Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 11:52, курсовая работа
Қоғам мектептің алдына арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушының танып – білу дербестігін, ынтасын, қызығушылығын мақсатты түрде дамыту міндетін қойып отыр. Ал бұл міндетті шешудің басты формаларының бірі – сабақ. Сабақ дегеніміз не? Бұл ұғымға берілген анықтамалардың көпшілігінде «... оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу үшін үнемі қолданылып отыратын оқушылар мен мұғалімдердің тұрақты құрамының белгілі бір уақыт бөлігіндегі қызметін ұйымдастыру формасы» деп көрсетеді.
КІРІСПЕ....................................................................................................... 2-4.
I-ТАРАУ. Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері.
II-ТАРАУ. Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. ............5 -.
2.1 Сабаққа қойылатын міндеттерімен, оқыту принциптері ................... 12
2.2 Шетел тілін оқыту барысында интерактивті тəсілмен жұмыс жасаудың ерекшеліктері мен пайдалылығы.
Сабаққа қойылатын тәрбиелік талаптар:
1. Сабақ барысында берілетін ғылыми ілімнің негізінде оқушылардың диалектика –материалистік дүние танымын, жоғары адамгершілік сапалары мен эстетикалық талғамдарын өмірмен тығыз байланыстыра отырып қалыптастыру.
2. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, оқу-танымдық әрекеттің жағымды мотивтерін, шығармашылық бастамшылдығы мен белсенділіктерін дамыту және қалыптастыру;
3. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері. ( ойлау, ес, назар, қиял, т.б.) мен даму деңгейлерін ескеру және жан-жақты зерттеу;
4. Мұғалімнің педагогикалық тактіні сақтауы.
Сабақ- бұл мұғалімнің жалпы және педагогикалық мәдениетінің айнасы оның интеллектуалдық байлығының өлшемі, оның дүниетанымы мен эрудициясының көрсеткіші.
Оқушы мектептен белгілі бір білім көлемін ғана емес, оқу білігін алып шығуы керек. Қазіргі ақпараттар ағыны толассыз уақытта адам өзіне қажеттісін талғап алатындай, ақпараттар көзімен жұмыс істей білетіндей болуы керек. Яғни ақпараттар бұрқасынан қажеттісін жинау, өңдеу, жүйелеу, талдау іскерлігі оның бойында мектепте қалыптасуы тиіс.
Сабақ кезеңдері:
Сабаққа қойылатын ұйымдастырушылық талаптар:
1. Тақырыптық жоспарлау негізінде сабақты жургізідің ойластырылған жоспарының болуы;
2. Сабақты жүргізудің нақты ұйымдастырылуы (уакытылы бастау, әрбір минутты тиімді пайдалану, сабақтың ырғағы, логикалығы);
3. Түрлі оқыту құралдарын, сонымен қатар оқытудың техникалық құралдарын дайындау және пайдалану. Бұл аталған талаптар сабақтың нәтижелігінің қажетті шарты болып табылады. Мұғалім оларды жақсы білуі және сабақты жоспарлауда қолдануы тиіс.
2. Әдістеме ғылымына қысқаша шолу.
Қазіргі әдістер.
Әдістер атауы туралы түсінік. Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы. Педагогика ғылымында әдістеменің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу.
Әдістеме – мұғалім тәрбиесінің педагогикалық шеберлігінің негізі. Шет тілдеріне оқыту әдістемесінде әдіс сөзі мынадай ұғымда қолданылады: біріншіден, ол оқытудың белгілі бір мақсатына, мазмұнына және қағидаларына негізделген тұтас бір бағыт. Әдістемелер әр түрлі кезеңдерде оқыту мақсаттарының өзгеруіне байланысты жаңадан аталып отырды: мысалы логикалық қағидалар бойынша синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, дедуктивтік әдіс, т.б., тіл салалары бойынша грамматикалық әдіс, фонетикалық әдіс, тілдің психолгиялық қағидалары бойынша тндуктивтік әдіс, тура әдіс; ойлап табушының аты-жөні бойынша Коменский әдісі, Гуэн, Пальмер, Уэст, Фриз, т.б. әдістері. Негізгілері:
Грамматикалық – аудармалық әдіс – көбіне классикалық тілдерді, әсіресе, латын тілін оқытуда қолданылған. Бұл әдісте тіл грамматикалық ережелерді жаттау арқылы оқытылады. Жана сөздер грамматикалық тақырыб көлемінде алынады. Ал, аударма жана сөздерді сөз құрылымын ережесін оқытқанда қолданылады. Барлық жаттығулар грамматикалық ережененін аясында кұрылып, ана тілінен шет тіліне, шет тілінен ана тіліне аудару арқылы орындалған.
Грамматикалық – аудармалық әдістің ерекшеліктері:
Грамматикалық аудармалық әдіс бойынша сөйлемді талдаудың ең жақсы әдісі – оны әуелі ана тілінде түсініп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш пен баяндауышты, толықтауышты анықтау. Әрі қарай талдауды етістіктің шағын, етісін анықтап жалғастыруға болады. Содан кейін оқышуға осы сөйлемның шет тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады.
Дыбыстар, морфемалар, сөздер әр тілдің өзіне ғана тән түрінде болады, ал синтаксистің негізгі қағидалары барлық тілдерге тән. Бірақ ағылшын тіліндегі грамматикалық құрылымдар қазақ тіліндегі құрымдылармен сәйкес келмейді.
Грамматикалық аудармалық әдіс алғашында XVIII – XIX ғасырларда мектептерде кеңінен қолданылды. Кейінен педагогика, психология, лингивистика ғылымдарының дамуы бұл әдіске өзгерістер енгізіп, XIX- XX ғасырлардың соңында екі грамматиканың арақатынасы ажыратылды. Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұғырдан қарағанда грамматикалық аудармалық әдіс жиі кездеседі.
Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі.
Тура әдіс грамматикалық аудармалық әдіске қайшы әдіс ретінде дүниеге келді.
Өндіріс пен сауданың халықаралық көлемде қарқынды дамуы, капиталистік мемлекеттердің үлкен елдерді жаулау сияқты процесстер шет тілін білетін мамандарға сұранысты арттырды, бұл өз кезегіне жаңа әдістің пайда болуына себепші болды. Тілді іс жүзінде игеру мектептерде шет тілін оқытудың негізгі мәселесіне айналды.
Тура әдістің негізгі ерекшеліктері:
Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі – шет тілін оқытуда, шет тілімен беретін түсініктің арасындағы байланыстың тура болып, ана тілінің мүлдем қолданылмауы.
XIX ғасырлардың соңы мен XX ғасырдың басында тура әдістің бірнеше түрлері пайда болды. Тура әдісті жақтаушылар Г.Гуэн, М.Валтер, т.б.
Бұл әдісті пайдаланатын мұғалімлер тіл үйретудің алғашқы күннінен бастап, оқушыны әңгімелесуге тартып, заттарды, суреттерді пайдаланып, сөйлемнің мағынасын түсіндіру үшін қыймылдар жасайды.
Тура әдісті қолданушылар өте көп. Осы әдіс оқушының шет тілін меңгеруге деген қызығушылығын артырады.
Дегенімен, бұл әдісті қолданудың қыйыншылықтары да кем емес. Мәселен:
Тура әдістің негізгі қағидаларын ұсынған атақты ағылшын әдіскерлері Г. Пальмер мен М.Уэст болды.
Г.Пальмер әдісінің негізгі қағидалары:
- шет тілін оқыту ауызша сөйлеуден басталады.
- шет тілін оқыту іріктелген материалдың негізінде жүзеге асырылады. Г.Пальмердің ұсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа сөздердің мөлшері 3 мың сөз болды.
Пальмер ауызша оқытудың мынадай жолдарын ұсынды:
Г.Падьмердің бұл әдістері қазіргі кезде жиі қолданылады және оқышуларға мынадай мүмкіндіктер береді:
Мысалы: грамматикалық аудармалық әдіс, тура әдіс, т.б. Грамматикалық аудармалық әдісінің негізіне логикалық ойлау мен оқушының шет тіліндегі мәтінді оқып аудара білуі мүмкіндігі жатады. Көбіне грамматикалық ережелерді оқып білуге көңіл бөлінеді. Тура әдісте алдымен сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, шет тілін түсіне және сөйлеу білуге уйретеді, сондай-ақ оқу және жазу да қатар журеді.
Екіншіден, әдіс сөзі белгілі бір автордың ұсыған оқыту жүйесіндегі бағытын білдіреді.
Үшіншіден, әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының арасындағы белгілі бір тәртіпке байланысты процесс. Бұл ретте әдіс оқытудың қағидалары мен айқындалатын іс әрекет арқылы анықталады.
Егер оқытуды тұтас жүие ретінде алып қарасақ, оның екі құрастырушысы бар: оқытущы мұғалім және оқушы студент.
Оқытушы оқушының
оқуға деген қызығушылығын
Сабақтағы мұғалімнің қызметтері.
Оқытушы ұйымдастыру, оқыту және бақылау қызметтерін іске асырады. Ал оқушының міндеті - оқу материалы мен танысу, үйренген шет тілін ара-қатынас құралы ретінде қолдана білу, үйрену және шет тілінде түсінгенін айтып, еркін сөйлеуге талпыну және мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағнасын түсіну.
Оқытушының өз міндеттерін ұйымдастыруы.
Мұғалімге қойлатын басты талап – оны ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы. Оқушыны оқу материалының дағдыларын үйретуге, жаттығуға үйретіп, оқу процессін ұйымдастыру тиіс.
Мұғалімнің бастапқы кездегі ұйымдастыру қызметінің маңызы зор, себебі, шет тілі оқушылар үшін жаңа және ана тілінен кейінгі екінші тіл.
Бірінші сабақтардан бастап, әр оқушыны сабаққа тартығу тырысу қажет, ол үшін оқыту тәсілі мен тәртібін дұрыс құра білу керек.
Шет тілін оқытудың мақсаттары.
Оқытудың мақсаты
оқу бағдарламасымен
Негізгі және қосалқы мақсатардың қатынасы, кезектері, байланысы мұғалім үшін айқын болу керек. Оқытудың негізгі үш түрі бар:
1. Тәрбиелеу;
2. Ағарту;
3. Дамыту.
Оқыту мақсатының төрт түрі бар:
1. тәрбиелік;
2. Дамыту;
3. Ағартушылық;
4. Тәрбиелік ( практикалық).
Оқытудың тәрбиелік мақсаттары.
Оқушылардың көпшілігі шет
Оқушылар оқуға үйренеді, кітаб оқи білудің тәрбиелік маңызы зор. Сондай-ақ мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттілігін көрсетеді. Оқу арқылы интеллектуалды, еңбекті де дамытуға болады. Балаларды оқи білуге, ақыл ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшін кажет. Оқушылар оқулықты, сөздікті және анықтамаларды пайдалана білуі керек. Оқулық белгілерін түсіне білу керек. Оқыту эстетикасы талғамды да қалыптастырады.
Оқытудың дамыту мақсатары.
Дамыту мақсаттарын
Оқу ұйымдастыру білігімен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарлату және сол тілде ойлауды дамыту – тіл білімін дамытудың басты мақсаты.
Әйтседе, оқытудың барлық мақсаттары өз ара тығыз байланысты. Демек, қарастырып жатқан мақсаттардың барлығы кез келген түлді уйрену үшін өте маңызды. Сондықтан осы мақсаттарды алға қою арқылы, қалаған тілді меңгеруге болатынын көреміз.
Оқытудың ағартушылық мақсаттары.
Кез келген тілдің ағартушылық қызметі өте зор. Әр бір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдиенетінің тікелей көрсеткіші. Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін, сол тілде сөйлейтін халық туралы хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі- тілді оқытудың ағартышулық мақсаты.
Ана тілін оқып
үйренгенде тілдің негізгі құралдары
– сөздер мен грамматикалық формалар
туралы түсінік қалыптасады. Ал,
ше тілінің терминдері мен салыстыру
арқылы оқушы туған тілдің сөздері
мен грамматикасының категорияс
Оқудың тәжирбиелік мақсаты.
Оқытудың тәжирбиелік мақсатын түсіну үшін шет тілі пәнәнің ерекшелігімен танысу керек. Тіл –сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі.
Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет тілін игерудің тәжирбиелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.
Шет тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу шет тілінде жазылған мәтінді оқи білуі жатады.
Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да, жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді.