Тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 16:05, реферат

Описание работы

Орхон-Енисей ескерткіштерінің авторы Иоллығ-тегіннің «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандары, осы дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі –Қорқыт ата тағылымдары еңбек тәрбиесінің алғашқы философиялық, педагогика-психологиялық идеяларын өзек етсе, бұл мәселе олардан кейінгі ойшылдар мен ағартушылардың: әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин және т.б. тәлім – тәрбиелік мұраларында да жан-жақты қарастырылды . Сондай-ақ болашақ ұрпақты еңбекке тәрбиелеудің негізін және тәрбие құралдарының тиімділігін атап көрсеткен көрнекті қазақтың қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтары: М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров және т.б. болды . Оқу

Файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 227.97 Кб (Скачать файл)

Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» дастаны. «Құтты біліктің» 57, 58, 59, 60 тараулары еңбек тәрбиесін уағыздайды. Мәселен, ол «Диқандармен қалай қатысу жайлы» деген толғауында:

Тағы бір топ – диқандардың әулеті,

Ең керекті жұрт ол, биік дәулеті.

Қатынасып, ыңғайыңды бергейсің,

Ас – тағамнан еш кемшілік көрмейсің.

Одан жанның бәрі пайда табады,

Ішпек – жемек күллі дәмін алады, – деп,

өзара ұйымдасқан, ынтымақтас диқаншы адамдар тобының бір-бірімен қарым-қатынасы еңбек іс-әрекетіндегі үлгі-өнегесі оқушыларды еңбексүйгіштікке, білімділікке, тәрбиелілікке ынталандырады[17].

Сондай-ақ, адамдардың еңбек іс-әрекеті, кәсіби мамандығы да өзінің өмір сүрген қоғамдық ортасына, оның талаптарына тәуелді болатынын, адамның мінез-құлқы, көзқарасы, білімділігі, тәрбиелілігі, еңбексүйгіштігі т.б.қасиеттері де қоғамның даму деңгейіне сәйкес қалыптасатындығын дәлелдейді.

Еңбек тәрбиесі тақырыбы Махмұд Қашғари мұрасында да ерекше орын алады. Еңбектің ұлылығы, адам еңбек арқылы өмір сүріп, алдына қойған мақсатына жететіндігі оның ауызша поэтикалық шығармаларға, этнографиялық материалдарға берген түсіндірмелерінде жан-жақты көрініс тапқан. Қашғари балалардың еңбексүйгіштігін қалыптастыруда, әсіресе, ұжымдық еңбекке қатысуын, үлкендермен бірлескен жұмыстарының өзіндік орнын бөліп атайды. Бұл жағдайларда, халықтың баланы еңбек арқылы тәрбиелейтін дәстүрлері балаларға көрнекті үлгі бола алатындығын ескертеді. Қашғари атап көрсеткен халықтық тәрбиеде жеке тұлғаға қажет барлық салаларды игерген еңбекшіні қалыптастырудың аса бай тәжірибесі жинақталған. Атап айтқанда, халықтық тәрбие: – балалардың еңбекке моральдық, психологиялық дайындығын еңбекке жағымды қарым – қатынасының болуымен өлшейді; – еңбектенудің борыш және міндет екенін балалар санасына өмір талабы ретінде сіңіреді; – орнықты еңбек дағдылары мен икемділіктерін игерту олардың болашақтағы қызметінің кепілі деп біледі; – балаларда еңбек әдеттерін қалыптастыру ең бірінші өмірлік қажеттілік деп санайды; – балаларды жұмыс істеуге, өнімді еңбекке ерте қалыптастыру халықтық тәрбиенің басты қағидасы деп біледі [18].

Абай Құнанбаев нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады. Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.Ұлы ағартушы өзінің өлең-жырларында, қарасөздерінде жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікті кәсіп етуге, өнер, білімге шақырды. Ол еңбекпен келген табыстың адал да дұрыс жолға бастайтынына, ақылмен істелген істің нәтижелі болатынына сенді:

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап, – деп жырлайды ақын. Адамның бойында жағымсыз қасиеттерді болдырмау үшін ұстаз оның ғылым мен білімге деген құмарлығын арттырып, дамыта түсуі қажеттігін өсиет етеді. Осыған орай ақыл мен еңбектің мәніне ерекше тоқталып, оларды адамның жеке басының басты ерекшелігі деп түсіндіреді. Сондықтан: 

Бақпен асқан патшадан

Мимен асқан қара артық,

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық, – деп ой түйіндейді. Ұлы ақын жастардан бір өнерді үйреніп, пайдалы іспен шұғылданып, адал еңбекпен мал табуды талап еткен еді. Саналы жастарға: 

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан! – деп қоғамның пайдалы бір азаматы болуды насихаттайды, алға қойған мақсатқа жетуге кедергі, бөгет болатын адамның бойындағы талапсыздық, жалқаулық сияқты мінез-құлықтарды сынай отырып: 

Адам болам десеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой 

Бес асыл іс, көнсеңіз, – деп, қоғамға пайдалы азамат болу үшін адамға қандай ізгі қасиеттердің қажет екендігіне ерекше тоқталды[19].

Қазақ ағартушыларының бірі Ыбырай Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні – еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат, ләззатын көре білу – кісіліктің басты белгісі" – деген. Ол педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек – еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады [20].Ыбырайдың «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Дүние қалай етсең табылады», «Бай мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Сәтемір хан», «Таза бұлақ» және т.б. әңгімелері еңбек тәрбиесі мәселесін көтереді. Мәселен, «Бай мен жарлы баласы» әңгімесінде жастайынан шаруаға араласқан, жас болса да өмір тәжірибесін көп көрген кедей баласы Үсен көбіне тәжірибеге сүйеніп, ақыл-парасатқа салып, көшкен елдің жаңа қонысын тауып алады. Ата-аналарымен аман-сау табысады. Мұндағы бай баласы Асан әке дәулетінің арқасында еш нәрседен хабары жоқ, бейқам өскен, ерке бала. Тіпті естіген, білгенін де көңіліне тоқымаған, ондайларды қажет деп ескермеген жалқау бала болса, ал Үсен кедей баласы, өмір мектебінің сара жолдарынан өткен, еңбек үстінде шыныққан еңбек адамы ретінде суреттеледі. Ы.Алтынсарин еңбекке тәрбиелеу мәселесі тақырыбына орыс тілінен аудармаларды, халық аңыздарын көп пайдаланды. Солардың бірі – «Атымтай жомарт» аңызы. Мұндағы «Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып жесем де, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбектен табылған тамақтың тәттілігі болады екен» деген жолдар «Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады» деген халықтың мағыналы сөзімен ұштасып жатыр. «Байлық неде?» деген тағы бір әңгімесінде кедей кісінің сұрағына ғалым жауап береді: «Қанағат ете білсең, еңбек қылсаң-байлық сол. Малы көп болмаса да, соған қанағат ете білсе, біреуді алдап жемесе, біреудің еңбегін пайдаланбаса, мұндай адамның көңілі жай болады. Сол үшін байлық-қанағат пен адал еңбекте». Автордың еңбекті адам құлқынын түзейтін құрал деп қарауы өте мәнді нәрсе. Ы.Алтынсаринның «Сәтемір хан» әңгімесінде кішкентай ғана ақсақ құмырсқаның қайта-қайта құлағанына қарамастан қабырға арқылы үйдің төбесіне шыққанын көріп отырған Сәтемірге мынандай ой келеді: «Өзі ақсақ құмырсқа еңбектене отырып өзінің мақсатына жетті, ал мен болсам түк бітірмей өмір сүріп жүрмін. Маған мына құмырсқадан өнеге алу керек екен» деп, ақырында өз елінің ақылы толған патшасы болыпты. Бұл әңгімеден еңбек үлкен мұратқа жеткізіп, қуаныш әкелетінін, ол қуаныш қажеттіліктен туған мақсатқа жету идеясын көрсетеді. Ы.Алтынсаринның еңбек арқылы дүниетанымды қалыптастыру туралы көзқарасы қазіргі кезде өзекті м</sp


Информация о работе Тәрбие