Қабылдау түрлері , қабылдау дегеніміз не?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 18:22, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу ерекшеліктерін анықтау және оны қалыптастырудың психологиялық жолдарын қарастыру.Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер қалыптастырылады:
-Мектепке дейінгі балалардың даму туралы ғылыми еңбектерге талдау жасау.
-Мектепке дейінгі балалардың қабылдау мәселесі бойынша әдістерді іріктеп алу.
- Мектепке дейінгі балаларға (5 – 7 жас ) психологиялық әдістерді өткізу.
- Алынған нәтижелерге байланысты мектепке дейінгі балалардың қабылдауын қалыптастырудағы психологиялық дамытушы жаттығулар (тренингтік жаттығу) өткізу.

Содержание работы

Кіріспе ..................................................................................................................
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауын жетілдірудің теориялық мәселелері.............................................................................................................
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауының психологиялық теориясы................................................................................................................
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау саласындағы
дара айырмашылықтар........................................................................................
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауын
қалыптастырудың жолдары................................................................................
Қорытынды .......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (10).docxАмина.docx

— 168.88 Кб (Скачать файл)

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ЗЕЙІНІ

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.

Зейін - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Ол адамның сезіп, таныған, көріп, естіген, біліп, байқаған құбылыстарын, заттарын анық та ашық тануы, жан қуаттарының оларға бет алып, бағытталып, жинақталуы үшін қажет. Егер де адамның зейіні болмаса, ағзаның сыртқы ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз болып қалады да, ойы мен дене еңбегінің іс-қимылы еш нәтижесіз аяқталады. Адамның таным, түйсік процесінде, білім, ғылымды меңгеруінде зейіннің мән – маңызы өте жоғары. Бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады. Тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы киын.

Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне,

 

 

 

 

 

 


 

 



 

 


 

 




 


 

 

 

 

 

оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. "Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды"

Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.

3ейін басқа процестерді  сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А.Р.Лурия)- субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С.Л.Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы - бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В.И.Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.

Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:

1. Интенсивтілігі;

2. Жаңалығы;

3. Аффективтілігі.

П.Я.Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін - бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C.Выготский бойынша, ырықты

зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:

1. Процесс (немесе психикалық  процестің жағы: сенсорлық және  т.б.) ретінде;

2. Күй (зейіннің шоғырланған  күйі) ретінде;

3. Тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.

Зейіннің функциялары:

1. Қазіргі сәтте қажетті  психологиялық және физиологиялық  процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;

2. Ортадан келетін ақпараттың  мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын  қамтамасыз етеді;

3. Бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.__

6-сурет. Зейіннің жүйеленуі

Зейіннің түрлеріне тоқталайық. Шәкірттің сабақты түсіне алмауы, есінде дұрыс сақтамауы, қате жіберуі, адамның үйренген бір кәсібін меңгере алмай орашолақтық жасауы тәрізді іс-қылық, оған жөнді зейін қоймауынан. Осыған орай адам зейіні үшке бөлінеді.Олар:

1. Ырықты зейін. Оның әрекеті  саналы түрде белгілі ерік  күшін жұмсау арқылы жүзеге  асырылады.

2. Ырықсыз зейін. Бұл да  адам өмірінде елеулі орынға  ие. Оған әртүрлі жағдайлар мен  себептер әсер етеді.

3. Үйреншікті зейін. Мұны  адамның күнделікті әдетіне айналып  кеткен зейін деп те атайды. Оған арнайы күш жұмсау қажет  емес.

Адам зейініне мынандай қасиеттер тән: тұрақтылық, бір нысаннан екіншісіне оңай ауысушылық, бөліну, нысандарды қамту көлемі, алаңдамаушылық және т.б.

Зейіннің негізгі қасиеттері

Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді.

Зейіннің қасиеттері.

Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты.

Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.

Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр.

Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі.

Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады.

