Түркия мен Қазақстанның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 08:02, научная работа

Описание работы

Түркиямен ынтымақтасу Қазақстанға оның аймақтық Азиялық процестерге тереңдеп, Орталық Азия мемлекеттерінің көбі ортақ түркі өркениетін қайта жаңғыртуына жәрдемдесті. Түркияның Қазақстанның және басқа түркі тілдес мемлекеттердің арасында тығыз қатынастарды дамыту аймақтағы күштердің ара салмағы елеулі ықпал жасады. Мұның бәрі және бірқатар басқа факторі Қазақстан-Түркия қатынастарының тарихи бастауларын, негізі кезеңдерін зерттеуде болашақ бағыттарын анықтаудың айрықша көкейкестілігін көрсетіп берді.

Файлы: 1 файл

гылыми жоба СП Несипбек А.docx

— 102.93 Кб (Скачать файл)

Жастарды ғылымға тарту  үшін жағдайлар жасалмаған.  Кадрлардың қартаюы байқалады. Ғылыми қызметкерлердің  орташа жасы – 55-те.

Қазақстанның жоғары оқу  орындарының ғылыми əлеуеті аса  тиімсіз пайдаланылады.

Білімнің,  ғылымның жəне өндірістің арасындағы байланыстың  нашарлығы мына себептерге негізделген:

  • жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ведомствоаралық кедергілер;
  • жоғары оқу орындарының ғылымын жеткіліксіз қаржыландыру;
  • ғылым мен техниканың жетістіктеріне орай əрекет етуге,  өндірістің өзгерген сұранысын есепке алуға мүмкіндік бермейтін білім беру процесін шамадан тыс əкімшілендіру;
  • жеке меншік сектордың білімді,  ғылымды жəне инновациялық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру  шараларының болмауы.

Қазақстанда əзірлемелерді  орындайтын жəне ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды нəтижесіне жеткізуді қамтамасыз ететін, оларды тəжірибе жүзінде іске асыратын инновациялық құрылымды қолдаудың  институционалды нысандары дамымаған.

Қазақстандағы ғылыми əзірлемелердің  үлес салмағы дамыған елдерде  қабылданған деңгейден он есе  төмен қалып отыр.

 

2.2. ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру

 

Бұл жолдаудың басты бағыттарының бірі болып: бастауыш және орта білім  беру, сондай-ақ кадрларды қайта  даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға  жақындату.

Біз бүкіл еліміз бойынша  әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге  қол жеткізуіміз керек.

Біріншіден, 3 ауысымдық оқытуды  жою керек. Таяудағы үш жылдың өзінде мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде Қазақстанның өңірлерінде 10 жаңа мектеп салу қажет.

Екіншіден, оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін  бағалаудың біртұтас жүйесін жасау  керек. 
Үшіншіден, он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет.

Төртіншіден, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен  ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек.

Бесіншіден, мектептерге  ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тарту қажет. Кез келген ортасанатты мектептің балалардың ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежесіне қол жеткізуіміз қажет. 
Алтыншыдан, жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізген мектептерге гранттар тағайындау жөнінде мемлекеттік конкурстар жүйесін енгізу туралы ойластырған жөн, айталық, оларды аз қамтылған отбасындағы оқушыларға арналған степендияларды қаржыландыру түрінде беруге болар еді. Бұл олардың одан әрі неғұрлым беделді әрі озық білім беру мекемелерінде білім алуларына жағдай жасайды. Үздік оқушылардың жұмысын бағалау мен оларға сыйақы төлеу жүйесін өте мұқият зерттелген жөн. 
Он сегізінші бағыт- Оқу орындарын халықаралық стандарттар деңгейінде аттестациялауды енгізу, жоғары білім беру ғылымдарды басым дамыту 
Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн. 
Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді.  
Үшіншіден, Үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және инженерлік ғылымдардың ғылыми-қолданбалы орталықтарын дамыту үшін тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс.  
Төртіншіден, Білім және ғылым министрлігі мен Үкіметтің өзге де тиісті құрылымдары ғылыми-техникалық оқыту бағдарламасын әзірлеп, ақша қаражатын тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстардың салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын бақылауға алуы керек. 
Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік даму институттарын белсендірек тартып, сонымен қатар жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық және ғылыми білім беру ісіне құйылуын көтермелеп отыруымыз қажет.

Алтыншыдан, біз үшін барынша  мүдделік туғызып отырған білім  беру салаларына шетел ғалымдары  мен оқытушыларын белсендірек тарту  өзіміздің білікті оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі стратегиямыздың  құрамдас бөлігі болуы керек. 
Жетіншіден, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты тартудың жаңа нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр.

Келесі бағыттың бастысы  «Парасатты экономика» негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне белсене кіріккен осы заманғы  белді мемлекеттердің барлығы дерлік бәрін де «парасатты экономиканың»  жолына тіккен еді. Ондай экономика құру үшін, ең алдымен, өзіміздің «адами қазынамызды» молайтуымыз керек екені анық. 
Біріншіден, тұтас алғанда әлемдік технологиялық даму деңейіне сәйкес өзіміздің жаңа экономикамызға қажетті білімнің баршаға ортақ базасын ұдайы жаңартып отыру үшін ілгері талаптар қойып, тиісті инфрақұрылым қалыптастыру қажет.

Екіншіден, білім беру бағдарламаларын  іске асыру мен ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін инновациялық білім беру консорциумдарын құруға тікелей қолдау көрсету міндет. 
Үшіншіден, ғылыми- зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының мемлекеттің немесе жеке меншік сектордың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға тапсырыстарын, гранттар, бірлескен ғылыми басылымдар және т.б. алу үшін бірлесіп, конкурстарға қатысу практикасын кеңейте беру қажет.

Төртіншіден, жаңа технологиялар  беруші компанияларға осы технологиялармен жұмыс істеуге тиіс қазақстандық құрамды міндетті түрде оқытуды  ұсынған жөн.

Бесіншіден, кәсіпкерлердің жеке меншік сектордың ғылыми-технологиялық  қамтылуы мен бәсекеге қабілеттілігіне  мүдделі болуына қажетті алғышарттар  туғызу да маңызды. Сондай-ақ кәсіпкерлердің қазақстандық мамандарды оқыту жөніндегі контрактілік міндеттемелерін орындауын қалтқысыз бақылап отырудың да маңызы үлкен. 

 

2.3. Түркияның білім беру жүйесі

Түркия  Республикасындаға қазіргі оқу  жүйесі 1923 жылы республиканың ресми  түрде жариялануынан кейін қалана бастады. Ататүрік жүзеге асырған революцияға  дейін көптеген білім беретін  мекемелер қалаларда шоғырланды және діни институттардың қолында болды. Республиканың ресми түрде жариялануынан  кейін барлық оқу орындары мемлекеттің  бақылауына өтті, және білім алу  зайырлы, дінияуи сипат ала бастады. 1924 жылы жалпыға ортақ міндетті тегін  білім беру, ал 1927 жылы барлық деңгейлерде бірге оқыту енгізілді .

Қазіргі түрік республикасында барлық деңгейлерде  жалпы білім беру білім берудің  қаржылық шығындарына жауапты елдің  орталық басқаруының демеуін  алады, оған елдің жалпы бюджетінің 10 % келеді. Білім министрлігі білім  беру жүйесін басқаруды қатаң  бақылайды: оқу бағдарламасын құрастыруға, ресми, жеке меншік және ерікті ұйымдардың жұмысын үйлестіруге, мектептер  жобасы мен құрылысына, оқу материалдарының  дайындалуына және т.б. жауапты.     

Түркияда  оқу жылы қыркүйектің екінші жартысынан басталады және мектептің қайда  орналасқанына байланысты маусым айының ортасына дейін жалғасады: қалалық  немесе ауылдық жерде. Оқу күні біздегі  тәрізді таңертеңнен күннің жартысына  дейін жалғасады, бірақ кейбір салмақ көп түскен мектептерде балалар  екі ауысымда оқиды. Күн бойында  оқушылар емес, мұғалімдердің өзі  сыныптан сыныпқа ауысады.  Оқу  жылының уақытында ақпан айында екі апталық қыстық демалыстар болады.  

Білім жүйесін «формальды» және «формальды емес» білім деп аталатын негізгі екі блок құрайды.

Формальды (ұйымдасқан) білім – оқу мекемесінің белігі жастық топтағы және дайындықтың бірдей деңгейіндегі жеке адамымен, жоғарылатылған бағдарламаға сәйкес үнемі берілетін білім. 

«Формальды» білімге жатады:

• мектепке дейінгі білім (Okulöncesi Eğitim) – қалауына байланысты, міндетті бастапқы білім  алу жасына жетпеген, 6 жасқа дейінгі  балаларды оқыту және тәрбиелеуді  қамтиды. 

• бастапқы білім (İlköğretim) – 6 жастан 10 жасқа дейінгі  балаларды міндетті тәрбиелеу мен  оқытуды қамтиды.

• орта білім (Ortaöğretim) – 10 жастан 14 жас аралығындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды  қамтиды, бастапқы білімге негізделеді.

• лицей (Lise) – ең азы 4 жылдық, жалпы, мамандандырылған және техникалық бағыттағы білім  беру мекемелерінің барлығын қамтиды, орта білімге негізделеді; 14 жастан 18 жас аралығындағы балаларға арналған.

• жоғары білім (Yükseköğretim) – кем дегенде 2 жылдық жоғары білім беретін барлық жоғары білім беру мекемелерін қамтиды.

Формальды емес (танымал) білім ұлттық білім  берудің жалпы мақсаттарына және негізгі қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылады, формальды (ұйымдасқан) білім жүйесінде  жоқ немесе білім алудың деңгейлерінің (бұл деңгейден кетіп қалған) бірінде  бар  тұлғаларға көрсетіледі. Бұл  осылай аталатын халықтық білім. Ересектерге  арналған білім беру орталықтары, техникалық мектептер – осының барлығы «формальды емес» білімге жатады. «Формальды емес» білім шеңберінде ұйымдастырылған  курстарда адамдар жаңа немесе қосымша  мамандықты тегін игере алады (мысалы шаштараз, аспаз, т.б.).

2012 ж. 11 сәуірде Түркия Республикасының  президенті Абдулла Гюль «4+4+4»  заңының атауын алған білім  туралы заңға өз қолын қойды. «4+4+4» үлгісі бойынша білім туралы заң 12 жылдық міндетті білім алуды көздейді.    Заңға сәйкес, білім бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беретін, бастапқы білім мекемелері, 4 жылдық бастапқы міндетті білім мектептері, міндетті орта білім мектептері мен лицейлері құрылады. Орта мектептерде және лицейлерде Құранды және пайғамбарлар өмірінің тарихын үйрену таңдау бойынша жүргізілетін болады. Орта мектептерде және имам-хатиптердің мектептерінде, оқушылардың қабілеттеріне, даму деңгейіне және өзгеше ықыластарына сәйкес, сабақтар таңдау бойынша болады .

«Формальды» білім деп аталатын жүйені толығырақ  қарастырайық. Оның бірінші, бастапқы деңгейін 1 жастан 6 жасқа дейінгі  балаларды қамтитын, мектепке дейінгі  білім құрайды. Ол сондай-ақ барлық білім жүйесіне дайындық сатысы және оның интегралды бөлігі болып табылады. Солай болса да, мектепке дейінгі  білім міндетті болып табылмайды. Көптеген мектепке дейінгі мекемелер  жеке меншік болып келеді, бірақ  кейбіреулері мемлекеттік бастауыш мектептермен байланыста болады (бұл  кезде, мемлекеттік те, жеке меншік мектепке дейінгі білім мекемелері ақылы болып табылады). Мұндай мекемелер  негізінен жұмыс істейтін аналар санының артуының қажеттіліктеріне жауап беретін үлкен қалаларда шоғырланған .

Одан  әрі төрт жылдық бастауыш білім болып  табылады (6 жастан 10 жасқа дейінгі  балалар үшін), ол 6 жасқа толған балалар  үшін міндетті болып табылады. Бұл  жүйеге мектептердің келесі типтері  кіреді: мемлекеттік, жеке меншік, діни және арнайы. 

Бастауыш  мектептердің көпшілігінде өзінің бірыңғай формалы киімдері енгізілген. Бекітілген стандартты білімге жетпеген мектеп оқушылары жыл соңында оқу  курсын қайталауға міндетті. Түркиядағы барлық мемлекеттік бастауыш мектептер  тегін болып табылады. Солай болса  да, жеке меншік бастауыш мектептер  де бар (ақылы), олар мемлекеттіктен сыныптағы  оқушылар санымен және қосымша қызмет жиынымен айырмаланады .

Бастауыштан кейін орта білім жүреді (10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар үшін). Орта мектептерде оқу 4 жылға созылады.

Одан  әрі лицей (14 жастан 18 жасқа дейінгі  балалар үшін). Лицейлерде гуманитарлық және табиғи-математикалық бағыттарға жіктелу жүзеге асады. Басқаша айтқанда, лицейде оқу 4 жылға созылады және бөлінеді:

• жалпы  білім беретін лицейлер: анатолиялық  жалпы білім беретін лицей, анатолиялық  мәдениет және көркемөнер лицейі, спорттық лицей және ғылыми лицей;

• кәсіби лицейлер: анатолиялық кәсіби лицей, анатолиялық техникалық лицей;

• әлеуметтік ғылымдар лицейі.

Жалпы білім  беретін лицейді бітірген соң  түлектер оқу бітіргені туралы диплом алады, ол арқылы қабылдау емтихандарын тапсырып, кез келген университеттерге түсе алады. Кәсіби лицейді бітірген соң түлектер оқу бітіргені туралы диплом алады және алған мамандығы  бойынша жұмысқа орналаса алады  немесе қабылдау емтихандарын тапсырып, таңдаған кәсібі бойынша жоғары білім  ала алады.  

Кешкілік  мектептер көбінесе көршілес орналасқан немесе орта мектептердің ғимаратында  орналасады. Бұл жерде жұмыс істеушілер үшін бастауыш немесе орта білімін  жалғастыру үшін мүмкіндік беріледі. Кешкілік мектептерде оқу күндізгі мектептердегіге қарағанда бір  жылға артық созылады, ол жоғары білімге тең құқық береді. Орта мектептер мемлекеттік және тегін  болып табылады.

Қазіргі Түркиядағы білім жүйесі батыс елдерінің  жүйесімен ұқсас екенін айта кетейік, тұратын мекен түріне ие кез келген ұлттың балалары мен жасөспірімдері жеке меншік мектептерде де, мемлекеттік  мектептерде де білім алуға құқылы .

Университетке қабылдау емтихандарына дайындалу  үшін, жоғары сыныптарды бітірген оқушылар ақылы арнайы жылдық дайындық курстарына (Dershane) қатысады, ол жерде мектепте өтілген  бағдарлама егжей-тегжейлі және тереңдетіліп үйретіледі. Сол уақытта түлек  қатарлас оқи алады (лицейде де, курстарда  да). Осыдан кейін ғана түлек университетке  қабылдау емтихандарын тапсырады.

Жоғары  білім (Yükseköğretim) жүйесіне жеке тоқталған  жөн. Түркиядағы барлық жоғары білімдер 2 түрге бөлінеді: бакалавриат и  магистрат.

Білім алуды  аяқтаған соң студент бакалавр немесе магистр деген ғылыми деңгей алады. Түрік ЖОО-ның дипломдары, түріктермен  еуропалық және америкалық білім  жүйелері кіріктірілген болғандықтан, Еуропада да, АҚШ-та да жоғары бағаланатынын  айта кету мағызды.

Университеттерде  оқу екі жылдық немесе төрт жылдық болуы мүмкін. Бірақ, мамандыққа байланысты білім алу мерзімі ұзағырақ болуы  да мүмкін « мысалы, медициналық  білім алу үшін 6 жыл оқу қажет). Оқу ақылы болып табылады (жылына 500-2500 доллардан мемлекеттік ЖОО-да, 10000 долларға дейін  жеке меншік мекемеде оқуға).

Сонымен, түріктік ЖОО-да білім алу екі сатыдан тұрады. Бастапқы төрт жылдық оқу курсын өткеннен кейін түлек емтихандар тапсырады және бакалавр деңгейін алады. Одан әрі магистр деңгейін алу үшін, қабылдау емтихандарын тапсыру қажет (LES Sınavı), оған халықаралық емтихан TOEFL да кіреді. Белігі бір жағдайларда сондай-ақ ауызша емтихандардан өту де талап етіледі, ол әдетте профессорлармен қабылданады. Магистр деңгейін алу үшін оқу мерзімі не 1 жылды (оқу белсенді сипатта болады, бітірген соң жоба тапсырылады), не 2 жылды (бітірген соң тезис тапсырылады) қамтиды.  

Информация о работе Түркия мен Қазақстанның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау