Жас ерекшелік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 18:42, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие үрдісінде ұстаздың білім өресі мен әдіскерлік шеберлігі, жеке басының үлгісі, шешуші роль атқаратынын ұмытуға болмайды. Шәкірттер өз ұстаздарының жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, дүниетану көзқарасына еліктемей тұра алмайды. Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның орнын баса алмайды»,- деп текке айтпаған.

Файлы: 1 файл

Балнур дайын пед.docx

— 63.33 Кб (Скачать файл)

Балаға диафильм немесе теледидардан әр түрлі қызықты көрсетілімдерді  көрсету қазіргі заманда өте  қажет. Бала теледидар көріп отырғанда  жан - жағындағылар дауыстап сөйлеп, әңгімелесу болмауын ескерген жөн. Көріп не тыңдап отырғанда бала жақсы түсініп, қабылдайтын  болуы керек. Сонымен бірге баладан  алған әсерін айтып беруге үйретіп отыру қажет.

Бүгінгі күн талабы –  баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау  қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман  талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелерінің бірі – білім сапасын  арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық ойлауын дамыту болып табылады. 
Заман талабына сай жас ұрпақ тәрбиелеуде мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын қызметкерлер, тәрбиешілерге жауапты міндет жүктеледі. Бұл міндетті кең байтақ республикамыздың барлық мектепке дейінгі мекемелерде қызмет атқаратын мамандар абыроймен атқарып келеді.

Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны, құралдары.

Мектепте  оқушы үлгерімінің  төмен болуының себебі, көп жағдайда, танымдық әрекетінің қалыптаспауы, танымдық процестерінің әлсіздігі, мотивацияның болмауы және т.б. болып  табылады. Танымдық әрекетінің қалыптасуының  психологиялық бұзылудың бастысы - ойлауға қабілетінің төмендігі, яғни жалпылау процестері, психикалық процестердің қозғалысы мен темпінің бұзылуы, қабық функциялар қатарының, зейіннің ,естің жеткіліксіздігі.

Осы уақытқа дейін мектепке дейінгі шақтағы баланың ойлауы тек қана нақты – ол бөлек заттар мен олардың қасиеттеріне бекітілген деп саналады. Сондықтан осы шақта  нақты білімдер  (бала өзі көріп  тұрған мәліметтерді түсіндіру) беру қажет. Бірақ осы  сұраққа байланысты психологтар мен педагогтар жүргізілген  зерттеулер бұндай пікірталаста себептер мен салдардар шатасып келетінін  көрсетті: Егер бөлек заттар туралы емес, заттар арасындағы қарапайым  байланыстары мен заңдылықтары туралы білім берсе, онда мектепке дейінгі  кезеңде балалар оны меңгеруімен  қатар, өзінің пікір санасуда қатысады. Осыдан балалардың қызығушылықтары  артып, ойлауы жалпылама, терең және себеп-салдарлы болып келеді. Бірақ  бұл білімдер баланың есінде ғана қалмай, ойлау дамуын жетілдіру үшін оқыту ерекше түрінде – ойынға, заттармен әрекеттесуіне, олардың  кесте, схема және суреттеріне негізделуі қажет. Бұндай ойын арқылы оқытуда әр  ойынға қатал норма берілмейді, мысалы, бұл тапсырманы бірінші немесе бесінші рет өткізу кезінде  орындау сияқты. Ең бастысы - осындай әрекетке баланың қызығушылығы.  Егер де бала белгілі бір тапсырманы  бірінші ретте орындай алмаса, бала, аз болса да, алға  қадам жасау керек, бұл дамудың процесі өзі болып табылады. Әрине, білім мен  дағдылар саны  дамудың көрсеткіші бола  алмайды, бала білімдерді қалай қолданатыны және белгілі  бір тапсырмаларды орындауда қалай шешім  қабылданатынын маңыздырақ болады. Білімге құштарлық, ойлау дамуы және сөйлеу – бұл салалар да, санау  және  оқу  білу  сияқты,  маңызды  болып табылады. Оларды біріншіден дамыту қажет. Ойын арқылы баланың ой тапқырлығын көрсетуіне,  белсенді және өзбетті  болуға  жағдай жасау керек, сонда ғана ондағы өмірде мақсаттарға жетуіне көмектесетін баланың өз-өзіне сенімділігі дамып қалыптасады.

Мектепке дейінгі кезеңдегі  баланың білімпаздық, ақыл-ой белсенділігінің  деңгейі - оның интеллектуалдық дамуының маңызды көрсеткіштерінің  бірі болып табылады. Егер баланың көзқарасы, пікірі қате болып , қате нәтижелерге  әкелсе, бұл опасыздық  емес - оның жасы кіші және еркін қиялдануға бейімделген. Бұнда нәтижесі  емес,  оны  түсіну  құштарлығы  басты   болып табылады.

Бала ойнау кезінде  оның ойы қаншалақты бай және әр түрлі екенін, қоршаған өмірден алған  әсерлерді жеңіл қабылдайды ма? ойыншықтарды, басқа заттарды қалай қолданатынын бақылау қажет.

     Егер баланың   дамуы қалыпты болса, бала ойынның  сюжетін өрбітеді, ойыншықтармен   қатар түрлі заттарды (отырғыш  кубиктер, қарындаштар т.б.) қолданады.  Баланың ойы тұрақты, бай   және ойын кезінде толықтырылып  отырады.

Кубиктерден, құрылыстарды құру баланың ақыл-ой әрекетіне ерекше талаптар қояды. Ойын кезіндегі секілді, мұнда белгілі бір ойлары қалыптасады. Егер  суреті салыстырмалы түрде  әр түрлі ерікті тәртіпте салынған кезде, ал құрастыру оны ( нәзік) құруды қажет етеді, әйтпесе, ол бұзылады. Сондықтан  құрастыру  уақытында өз әрекеттерін  жоспарлау білім анықталады. Сонымен  қатар, құрастырулар  әдетте ойындарға  енгізілген балалар қуыршықтар, көліктер үшін үйлер құрастырады. Бұл жағдайда ақыл-ой дамуының деңгейі өлшемдер мен басқа да құрастыру ерекшелігімен  қатынастыру белгілі  анықталады, яғни гаражға ойыншық- көлік сыю  үшін құру керек деген секілді.

Барлық мектепке дейінгі  жастағы балалар бірдей етіп өзінің ақыл-ой қабілеттерін барлық ойын әрекетінде көрсетеді деген санау қате болады. Көптеген себептерге , ең алдымен тәрбиелеу  жағдайына байланысты бір бала ойындар  мен сурет салуды , екіншісі- құрастыруды, үшіншісі-өсімдіктермен жануарларды, ал төртіншісі-техника мен көліктерді ұнатады. Және ақыл-ой дамуының көріністерін, ең біріншіден, баланың қызықтыратын аймақтардан іздеу керек. Міне, білімпаздық, ақыл-ой белсенділігі, «бала» әрекетінің негізгі түрлерін меңгеру деңгейі мен оқығандық деңгейі кіші жастағы баланың ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері ретінде қарастыруға болады.     

Барлық қалыпты балаларда  интеллектуалдық даму қорлары кең, және осыдан ата-аналардың міндеті  – жан-жақты дамыған жеке тұлға  болып қалыптасуын қамтамасыз ететін, гармониялық дамуын бұзбайтын сол  қорлардың жүзеге асуына әрқашан  жағдай жасау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда  жастарға білім берудің негізгі  құралы болып келеді. Білім алуға  және ғылымға ұмтылыс халық санасының  тереңінен әрдайым орын алды. Халық  табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең  білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.

Халық педагогикасында оқыту  мен білім берудің принциптері  қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен  өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. «Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат».

Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының  да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен  сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық  педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық  анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек  мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.

Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті  тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен  шектелмейді. Оған қосымша оқушыны  қоршаған ортаның ықпалдары мен  әсерлерін еске алу қажет. Бұл  кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.

Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты  дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек  өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына  зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің  жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге  адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам  құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.

Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі — адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.

Белгілі психологтар мен  педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан  біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне  тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.

Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз  не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың  арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным — бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі. 
Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой-түңсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау — барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсіруі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.

Барлық мектепке дейінгі  жастағы балалар бірдей етіп өзінің ақыл-ой қабілеттерін барлық ойын әрекетінде көрсетеді деген санау қате болады. Көптеген себептерге , ең алдымен тәрбиелеу  жағдайына байланысты бір бала ойындар  мен сурет салуды , екіншісі- құрастыруды, үшіншісі-өсімдіктермен жануарларды, ал төртіншісі-техника мен көліктерді ұнатады. Және ақыл-ой дамуының көріністерін, ең біріншіден, баланың қызықтыратын аймақтардан іздеу керек. Міне, білімпаздық, ақыл-ой белсенділігі, «бала» әрекетінің негізгі түрлерін меңгеру деңгейі  мен оқығандық деңгейі кіші жастағы  баланың ақыл-ой дамуының негізгі  көрсеткіштері ретінде қарастыруға  болады.     

Барлық қалыпты балаларда  интеллектуалдық даму қорлары кең, және осыдан ата-аналардың міндеті  – жан-жақты дамыған жеке тұлға  болып қалыптасуын қамтамасыз ететін, гармониялық дамуын бұзбайтын сол  қорлардың жүзеге асуына әрқашан  жағдай жасау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылғын әдебиеттер

1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991.  
2. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А.. 1999  
3. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.-123б .  
4. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының ұжымы, -Алматы,2005. - 152-162б  
5. М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. Алматы.2002.  
6. Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика: Оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедралар авторлар ұжымы.- Алматы. 2005.430 б.  
7. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2004-420б.


  1. Педагогика Оқу құралы –Алматы: ҚазМҰУ, 2006
  2. Ахметова Г.К., Исаева З.А., Әлқожаева Н.С.Педагогика:Оқулық.-Алматы:Қазақ университеті, 2006
  3. Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу әдістемелік кешен) .-Алматы:Қазақ университеті, 2006
  4. Педагогика. Оқу құралы (Ред. Пидкасистого.-М., 1998) Аударған Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева.-Алматы:Қазақ университеті, 2008
  5. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: Нұр әлемі, 2003
  6. Бекгалиев Т. Педагогика . Тараз. 2001
  7. Балғымбаева З.М. Білім берудің практикалық психологиясы: оқу құралы, Алматы: Қазақ университеті, 2008.

15. Қалиев С, Майғаранова Ш., Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы Алматы, 2001

16. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. -Алматы, Рауан, 1995.

17.Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.  
18. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999. 
19. С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық педагогикалық негіздері. - Алматы, 2001. 
20. А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты. – М 1998. 
21. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А,1995.

 


Информация о работе Жас ерекшелік