Зейінділік дегеніміз не? Адам қолға алған ісіне көңіл бөліп, оны ыждағатты істеуге әдеттенсе, зейін ол кісінің тұрақты ерекшелігіне айналады да, зейінділікке ұласады. Мұндай адам байқағыш, жан-жағындағы жағдайларды жақсы қабылдауға қабілетті болып қалыптасады. Сөйтіп, ол болып жатқан оқиғаларды басқалардан терең түсініп, оған ерекше толғанатын болады, ықыласы жоқ жұмысқа да зейінін тез жұмылдырып, көндігіп кетеді.

Қарапайым адамдарға қарағанда, жазушылардың, ғалымдардың, өнертапқыш-тардың, ұстаздардың зейіндері жоғарылығымен ерекшелінеді.

Психолог Ф.Н.Гоноболиннің жазуынша: «Зейінділік – жан қуаттарына белгілі өң бере отырып, адамды жеке тұлға ретінде сипаттайды. Егер біз біреудің әрнәрсені білуге құмарлығын, тез түсінетінін, тапқырлығын, екінші бір адамның белгілі бір нәрсеге ғана көңіл бөлетінін... әуестенетінін көрсек, біз олардың мінез-құлқы мен темперамент ерекшеліктері зейінділік деңгейіне байланысты деген қорытындыға келеміз.


 

 



 

 


 


 

 


 

 

 

 

қасиеті болып табылады. Бұл оның басқа адамдарға ілтипатты қарым-қатынасында, кішіпейілділігінде, өзгелерге қамқорлығында, қайырымдылығында, яғни әр кісінің өзіндік ерекшеліктерін, мұқтаждарын, мүдделерін, қажеттерін түсіне білуден көрінеді. Керісінше, кейде адамның басқаларға салқын қарауының, оларға назар салмауының себебі – олардың хал-жағдайын, көңіл күйін байқамауынан, оларға көңіл аудармауынан болады».

Зейінді тәрбиелеу түрлі жолдармен жүзеге асады.

Өмір заңы: адам зейіні жақсы болса, ісі де табысты болады. Зейінділік – жоғары жетістікке жетудің басты шарты. Психолог мамандар жақсы зейінді болуды адамның қай нәрсеге де жан-жақты қызығуынан, тұрақты түрде назар аударуынан қалыптасатындығын айтады. Психолог Б.М.Тепловтың айтуынша, «Ырықсыз зейін іске тікелей қызығудан болады, ал ырықты зейін әрекет нәтижесіне дәнекерлі жанама қызығуға байланысты, ал ештеңеге әуестеніп қызықпайтын адам Хлестаков («Ревизор») зейінінің дәрежесінен аса алмақ емес.

Екінші, зейін дамыту үшін адам әруақытта қандай нәрсеге болса да зейін тұрақтата алуға өзін дағдыландыра білу қажет. Зейін өзінің дегеніне көнетін құралың болсын. Адамның иесі зейін емес. Зейіннің иесі адам болу керек.

Зейінді тәрбиелеудің үшінші жолы - өзіңді жағымсыз жағдайда да жұмыс істеуге дағдыландыру. Көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштермен күресуге әдеттенудің арқасында адам өзінің зейінін шынықтырып, оны мықты және шыдамды етеді.

Төртінші шарт, ешуақытта зейін салмай жұмыс істеу керек емес. Абайсыз, байқаусыз істейтін адам алаңғасар болып кетеді.

Ең ақырында, соңғы шарт – адам өз зейінінің өзгешелік-терін, оның мықты және нашар жақтарын мүмкіндігінше жақсы білсін. Зейіннің кемістіктерін толық жою үшін адам өзімен-өзі көп жұмыс істеуі керек. Бірақ, әуелі ол кемістіктерді тауып алмай, бұл жұмысқа кірісуге болмайды»

Зерде дегеніміз не?

Ойлау қызметінің жоғарғы түрін білдіретін, пайымнан өзгеше философиялық категорияны зерде деп атайды. Ежелгі философияда зерде мен пайым «жанның екі қабілеті» ретінде бөлек қарастырылғаны мәлім. Ол заманда пайым ойлаудың төменгі сатысы ретінде салыстырмалы қатыстылық, осы дүниелік пен шектілікті түйсіндіріп, зерде абсолютті құдірет пен шектілікті танып білуге бағыттайды деп есептелді. Әйгілі философ И.Канттың айтуынша, зерде «бүкіл әлемді, дүниені қалайда толық білемін, оның мәнін ашамын» деп өнбейтін іспен айналысады. Ал оны басқа ғалымдар «Кант зердеден бас тартты, ендігі жерде ол ғылымды мойындамайды, діни сенімге ғана есік ашық деп жариялайды», деп айыптады, осылайша зерде туралы пікір бұрыннан-ақ сан қилы.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Х.Сәт-паеваның түсіндіруінше, «Ми іс-әрекетінің ең тартымды құбылыстарының бірі – оның қабылданған ақпаратты сақтау және еске түсіру, яғни зерделілік қабілеті. Зерде дегеніміз – жүйкенің ақпаратты код түрінде сақтап, нақтылы бір жағдайда оның қасиеттері мен көшірмесін өзгертпестен қайта жаңғыртуы. Зерде есте қалдыру, сақтау және еске түсіру үдерістерінен тұрады».

Зерденің түрлері

Психолог ғалымдар зерденің екі түрі болатынын айтады. Олар:

1. Генотиптік зерде. Ол  шартсыз рефлексті, ырық-сыз сезімді  және импритингті қалыптастырушы.

2. Фенотиптік зерде. Ол  тірі ағзаның жеке дамуы кезінде  иемденген мәліметтерін өңдеу  мен сақтау механизмін жүзеге  асырады. Зерде ақпаратты сақтау  ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді  және ұзақ мерзімді. Және де  адам зерде-сінің барлық түрі  екіге бөлінеді.

Олар: 1 Қисынды - мағыналық, 2. Сезімді – бейнелік. Бұлардың біріншісі ұғымдарға, екіншісі елестеуге сүйеніп іс жүргізеді, дейді мамандар. Есте сақтау сипатына қарай фенотиптік зерденің түрлері: бейнелік, эмоциялық, шартты рефлекстік зерде.

1. Бейнелік зерде. Бұл  жүйке жүйесінде адамның, жануардың  ұнамды немесе зиянды тітіркендіргіштің  бейнесін есте сақтауы.

2. Эмоциялық зерде. Бұл  ағзаның ерте бастан кешкен  эмоциялық (сезініс) күйін, оны тудыратын  жағдайларды өз тұрғысынан бағалауы.

3. Шартты рефлексті зерде. Бұл жануарлардың мәлімет сақтауындағы  ең негізгі түрі.

Зерде есте қалдыру, сақтау және еске түсіру үдерістерінен тұратындықтан, біз енді ес туралы жалпы түсінікке, адамдардың есте сақтау қабілетінің, яғни, зеректігінің құдіреттілігіне тоқталсақ.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУЫ

Ол – күрделі психикалық әрекет. Ес айналамыздағы бізге әсер ететін дүниені, ондағы заттар мен құбылыстарды жүйкемізде сәулелендірудің бір түрі. Қоршаған ортаның әсерімен мида пайда болған бейнелер із-түссіз жоғалып кетпейді, көпке дейін сақталып тұрады. Негізінен, талантты адамдардың бейнелі есі мен эмоциялық есі күшті дамыған болып келеді. Әсіресе, суретшілердің, композитор-лардың бейнелі есі өте жоғары. Ал, эмоциялық ес адамның рухани өсуінің өте қажетті шарты.

Адамның есін жақсы, жаман деп бөлмейді. Өйткені, адамдардың әр нәрсені есте сақтауы әркелкі болады.

Адамның есі мынандай сапалық белгілері бойынша сипатталады.

1. Есте қалдырудың тездігі. Біреу бір ақпаратты, материалды  есінде сақтау үшін ұзақ еңбектенсе, екінші біреу оны оп-оңай есінде  қалдыра алатын қасиетке ие.

2. Есте сақтаудың беріктігі. Біреу бір нәрсені жатқа біліп, ұзақ уақыт ұмытпайды, басқа біреу  тез ұмытып кетеді («қысқа ес»).

Информация о работе Қабылдау түрлері , қабылдау дегеніміз не?