Тәрбие ұстанымдары мен заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 15:07, курсовая работа

Описание работы

Педагогикалық процестің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Мұндай заңдылықтардың бірнеше түрлерін атауға болады.
Оқыту мен тәрбие қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Совет мектебінде бұл заңдылықты іске асыру еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми -техникалық прогреске сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу -материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық прогресс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.

Файлы: 1 файл

пед 2.docx

— 60.31 Кб (Скачать файл)

Тәрбиелік ықпалдар бірлігі.

Бұл принцип келешек ұрпақ тәрбиесіндегі мектеп отбасы және қоғамдық орындар талпыныстарын реттеу принципі  деп те аталады. Бұл принцип тәрбиеге қатысы бар барлық адамдардың педагогикалық әрекетерді өзара хабарласа, бірлесе толықтырып және дамытып баруын талап етеді. Егер тәрбие ықпалдарын іске асыру бірлігі келісілмей керісінше, қайшы келсе,онда табысқа жету қиынға соғады. Ықпалдар келісімі болмаған жағдайда тәрбиеленуші үлкен психикалық ауыртпашылық тартады, өйткені кімге сенерін білмей, кімнің соңынан еретін түсінбей, ықпалдар ішінен дұрысын анықтай алмай, ол дал болады. Баланы әрқилы деңгейдегі тәрбие ықпалдарының қайшылығынан құтқарып, тұлғаға болған педагогикалық әсерлерді арттырып бару – осы тәрбиелік ықпалдар бірлігі принципінің талабы.

Бұл принципті негізге алудан тәрбиеші барлық ықапл етуші талаптар жұмыстарын қамтып, баруға мүмкіндік алады.

  1. Тәрбиеленуші тұлғасы жанұя, жолдас-жоралар, ересектер, қоғамдық ұйымдар, оқушылар ұжымдары әсерлерінен қалыптасады. Осы ықпалдар ішінде сынып ұжымы мен тәрбиеші беделі ерекше рөлге ие. Тәрбиеші мен тәрбиеленушілер тарапынан қойылған талаптар бірлікте болып, бір-біріне қайшы келмеуі аса маңызды. 
  2. Тұлға қалыптастыруда обасы өте ауқымды қызмет  атқарады. Ата – ананың өз баласындағы жекелік қасиеттерді ,,, отбасы ықпалдарының көптүрлілігі мен қайталанбауы басқа педагогикалық әсерлерден ерекше келеді. Шынына келсек, адамның отбасындағы тәрбиесі түбегейлі болады. ,,,, отбасымен байланыс құру және оны дамыту барлық тәрбие міндеттерін шешуде басты рөл атқарады.
  3. Тәрбиешінің өзі жоғары инабаттылық тәрбие ,,,, көрсете білуі шарт. Педагогтар мен ата-аналар балаларға қандай қажет сана бергісі келсе, соларды алдымен өз бойында қалыптастыруы тиіс.
  4. Тәрбиеде тәрбиеші мен ата-ана арасындағы келіспеушіліктер де аз емес. Кейде ата-ана педагог талаптарын жоққа шығарып, балаларын шектен тыс еркелетеді. Мұндай келіспеушілікті жою үшін екі тараптың датәрбие талпыныстары өзара үйлесімге келгені жөн.
  5. Кейде тәрбиешінің ұжым, қоғамдық орындардың пікірлерімен келіспей, басқа тәрбиешілердің әрекеттерінойнайтын кездері де кездеседі.
  6. Ықпалдар бірлігі принципінің практика жүзінде іске асырылуы сабақта және одан тыс кезде де тәрбиенің біртұтас жүйесіне байланысты.
  7. Тәрбие ықпалдарының бірлігіне жету тәсілі – бұл тәрбие процесіне қатысты ересектердің, әлеуметтік мекемелер талпыныстарын реттеп бару қызметі.

 

3) Педагогикалық құбылыс  пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды.

  1. Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланысты.
  2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту-тұлғаны қалыптастырудың құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі мен әдісі тәрбиеленушілердің даму дәрежесіне байланысты іріктеледі.
  3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады.

Таным белсенділігі – заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді.

Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі – тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді.

  1. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.

Ұжымның басты борышы – әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу.

Принцип дегеніміз – адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі.

  1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

  1. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы  тәрбиелеу – балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтық өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.
  2. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.
  3. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі. Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі – тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы.
  4. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу. Оқушылардың жеке ерекшелігі – денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы.
  5. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу – тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі – ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, әлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі – тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.
  6. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау. Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының жәнеқоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет етеді.
  7. Өзін-өзі тәрбиелеуде көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі – бойындағы берекесіздіктен, екіншісі – дөрекіліктен, үшіншілері – тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді.

Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру – өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері.

Өзін – өзі тәрбиелеу әдістері:

Жеке міндеттеме – белгілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзін-өзі қызмет көрсету.

Өзіндік есеп беру- қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы.

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:

Өзін-өзі сендіру

Өзін-өзі сынау

Өзін-өзі тәрбиелеу

Өзін-өзі жазалау

Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді.

Дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу.

Өзін ойша өзгенің орнына қою арқылы өзгемен санаса білудің үлкен тәрбиелік мәні бар.

     Алдына қойған  міндетті орындау, ауытқымау.



 

Өз іс-қылығына талдау жасау – өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы.

Өзін-өзі бақылау – кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу.

Өзіне баға беру – мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзі тәрбиеленуі.

К.Д. Ушинский жасаған өзін-өзі тәрбиелеу ережелері:

  • Өте сабырлылық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау.
  • Турашылдық.
  • Ойлы әрекет.
  • Шешімділік.
  • Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу.
  • Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол.
  • Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма.
  • Бітірген ісіңе еш уақытта мақтанба.
  • Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр.
  • Бұл журналды ешкімге көрсетуші болма.

 

Қайта тәрбиелеу

Қайта ұғындыру

Қайта оқыту

Тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру.

Бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қарусыз қалған оқушылар бойындағы қате көзқарастарын өзгерту әдісі

Бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі.


 

 

 

 

 

 

 

 

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Ұғымдармен  жұмыс:

 

Ұғымдар

Анықтамасы

Тәрбие

 

Принцип

 

Заңдылық

 

Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі.

 

Педагогикалық процестің мақсаттылық принципі.

 

Өзін-өзі сендіру

 

Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу.

 

 

2.  «Ортада қаламсап» стратегиясы

 

Егер сіз автор болсаңыз, қандай тәрбие ұстанымдарын ұсынар едіңіз?

 

                           Автордың аты-жөні ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

V. Қорытындылау.

«Сен – маған, мен - саған» арқылы студенттер бір-біріне сұрақ қояды.

Рефлексия:

1) Сендерге бүгінгі сабақ  ұнады ма?

2) Ұнаса несімен ұнады?

3) Сабақтың қызықты әрі  тартымды өтуі неге байланысты?

4) Сабақтың қай кезеңі  сен үшін қызықты болды?

 

VI. Бағалау Оқушылар білімі үй тапсырмасы бойынша және сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар білімі бағаланады.

 

VIІ. Үйге тапсырма беру.

« Тәрбие  заңдылықтарын қолдану керек пе?» шағын эссе жазу.

 

 

 

 


Информация о работе Тәрбие ұстанымдары мен заңдылықтары