Жас ерекшелік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 18:42, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие үрдісінде ұстаздың білім өресі мен әдіскерлік шеберлігі, жеке басының үлгісі, шешуші роль атқаратынын ұмытуға болмайды. Шәкірттер өз ұстаздарының жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, дүниетану көзқарасына еліктемей тұра алмайды. Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның орнын баса алмайды»,- деп текке айтпаған.

Файлы: 1 файл

Балнур дайын пед.docx

— 63.33 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.

Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу  барысында мұғалімдер оқушылардың  жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары  тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі  – басқа салада байқалады. Жас  ерекшеліктері бірдей болсада балалар  арасында тез немесе өте баяу жұмыс  жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері  және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.

Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын  дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім  қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей  ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар  ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады. 
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны - оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.

Тәрбие үрдісінде ұстаздың білім өресі мен әдіскерлік шеберлігі, жеке басының үлгісі, шешуші роль атқаратынын  ұмытуға болмайды. Шәкірттер өз ұстаздарының жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, дүниетану көзқарасына еліктемей тұра алмайды. Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның орнын баса алмайды»,- деп текке айтпаған.

Оқушы жастардың жүрегін  тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси  сауатты, жан-жақты энциклопедиялық  мол білімі болуы шарт, екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді  оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі қажет, үшіншіден, мұғалім оқу–тәрбие үрдісін жүргізу  кезінде оқушының психологиялық  ой-өрісінің өсу, даму дәрежесін бақылай, тамыршыдай тап басып білетіндей сезімтал психолог болуы керек.

Курстық жұмыстың мақсаты. Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- танымдық қызығушылықты дамьпу;

- танымдық белсенділікті қалыптастыру;

- белгілі білім көлемін меңгеру;

- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;

- ғылыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.

Курстық жұмыстың зерттеу  обьектісі – Балабақшадағы балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.

Курстық жұмыстың зерттеу  нысаны. Балабақшада педагогиканы оқыту үрдісі.

Курстық жұмыстың зерттеу  пәні – Балабақша сабақтары: дүниетану, жануарлартану, математика т.б

Курстық жұмыс зерттеудің өзімізше ғылыми жаңалығы – Балабақша балаларына арналған тәрбие түрлері.

Зерттеудің теориялық  мәні – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесіне зерттеген әдіскерлер, еңбектеріне шолу жасалынды.

Курстық жұмыста қолданылған  зерттеу әдістері – оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, анализ – синтез, бақылау – байқау т.б. зерттеу  әдістерін пайдаландым. Зерттеу  тақырыбына қатысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу, талдау.

Зерттеудің өміршеңдігі  – мектеп жасына дейінгі ақыл-ой тәрбиесі балабақшада кеңінен қолданылады.

Курстық жұмысының құрылымы – кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,қосымша  және әдебиеттер тізімінен қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі

1.1 Бала тәрбиесі – өте күрделі процесс

Бала тәрбиесі – өте күрделі процесс. Оның күрделігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл-күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттігімен ұғындырылады. «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»- дейді халқымыз. Иә, ұрпақтың тәрбиесі-қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау – әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- деп М.Әуезов көрегендікпен дәл айтты емес пе?! Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе, отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Мемлекетімізде қазіргі таңда сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттігі туындап отыр. Әлеуметтік жағдайлардың өзгеріске ұшырауы білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарын тоқырауға әкелді. Қазіргі кезеңде тәрбиеге және тәрбие жұмыстарына деген жаңаша көзқарас қалыптасуда, олардың ізгілік мәні тереңірек ашылуда.

Тәрбие жұмыстары әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның өзгеше қасиеттерін дамытуы  қажет. Әрбір бала – тұлға, өзінше бір әлем, ал, әр педагогтың міндеті әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. Бүгінгі күнде барлық ұстаздардың алдындағы мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Халықтың болашағы – ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі – ұстазда. Ұстаздың мұраты - жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ал, толыққанды азамат қалыптасу үшін – ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар, экологиялық, экономикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиенің қалыптасуы – ұстаз, бала, ата-ана еңбегімен байланысты екендігі айқын. Демек, бұлар береке-бірлікпен жұмыс істеп, бұзылмайтын, айнымайтын темір тәртіпке бас игенде ғана іс оң нәтиже таппақ. Бұл ұл-дың еркіндігіне, қыздың шіркіндігіне қойылатын жоғары талап. Сондықтан да, осы үш негіз бірлесе отырып жұмыс жасаса өкінбейтініміз анық.

Тәрбие мәселесін тек  мектеп пен ұстаздар қауымының мойнына  арта салумен іс бітпейді. Оның нәтижелі болуы ата-аналар мен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла істеуге тікелей байланысты. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заң жобасында: «Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қамтамасыз етуге міндетті»,- делінген.

Тәрбие үрдісінде ұстаздың білім өресі мен әдіскерлік шеберлігі, жеке басының үлгісі, шешуші роль атқаратынын  ұмытуға болмайды. Шәкірттер өз ұстаздарының жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, дүниетану көзқарасына еліктемей тұра алмайды. Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның орнын баса алмайды»,- деп текке айтпаған. 
Оқушы жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан-жақты энциклопедиялық мол білімі болуы шарт, екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі қажет, үшіншіден, мұғалім оқу–тәрбие үрдісін жүргізу кезінде оқушының психологиялық ой-өрісінің өсу, даму дәрежесін бақылай, тамыршыдай тап басып білетіндей сезімтал психолог болуы керек.

Тәуелсіз ел болып, етек-жеңімізді  енді ғана жинап болған қазіргі шақта  халқымыздың тәлім–тәрбиесін игерген, рухани бай, ел болашағын ойлайтын, парасатты да саналы азамат тәрбиелеу  – біздің, ұстаздардың басты міндеті. Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастырып, бірлікте оқыту әрбір ұстаздың басты шарты болса, сынып жетекшілері тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да іздене жүріп, оқушылардың бойына тәрбиенің, соның ішінде ұлттық тәрбиенің, ең ізгісін, ең асылын сіңіре білуі керек. 
Қазіргі таңда тәрбиенің теориясы мен практикасының өзекті мәселелерінің бірі білім – тәрбие жүйесінің мақсатын белгілей білу. Мәселен, «мен оқушыларымның бойынан қандай қасиеттерді көргім келеді немесе болашақта қандай азамат болып өссе екен деп ойлаймын», осындай сауалдарға жауап іздеу барысында оқушыларға тәлім-тәрбие берудегі басты-басты мақсаттарды анықтап алуға болады. Жаңа заман адамдарын тәрбиелеуде ұстаз қауымына өмірдің өзі осыны талап етіп отыр. Ал ұстаздардың осы талап тұрғысынан табылуы, олардың адам тәрбиесіне өнер деп қарап, үнемі шығармашылықпен іздене жүргізуіне, мектеп басшыларының күнделікті бақылау басшылығына, әр ұстаздың бойындағы жақсы қасиетті, өнегелі істі танып көре білуіне, оны үлгі-өнеге етуіне байланысты демекпін.

Тәуелсіз еліміздің ертеңі өткен тарихымызбен тығыз сабақтасып келеді. «Жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей»,- деп Ы. Алтынсарин айтқандай халқымыздың сан ғасырлық тарихынан өзек тартатын рухани мұрасын ұрпақ бойына сіңіргенде ғана еліміздің жұлдызы жанып, әлемдік мәдениетке ұмтылары айқын. Ел басшысынан бастап даладағы еңбекшіге дейін мектеп босағасынан өтіп, тәрбие алып шығатыны белгілі. 
Тәрбие жолы – қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам – ұстаз шәкірт алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт кетсе үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал, тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Мектептегі әр ұстаз ізденуді, білім беруді, баулуды, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндет, айбынды мақсаты деп біледі. Жас ұрпақты білімді, жан-жақты етіп өсіруге әрбір ата-ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып қатысу керек. Сондықтан да ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын ұлағаттылыққа тәрбиелейік!

Ұрпақ тәрбиесі – келешек  қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз. 
Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие – балалардың адами сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік пен кішіпейілдік, қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалылық адамзат тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.

Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа  жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда  соны іледі» дегендей, ата-ананың күн  сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер не айтса, соны айтатыны, не істесе, соны істегісі келетіні белгілі. Баланың  үйден көргені, етене жақындарынан естігені ол үшін адамгершілік тәрбиенің  ең үлкені. Демек, жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның  айналасындағыларға берер тәлімі мол  болмақ.

Бүгінде көгілдір экранның, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат баласы үшін маңызы зор. Алайда аталмыш дүние адам психологиясына, тәрбиесіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес. Өйткені, батыстан әкелініп жатқан айқай-шуға, қатігездікке толы, мағынасын түсініп болмайтын мультфильмдер бүлдіршіндердің санасына айтарлықтай әсер етуде. Шетелдің мультфильмдерінде балаларды қызықтыру аясы өте жақсы ойластырылған. Аталмыш дүниелер балалардың орнынан тапжылмай отырып көрулеріне арналғандай.

Мамандардың пікіріне сүйінсек, балалар мен жасөспірімдер теле-аудиторияның ең белсенді көрушілері екен. Әрбір бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экранның алдында өткізеді. Ол орта есеппен мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат теледидар алдында отырады екен.

«Ел боламын десең, бесігіңді  түзе» демей ме? Мультфильм –  жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен  рөл атқарады. Балаларымыз теледидардан не көрсе, соған еліктейді, жақсы мен жаманды да содан үйренеді. Ендеше жас буынның бойында туған тіл, мәдениет пен тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін, сондай-ақ, баланың ой-өрісін дамытуға, ұлттық рухтағы тәрбиесінің бекуіне жол салатын қазақ тіліндегі анимациялық фильмдер көп шығарылу керек. Қазіргі ақпараттық заманда көгілдір экранның күшті насихат құралына айналғанын ескерсек, отандық телеарналарға балаға ұлттық тәрбие беретін қазақ тіліндегі мультфильмдер шығару кезек күттірмес мәселе екенін атап айтқым келеді.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде  ұлттық педагогика қашанда халық  тәрбиесін үлгі тұтады. Халық педагогикасына нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері, ой-өрісті дамытатын ойындар, ұлттық тәрбие негіздері жатады. Міне, мұның барлығы адамгершілікке баулиды. Олай болса, тәрбие кілті – халық педагогикасында деуге толық негіз бар. Өйткені халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. 
Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сынды адамгершіліктің құнды қасиеттерін сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен мұғалімдер шешуші рөл атқарады. Яғни рухани-адамгершілік тәрбие – екіжақты процесс.

Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған.

Әңгімелер, ертегілер баламен  қатынасының ең нәтижелі құралы болып  табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады», – деп атап айтқан. Ертегілерде жақсылық пен жамандық, батырлық, жауыздық, қорқы-ныш пен әділетсіздік бар екендігі белгілі. Сондай-ақ, олардың бір-біріне қарсылығы, ең бастысы, небір қиын-қыстау жағдайда қалай жеңіп шығу мүмкіндігі көрсетіледі. 
Сонымен қатар, балалардың танымдық қабілетін дамытуда ойындардың да атқаратын маңызы зор. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал тигізетін басты құбылыс. Ойын – баланың бірінші әрекеті. Ол баланың қабылдау, ойлау, қиял, есте сақтау сияқты даму үрдістерінің жетілуіне көмектеседі. Баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастыратын, алған білімдерін тереңдететін де – ойын. Соның ішінде, ұлттық ойындардың орны ерекше. Қазақ халқының ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, логикалық ойлау қабілетін, ізденімпаздықты дамытады. Сонымен бірге, ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Сондықтан болар, ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, ортадағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады. 
Ұлттық ойын түрлері мен ауыз әдебиеті үлгілерін сабақта пайдаланудың арқасында жасөспірімнің салт-дәстүрге деген саналы көзқарасы кеңейіп, ана тіліне қызығушылығы мен ықылас-ынтасы артады. «Көкпар», «Алтын сақа», «Бәйге», «Тапқыр болсаң, талас жоқ», «Кім жылдам?» сынды түрлі зияткерлік ойындар бала қиялын дамытып, мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұм-тылуға мүмкіндік береді.

Информация о работе Жас ерекшелік