Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 15:07, курсовая работа
Педагогикалық процестің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Мұндай заңдылықтардың бірнеше түрлерін атауға болады.
Оқыту мен тәрбие қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Совет мектебінде бұл заңдылықты іске асыру еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми -техникалық прогреске сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу -материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық прогресс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.
Оқыту мен тәрбие процесінде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы жөніндегі технологиялық принципті, ғылыми ұғымдармен заңдарды, политехникалық білімді оқушылардың терең ұғынуы қажет. Бұл үшін өндірістік экскурцияларды пайдалану, жаңашылдармен инженер-техник қызметкерлерімен, өндірісте жұмыс процесіне ұтымды үлес қосушылармен кездесу, оқыту тәрбие жұмысының барыснда өндірістік мазмұнды түрлі есептер шығару шәкірттердің жан-жақты дамуына болымды әсер етеді.
Оқыту мен тәрбиені өнімді еңбекпен байланыстыруда оқушылардың өндіріс цехтарында, мектеп заводтарында, оқушылардың оқу - өндірістік комбиннаттарында, оқушылардың өндірістік бригадаларында, оқушылардың орманшыларында т.б. ұйымдастырылатын іс-әрекеттердің өндірістік және тәрбиелік мәні өте зор.
Оқыту мен тәрбиенің ғылымилық принципі. Бұл принцип табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Ғылымилық принцип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды және тәрбие жұмысының бағдарламаларын жасағанда еске алынып, оқу - тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Ғылымдық принцип оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгеншілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.
К.Д.Ушинскийдің аййтуы бойынша, тәрбиелей отырып оқыту - бұл әлі дамытып оқыту, яғни баланың байқағыштығының, ойының тілінің, есінің, қиалының дамуы, баланы еңбекке, өмірге дайындалу. Тәрбиелей отырып, оөыту ғылыми ережелер және теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сеніміне ұласуымен сипатталады. Тәрбиелей отырып оқыту оқушылардың моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етеді.
Оқыта отырып тәрбиелеу - бұл баланы өмірге, білімге қатысты, ақыл -ойының қабілеттілігі, адамгеншілік қасиеттерінің қалыптасуы.
Сонымен, білім беру
тәрбие оқытудың бірыңғай
Түсініктілік принципі. Түсініктілік принципі оқыту мен тәрбиені оқушылардың дайындық дәрежесіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Сонымен бірге оқушыларға тапсырма «ең таяу даму зонасына» сәйкес берілуі тиіс, яғни тапсырманы мұғалімнің басшылығымен терең ойлап орындауды оқушылардан талап ету керек. Егер тапсырма аса ауыр болса, онда оқушылардың ықпалы төмендейді, сенімі кетеді, күшіне зиян келеді. Түсініктілік принципін тәрбие процесінде де тиімді етіп пайдалану керек. Кейде кластан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мазмұны, оқушылар үшін өте қиын болса, тәрбиенің сапасы сөзсіз төмендейді. Оқыту мен тәрбие процесінде балалардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, олардың тәрбиелілік дәрежесін мен кәмелеттік жетілуін зерттеу алдын ала қарастырылады.
Түсініктілік принципімен оқыту мен тәрбиенің ерекшеліктері туады. Мысалы.
Тұтас педагогикалық процесс жүйелі түрде оқу шылардың дамуын қамтамасыз етуге тиіс.
Жүйелілік және бірізділік принципі. Оқыту процесінде оқу бағдарламаларымен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынаша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен, белгіленеді. Жүйелі0лік және бірізділік принципі оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге (сабақ үстінде, үйде кітаппен, лабораторияда, шеберханаларда т.б.) сонымен бірге балалардың білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отырада, оларды күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге де үйретеді.
Бұл приницип жалпы пәндерді оқыту жүйесінде де қолданылады. Мысалы, көркем әдебиет пәндері бойынша бастауыш кластарында жай мақалалар мен әңгімелер оқытылса, жоғарғы кластарда әдебиет шығармалары, әдебиет тарихы өтіледі.
Тәрбие саласында жүргізілетін түрлі тәрбиелік шаралар бір-бірімен сабақтас болуы тиіс. Жаңадан өткізілетін тәрбие жұмысының мазмұны өткізілетін тәрбиелік шаралардың логикалық жалғасы болуы қажет. Демек, өткізілген тәрбие жұмысының мазмұны онан әрі қарай да дамып, тиісті сатыға көтеріледі. Сонда ғана жүйелілік және бірізділік принципі жүзеге асырылады.
Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері де еске алынады. Төменгі класс оқушылары мораль жайында кейбір жай ұғымдарды біле бермейді. Бұл жағдайда олармен түрлі тақырыпқа әңгіме өткізу түсінікті де, тиімді де болады. Жоғары класс оқушылары адамгершілік норма жайындағы бір сыпыра ұғымдарды жеткілікті біледі. Сондықтан олармен диспут өткізу тиімді.
Саналылық пен белсенділік принципі. Саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмір және практикамен байланысын тереңдету, оқылатын фактілер мен құбылыстардың мәніне түсіну болады.
Сабақ үстінде немесе кластан тыс тәрбие жұмысының барысында берілген тапсырмаларды оқушылардың саналылықпен орындалуы олардың белсенділігін арттырады. Әрбір іс-әрекетін орындалуға оқушылар оның теориялық және практикалық мәніне терең үңілу қажет. Мысалы 1. Тіл сабақтарында грамматикалық ерекшеліктерді теория - тұрғысынан терең ұғыну қажет болса, ал сөйлемдерді сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне ажырата білу оқушылардың іскерлік пен дағдыны саналықпен игеруін көрсетеді. 2. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің теориясын жете түсінуімен қатар, оларды қалай өсірудің практикалық тәсілдерін шәкірттер жақсы білуі қажет.
Оқушылардың дүние танымын тереңдетуге, белсенділік сенімін айтуға ғылыми-техникалық прогресс кезіндегі оқыту мен тәрбиенің жаңа прогресшіл әдістері мен формалары ықпал жасайды. Сонымен бірге саналылық және белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттердің бірлесіп істейтін творчестовлық жұмыстары да игі әсер етеді.
Жеке адамның саналылық және белсенділік принципі сана мен мінез құлықтың бірлігіне әкелуі тиіс. Тәрбие процесінде оқушылар санасы мен мінез-құлқының арасында кейбір қайшылықтар болады. Олар – сөз бен іс аралығында алшақтық, іс жүзінде этикалық нормаларды ережелерді оқушылардың ұғуы т.б. Мысалы, кейбір оқушылар патриоттіқ тақырыпты шығармалар жазады, этиканы жақсы біледі, адамдардың теріс қылықтарын, мінездерін бағалай біледі, бірақ олардың қоғамдық тұрмыс нормалары мен ережелерін бұзады.
Осыған орай, тәрбие процесінде сана мен мінез-құлық бірлігі мына талаптарды еске алған жөн:
- демократиялық идея, қоғамдық тұрмыс нормалары мен ережелері мектепте оқушылар үшін фактілермен нықталған, саналы қабылданған әсерлі, дәлелді болуы тиіс.
- әр оқушы адамның еңбекке, табиғатқа, отанға қатынасын дұрыс түсіну қажет.
- әр бір оқушы өзінің жеке тәрбиесіне сүйеніп, қазіргі заман идеясының өмірлік күшіне көзі жетуі керек.
Сана адам баласының іс-әрекетін, тәжірибесін ұйымдастыру негізінде пайда болады, қалыптасады.
Көрнекілік принципі. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б.
Осы принцип негізінде Я.А.Коменский алғашқы оқудың жазады.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктерне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Оқыту мен тәрбие процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілік қолданудың нәтижесінде сабақ және сабақтан тыс тәрбие жұмыстары әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғарғы кластарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымдыигеруге әсер етеді. Мысалы, электрон - теориясын сабақта кинофильмді пайдаланып түсіндіру жақсы нәтиже береді. Көрнекіліктің тірбие процесінде де маңызы өте зор. Мысалы, бұған дәлел, біріншіден, мұғалімнің, ата-ананың, ересек адамдардың мінез -құлқы, жүріс-тұрысы, іс-әрекеттері балалар үшін үлкен өнеге. Олардың өнегесін, әдет-ғұрпын балалар тікелей бақылайды, көреді, өзінің бойындағы қасиеттерімен салыстырып, үлгі алуға тырысады: екіншіден, тәрбие жұмыстарының барысында ғылым, мәдениет, халық шаруашылығы саласындағы белгілі жаңашыл адамдармен, Ұлы Отан соғысының батырларымен,совет барлаушыларымен олардың адамгершілік, патриоттық, интерноциональдық істермен оқушыларды экранды - динамикалық, дыбысты техникалық құралдар арқылы таныстыру жеңіл де және түсінікті де болады.
Сонамен, көрнекілік принципінің оқуты мен тәрбие материалдарын, әсіресе теориялық ережелерді терең оқуда берік есте сақтауда алатын орны ерекше.
Көрнекіліктің түрлері:
Табиғи көрнекілік коллекциядағы кептірілген өсімдіктер хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады. Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, протреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б.
Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы, кестенің бірнеше түрлері бар. Оларға: хронологиялық, синхорндық, тақырыптық, графикалық кестелер.
Экранды-динамикалық көрнекілік шындық дүние бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары.
Дыбысты техникалық көрнекілікке грампластиналар, магнитофильмдер, радиоқабылдағыштар жатады.
Көрнекім құралдар оқу материалдарын, әсіресе теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.
Педагогикалық процестің бағыттылық принципі. Педагогикалық процестің бағыттылық принципі жеке адамның әр жақты дамуына оқыту мен тәрбие үйлесімділігіне ықпал жасайды.
Комплексті ықпал жасау идеясы қоғамдық құрылыстың өз шығады – оқыту мен тәрбие жұмысы жүйесінің тұтас бірлігі.
Ақыл-ой, адамгершілік және еңбек тәрбиесін тығыз бірлікті қамтамасыз ету педагогикалық процестің бағыттылық принципінің құрайды. Адамның білімге, әр түрлі іс-әрекетіне сенімділігі, бірге ақыл –ой тәрбиесі қоғамдық пайдалы және өнімді процесінде дамиды. «Еңбек білім берумен қатар жүрмейінше, және қоғамдық тәрбиемен қатар жүрмейінше тәрбиелік пай келтірілмейді, бейтарап процесс болады.» -деді А.С.Макаренко.
Педагогикалық процестің басты идеясы – оқыту және тәрбие мақсаттың, міндеттердің, принциптредің, заңдылықтардың, мазмұнының, әдістері мен формалардың бірлігі, тұтастығы өзара байланыстылығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алды мектептің оқу материалдық жағдайы еске алынады. Ол үшін лабораторияларды, шеберханаларды ғылымының табыстарына сәйкес әр түрлі проборлармен оқыту машина техникалық құралдармен, атап айтқанда, симовликалық, динамикалық, дыбысты -техникалық көрнекі құралдармен оқыту және тәрбие процесінің сапасын және тиімділігі аттырады.
Оқыту мен тәрбие процесінде моральдық психологиялық жағдайдың да мәні өте зор. Сабақ үстінде, тәрбиелік шараларды процесінде тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы бір-біріне жаңашылық, қамқорлық және қиын жағдайларда көмек іс-әрекетінің сапасына тиімді ықпал жасайды.
Сонымен, тұтас педагогикалық процесте комплексті ықпал бұл әр түрлі іс-әрекетерін нақты жоспарлау, әр түрлі ( саяси - идеялық, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек бірлікте жүзеге асыру.
2) Тәрбие заңдылықтары туралы түсінік.
К.Д.Ушинский ескерткендей, тәрбие заңдылықтарын ғылыми тұрғғыдан тану өте қажет. Себебі, оның айтуынша, педагогикалық ережелерді қара дүрсін жаттау ешбір пайда бермейді. Сол ережелерді туындататын ғылыми негіздерді зерттеу міндетті іс. Ұлы педагогтың кеңесі: басқарылуы қажет болған психикалық құбылыстардың заңдарын ашып, өз іс-әрекетіңді сол заңдарға және оларды қолданатын жағдайларға орайластырылған жөн.
Тәрбиенің астарлы терең заңдылықтарын білместен, оны жетілдіруге ұмтылудың өзі бос әрекет. Өмір шындығы заңдарымен жеке адамның дамуы және кемелденуіндегі қайшылықтарыды тану ғана белгілі бір дәуір тәрбиесіндегі күнделікті шараларды іске асырудың және сол процесті ғылыми тұрғыдан басқарудың теориялық-әдіснамалық негізін бере алады.
Тәрбие заңдылықтары дегеніміз - орындалуы жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар.
Тәрбиенің жалпы заңдылықтары.
1. Барша тарих кезеңдерінде тәрбие обьективтік - қоғамдық қажеттіліктен туындайды және ол қоғамға қызмет етеді.
2. Тәрбиенің мақсаты, мазмұны,
және тәсілдері біртұтас
3. Біртұтас педагогикалық процестегі оқу мен тәрбие өзара бірлігі ұштасқан.
Заңдылықтар тәрбиені ұйымдастырудың жалпы негіздерін құрайды, заңдылықтар тікелей тәрбиелік процесті іске асырудағы педагогикалық құрал ретінде таныстырылады. Олардың қатарына кіретіндер: