Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 11:52, курсовая работа

Описание работы

Қоғам мектептің алдына арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушының танып – білу дербестігін, ынтасын, қызығушылығын мақсатты түрде дамыту міндетін қойып отыр. Ал бұл міндетті шешудің басты формаларының бірі – сабақ. Сабақ дегеніміз не? Бұл ұғымға берілген анықтамалардың көпшілігінде «... оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу үшін үнемі қолданылып отыратын оқушылар мен мұғалімдердің тұрақты құрамының белгілі бір уақыт бөлігіндегі қызметін ұйымдастыру формасы» деп көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................... 2-4.

I-ТАРАУ. Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері.

II-ТАРАУ. Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. ............5 -.
2.1 Сабаққа қойылатын міндеттерімен, оқыту принциптері ................... 12

2.2 Шетел тілін оқыту барысында интерактивті тəсілмен жұмыс жасаудың ерекшеліктері мен пайдалылығы.

Файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 240.50 Кб (Скачать файл)

бағаланады. Өзін-өзі  бақылау, жұптық өзара бақылау, топтық өзара бақылау

кезеңдері сабақты  бекітуге біршама септігін тигізеді.

Бұл бақылауды  бағалау əдіс белгілері арқылы іске асыруға болады.

Өздік бағалауы:

1. Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары;

2. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орташа, жоғары;

3. Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орташа, жоғары;

Топтың өзара  бағалауы: (топтар бір-бірін бағалайды).

1. Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара əрекет əдебі, топтық араласу

əдебі: төмен, орташа, жоғары.

2. Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра айтуы: төмен, орташа, жоғары.

3. Сөйлеу шешендігі, мəдениеті: төмен, орташа, жоғары.

Бұл бақылаулар студенттерді өздеріне жəне өзгеге сын  тұрғысында қарауға

үйретеді. Біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады.

Бұл бағыттау мен  бағалау студенттердің бойында  мына қасиеттерді

қалыптастырады: еріктілік, еңбек сүйгіштік, өз біліміне сенімділігі,

қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адами, жолдастық қасиеттер, сөз қорын

молайту, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін  жасауы, сөйлеу

мəдениеті артады.

Шетел тілі сабағында  қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік

ойындар, пікірталас, студенттердің баяндамалары мен  ақпараттық хабарлары,

дəріс - диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық-танымдық оқу, иммитация

əдістері осы жоғары белсенділікті дамыту əдістерінің интерактивті əдіс

белгілері болып  табылады. Сабақты ұйымдастырудың топтық-үлестірме

түрлерін қолдану  арқылы іс-əрекетті талқылау, қарама-қарсы қайшылықты

мəліметтер  беру арқылы пікірталасын тудыру студенттердің  пəнге деген

ынтасын арттырады. Үлгерімі төмен студенттің өзі де өз ойларын ортаға салуға

тырысады.

Интерактивті  əдіспен оқытудың басты мақсаты-студенттерді өз бетінше

ой қорытып, жауап табуға үйрету, яғни, интерактивті тапсырманы орындау,

процесті басқару  жəне ойлау тəжірибесін дамыту жəне сол тəжірибелерді

дамытуға бағытталуы болып табылады. [4]

Студенттерді  сабақ кезінде барынша белсенділік  танытуға тарта отырып,

олардың сондай белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын əдістемелік

амалдарды интерактивті деп атайды. Сонымен қатар, оқу  барысында студенттер

мен оқытушының арасында тығыз қарым-қатынас орнайтын болса, мұндай

оқытуды интерактивті оқыту дейміз. Мұндай қарым-қатынас  студенттер нақты

мəселені талқылап, соның шешімін тапқан кезде байқалады.

Студенттердің жауаптарынан гөрі мəселенің шешімін  табуға талпынғаны

маңыздырақ. Өйткені  интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол

студенттерді  өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Осылайша оқытқан

кезде студенттер сабақты жақсы қабылдап, пікірталас кезінде айтылған

жайттарды жылдам ұғады. Себебі:

• студенттер мағлұмат алып қана қоймайды, өздері айтқан пікірдің

дұрыстығына логикалық  түсініктеме береді;

• студенттер пікірлерін алдымен терең ойланып барып айтады;

• мəселені талқылаған кезде студенттер өздерінің жəне өзгелердің

тəжірибелерін пайдаланады. Мұндай жалпы білім  қоры кез-келген студенттің

білімінен артық  болатындағы белгілі;

• студенттерден жаңа мағлұмат алу арқылы оқытушы да өз білімін

толықтырады;

Кез-келген сабақтың мақсаты-студенттердің қызығушылығын  тудырудан

гөрі оның тиімділігінде  жатыр, əдісті таңдамас бұрын, оқытушы  студенттерге

қандай дəріс беретіндігі, не үйреткісі келетінін нақты білуі кажет. Аталған

əдістерді қолдану, тілді дамыту үшін қолдануға болады.

Интерактивті  əдіс бойынша сабақ барысында  студенттер көп сөйлеп,

оқытушылар  аз сөйлеуге тиісті болады, бірақ бұдан  оқытушының рөлі бəсеңдейді

деп санауға  болмайды. Оқытудың басқа əдістеріне қарағанда, интерактивтік əдіс

оқытушының  жоғары белсенділік танытуын талап  ететін əдіс. Сабақтың

жоспары студенттер өзара талқылау барысында нені ұғынуы керектігін

көрсетеді, яғни оқытушы студенттердің іс-əрекетін алға қойған мақсатқа жетуге

бағыттайтын басқарушының міндетін атқарады.

Сабақ барысында «Die Kleidung und ihre Rolle im Leben des Menschen.

Neue Moden» тақырыбын пысықтау мақсатында студенттерді үш топқа бөліп,

оларға негізгі  тақырыпқа байланысты тақырыпшаларды береміз:

1 топқа «Kleidung»

2 топқа «Neue Moden»

3 топқа «Kleidungsrolle»

Əр бір топ өздеріне берілген тақырыпшалар бойынша жоспар құрып,

талдайды. Топ студенттері бірігіп, «Киім» туралы толық мағлұмат береді де,

оның тиімді (пайдалы) жəне тиімсіз жақтарын ашып айтуы керек.

Əр топқа қойылатын талап-тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен сөз

тіркестерін көбірек пайдалану жəне талқылауға топ студенттерінің түгелдей

қатысуын қадағалау.

Соңында топтар бірін-бірі бағалап, қорытындылап, əр топтың ортақ

бағасын қояды. Бұл тəсіл грамматикалық жаттығуларды орындау кезінде де

тиімді.

Мұндай жағдайда топ студенттері əр бір ұпай үшін күреседі. Себебі:

грамматикалық ережесін қолдана отырып, дұрыс құрылған əрбір сөйлем оларға

ұпай болып саналады. Бұл жұмыстың барысында студенттер өздерінің бар

білгендерін топ мүшелерімен бөліседі.

Сол кезде кейбір грамматикалық материалдарды түсінбегендерге үлкен

көмегін тигізеді.

Мəтіндермен жұмыс жасағанда да студенттер берілген мəтінді кемінде екі

рет оқығандары дұрыс. Алғашқыда олар мəтінге тек көз жүгіртіп, ішінен оқып,

жалпы идеяны немесе басты проблеманы түсінеді, ал одан соң мұқият көңіл

бөліп басынан  бастап оқып шығады. Үйге мəтінді қайталап оқып келу

тапсырылады, құрамындағы  бейтаныс сөздерді сөздік дəптерге жазып,

аударулары  керек. Бұлайша жасау талқылаудың  алдында тұжырымды

логикалық тұрғыдан қайта пысықтауға көмектеседі.

Сабақ уақытын  мейілінше үнемді пайдалану үшін мəтінді үйден оқып

келуді тапсырған  дұрыс.

Тағы бір  көңіл аудара кететін жағдай-интерактивті əдіс тəсілдің маңызды

көрсеткіштері деп оның тəрбиелік жағын да айта кеткен жөн. Топпен жұмыс

істеу студенттердің  бірін-бірі тануына, тындау мен пікір  алысу мəдениетінің

қалыптасуына да өз əсерін тигізеді.

Интерактивті  тəсілдің ерекшеліктерін ескерсек, құрастырылған

тапсырмаларды орындау студенттерге оқытылып отырған  тілдің практикалық

тұрғыдан қолдану  нəтижесін, жемісін көруге мүмкіндік  береді жəне шетел тілін

оқып үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі таңда бұл

интерактивті  тəсілді өздерінің педагогикалық  жұмысында барлық оқытушылар

қолданып жүр. Мұндай жұмыс түрісіз ешқандай оқу үрдісі өтуі мүмкін емес.

Мысалы: студенттер оқулықпен, сөздікпен көп жұмыстанады. Студенттер

мəтінді аударып, оған сұрақтар қоюы арқылы оның мағынасын  айтып береді.

Сол мəтін үлгісімен  берілген тақырыпқа байланысты əңгіме құрып,ауызекі

сөйлеуге дағдыланады. Сонымен бірге студенттер диалогпен айналысқанда да

бір-бірімен  ауызекі тілде сөйлесуін дамытады.

 

Қорытынды

       Тіл-өмірдегі жаратылыстардың ішіндегі ең күрделі құбылыс. Оны тек лингвистер ғана емес, барлық  ғылымның  мамандары  айрықша атап көрсетеді. Қазіргі халықаралық байланысы күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне  ерекше  назар аударылуда.  Әр  ұлт тілінің өзінің  айтылу, жазылу,  сөйлеу ерекшелігі болатыны сияқты, ағылшын тілінің де тілдік  қатынасының да өзіндік заңдылығы және даму сипаты бар. Ол ағылшын тілінің теориялық ережелерімен де, практикалық тәжірибелерімен де тікелей байланысты.

   Зерттеу жұмысымызда қарастырылған шетел тілін соның ішінде ағылшын тілін жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық инновациялық коммуникативті технологиялар жүйесімен оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері тілдік білім беруде өзекті болып табылатын мәселелеріне талдау жасайтын жұмыс. Заман талабына сай қазіргі мектептерде білім мазмұнын оның құрылымдық жүйесін жаңарту білім реформасының басты талабы.    Жұмысымызда осы талапқа сәйкес оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы, олардың сөйлеу дағдысын дамыту, қажетті жағдайларда шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, білім беру жолдарын қарастырдық. Жұмыстың теориялық негізін құраушы салаларының бірі-оқытудың әдістемелік теориясы, себебі онда шетел тілін оқытудағы әртүрлі уақытта қолданылған әдіс-тәсілдердің теориясы, заңдылықтары, жүйесі қарастырылды.

          Ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үрдісі мен құрылымын қалыптастыру оқушылардың білім сапасын жақсартатыны нақтыланып көрсетілді. Жалпы білім беретін мектептерде жаңа ақпараттық инновациялық коммуникативтік технологиялар арқылы оқытудың мазмұнын айқындауға ұсынылатын негізгі дидактикалық қағидалардың жүйеленуі, тілдік білім беруде жаңа технологияларды қолданудың мәнін ашып көрсетеді және оқу материалдарын, оқыту түрлерін дұрыс таңдауға жол ашады. Жұмыстың мақсаты-жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі пәнін оқыту барысында ақпараттық иновациялық, коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, ағылшын тілінде сөйлей алатын, тыңдап түсінетін,  жазатын тұлғаны қалыптастыруға қажетті дағды мен білікті оқушының бойына сіңіру, соған тәрбиелеу. Ол үшін ағылшын тілін оқытудың әдіс-тәсілдерін, сабақ жүйесін әзірлеуменқолданудың технологиялық болмысын жүйелеу. Оқушылардың бойында ағылшын тілінде қарым-қатынас барысында тілді пайдалана алуы мен ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологияларын меңгерту үлкен істің бастамасы. Жұмыстың нақты міндеттерінің қатарындағы әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуді қалыптастыруға  байланысты талдаулар жүргізілді. Оқушылардың ағылшын тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын жаңа технологиялар негізінде меңгерту барысында қалыптастырудың технологиялық ерекшеліктері анықталды. Оқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығы  эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелденді.     

      Эксперименттің нәтижесіне сүйенсек  түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, лексикалық  білім деңгейлерін көтеру. Экперимент барысында түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды:сын тұрғысынан ойлау, ойын түрлері, жоба әдісі, компьютер, интернет, диалог, интерактивті тақта қолданылды. Аталған технологиялар арқылы өтетін оқу үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытып, қалыптасуларына жол ашады. Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Бұл дегеніміз - бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңарған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. 

      Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту  біздің алдымыздағы басты міндетіміз. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістікке жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы. Жасалып отырған зерттеудің практикалық құндылығы туралы айтар болсақ, жұмыста алынған нәтижелерді жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі сабағында, факультатив сабақтарда қолдана алады.     

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1). Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е. Шет тілін оқыту әдістемесі.- Астана,

     2007. 260 б. 

2). Бим И.Л.  К вопросу о методах обучения иностранным языкам. 

      ИЯШ, №2, 1974, С.40.

3). 1. Иманқұлова С. «Жаңаша оқыту әдістемесі», Әл-Фараби атындағы

4). М. С. Сақтағанова, Н. Қ. Алиева, Н. Қ.

5). Г. Ботағарина, «Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес», Білім,

6). Г. Шамшырақова «Ағылшын тілін оқытудың құрылымы», 12-бет,

7). Гүлмира Жұмайқызы, «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы ерекшеліктер»,

8). Ж. А. Жақыпов «Аударматануды аңдату», Астана, Аударма баспасы

9) Жұмабаев М.Педагогика.Алматы,Рауан,1993. 250б.

10). Қазақ грамматикасы, Алматы «Жазушы», 1990 ж. 681-717 беттер.

11). К. Н. Качалова, Е. Е. Израилевич «Практическая грамматика

12). Г. Рысбаева «Ағылшын және қазақ тіліндегі етістіктің етіс

13). Қ. Тубышева, «Модульдік оқыту технолгиясын ағылшын тілі сабақтарында

Информация о работе Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері