Жас ерекшелік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 18:42, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие үрдісінде ұстаздың білім өресі мен әдіскерлік шеберлігі, жеке басының үлгісі, шешуші роль атқаратынын ұмытуға болмайды. Шәкірттер өз ұстаздарының жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, дүниетану көзқарасына еліктемей тұра алмайды. Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның орнын баса алмайды»,- деп текке айтпаған.

Файлы: 1 файл

Балнур дайын пед.docx

— 63.33 Кб (Скачать файл)

М.Жұмабаев: «Жас бала – жас  бір шыбық, жас күнде қай түрде  иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», – деген  екен. Демек, халық педагогикасына сүйене отырып, баланы патриоттыққа тәрбиелеу, отансүйгіштік пен ұлттық намысын  ояту – ең басты мәселелердің бірі. Бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің  қатарына қосылу үшін де бұл мәселенің  маңызы зор. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне бүкіл халық болып жұмылғанымыз жөн. Сонда ғана көтерер жүгіміз  жеңілдеп, көкжиегіміз кеңеймек. 

 

1.2 Ақыл-ой тәрбиесі

Ақыл-ой тәрбиесі — балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары — талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т.б.), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т.б.) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақыл-ой тәрбиесі шәкірттердің ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т.б.) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады.

Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын  дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім  қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей  ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар  ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады. 
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны - оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:

- ойлау іс-әрекетінің  шарты болатын білім қорын жинақтау;

- ақыл- ой түрлерін дамыту;

- негізгі ойлау тәсілдерін меңгеру;

- зиялылық біліктерді қалыптастыру

- дүниетінымды қалыптастыру.

Оқушы нақты оқу материалын - фактілерді, оқиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды. Білім оны қолдану саласымен, қолдану әдістемесімен байланысты. Білім қорын меңгеруде баланың  мақсатқа жетуге ұмтылуы, білімді ала  білуі, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті  үлкен рөл атқарады. Мұғалім ақыл-ойды және оның жеке түрлерін дамытуға міндетті. 
Ақыл-ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрак-тылық, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік, жүйелілік. 
Диалектикалық ойлау - құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу. 
Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдерімен байланысты. Талқылау, дәлелдеу, теріскешығару, қорытынды, болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.

Абстрактылы ойлау- адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні  бөлуге, абстрактылы ұғым қалыптастыруға көмек-теседі.

Категориялық ойлау - айырмашылықтары  мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.

Теориялық ойлау - білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мөнді байланыстарды түсіну іскерлігі.

Индуктивтік ойлау - ойдық  жекеден - жалпыға, фактілерден - корытындыға қарай қозғалысы.

Дедуктивтік ойлау - ойдық  жалпыдан - жекеге, қорытындыдан - фактілерге қарай қозғалысы.

Алгоритмдік ойлау - нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді  бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.

Ақыл-ойдық дамуы талдау (тұтасты жеке бөліктерге ойша бөлу), синтез (бөліктерді тұтасқа ойша біріктіру), салыстыру (ұқсастықтарды және айырмашылықтарды табу), жүйелеу (заттарды, құбылыстарды топтарға бөлу) сияқты негізгі ойлау  тәсілдерін меңгеруге байланысты. 
Зиялылық біліктілік оқушының сапалы білім алуына көмектеседі. Оқу іскерліктері жалпы - барлық оқу пәндерінде қолданылатын және арнайы - белгілі бір білім саласынан білім алуға керекті іскерліктерге бөлінеді. Бұл іскерліктер оқу бағдарламасында жазылады.

Жалпы (жалпы педагогикалық) іскерліктер - оңи білу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс  істей білу. Қазіргі уақытта оқушының өз жұмысының қорытындысын шығара білу іскерлігіне үлкен маңыз берілуде.

Арнайы іскерліктер - ноталарды  тез оқу, техникалық сызбалар, тарихи және жағрафиялық карталарды оқу, музыкалық  шығармаларды тыңдау, сөздіктерді және анықтама әдебиеттерін қолдану. Бұл  іскерліктерге оқушыларды үйрету керек. Оқулықтағы "Мәтіндібаянда", "Жоспаржаса", "Дәлелде" деген тапсырмаларды  орындату үшін мұғалім оқушы іс-әрекетінің стратегиясын белгілейді. Осы іскерліктер  оқушының ақыл-ой еңбегі мәдениетін дамытады. Бұл: уақытты тиімді пайдалану, оңтайлы  жұмыс ырғағы, жұмыстағы жүйелілік, жұмыс орнын тәртіппен ұстау, ақыл-ой іс-әрекетінің ережелерін білу, жұмысқа кірісе білу, жұмысты зейін  қойып, мұқият атқару, қиыншылықтарды жеңе білу. 
Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті - оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдарын меңгертетін ғылыми дүниетінуды қалыптастыру.

Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары.

Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы - оқыту.

"Дамыта оқыту" ережелеріне  сүйеніп жасалған оқу бағдарламалары  оқушыларды ақыл-ой жұмысына үйретеді.

Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л .В.Занков, т.б. терең  зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін өілімді бере берудің  жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының  тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді.Д.Б.Эльконин ақыл-ойды білімнің мазмұны дамытатынын  дәлелдеп, оған анықтама, фактілерді енгізумен  шектелмей, оқушы өзі білім алатын таным қызметін ұйымдастыру үшін сабақты мәселелі пікірталас әдісімен өткізуді ұсынды.

Л.В.Занков және оның ізбасарлары  ұсынған дамыта оқыту принциптері:

•  бағдарламаны тез қарқынмен оқып, оқушыларға жаңа білімдерді бере

беру. Ең бастысы - танымның үздіксіздігі және жүйелілігі.

• бастауыш сыныптардағы теориялық  білімнің жетекші рөлі. Оқушылар таным, ақыл-ой жұмысымен айналысып, бақылаулары  арқылы ұғым, анықтама шығарып, білімдерін тәжірибеде қосарлданады. Мысалы, абстрактылық алгебралық операциялар тәжірибелік жұмыстар үшін қолданылады.

Зиялылық іскерліктерді  қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың негізгі түрлері:

•  оқушының дербестігін, индуктивтік ойлауын дамытатын зерттеу сипатындағы тапсырмалар: бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыстар, приборларды құрастыру, сурет бойынша сөйлем құрастыру, шығарма, рефераттар жазу, сурет салу, т.б.

•  логикалық және жинақтай ойлау іскерлігін дамытатын салыстыруға берілетін тапсырмалар: шығарма кейіпкерлерін, импметриялық фигураларды, оқиғаларды салыстыру.

•  ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған ақыл-ойдың алгоритімдік түрін дамытатын тапсырмалар: оқиғаны жоспар бойынша баяндау, суретті үлгіге қарап сипаттау, есепті шығару жоспарын жасау, алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру, т.б.

• талдауға байланысты тапсырмалар: заттарды, құбылыстарды топқа бөлу.

Ақыл-ой тәрбиесін беру үшін мұғалімдер, ғалымдар ғылыми тақырыпта  лекциялар оңиды, ғылыми кинолар  көрсетеді, оқырмандар конференциясын өткізеді, кітап көрмесін ұйымдастырады, физика, химия, математика, т.б. пәндерден  апталықтар, байқаулар, олимпиадалар өткізеді. Топтар шеберханаларда көрнекі құралдар жасайды. Үйірмеде қиын есептерді шығарып, оқушылар сөзжұмбақ, ребус, сөзөрім, сөзтуымдар шешеді. 
Жеке оқушылар ғылыми кітаптар оқиды, техника жасайды, үлгілер құрастырады, шығармашылықты талап ететін тапсырмалар орындайды, ғылыми тақырыпта баяндама, рефераттар оқиды. 
Ақыл-ой тәрбиесі мен ақыл ойды дамытуға арналған тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұлғасын қалыптастырғысы келсе, өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін  шешу мұғалімнің біліміне, жалпы және әдістемелік мәдениетіне, өзінің танымдық күшінің дамуына байланысты екендігі сөзсіз. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке тарту, түрлі тапсырмаларды  пайдалану, оқытуды дұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттерінің өсуін қамтамасыз етеді.

Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда  ақыл-ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру айрықша орын алады. Оқу еңбегінің  мәдениеті оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің сапасын сипаттайды. Еңбектену мәдениеті - бұл оқу еңбегін дұрыс жоспарлау  және тиімді ұйымдастыру, оқу ережесін сақтау, жұмыс орнын және қажетті  материалдарды реттеу, оқу құралдарын пайдалана білу.

Ақыл-ой жұмысының дұрыс  ұйымдастырылған ырғағы демалыс  пен еңбек түрлерінің ретпен жүргізіліп отыруын қажет етеді. Оқушы осылардың  бәрін біріздік пен жүйелі түрде  басшылыққа алып отырса, оқу еңбегінің  тиімділігі артады.

Ғылыми және әдеби кітаптармен  жұмыс істегенде оқушылардың  ақыл-ой мәдениеті байқалады. Оқушыларды жұмыс істеуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап  мазмұнын ұтымды пайдалану, мәтіннің түсініксіз жерлерін бөлу, мәтінге сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жұмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін дайындау, т.б. Жұмыс барысында жинақы болу, қиыншылықты жеңу, ақыл-ой қабілетін  дамыту, естің әр түрлі нысандарын пайдалану - тұлғаның өзін-өзі ұстай  білуіне және жан-жақты сауаттылығына  байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2   Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі

2.1 Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда  жастарға білім берудің негізгі  құралы болып келеді. Білім алуға  және ғылымға ұмтылыс халық санасының  тереңінен әрдайым орын алды. Халық  табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең  білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.

Халық педагогикасында оқыту  мен білім берудің принциптері  қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен  өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. «Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат».

Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының  да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен  сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық  педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық  анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек  мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.

Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті  тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен  шектелмейді. Оған қосымша оқушыны  қоршаған ортаның ықпалдары мен  әсерлерін еске алу қажет. Бұл  кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.

Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты  дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек  өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына  зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің  жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге  адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам  құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.

Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі — адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.

Белгілі психологтар мен  педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан  біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне  тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.

Информация о работе Жас ерекшелік