Қабылдау түрлері , қабылдау дегеніміз не?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 18:22, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу ерекшеліктерін анықтау және оны қалыптастырудың психологиялық жолдарын қарастыру.Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер қалыптастырылады:
-Мектепке дейінгі балалардың даму туралы ғылыми еңбектерге талдау жасау.
-Мектепке дейінгі балалардың қабылдау мәселесі бойынша әдістерді іріктеп алу.
- Мектепке дейінгі балаларға (5 – 7 жас ) психологиялық әдістерді өткізу.
- Алынған нәтижелерге байланысты мектепке дейінгі балалардың қабылдауын қалыптастырудағы психологиялық дамытушы жаттығулар (тренингтік жаттығу) өткізу.

Содержание работы

Кіріспе ..................................................................................................................
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауын жетілдірудің теориялық мәселелері.............................................................................................................
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауының психологиялық теориясы................................................................................................................
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау саласындағы
дара айырмашылықтар........................................................................................
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауын
қалыптастырудың жолдары................................................................................
Қорытынды .......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (10).docxАмина.docx

— 168.88 Кб (Скачать файл)

Балалр игеретін сөздердің мәні бұл сөздергге үлкендердің беретін мәніне бірітдеп жуықтай бастайды. Баланың ойлауы көрнекі-бейнелі болып қалып отырғанда сөздер ол үшін заттар, іс-әректтер, қасиеттер, қатынастар жөнінде түсінік білдіреді. Үлкендер балалармен қарым-қатынаста жиі қателеседі, өйткенді олар сөздердің үлкендер үшін де, мекпет жасына дейінгі балалар үшін де мәні бірдей деп шамалайды. шыдығында, балалар белгілі заттарға, жағдайларға, оқиғаларға қатысты сөздерді дұрыс бағыттай білуді біршама тез меңгерсе де егжей-тегжейлі зерттеу балалардың түсінік сөздері мен үлкендердің ұғым сөздерінің арасында айтарлықтай айырмашылқтар болатының көрсетті. Түсінік ұғымға қарағанда болмысты қунақы әрі айқын белгілейді, бірақ ұғымдарға тән айқындылыққа, анықтылыққа, жүйелілікке ие бола алмайды.

Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды қалыптастыру үшін түсініктерді пайдалануға болады. Ұғымдардың өзінде және оларды қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларын да балалар ғылыми білімдер негіздерін игеру барысында меңгерді.

Ұғымдарды жүйелі меңгеру мектептегі оқу процесінде басталады. Бірақ кейбір ұғымдарды мектепке дейінгі ересек балалар арнайы ұйымдастырылған

оқыту жағдайларында үйреніп алатындығын зерттеулер көрсетті. Мұндай оқытуды алдымен оқылатын материалдарға балалардың ерекше сыртқы бағдарлау іс-әрекетері ұйымдастырылады. Бала бұл үйретуден өз іс-әрекеттерінің көмегімен заттардан және олардың қатынастарынан ұғымның мазмұнына кірерліктей басты белгілерді айыра білуге керекті әдістер мен құралдарды алады. Мектепке дейінгі баланы мұндай әдісті дұрыс қолдануға және алынған нәтижені оған түсінікті схемалық формада ұстап қалуға үйретеді.

Мысалы, бұйым мандық қасиеттері мен қатынастары туралы ұғымдарды қалыптастырғанда балалрды өлшемдер сияқты құралдармен пайдалануға үйретеді. Өлшемдер шаманың қабылдау мен түсініктегі бірігіп кеткен көлемнің түрлі параметрлерін - (көрсеткіштерін) ұзындық бір түрлі өлшеммен , аудан екінші түрлі өлшеммен, көлем үшінші түрлі өлшеммен, салмақ төртінші түрлі өлшеммен өлшенетіндерін – бір-бірінен бөліп, ажырата білуге мүмкіндік береді. Өлшемнің арқасында сан сыртқы әсердің ықпалынсыз объективті түрде анықталады. Балалар өлшеу нәтжесін белгілі бір таңбамен белгілеп бөліп қояды, мысалы, өзара бірдай таяқшаларды қатарға тізеді. Егер балаларға берілген көрсеткіш бойынша екі затты өзара өлшеу арқылы салыстыру қажет болса, онда балалар таяқшаларды екі қатарға орналастырады және әр қатардағы таяқшаға екінші қатардың таяқшасы дәл келіндей етіп тізеді. Шаманың берілген көрсеткіші бойынша (ұзындық, аудан, көлем, салмақ) заттардың қатынастарының схемалық бейнесі шығады. Егер таяқшалардың бір қатары ұзынарақ болып шықса, онда осы қатарға жататын заттың өздерінің де бірдей екендігі даусыз, егер қатарлар бірдей болса, заттардың өздерінің де бірдей екендігі байқалады.

