Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 16:05, реферат
Орхон-Енисей ескерткіштерінің авторы Иоллығ-тегіннің «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандары, осы дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі –Қорқыт ата тағылымдары еңбек тәрбиесінің алғашқы философиялық, педагогика-психологиялық идеяларын өзек етсе, бұл мәселе олардан кейінгі ойшылдар мен ағартушылардың: әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин және т.б. тәлім – тәрбиелік мұраларында да жан-жақты қарастырылды . Сондай-ақ болашақ ұрпақты еңбекке тәрбиелеудің негізін және тәрбие құралдарының тиімділігін атап көрсеткен көрнекті қазақтың қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтары: М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров және т.б. болды . Оқу
Орхон-Енисей ескерткіштерінің авторы Иоллығ-тегіннің «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандары, осы дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі –Қорқыт ата тағылымдары еңбек тәрбиесінің алғашқы философиялық, педагогика-психологиялық идеяларын өзек етсе, бұл мәселе олардан кейінгі ойшылдар мен ағартушылардың: әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин және т.б. тәлім – тәрбиелік мұраларында да жан-жақты қарастырылды . Сондай-ақ болашақ ұрпақты еңбекке тәрбиелеудің негізін және тәрбие құралдарының тиімділігін атап көрсеткен көрнекті қазақтың қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтары: М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров және т.б. болды . Оқушылардың еңбек тәрбиесіндегі өзіндік ерекшелігін шетелдік этнограф ғалымдар: Марко Поло, П.С.Паллас, А.Левшин, А.Янушкевич, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин және т.б. қарастырып, зерттеген. Еңбек тәрбиесінің тарихи философиялық дамуына аса бір мән беріп зерттеген ғалымдар: Л.Н.Гумилев, В.В.Бартольд, М.О.Әуезов, Н.Сәрсенбаев, Е.Б.Бекмаханов, М.Қ.Қозыбаев, Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім және т.б. Ал, еңбек тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық теориясы мен әр түрлі аспектілерін зерттеген ТМД ғалымдары: П.Р.Атутов, С.Я.Батышев, А.М.Арсеньев, Ю.К.Васильев, т.б. Оқушыларды дәстүрлі еңбектің қай саласында болмасын тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, еңбек іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз ұлттық болмысын таныта алатын маман етіп тәрбиелеуге көңіл бөліп зерттегенқазақстандық ғалымдар: Р.Г.Лемберг, Қ.Б. Бержанов, А.І. Сембаев, Т.Т.Тәжібаев, А.П.Сейтешев, Г.А.Уманов, М.Ә.Құдайқұлов, Г.Т.Хайруллин, К.Ж.Қожахметова, Б.И.Қожабаева, Р.А.Жаңабаева, Р.Н.Кузьмина, Э.А.Байдалинова және т.б. болды.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, оқушылардың қоғамға пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы, оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Сонымен, философиялық, психологиялық,
педагогикалық еңбектерді талдау барысында
төмендегідей қарама-қайшылықтарды
анықтауға мүмкіндік алдық: еңбекке
деген әлеуметтік қажеттілік пен
оқушының еңбекке деген қызығушылығын
қалыптастыраудың ғылыми-теориялық
негізделуінің жеткіліксіздігі
арасындағы; оқушылардың еңбек етуге
мүмкіндігі және оны дамытудың жүйелі
ұйымдастырылуы арасындағы; білім берудің
жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың
еңбек тәрбиесіне қызығушылығын
қалыптастыру талаптары мен бұл
мәселені іске асыруда негіз болатын
жаңаша оқу мазмұнын меңгерудің технологиялары
қажеттілігі арасындағы қайшылықтар
курстық жұмыс проблемасын
Курстық жұмыстың нысаны – оқушыларды еңбекке тәрбиелеу процесі.
Курстық жұмыстың пәні – оқушыларды еңбекке тәрбиелеу үдерісі жағдайында еңбекке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Курстық жұмыстыңмақсаты – оқушылардың еңбекке
деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге
даярлыктарын, мамандықты саналы таңдауларын
негіздеу;педагогикалық-
Курстық жұмыстың міндеттері:
-оқушыларды еңбекке тәрбиелеуді психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге сүйене отырып талдау;
-оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің мәнін ашу;
-оқушаларды еңбекке тәрбиелеудің әдістерін анықтау;
-оқушыларды еңбекке тәрбиелеудәгі педагогикалық сапасын арттыру жолдарын анықтау;
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: егер Қазақстан Республикасындағы елеулі жаңашылдық өзгерістерге байланысты мектеп оқушыларының еңбекке деген қызығушылығын қалыптастыру жеке тұлғаның сапалық қасиеті, құндылық бағдары ретінде мәні мен мазмұны ашылса және теориялық, әдіснамалық негіздері айқындалса; оқушылардың дербес еңбек мүмкіндіктері жүйелі түрде танымдық қызығушылығына сай ұйымдастырылса және әдістері анықталып, сапасы арттырылса, онда бүгінгі қоғам талаптарына сай өзекті мәселені шешудің нәтижелілігі артып, білім беру саласындағы жаңашылдық бағдар іске асып, тәрбиелеу процессі қамтамасыз етіледі. Сондықтан, «Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу» курстық жұмысты жасауға жоғарыда аталған философиялық-педагогикалық тұжырымдамалар, мемлекеттің білім беру саласындағы саяси тұжырымдамалар тірек етіледі.
Курстық жұмыстың жетекші идеясы: психологиялық-педагогикалық тәрбиелеу жағдайында оқушылардың еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негізі еңбек тәрбиесінің педагогикалық сапасын арттыру әрекеттің құндылық бағдары, өзегі ретінде танылуы – оқушылардың еңбек мәнін терең ұғынып, танымдық қызығушылықтарына сай, интеллектуалдық жетілуі іске асып, жан-жақты дамыған жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік туындайды.
Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері:Қазақстанның тәуелсіз өркениетті мемлекет болуына байланысты «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұнының тұжырымдамасы (жоба), еңбекке тәрбиелеу тоериясы, педагогикалық-психологиялық процесс теориясы.
Курстық жұмыстың әдістері:ғылыми педагогикалық әдебиеттерді оқып, үйрену, талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігі,зерттеу мақсаты,зерттеу нысаны, зерттеу пәні, зерттеу міндеті, зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеудің жетекші идеясы, зерттеудің әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері беріледі.
Курстық жұмысымыздың «Оқушылардыеңбекке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері» деп аталынатын бірінші тарау үш тармақшадан тұрады. Бірінші тармақшада педагогикалық -психологиялық әдебиеттердегі оқушыларды еңбекке тәрбиелеу туралы ой-пікірлер қарастаырылса, екінші тармақшада оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің мәні ашып көрсетілсе, үшінші тармақшада оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің әдістері, қазақ халық педагогикасына сүйене отырып оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде ынталандыру, жарыс, мадақтау, жазалау әдістерін пайдалану,оқушыларда қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талаптар қарастырылады.
«Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің түрлері» атты екінші тарауда оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі ұжымның рөлі, оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі педагогикалық сапасын арттыру жолдары қарастырылады.
Қорытындыда зерттеу проблемасы бойынша жасалған тұжырымдар көрсетіледі.
Қосымшада зерттеу барысында алынған тиянақтаушы және тәжірибелік жұмыстардың нақты оқу процесі барысында қолданылған сынып сағаттары мен оқушыларды еңбекке тәрбиелеу шаралары бойынша тұжырымдамалар көрсетілген.
1.Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі оқушыларды еңбекке тәрбиелеу туралы ой-пікірлер
«Еңбек ер атандырады», - дейді халық. Елімізде миллиондардың еңбегі нәтижесінде жаңа қоғам құрылуда. Тәрбиенің әр саласында еңбек тәрбиесі қашан да шешуші рөл атқарады. Оқушылардың еңбекке қатысы жөнінде мәселені педагогтар да, психологтар да талмай зерттеуде.Жеке адамның белсенділігі, оның инициативалық мәні мен айқындалу жолдары, белсенділіктің қалыптасу заңдылықтарын табу, творчествалық қабілеттілік пен таланттың даму факторлары ежелден-ақ көптеген ұлы адамдардың, ғалымдардың назарын аударуда. Жалпы белсенділік, ерік және еңбек жайында философтар да, психологтар да, физиологтар да, әдебиет тарихы мен педагогиканы зерттеушілер де арнайы зерттеулер жүргізіп, құнды пікірлер ұсынды.
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Ол — өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл тарих тағылымының тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бірі баршаға бірдей қазына. Әбу Насыр әл-Фараби (870 – 950) бұл қазынаның барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей еткен еңбектің жемісі деген болатын.Әл-Фараби тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол «Ақыл мен түсінік» атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің негізінен туындайды, тәрбиенің оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деді. Ол ағарту–оқу мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер, еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады деген болатын[6]. Оның еңбек туралы бұл тұжырымдарын күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан ғалымдар бар.
Ал ұлы гуманист Ибн Сина еңбекке, еңбек етуге, еңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарайды. Ол өзінің практикалық ісіне ақылдылық пен ұстаздық тұрғысынан қарап, сол тұрғыда еңбек туралы былай деп тұжырым жасайды: «Егер қоғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға болады. Ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді» [7].
Ұлы ақын Науаидың дәлелдеуінше еңбек – қоғамдың дамудың жемісі. Ол қоғам өміріндегі, адам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Еңбек тәрбиесі еңбектен туындайды, - деп үлкен көрегендік жасайды[8].
Қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әр түрлі нысанда дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Орта ғасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі – гуманизм мен демократизм болғаны педагогика тарихынан белгілі. Демек, бұл тек педагогика емес, бүгінгі қоғамды қайта құрудың басты принципі – гуманистік және демократиялық принциппен үндес келіп отыр. Я.Коменский мектеп – балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, осыған сәйкес жүргізу қажет деп есептеді. Ағылшын педагогы Джон Локк (1632 – 1704) тәрбиедегі Коменский ұсынған «табиғатқа сәйкестілік» еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы Чарльз Дарвин еңбектің, еңбекке баулудық, оның теориялық негізі – еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді. Швейцария педагогы Генрих Песталоцци (1746 – 1827) тәрбиесінің мақсаты – баланың күшін дамытады. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоцци дене тәрбиесін еңбек тәрбиесімен ұштастыруа жүргізуді дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қол өнері және ауыл-шаруашылық еңбегімен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде ол-еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады.
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің «Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні» деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады: Ал «Балалар әлемі», «Ана тілі» оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды.К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі – еңбексүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде–кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды[9] .
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі –жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол «Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес», - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән берді. «Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу»–деп есептеді. Еңбек тәрбиесінің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл – ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.
И.Г. Песталоцци еңбекке тәрбиелеудің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег
педагогикалық мәселелерді
П.П.Блонский «Еңбекке тәрбиелеудің мақсаты – балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениеттін меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру» - деген.
Я.А. Коменский «Еңбек тәрбиесінің
мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге
асыру жолдары адамның қоғамда алатын
орнымен анықталу керек», «Келесі ғасырдың
қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген
азаматтарға байланысты. Дүние даналардың
көптігімен бақытты» – деген ойлар айтты.
Осы ойларын «Ана мектебінің» кіріспесінде
өрбітеді.
Сонымен қоса, Я.А. Коменский «Еңбек тәрбиелеу
– адамды қалыптастыратын және жетілдіретін
үйлесімді процесс» – деп, еңбекке тәрбиелеу
мақсаты мен оның негізгі элементтерін
(«ғылыми білім», «адамгершілік», «діни
тәрбие», «дене тәрбиесі») көрсеткен [10].