Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 11:52, курсовая работа

Описание работы

Қоғам мектептің алдына арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушының танып – білу дербестігін, ынтасын, қызығушылығын мақсатты түрде дамыту міндетін қойып отыр. Ал бұл міндетті шешудің басты формаларының бірі – сабақ. Сабақ дегеніміз не? Бұл ұғымға берілген анықтамалардың көпшілігінде «... оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу үшін үнемі қолданылып отыратын оқушылар мен мұғалімдердің тұрақты құрамының белгілі бір уақыт бөлігіндегі қызметін ұйымдастыру формасы» деп көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................... 2-4.

I-ТАРАУ. Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері.

II-ТАРАУ. Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. ............5 -.
2.1 Сабаққа қойылатын міндеттерімен, оқыту принциптері ................... 12

2.2 Шетел тілін оқыту барысында интерактивті тəсілмен жұмыс жасаудың ерекшеліктері мен пайдалылығы.

Файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 240.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҒЫЛЫМ  ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

 

 

Шығыс  тілдер кафедрасы

Шет ел тілдерін қазіргі оқыту әдістемесі пәні бойынша

 

Курстық жұмыс

  Тақырыбы:  Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері

 

 

 

Орындаған:

 шет тілі: 2 шет тілі (қытай, ағылшын) мамандығының

 күндізгі  оқу  бөлімінің 10.04.01 топ  студенті

Шардарбеков Н.Б.

Ғылыми  жетекші:

Қабылдаған:

Аға  оқытушы

 

 

 

 

Алматы  2012ж. 

КІРІСПЕ....................................................................................................... 2-4.

 

I-ТАРАУ.   Жалпы  білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері.

 

II-ТАРАУ.  Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. ............5 -.

2.1 Сабаққа қойылатын міндеттерімен, оқыту принциптері ................... 12

 

2.2 Шетел тілін оқыту барысында интерактивті тəсілмен жұмыс жасаудың ерекшеліктері мен пайдалылығы.

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

Кіріспе.

 Жалпы  білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері.

Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы мазмұндық – технологиялық өзгерістер қоғамдағы әлеуметтік мәні бар көптеген құнды нәрселерді қайта бағалауға себеп болады. Ұлттық білім беру жүйесін құруға ұмтылыс, білім беру мақсаттарын қайта қарау, жаңа оқу бағдарламаларын енгізу оқыту мен тәрбиелеудің жаңа түрлері мен әдістерін ендіру керек.

Қазақстан Республикасының әлемдік экономика кеңістігіне енуі барлық білім беру мекемелері қызметінің оқушы тұлғасын дамытуға бағыттадуын талап етіп отыр. Ал бұл жағдай мүмкіндігінше әрбір оқушының ерекшелігі мен мүмкіндіктерін ескеретін педагогикалық үдеріс технологиясын, білім беру мазмұнын дәйектеуді талап етеді.

Қоғам мектептің алдына арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушының танып – білу дербестігін, ынтасын, қызығушылығын мақсатты түрде дамыту міндетін қойып отыр. Ал  бұл міндетті шешудің басты формаларының бірі – сабақ. Сабақ дегеніміз не?  Бұл ұғымға берілген анықтамалардың көпшілігінде «... оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу үшін үнемі  қолданылып отыратын оқушылар мен мұғалімдердің тұрақты құрамының белгілі бір уақыт бөлігіндегі қызметін ұйымдастыру формасы» деп көрсетеді.

Мұғалім үшін оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі көзі сабақ болып табылады. Тек сабақта ғана мұғалім оқушылардың білімінің мол, дүниетанымының кең, тәрбиелі азамат болып өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал осындай сабақтың мақсат, міндеттері тек дамыта оқыту жүйесінде ғана өз нәтижесін бермек. Дамыта оқытудың жүйесінің негізі – мұғалімнің оқушыларға көп материал беруі емес, нақты меңгерте отырып, нақты тірек –сигнал есебінде өз білімін одан әрі дамытып, әрбір құбылыстың мәнін, ерекшелігін, сапалық деңгейін анықтауға үйрету.  Мұғалім оқу материалдарын беруде оқушылардың есте сақтауына әсер ете отырып, оның ойлау қабілетіне тікелей әсер ететіндей жағдай жасау керек. Ойлау арқылы оқушылар өздері шығармашылыққа ұмтылады, материалды дайын түрде қабылдамай, оны жеке зерттеу немесе топтық зерттеулер жүргізе отырып, көзімен көріп, өз сұрағына жауап таба алады. Оқу оқуға күштемей танымдық қызығушылықтарының, талпынысың мұқтаждығы мен ерік-жігерін оқу жұмысына бағыттағанда ғана тиімді болады. Дамыта оқытудың негізгі мақсаты- оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, білімге өз күшімен жеткізу.

Сабақта оқу-тәрбие үдерісінің барлық педогогикалық элементтері: мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастыру мен басқару қызметі көрініс табады. Оның нәтижелігі – оқушының білімді дұрыс меңгерудің шарты. Жаңа педогогикалық технологияларды, жаңа идеяларды тәжірбиеге  баяу ендірудің басты себебі, сабақты ұйымдастырудың, өткізудің әдістемелік деңгейінін төмендігінен екені белгілі.

Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар:

  • білім беру міндеттері мен оның құрамдас элементтерін, дамытушы және тәрбиелік міндеттермен байланысын нақты қою. Сабақтың жалпы жүйесіндегі орнын анықтау;
  • сабақтың оптималды  мзмұнының оқу бағдарламасының талаптарына және сабақ мақсатына сәйкестігін, оқушылардың двйындығын ескере отырып, анықтау;
  • оқушылардың сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да ғылыми ілімдерді меңгерудің, білік, дағдысының қалыптасуы деңгейін болжамдау;
  • оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен құралдарын таңдау, олардың сабақтың әрбір кезеңіндегі тиімді ықпалын бақылау және ынталандыру, таңдаудың танымдық белсенділікті қамтамасыз етуі;
  • сабақ барысында ұжымдық және дербес жұмыстарды оқушылардың дербестігімен, өзіндік жұмысымен үйлестіру;
  • сабақта барлық дидактикалық принциптерді жүзеге асыру;
  • оқушылардың жемісті жұмыс істеуіне жағдай жасау.

 

Мұғалім өзінің әрекетін, оқыту, ынталандыру, қарым-қатынас  тәсілдерін пайдалана отырып, құрастырады. Осылайша, сабақ құрылымының ішкі және сыртқы элеметерінің үйлесімі мұғалім  әрекеті мен оқушының оқу әрекетінің тұтастығын танытады.

Білік, дағдыны  қалыптастыру- колдану. Оқушының дамуы тек білімді игерумен шектелмейді. Игеруден кейін материалды өздігінен қайта өндеу жұмысы жасатылуы тиіс. Ең бастысы – бұл кезеңде оқушының үйренген әдс-тәсілдерін көрсетуі үшін емес, өздігінен жаңа әрекет тәсілдерін танытуы үшін мақсатты түрде жағдай жасалады. Мұғалім ол үшін таныс емес, жағдайда білімді қолдана білуге арналған тапсырмаларды, эвристикалық әңгімені, шығармашылық сипаттағы дербес жұмыстарды пайдалануы керек. Қазіргі сабақтың дәстүрлі сабақтан негізгі айырмашылығы –онда оқушы білімді тек игеріп қана қойылмайды, сонымен қатар оның толыққанды дамуы үшін барлық жағдай жасалады.

Білімді бастапқы бекіту құрамдастырылған сабақтың міндетті  бөлігі болып табылады. Сабақты бекітудің  әдіс-тәсілдері сан алуан, дегенмен оқушылардың ойлау белсенділігін көтеруге бағытталуы керек. Бұл мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін жеке жұмыс формасында  (тапсырма, жаттығу жазу, кесте, диаграмма, технологиялық карта құрастыру, қима қағаздармен жұмыс жасату, анықтамалық және нормативтік әдебиеттермен жұмыс жасату, мазмұнды иллюстрациялау) болуы керек. Материалды бекіту кезеңінде мұғалім оқушылардың қатесін түзетеді, қаншалықты түсінгендерін анықтайды.

Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясын  мұғалімдер өз тәжирбиелерінде жиі қолданылады. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың нәтижелі түрі болып табылатын бұл технологияда сабақ құрылымының өзіндік ерекшеліктері бар. Сабақ өзара байланысты үш кезеңнен тұрады.

Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне әсер етіп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі.Сонымен қатар оқушылардың жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге, оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын-болмайтындықтарын шешуі де осы кезеңде іске асады.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар жаңа мәлімет  пен идеяны немесе жаңа мазмұнды игеріп, іске асырады. Бұл кезеңдегі оқушының негізгі міндеті- жаңа мазмұнымен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім-сенімдерімен байланысқандығы жөнінде хардар болу. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып, жаңа ақпараттың қолданбалылығы мен қолайлығын қарастырады, белгісізден белгілі қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдайды.

Ойтолғаныс  кезеңі үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезеңде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін  өз сөзерімен жеткізеді. Мақсаты- оқушылардың білімдері ұзағынан мазмұнды болуы шындыққа ұласуы үшін бұрынғы мәліметтері мен жаңа мәліметті өз деңгейінде қабылдау.

Ғалымдардың  зерттеулеріне талдау жасай отырып, сабақ- оқушының танымдық әрекетін ұйымдастыру формасы ғана емес, оқушының тұлғалық қасиеттері мен дербес сапаларының қалыптасуына ықпал ететін негізгі білімдік орта деген қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар, сабақ барысында мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызы зор. Әдістемелік тұрғыдан шебер педагогика-психологиялық тұрғыдан сауатты, дидактикалық тұрғыдан тиімді ұйымдастырылған сабақ оқу тәрбие нәтижелігінің кілті деуге болады.

II-тарау.  Шет тілін оқыту теориялық негіздері.

Қазақстан республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениеті жоғары ХХІ - ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен коғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны аныкталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тындап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - катынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін окып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады. Шетел тілінде окушылар дұрыс қарым-қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тындап түсіну – сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формата болады, тыңдау импрессивті формата болады. Ауызша айтылтан сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну кысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, кабылдауга, логикаға, саната, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тындап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялык есту кабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процес болғандықтан жалпыға ортақ киындыктарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Олар:

• Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық жоне грамматикалык материал окушыға таныс емес болуы мүмкін, бұл жатдай оқушыта тындатан мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындыкгы жеңудің жолы - оқушылардың пассивтік және потенциалдык сөздік қорын байыту;

• Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялык ерекшеліктері болуы занды құбылыс. Оқушы өз мұғалімінің сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді тусінбеуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің жoлы - сабақта техникалық құралдарды жиі колдану керек;

Мұғалім әдетте сабакта өте баяу ырғакпен сөйлейді, мұндағы мақсат оқушылар оның айткан сөзін түсінсін дегендік. Окушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді. Міне бұл киьшдықты сабақта тек техникалық құралды қолдану аркылы жеңуге болады;

• Мұгалім сабакта шетел тілінде сөйлегенде, айтқан сөзін оқушылар түгел түсінсін деп бірнеше рет қайталап айтады. Окушылар осы қайталауға үйренеді. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын кайталамайды, сондыктан мұғалімнің мақсаты окушылардың тыңдаған мәтіннің мазмүнын бір-ақ рет тындағанда түсінуге үйрету. Ал кей жағдайларда окушылар мәтіннің мазмұнын бір рет тындағанда түсінбесе, оны екінші per тыңдатуға болады, бірақта бұл жолы мүғалім тындайтын мәтінге косымша бір тапсырма беруіне болады. Мысалы, мәтінді екінші рет тыңдаңдар да, бұл оқиғаның басгы кейіпкеріне, оқиға уақытына, оқиға жеріне және т.б. назар аударыңдар деген сияқты тапсырмалар;

• Келесі бір қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушініц бет- әлпетін көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл-козғалысын байкап отырса, онда ол өзі тындап отырған сөзді жеңіл түсінеді, біракта мұндай жағдай үнемі бола бермеуі мүмкін (телефон аркылы сөйлесу, радиодан хабар тыңдау т.с.с.). Жоғарыда айтытлған киындыктарды женудің алғышарты  -  мұғалімнің сабакта техникалык құралдарды кеңінен пайдалануы және тындау кабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларды дұрыс үйымдастыра алуы.

Окушылардың шетел  тілі сабақтарында тыңдап түсіну кабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға  болады. Бірінші топ жаттығуларынын мақсаты - мәтінді тындаудың алдында  лингвистикалық және исихологиялық  киындыктарды алдын ала жою. Екінші топ жаттығудын мақсаты - мәтінді тындауға арналған жаттығулар. Мұнда окушылар мәтінді тыңдайды, оның тақырыбын, идеясын анықтай, берілген кестені/сызбаны және т.б. толтыру, сұрактарға берілген жауаптардың мәнін мазмұнына сәйкес келетін аныктай және т.б.

  Үшінші топ жаттығудың максаты - мәтін мазмұнын толык түсініп, оқушылардың бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий және талдау жасай алу. Мысалы, тыңдаған мәтіннің тақырыбын талдау, мәтін мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру, уақиғаны бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу және т.б. Үшінші топ жаттығуларып орындау барысында окушыларға тірек, таяныш сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар және т.б. ұсынуга болады.

Төртінші топ  жаттығудың максаты - окушыларды мәтін мазмұнының бастыидеясына байланысты ойларын айтқызу, пікір-талас ұйымдастыру, ≪дөңгелек үстел≫ ұйымдастыру, сахналау, сценарий жазу және т.б. Енді тыңдауға арналған мәтіндерге койылатын талаптарға тоқтала кетсек. Олар:

• тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны окушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;

• мәтіннің берік логикасы болуы шарт;

• мәтіннің мазмұнында тындаушылар үшін кызыкты жаңа мәселе болуы керек;

• мәтін аутентивті, яғни шындыққа негізделген, жасанды мәтін емес болуы тиіс.

Жогарыда айтылған ойларды корытындылай келе, оқушылардың  тындап түсіну іскерліктерін қалыптастырып, дамыту кажет. Егерде окушылардың тындап түсіну іскерліктерін дамытпасак, окушылардың  шетел тілінде сөйлей алуға да үйрете алмаймыз.

 

 

2.1 Сабаққа қойылатын міндеттері мен, оқыту принциптері.

Сабақ – оқушылардың  белсенді әрі жоспарлы оқу танымдық іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқытулы  ұйымдастырыру формасы. Сабақ жүргізу  өнері мұғалімнің сабаққа қойылатын әлеуметтік және педагогикалық талаптарды түсінуі мен орындауына тығыз байланысты. Бұл тараптар мектептің алдына қойған міндеттерімен, оқыту принциптерімен анықталады. Сабаққа қойылатын жалпы талаптарды шартты түрде үш топқа бөлуге болады: дидактикалық, тәрбиелік және ұйымдастырушылық.

Дидактикалық  немесе білімдік талаптарға жатады:

1. Тұтас сабақтың және оның құрамдас бөліктерінің білімдік міндеттерін, сонымен қатар әрбір сабақтың жалпы сабақ жүйесіндегі орнын нақты айқындау;

2. Пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарына және сабақ мақсатына сәйкес оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, сабақтың мазмұнын айқындау;

3. Оқытудың ынталандырудың және бақылаудың, оқушылардың танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін сабақ барысында оқушылардың дербес оқу жұмыстары мен ұжымдық жұмыстардың алуан формаларын үйлестіретін, анағұрлым тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау;

4. Сабаққа тиімді оқытудың шарттары мен принциптері, әсіресе, пәнаралық байланысты жүзеге асыру.

Қазіргі сабаққа дидактикалық талдаудың құрылымы:

  • оқытудың негізгі принциптерінің дербес және бір-бірімен үйлесімді жүзеге асырылуына баға (жаңашылдық осыдан көрінуі тиіс);
  • сабаққа  қойылатын бағдарламалық-әдістемелік талаптардың нақты әрі шығармашылықпен  орындалуының  үйлесімділігіне баға;
  • сабақтың типін анықтау сауаттылығына баға;
  • оқушылардың дайындық деңгейі, нақты оқу және тәрбиелік мүмкіндіктері сабақты жобалауда және жүргізуде қаншалықты ескерілген?
  • Оқушылардың қызығушылықтары, бейімділіктері, қажеттіліктері мен сұраныстары ескерілгенбе?
  • Сабақтың мақсатын  (міндеттерін) жобалаудың (ойлап табудың) толықтығына баға;

Информация о работе Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері