Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 08:02, научная работа
Түркиямен ынтымақтасу Қазақстанға оның аймақтық Азиялық процестерге тереңдеп, Орталық Азия мемлекеттерінің көбі ортақ түркі өркениетін қайта жаңғыртуына жәрдемдесті. Түркияның Қазақстанның және басқа түркі тілдес мемлекеттердің арасында тығыз қатынастарды дамыту аймақтағы күштердің ара салмағы елеулі ықпал жасады. Мұның бәрі және бірқатар басқа факторі Қазақстан-Түркия қатынастарының тарихи бастауларын, негізі кезеңдерін зерттеуде болашақ бағыттарын анықтаудың айрықша көкейкестілігін көрсетіп берді.
Кіріспе
Қазақстан Республикасыньщ Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде «бәрін де іс жүзінде тақыр жерден бастауға тура келді… Ең алдымен… елімізді сыртқы дүниенің тануына қол жеткізу қажет еді», деп атап көрсеткен болатын’. Бұл өзінен өзі түсінікті жағдай еді. Себебі, Қазақстан өзін өз билігі өз қолындағы тәуелсіз мемлекет ретінде жарияласымен-ақ дүниежүзіндегі басқа мемлекеттердің оны ешкімге де тәуелсіз мемлекет ретінде тануы тәуелсіздігінің баяндылығының басты белгілерінің бірінен саналады. Осыған байланысты, біз бұл күндері, яғни Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығыны тойлау үстінде өткен күндерге көз жүгіртіп, ел есінде мәңгі сақталар сондай қуанышты сәттердің дәлелі ретінде 1991 жылдың Желтоқсан, айының 16-сы күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жарияласымен-ақ араға бар жоғы 3 минут уақыт салып бұрыннан-ақ қазақ халқымен ортақ тарихи және этнолингвистикалық терең тамырлы бауырластығы бар түрік елінің бірінші болып әлемге жар салып Қазақстанның егеменді танығандығын мақтаныш сезіммен еске аламыз. Ол ол ма, Қазақстан өз елшілігін ашқан алғашқы ел де Түркия Республикасы болған еді. Қазақстан өзін егеменді ел ретінде жариялаған күннен бар-жоғы 4 күн өткенде, яғни 1992 жылдың Сәуір айының 21-і күні Түрік Республикасының Қазақстандағы елшісі Аргун Өзпай ел басшы Н. Ә. Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды. Ал, осы салтанатты сәттен бар жоғы 26 күн өткенде, яғни 1992 жылдың Мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның шет елдердегі бірінші елшілігі Түркия Республикасында салтанатты жағдайда ашылды .
Мүмкін жоғарыда біз екшелеген жағдайларға, сондай-ақ екі ел арасында орныққан ортақ рухани, саяси және экономикалық мүдделердің кең ауқымды орын алып отырғандықтан болар, олардың арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастар осы уақытқа дейін қарқында дамып келеді.
Түркиямен ынтымақтасу Қазақстанға оның аймақтық Азиялық процестерге тереңдеп, Орталық Азия мемлекеттерінің көбі ортақ түркі өркениетін қайта жаңғыртуына жәрдемдесті. Түркияның Қазақстанның және басқа түркі тілдес мемлекеттердің арасында тығыз қатынастарды дамыту аймақтағы күштердің ара салмағы елеулі ықпал жасады. Мұның бәрі және бірқатар басқа факторі Қазақстан-Түркия қатынастарының тарихи бастауларын, негізі кезеңдерін зерттеуде болашақ бағыттарын анықтаудың айрықша көкейкестілігін көрсетіп берді.
Сондықтан Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары туралы қозғағанда екі ел арасындағы экономикалық, рухани және мәдени салалардағы байланыстарды жан-жақты саралаған жөн. Осман мемлекетінен Республикаға өтісімен Ататүрік бастаған Түрік басшылағы, сонау 1923 жылдың өзінде-ақ барлық түрік халықтарының олардың этникалық, мәдени, тарихи ортақтықтарына байланысты бірі идеясына негізделген озінің сыртқы саясатының жаңа бағытын белсене түрде әзірлеуге кіріскен болатын. Сол кезде-ақ құрамына Қазақстан кіретін, Орталық Азия елдерінің дербес мемлекеттер ретін қальптасуына қолдау көрсетуді Түркия озінің тарихи миссиясы деп есептеді.
Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын факторлар қатарына халқының жаппай суаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады .
Түркия-Қазақстан арасындағы ғылым, білім беру және мәдениет салаларындағы байланыстарды сөз етер болсақ, ең алдымен екі елге бірдей ортақ жоғары оқу орны – Түркістан қаласындағы Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті орынды аталады. Бул университеті түркі тектес мемлекеттердің бас университетіне айналдыру мақсатымен 1993-2001 жылдар аралығында Түрік үкіметі университет дамуына-86 млн-нан астам АҚШ долларын жұмсаған. Соңғы 1 жыл ішінде Түркия жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 594 студент пен аспирант оқып шықты. Түркияда қазір 666 адам оқып жүр. Жыл сайын Қазақстаннан шамамен 25 мыңнан астам адам Түркия Республикасына барып келіп жүр .
Екі ел арасында мемлекетаралық кең көлемді қатынастар орнату – Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекет жақындастыратын басты фактор – екі халықтың түбі бір туыстығы: өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы геосаяси және экономикалық алғы шарттарының бірлікті бастаулары барлығы.
Айталық, аз уақыттың ішінде-ақ екі ел арасында қызу қанды қарым-қатынастық байланыстар жанданып жүре берді, заңды баз қалыптасты. Оның мысалы ретінде екі ел мемлекеттері бірінің басшыларының жоғары деңгейде қол қойған шарттары, декларациялары келісімдер және алынған міндеттемелер куә бола алады. Екі ел парламенттері арасында да қызу-қанды достық, ынтымақтастық өзара түсіністік мықты байланыстар бар. Ал, мәдениет, өнер және білі беру салаларындағы байланыстар екі халықтың бір-біріне жақындасуына, қарым-қатынастардың татулықпен негізделуіне ықпал етті. Өйткені, екі елдің тарих, этникалық, тіл және мәденитінде ұқсастықтар көп-ақ.
Сондай-ақ Қазақстанға қарағанда
Түркияның экономикалық потенциалы
жоғары, халықаралық рынокқа шығатын
өзіндік жолы бар Еуропалық қоғамдастық
алдында беделі жоғары. Сондықтан, оның
үлгісі Қазақстан экономикасын реформалауда,
оны нарықты қатынастар зандылықтарына
икемдеуде зор роль атқарары анық.
Демек экономикалық, саяси және мәдени
салалардағы қарым-қатынасты
Бауырлас Түрік мемлекетінен үлгі алған Қазақстан Республикасы халықаралық қатынаста біршама жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстанның ешкімге тәуелсіз егеменді екендігін дүниежүзіндегі барлық мемлекет мойындап отыр. Олар басшылығының Қазақстанда жоғары құндылығы адам, оның өмір құндылықтары мен еркіндігі болып табылатын демократиялы зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға, азаматтық қоғам орнатуға ұмтылысын барынша қуаттауда. Сондықтанда болар, Қазақстан өз егемендігіне ие болғалы 121 елмен дипломатиялық қатынас орнатып үлгерді. Бүтінгі таңда Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секілді 64 халықаралық ұйымда өкілдігі бар. Шет елдерде 50 шетелдік мекеме, соның ішінде 32 елшілік, 4 тұрақты өкілдік, 2 дипломатиялық миссия, 3 бас консулдық, 10 консулдық және 4 төлқұжат — виза қызметі жұмыс істейді. Көптеген елдерде Қазақстанның елшілері қосымша елшілік қызмет атқарады. Алматыда 50-ден астам шетел елшіліктері мен миссиялары, сондай-ақ 20-ға жуық халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істейді. Мемлекетіміздің бас қаласы Астана да ірі саяси, экономикалық және халықаралык байланыстар орталығына айналып келеді. Қазақстан 800-ден астам мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар мен келісімдер жасасты. Қазақстан Республикасы Халықаралық Валюта Қорының, Халықаралық қайта құру және Даму Банкінің, Халықаралық Қаржы Корпорациясының, Халықаралық Даму Қауымдастығының, Инвестициялар кепілдігінің көпжакты агенттігінің, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталықтың, Еуропа Қайта құру және Даму Банкісінің, Азия Даму Банкінің, Ислам Даму Банкінің мүшесі болып табылады.
Көптеген әлемдік, еуропалық және азиялық саяси және экономикалық ұйымдар мен одақтарға кіреді. Республиканың сыртқы қатынастар жүйесі демократиялық принциптер мен халықаралық құқықтық келісімдерді құрмет тұта отырып нарықтық қатынастар жүйесіне нық қадаммен араласып келеді.
Қазақстандағы білім берудің барлық деңгейлеріндегі күтілетін оқу ұзақтығы орта есеппен 14 жылды құрайды. ЭЫДҰ елдері бойынша бұл көрсеткіштің орташа мəні – 17,5 жыл. ЭЫДҰ елдері арасында ең жоғары көрсеткіш Түркияда (12,3 жыл) болса, ең төмен көрсеткіш Австралия мен Финляндияда (20,8). Эстониядағы жалпы оқу ұзақтығы – 18,2 жыл.
2.1. Қазақстанның білім беру жүйесі
Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі әртүрлі типті, түрлі және деңгейлі білім беру ұйымдарынан тұрады:
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар республикалық жалпы білім беру бағдарламалары құрылған: «Балбөбек», «Қарлыгаш», «Қайнар» және басқалар.
5-7 жастағы балалардың
мектепке дейінгі дайындық
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мəнін арттыру жалпы əлемдік
үрдістер қатарына жатады. Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды жəне жалпы өмірде табысты болып келеді.
2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда мектепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен қамту 2005 жылмен салыстырғанда 16,8 %-ға өскен жəне балалардың 40 %-ын ғана құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90-100 %-ға жетіп отыр.
Туу деңгейінің есебінен балабақшалардағы орын тапшылығы елімізде
орта есеппен жыл сайын
5 – 7 %-ды құрайды. Сонымен қатар 5 өңірде
туу факторы мен көші-қон
Балабақшаларда орта есеппен 100 орынға 111 баладан келеді, қалаларда – 120. Қалалық жерлерде əрбір үшінші бала, ауылдық жерлерде 100 баланың 5-уі ғана балабақшаға барады.
Инклюзивті білім беру қажетті деңгейде дамымаған. Қазіргі кезеңде мүмкіндіктері шектеулі 149 246 баланың 29 212-сі немесе 19,5 %-ы – мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада жəне 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен қамтылған, бұл 32,8 %-ды ғана құрайды.
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдармен қатар жекеменшік балабақшалар да ашылуда, егер 2005 жылы олардың саны 158 болса, 2010 жылы 284 болып отыр.
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының үлесі соңғы жылдар ішінде ішкі жалпы өнімнің (бұдан əрі –ІЖӨ) шамамен 0,1 %-ын құрайды. ЭЫДҰ елдерінде – ІЖӨ-ден 1 %-дан 2 %-ға дейін.
Республикада 8392 (2748 балабақша, 5348 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым қызмет етуде (2010 ж. - 6446.), онда 587,8 мың бала барады (2010 ж. - 446,4 мың). 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту 65,4%-ды, 1-ден 6-ға дейінгі балаларды қамту - 47,5%-ды құрайды.
Мектепке
дейінгі ұйымдар желісінің
Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер желісі
Аймақ |
Барлық мектептер саны |
Оның ішінде | ||
Бастауыш |
Негізгі |
Орта | ||
ҚР |
7384 |
964 |
1110 |
5310 |
Ақмола |
631 |
102 |
164 |
365 |
Ақтөбе |
445 |
66 |
85 |
294 |
Алматы |
741 |
69 |
51 |
621 |
Атырау |
198 |
14 |
15 |
169 |
ШҚО |
698 |
68 |
130 |
500 |
Жамбыл |
456 |
66 |
40 |
350 |
БҚО |
412 |
93 |
73 |
246 |
Қарағанды |
556 |
61 |
91 |
404 |
Қостанай |
568 |
117 |
115 |
336 |
Қызылорда |
290 |
17 |
26 |
247 |
Маңғыстау |
123 |
12 |
4 |
107 |
Павлодар |
411 |
51 |
72 |
288 |
СҚО |
585 |
104 |
140 |
341 |
ОҚО |
1019 |
121 |
102 |
796 |
Алматы қ. |
181 |
0 |
2 |
179 |
Астана қ. |
70 |
3 |
0 |
67 |
Информация о работе Түркия мен Қазақстанның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау