Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 16:05, реферат
Орхон-Енисей ескерткіштерінің авторы Иоллығ-тегіннің «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандары, осы дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі –Қорқыт ата тағылымдары еңбек тәрбиесінің алғашқы философиялық, педагогика-психологиялық идеяларын өзек етсе, бұл мәселе олардан кейінгі ойшылдар мен ағартушылардың: әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин және т.б. тәлім – тәрбиелік мұраларында да жан-жақты қарастырылды . Сондай-ақ болашақ ұрпақты еңбекке тәрбиелеудің негізін және тәрбие құралдарының тиімділігін атап көрсеткен көрнекті қазақтың қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтары: М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров және т.б. болды . Оқу
Әдістерді еңбек тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктеуге болады. Әдістер еңбекке тәрбиелеу мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдық еңбектің тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу барысында мақсаты, міндеттері, мәні, барысы, тәрбилеу жолдары айқындалып қана қоймай, оқушыларды еңбекке тәрбиелеу құралдары да анықталады. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің тәсілдерінің негізгі міндеттеріне оқушыны еңбекке баулу, тәрбиелеу және оқушының қоғамға пайдалы өнімді еңбекке қатысуын қадағалау, оқуға деген саналы көзқарасты қалыптастыру, білікті азамат болып өсуіне қосымша көмек беру жатады.
Нәтижесіне қарай
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.
А.П.Пинкевич оқушыларды еңбекке тәрбиелеуді екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11 – ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған еңбек тәрбиесі әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Осыған орай еңбек тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық еңбек тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
•Тәртіпке, іс-әрекетке, еңбек
дағдыларын қалыптастырып, үйренуге ынталандыратын
әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау
жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және
өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды
жүзеге асыру әдістері.
Еңбекке тәрбиелеу әдістерінің бір бөлігі болып еңбекке тәрбиелеу тәсілдері табылады ( 1 – кесте).
Кесте –1 Еңбекке тәрбиелеу тәсілдері
№ |
Формалары |
Қысқаша мәні |
1. |
Еңбек тәрбиесінің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыны тәсілі |
Еңбек тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді. |
22. |
Ақпараттық – ағартушылық тәсілі |
Ақпараттық – ағартушылық |
33. |
Бағдарлау – іс – қызмет тәсілі |
Бағдарлау – іс – қызметтік
тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға
қызмет етіп, еңбек белсенділігін
туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен
қарауды, халық игілігін молайту
жолында еңбек ету қажеттігі
сенімін қалыптастырады. Балалар
күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның
материалдық саласында |
44. |
Қатынас тәсілі |
Қарым – қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) – балалар мен ересектердің іс – қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар еңбек тәртібі ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді. |
55. |
Бағалау тәсілі |
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық кимыл – әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс – қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне – өзі баға беруді қалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді. |
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
әдістерінің қатарында оқу
Қарапайым еңбек түрлерінен бастап, күрделі еңбек түрлерімен шұғылдануға, жағымды жақтарын дағдыға айналдыруға, әр түрлі қызмет түрлерімен танысуға септігін тигізеді.
- Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету: оқу-құралдарын, кабинеттерді, сынып бөлмесін, дәліздерді жинау, т.б.
- Отбасында өзіне-өзі қызмет көрсетуге: төсек-орынды, пәтерді жинау, кір жуу, тамақ дайындау, т.б. жатады.
Мектеп жұмысының негізгі міндеті - өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру. Жалқау, еріншек балаларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың адамгершілік борышы.
Қоғамдағы пайдалы еңбек - қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек барысында оқушылардың дүниетанымы қалыптасады. Мамандықты тануда көзқарасы кеңейіп, денсаулығы жақсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады (3 – сурет).
Сурет – 3 Қоғамдық пайдалы жұмыс түрлері
Жоғарыда аталған қоғамдық
пайдалы жұмыс түрлерін талдап өтсек:
• халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді,
тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық
жағдайға байланысты тазалықты сақтау,
табиғатты күту және қорғау;
• мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке,
қоғамшылдыққа тәрбиелеп, олардың әлеуметтік
ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді;
• шефтік жұмыс - адамгершілікке тәрбиелеудің
ең жоғары формасы. Ол баланы қамқорлыққа,
қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.
Мектеп өміріндегі пайдаланып жүрген
шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбек
мүгедектерін, егде жастағы адамдарды,
мәдени мұраларды қорғауы жатады.
Өнімді еңбек арқылы оқушы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.Өнімді еңбек жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-өндіріс кооперативтері, оқушылардың өндірістік бригадалары арқылы жүзеге асырылады. Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы халықтық іске үлес қосады.
Педагогикада оқушыларды еңбекке тәрбиелеу әдістерінің классификациялық әр түрлі нұсқасы бар. Тікелей және жанама педагогикалық әсердің тәрбиелік әдістерінің тобын шартты түрде бөлуге болады. Тікелей педагогикалық әсердің әдістері оқушының әрекет жасауының жылдам немесе баяу реакциясын және оның өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған іс-әрекетін анықтайды. Жанама педагогикалық әсердің әдістемесі еңбекті ұйымдастыру іс-әрекетінде оқушының бойында өзін-өзі жетілдіруге бағытталған және оның мұғалімдермен, жолдастарымен және қоғаммен қарым-қатынас жүйесінде белгілі бір позицияның қалыптасуының пайда болуын анықтайды.
Қазіргі заманғы педагогикада оқушыға әсер етуіне сәйкес тәрбие әдістерін сенім, мадақтау, ынталандыру және жазалау деп бөледі. Олар оқушылардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі – оқушы тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы (4-сурет).
Сурет –4 Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу әдістері
Профессиялық педагогикада педагогтар мен тәрбиеленушілер негізінде әдістер классификациясы қалыптасқан:
- сенім әдістері;
- ынталандыру әдістері;
- мадақтау әдістері;
- жазалау әдістері.
Сендіру әдістері – конференция, дискуссия, ағарту істеріне, оқу орны ішіндегі ұйымдастырылған әр түрлі шараларға қатысушы оқушылардың көзқарасы мен жеке пікірлеріне негізделеді.
Сендіру бір ұғымның саналы дәлелі мен өнегелі позициясын және орын алған жағдайда бағалауды болжайды. Айтылғандардың шын екендігіне көз жеткізсе, оқушы өзінің әлемге, қоғамға, әлеуметке, еңбекке деген көзқарасын қалыптастырады. Сендіру жалпы тәрбие әдістері, түрлерінің арқылы жүзеге асады. Сендіру көркемдік шығармаларды үздікті оқу, әртүрлі пікір-талас жүргізу, еңбекке белсене қатысу, қоғамдық еңбектің мүшесі болу формаларынан тұрады.
Сендіру өзін - өзін тәрбиелеу әдісі болып табылады. Сендіру өзін сендірумен тығыз байланысты және бұл оқушылардың өз шешімімен жеке көзқарасын, қандай да болмасын қарапайым еңбек түрлеріне икемділігі бар екенін растап, өз еңбек күшіне, таңдаған мамандығына сенімділігін қалыптастырады.
Ынталандыру әдісі – оқушылардың тәртібін, іскерлік, адамгершілік, шығармашылық сапасын арттырады, оқушыларыдың жақсы бағалануын көрсетеді. Ол жағымды дағдылар мен әдеттерді бекітеді және қалыпты эмоция мен сенімділікті қалыптастырады. Ынталандыру әртүрлі формада беріледі: мақұлдау, мақтау, мадақтау, марапаттау және т.б.
Ынталандыру әдісі адамдардың өз мінездерін дұрыс бағалауға, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында белсенді еңбек етуге, өмір мәнін түсінуге,түрткі мен мақсат таңдауына көмектеседі.
Мадақтау – оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы. Бұл әдіс оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттаужәне т.б.
Жазалау – ынталандыру әдісінің бір түрі. Ол оқушыларды ескерту, тоқтату,жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін оқушыға ұғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту, қателіктері үшін басқа адамдар алдында өзін кінәлі сезіндіруге бағытталады. Жазалаудың әр түрі бар. Мысалы, қос тапсырма беру, кейбір мүмкіндіктерге шектеу қою, талқыға салу т.б. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар:
• жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;
• жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;
• жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;
• жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау.
Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды. Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, т.б.
Оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын, қызығушылығын, ауылшаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының рөлі зор.
Сыныптан тыс үйірме және
жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін
іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі
өте зор. Үйірмелер оқушыларды еңбекке
баулиды, олардың шығармашылық ойларының
дамуына көмектеседі.
Әрбір оқушының үйірме сабақтарында шығармашылық
қатынасы байқалады, әдебиеттерімен жұмыс
істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай
білуге де үйретеді.
Сонымен, тәрбие мен оқушының өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді. Еңбек тәрбиесі жүйесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, нәтижелігін жандандыруды қазіргі заманның талап бағытына, жеке тұлғаның даму заңдылығына үйлестіре; еңбек тәрбиесі жұмысын дәстүрлі еңбек түрлерінің ұлттық, аймақтық, әлеуметтік ерекшеліктеріне лайықтандыра; ортаның мүмкіндіктерін ескере отырып қолдану; оқушыға еңбек үдерісін меңгерту барысында алдын-ала анықталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, шығармашылық,адамгершілік және іскерлік әдістерін қалыптастыру өзекті мәселе болмақ.
Еңбек тәрбиесінің әлеуметтік-экономи
Қазақ халқының еңбек тәрбиесі туралы тәлімдік ой-пікірлері сонау VII–VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей түркі жазба ескерткіштері мен Қорқыт ата тағылымдарынан бастау алады.
Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі -өнеге ретінде ұсыну «Аяз би» ертегісіндегі Аяз би «Кер құла атты Кендебайдағы» Кендебай, т.б. бейнелері арқылы беріліп отырған. Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған.
ХV–ХVІІ ғғ. қазақтардың суырып салма ақындық өнері кеңінен да