Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 16:05, реферат
Орхон-Енисей ескерткіштерінің авторы Иоллығ-тегіннің «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандары, осы дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі –Қорқыт ата тағылымдары еңбек тәрбиесінің алғашқы философиялық, педагогика-психологиялық идеяларын өзек етсе, бұл мәселе олардан кейінгі ойшылдар мен ағартушылардың: әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин және т.б. тәлім – тәрбиелік мұраларында да жан-жақты қарастырылды . Сондай-ақ болашақ ұрпақты еңбекке тәрбиелеудің негізін және тәрбие құралдарының тиімділігін атап көрсеткен көрнекті қазақтың қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтары: М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров және т.б. болды . Оқу
1941 – 1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде «жан-жақты даму» ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.
А.С.Макаренко еңбекке тәрбиелеудің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол «еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту, еңбекке деген құштарлығын ояту, еңбек сүйгіш азаматтарды тәрбиелеу керек» - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды[11].
Еңбекке тәрбиелеудің мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек, соның ішінде ең бастысы еңбек ете білуге тәрбиесі. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»– деді [12].
Мағжан Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы. Мағыналы еібек етіп, нәтижесіне көз жеткізе білгендігі болашағының кемел екендігінің көрінісі» - деп жазды[13].
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің «Қазақ тағылымы» атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу [14].
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы» халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған. Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты – Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.
Еңбекке үйрету үдерісінде
эстетикалық тәрбие үшін жағдай жасалады.
Егер оқушылар әдемі заттар жасаса,
өздерінің қоғамға пайда
«Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу» (оқыту, баулу – О.Б.) ұғымы екі мағынада қолданылады: біріншісі – үдеріс ретінде, екіншісі – оқу пәні ретінде. Еңбекке тәрбиелеу (оқыту, баулу) – қоғамның игілігі үшін еңбек іс-әрекетіне оңай араласуға және кәсіпті саналы таңдауға, мүмкіндік беретін жеке тұлғаның өзінің ойлауын және сапасын дамытуға, белгілі бір салада өнімді еңбекті орындау үшін, оқушылардың заттар, құралдар және еңбек үдерістері жөніндегі білім, практикалық іскерліктер мен дағдылар алуына мүмкіндік беретін, сондай-ақ мұғалімнің жетекшілігінде олардың ақыл-ойы мен дене әрекеттері жетілдірілетін үдері ( 1 – сурет).
Еңбекке тәрбиелеудің мазмұнында еңбекке әзірлікті бойға сіңіру, ойдағыдай еңбек ету үшін қажетті моральдық-еріктік қасиеттерді қалыптастыру үлкен орын алады. Еңбекке тәрбиелеу процесінде қоғам игілі үшін қоғамдық еңбекке араласады және өзі қалаған кәсібін саналы таңдайды; сапалы еңбек етеді; тәжірибелік іскерлік дағдылары қалыптасады; үнемшілдік сезімі дамиды, мектеп оқушылары халық игілігін сақтау және молайтуға, қамқорлық жасауға үйренеді; мектеп бұйымдарын, оқулықтарды күтіп ұстайды. Еңбек тәрбиесін тәжірибелік түрде меңгеру барысында мектеп оқушыларының табиғаты қорғау жұмысына араласуы едәуір қанат жайды. Бұл туған табиғатты білуді оны қорғау жөніндегі шығармашылық және мақсаты еңбекпен үйлестіруге, оқушыларды табиғат байлықтарына ысырапсыз, шаруақор көзқараспен қарауға жәрлемдеседі.
Сурет – 1 «Еңбек тәрбиесі» ұғымының мазмұны
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады. Адам өзінің жан және тән сұлулығын еңбекте ғана көрсете алады. Еңбек адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қоғамдағы орнын қанағаттандыратын, яғни өмір сүру мақсаты мен мәнін анықтайтын бірден-бір дерек көзі болып табылады. Сондықтан да, еңбек ету нәтижесінде қол жеткізетін материалдық қызығушылық оның еңбекке ынтасының негізгі себебі болып табылғанымен, тұлғаның еңбек процесінде, шеберлігінде, ой және дене еңбегінің бірлестігінде, қоғамға пайдалы нәтижеге қол жеткізуін сезінуі мен шығармашылық ізденісін қанағаттандыруында да маңызды саналады. Сондықтан да, оқушыларды еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі.
Сонымен, дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты еңбек етуге тәрбиелеудің негізгі мақсаты – «жан-жақты үйлесімді дамыған; қоғамға пайдалы еңбекке тікелей қатысуға белсенділігі бар; оқуға деген саналы көзқарасы бар; еңбектің қай саласында болмасын тек дене еңбегімен айналыспай, интеллектуалық, шығармашылық, адамгершілік, ізденімпаздық сынды қасиеттерді де танып, өзіне серік ете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру» болып табылады.
1.2 Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің мәні
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты – жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушылардың еңбек процессі кезінде еңбек дағдылары мен біліктілікті меңгеруі нәтижесінде ересекке тәуелсіз болып, өздігінен еңбектенуге бастайды. Мектеп оқушыларының еңбектегі дағдылары мен біліктілігі бастауыш мектептегі ақыл-ой еңбегіне алғышарттар бола алады. Мысалы: өздігінен сабаққа дайындалуы, киім-кешектерін орнына жинауы, өзі киініп, шешінуі, оқу құралдарын сабаққа даярлауы ересектің көп бақылауын, қадағалауын қажет етпейді.
Оқушыларын еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:
1. Еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі оұушының еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты;
2. Оқушылардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеялық-өнегелік негізі болуы керек;
3.Еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның болым нәтижесі оқушының өз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады. Неғұрлым еңбек нәтижелі болса, соғұрлым оның тәрбиелік ықпалы күшті болады;
4.Оқушылардың психикалық және физиологиялықерекшеліктеріне сай ұйымдастыруы қажет. Еңбек барысы ойға күш салу және жауапкершілікті сезіну негізінде орындалуы керек;
5. Еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы орындап қоймай, өз еңбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйренуі керек.
Еңбекке тәрбиелеу, кәсіптік оқыту және баулу барысында оқушылардың еңбекке сүйіспеншілігін, еңбек ету дағдыларын және еңбекке құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеуге басты назар аудару керек.Оқушының ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жеткілікті дәрежеде әсер ететін болады.
Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.
Еңбек оқушыларды жан-жақты жетілдірудің маңызды құралы болып табылады. Физиология тұрғысынан алғанда дұрыс құрылған еңбекке үйрету ісі – бала организмінің қуаттанып жетілуіне жәрдемдеседі. Мәселен, дәрігер-гигиенистердің жүргізген зерттеулері, шеберханадағы практикалық жұмысты сабақтармен кезектестіру оқушылардың еңбек қабілетін арттыратынын көрсетеді. Еңбекке үйрету үдерісінде дене қимылы ақыл-ой қызметімен үйлестіріледі. Оқушыларға бірқатар шығармашылық тапсырмаларды, атап айтқанда, бұйымдарды конструкциялау, оларды жасаудың технологиясын табу, т.б. шешуге тура келеді. Еңбекке үйретуде ойлау қызметі қатысады, ол оқушылардың ақыл-ойының дамуына көмектеседі [16].
Оқушылардың еңбек іс-әрекетін ұйымдастыруда ақыл-ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру айрықша орын алады. Оқу еңбегінің мәдениеті оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің сапасын сипаттайды. Еңбектену мәдениеті – бұл оқу еңбегін дұрыс жоспарлау және тиімді ұйымдастыру, оқу ережесін сақтау, жұмыс орнын және қажетті материалдарды реттеу, оқу құралдарын пайдалана білу.
Ақыл-ой жұмысының дұрыс ұйымдастырылған ырғағы демалыс пен еңбек түрлерінің ретпен жүргізіліп отыруын қажет етеді. Оқушы осылардың бәрін біріздік пен жүйелі түрде басшылыққа алып отырса, оқу еңбегінің тиімділігі артады.
Оқушыларымыз жан-жақты қабілетті болып өсуі үшін ой еңбегі мен дене еңбегін қатар алып жүруі керек. Сондықтан еңбек тәрбиесінде «мынау жақсы», «мынау жаман» - деп бөлмеу керек. Ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде оқушылардың ақыл-ой мәдениеті байқалады. Оқушыларды жұмыс істеуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, мәтіннің түсініксіз жерлерін бөлу, мәтінге сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жұмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін дайындау, т.б. Жұмыс барысында жинақы болу, қиыншылықты жеңу, ақыл-ой қабілетін дамыту, естің әр түрлі нысандарын пайдалану – тұлғаның өзін-өзі ұстай білуіне және жан-жақты сауаттылығына байланысты.
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
- оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
- оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
- озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Еңбекке тәрбиелеудің диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады. Еңбекке тәрбиелеу процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді (2 – сурет).
Сурет – 2 Ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтар
Еңбекке тәрбиелеу процесінің мәні – баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; әлеуметтік, рухани – мәдени құндылықтарды сақтай отырып, оқушылардың еңбек тәрбиесіне белсенділігін, еңбек ету барысындағы тұрақты икемділіктері мен дағдыларын, интеллектуалдың, шығармашылық қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз ету; тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.
Еңбек тәрбиесінің мәні – баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс - әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындау деп түсіндіріледі. Отбасында, мектепте, педагогикалық-педагогикалық, философиялық еңбектерде еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру – баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы, оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
Сонымен, оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің идеялық-саяси және адамгершілік тәрбие үшін зор мәні бар: қоғамдық пайдалы заттарды жасап, өндіргіш еңбекке қатыса отырып оқушылар өздерін өндіріске қатысушылар ретінде сезінеді; олар меншікке қамқорлықпен қарау сияқты талапты шын мәнінде түсіне бастайды; еңбек адамдарын құрметтеп, олардан үлгі алуға ұмтылады.
1.3.1.Оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде ынталандыру, жарыс, мадақтау, жазалау, ойын әдістерін пайдалану.
Мектепте оқушыларды еңбекке
тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы
жүйесінің құрамды бөлігі. Оқушыларды
еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік
бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық
пайдалы өнімді еңбекке тікелей
қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты
тәрбиелеудің, азамат болып өсудің
жеке адамды адамгершілік және зиялылық
жағынан қалыптастырудық
Еңбекке тәрбиелеу әдісі дегеніміз – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға, қоғамдық еңбектің белсенді мүшесі болуға, еңбекке деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық, психологиялық, философиялық жұмыс тәсілдері.