Жас ерекшелік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 18:42, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие үрдісінде ұстаздың білім өресі мен әдіскерлік шеберлігі, жеке басының үлгісі, шешуші роль атқаратынын ұмытуға болмайды. Шәкірттер өз ұстаздарының жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, дүниетану көзқарасына еліктемей тұра алмайды. Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның орнын баса алмайды»,- деп текке айтпаған.

Файлы: 1 файл

Балнур дайын пед.docx

— 63.33 Кб (Скачать файл)

Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп  атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім  қорын жасауға, негізгі ойлау  операцияларын жүзеге асыруға, нақты  зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті  етеді.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыған шығады. Олар:

— ойлау іс-әрекетінің шарты  болатын білім қорын жинау;

— негізгі ойлау операцияларын  меңгерту;

— зиялылық біліктерді қалыптастыру;

—  дүниетанымды қалыптастыру;

Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.

Білім қорын жинау. Оқушыға  зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті  ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін беру ұғымын қарастыра  отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы  салыстырмалы ұғым.

Өмірге жолдама алушы  жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен  білім алуға негізделген білім  беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайыңдығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады.

Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану қажет.

Ақыл-ой дамуы және ойлау  білігі негізгі ойлау операцияларын  меңгеруді қажет етеді. Негізгі  ойлау операцияларына ғылымда белгілі  анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.

Анализ дегеніміз бүтінді  бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып  табылады.

Синтез — заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың  белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне-бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.

Белгілі бір сабақтастықта  нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын  немесе айырмашылықтарын анықтауды  салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.

Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.

Негізгі ойлау операцияларын  тұтас педагогикалық процесте меңгеру  және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын  көрсетеді.

Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы  алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс-әрекеті іскерліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет.

Жалпы оқу іс-әрекеті іскерліктерінің  қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр түрлі пәндер және сыныптар бойынша сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп алған білім негізінде шәкірттердің практикалық әрекетінің іске асырылуын атайды. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу, жазу және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу — сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу.

Жалпы оқу іскерліктерін  оқушыларға үйрету, олардың білім  саласында теориялық сауаттылығының деңгейін көтеру болып табылады. Ал бұл мәселе мұғалімнің әдіскерлігіне, ғылыми педагогикалық сауаттылығына байланысты.

Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың  ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып  табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жннақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.

Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз  не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың  арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным — бұл  әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі. 
Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой-түңсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау — барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсіруі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.

Ақыл-ой тәрбиесі – тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетгі қоғам талабына сай балалар бойында тұрақты моральдык касиетгерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру. 
Адамгершілік тәрбиенің мақсаты — жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру. 
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік, адамгершілік ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген ұғымдармен тығыз байланысты болады. Адамгершілік тәрбиесінің бір ерекшелігі оның оқушылардың іс-әрекеттерінің кез келген түрімен байланысты болуында.

Адамгершілік адамның  тұлғалық сипаты болып саналады да, мейірімділік, ұжымдылық деген қасиеттерді  біріктіреді. Ұлы Абай шығармашылығының негізгі өзегі – адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы «Адам бол», «Өзіңдегі адамгершілікті сақта»- деген өсиеттері осыны айғақтайды.

Сонымен қатар, адамгершілік тұлғанын басқа «Мен»- дермен әрекеттесу процесін қамтитын қарым-қатынастар жүйесі болып табылады. Осы қарым-қатынастар адамгершілік нормалар мен мінез-құлық  механизмдерін игеруге әкеледі (Хмель  Н.Д.).Тұлғаның адамгершілік нормалары  мен талаптарын меңгеру механизмдерінің  ерекшеліктері адамгершілік тәрбиеге жағымды психологиялық жағдай тудырумен, адам іс-әрекеттерінің адамгершілік жақтарын және нәтижелерін бағалаумен тығыз байланысты болады.

Бірақ қоғам өмірінің нормаларын қадағалап қорғайтын заңдардың  маңыздылығын қарастырмай адамгершілік тәрбиесінің мазмұны толық ашылмайды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда  білім сапасын арттыру аса  маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

Біріншіден, білім мен  тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

Екіншіден, тәрбие мекемесінің  басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі  шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің  балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.

Үшіншіден, балабақшада еңбек  етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу  мен білім берудің технологияларын  сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық  әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен  игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға  шығармашылықпен үлес қосып отырса.

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен  өзара тығыз байланыста болуы.

Білім беру жүйесінің негізгі  мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз  байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше.

А. Едігенова бойынша баланың  бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным  белсенділігі арта түседі. 6 жастағы  балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың  құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі  келеді. Күнделікті өмір барысында  бала шындық дүниенің құбылыстары мен  заттарын анықтай білуге, адам баласының  жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені  құмартып білуге талаптануын таным  ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын  білуге құмартады. Күн сайын олардың  алдында жаңа сұрақтар туады. Сол  сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен  шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын  жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған  бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.

2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл - ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу

Мектепке дейінгі кезеңдегі  тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы  баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен  алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен  сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі  тәрбиенің негізі бес жасқа дейін  қаланады. 
«Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің тоқсан проценті», - деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен.

Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.

Мектеп жасына дейінгі  баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс - әрекеті - ойын.

Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстарымен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым - қатынастарымен танысады.

Белгілі педагог А. С. Макаренко  баланың өміріндегі ойынның атқаратын  қызметі туралы; «Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады - деген;» 
Біз балалардың ойнай жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық иелерінің қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз. Мектепке дейінгі кезең біз түсінгендей өмірдің тек алаңсыз кезеңі ғана емес, ересектерге олар тек киімі бүтін, қарны тоқ болса ойнап - күлуді білетін сияқты көрінеді. 
Барлап қарасақ балалар өмірінде де ересектер өміріндегідей күрделі, күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемалар көп және олар балаларды ренжуге, қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді.

- Түрлі - түсті текшелерден  үйді қалай салу керек?

- Ойыншықтарды өзара қалай  бөлісеміз?- деген болмашы сұрақтарды  өздері олар ересектерше талқылап жатады.

Сонымен мектепке дейінгі  кезең – баланың жеке тұлға  болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы  сатысы демек адамгершілік ақыл –  ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Баланың мәдениетті сөйлей біліуі үй ішінде, балабақшада, отбасында алған білім тәрбиесіне байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы жан - жақты дамыта отырып тілін  дамыту. Сөздік қорларын байытумен  қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру. 
Баланың ана тілінде таза еркін сөйлеуін мектепке дейінгі кезеңде меңгертуге тиіспіз.

Ұлы педагог К. Д. Ушинский: «Кімде кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой - өрісін қабілетін дамытуы тиіс»- деген. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерін өткізуде тәрбиешінің шығармашылығы, әдіс - тәсілдері тиімді пайдалануы, оқу іс - әрекетін түрлендіріп ұйымдастыруда ойындарды мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды қолдануы балалардың қиялын шарықтатады. Білімді меңгерту үстінде баланың ойлау қабілеті ұштасады.

Кішкентай балалар тез  еліктегіш жан - жағына алаңдағыш  келеді. Сөзді мәнерлеп айтуда болсын, балалар тәрбиешіге, үлкендерге еліктейді. Тіл дамыту, Көркем әдебиет оқу  іс - әрекеттерін ойын арқылы өткізу адамгершілік мінез – құлықты  қалыптастыруға ықпал етеді. Сәлемдесуге  баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге  бейімдейді. Мен өз тәжірибемде балалар  тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейту  мақсатында мына жобаларды негізге ала отырып жұмыс жасаудамын.

- Тілді дұрыс меңгеру;

- Ауыз екі сөйлей білу;

- Көркемсөз үлгілерін  үйрету және игерген білімдерін қолдана білу;

- Сөздік қорын молайту;

- Дыбыстарды анық айтуға  үйрету

Осы жобаларды меңгерген  бала мектеп табалдырығын аттауға емін - еркін сөйлей алатын деңгейге жетеді.

Мектеп ж. д. бала көзбен көріп  таныған затты дұрыс қабылдап, елестете алады. Сондықтан баламен  сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттеп көрсетіп әңгімелеу  өте әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына  немесе балалардын іс - әрекетіне өмір мен табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана сезіміне, жүйелі сөйлеуіне әсер етеді. Өмір құбылысын  нақты көріп тануға жол ашады. 
Мектеп жасына дейінгі бала көзбен көріп, таныған заттарды дұрыс қабыл, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда, оларға суреттер көрсетіп, әңгімелесу әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс - әрекетіне, өмір табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана - сезіміне, жүйелі сөйлеуге әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады. 
Бала оқыған әңгіме, ертегі мазмұнын сурет арқылы тез қабылдап түсінеді. Сондықтан ертегі, әңгімелердің суреті айқын, шығарма мазмұнына сай болуын ескерген жөн. Баланың тілін, сана - сезімін жетілдіру, эстетикалық талғамын байытуда теледидар арқылы берілетін мультипликациялық фильмдерді көрсетіп әңгімелесу, оқылған шығармаға байланысты диафильмдер, компьютер қолдану пайдалы.

Информация о работе Жас ерекшелік