тәрбиелеушілер көбірек бақылауды керек. Бірақ «жағдайы жақсы» оқушыларға да мойын бұру керек. Сырттай жақсы көріністің көлеңкесінде жаман пиғылды ойлар, мотивтер, әрекеттер де жасырынып жатуы мүмкін. Бұған ешкімді еш уақытта кінәлауға болмайды бірақ барлық оқушыларға теңдей көңіл бөлу керек.

Тұлғаның сыртқы көрініс, әрекеттерінен оның ішкі мінез - құлқын түсіну өте қиын, осыдан тәрбие мақсаты әрқашан іске аса бермейді. Тәрбиешіге тәрбиеленушінің өзі көмектесуі қажет. Тәрбиеленушіні дос, көмекші, одақтас етіңіз. Бұл түпкілікті сапаларды түсініп, болжаудың ең қысқа, анық жолы болып табылады.

Информация о работе Тәрбие ұстанымдары мен заңдылықтары