Ұғымды бұдан әрі қалыптастырудың барысы баланың сыртқы бағдарлау іс-әрекеттерінен ойша іс-әрекеттерге өтуді ұйымдастырудан тұрады. Мұнда сыртқы құралдар сөздік белгілеулермен алмастырылады.

Тиісті міндеттерді ала отырып бала нақтылы өлшемді пайдалануды доғара бастайды, оның орнына өлшеу мүмкіндігін көздей отырып сан жөнінде пайымдай бастайды.

Бұл пайымдауларды баланы заттардың сыртқы түрінің өзгеруі шатыстыра алмайды , білім тікелей әсерден күштірек болып шығады.

Ұғымдар жасалуда көрнекі-бейнелі ойлауды меңгергенге қарағанда сыртқы бағдарлау іс-әректтерінің формасы ғана өзгеріп қоймайды, бой үйрену (интериоризация) процесі де басқаша сипатта болады. Нақтылы іс-әрекетті сөзз арқылы толықтай ой жүгіртумен алмастыру, сол іс-әрекеттің барлық негізгі кезеңдерін сөз арқылы қөз алдына елестету бала үшін міндетті саты бола бастайды. Ақырында, пікір айту есіттіріліп емес, іштей жүргізіле бастайды, пікір айту азая келеді де дерексіз логикалық ойлау іс әрекетіне айналады. Мектепке дейінгі шақта баланың дерексіз логикалық ойлау іс-әрекеттерінің ерекшк түріне математикалық сандармен және таңбалармен (+,-,=) жасайтын амалдар жатады. Сөздерді қолдану сияқты балалардың сандармен математикалық таңбаларды қолдануы да логикалық ойлаудың тиісті формаларының меңгерілгендігін көрсете бермейді. Бала сандар мен математикалық таңбаларды нақтылы заттардың топтарымен немесе сондай

заттар жөніндегі түсініктерді іс-әрекеттермен байланыстыра, бөле және біріктіре отырып қолдана алады. Бірдей жастағы балалар сандарды қолдану мен есептеудің, қарапайым арифметикалық есептерді шығарудың түрлі тәсілдерін қатар қолданып жүреді.

Бұл мысалда бала бірде сан қатарлы амалын, екіншіде бейнелерді пайдаланады.

Бірақ бастапқы математикалық білімді бейнелерге сүйене отырып меңгеру кейінірек балалар мектепке математиканы жүйел түрде үйренуге кіріскенде айтарлықтай қиындықтар туғызады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға кез келген заттардың сандық қатынастарының сипаттамасы ретіндегі санның дерексіз ұғымын сандар мен математикалық таңбалармен іс-әрекет жасауды бейнелерге сүйенбей үйрету ретінде қалыптастыру, мектепке дейінгі шақта ақыл-ой дамуының маңызды жағы болып саналады. Мектепке дейінгі шақта бұған математикалық ұғымдар мен амалдарды игеру жағдайында толықтай қол жеткізуге болатындығын зерттеулер көрсетіп отыр.

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ҚИЯЛЫНЫҢ ДАМУЫ

Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар

түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады: 1. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады; 2. Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды; 3. Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында,-деп жазады М. Жұмабаев- меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайын далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». 4. Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял - мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді; 5. Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу - адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді қызметке итермелейді, шығармашылық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің құрылымы, өмір салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің болғандығында. Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламын,

оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы - әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, ерен жүйрік қиял қажет. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады. Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайды өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдетгенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,- өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі - шылым тартады екен. Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын.-деді». Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бтіріп, оның әрі қарай өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне түңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.

Қиял түрлері

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бұрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық

образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Ұйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан құралған. Бұлардың негізі - адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. ұйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бұл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, ұйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бұдан ол ентігіп, булығады да. Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер итті . түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бұрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, - бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы». Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа өнімдер беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, ғалымның, композитордың т. б. қиялы шығармашылық қиялға жатады. Шығармашылық қиял - қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Шығармашылық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. К. С. Станиславский: «Артисті . көкірегінде өзі бейнелеп түрған адамның ой-толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолдан жасағаннан келмейді»,- дейді. Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін «көреді», олардың мінез-құлықтарын «елес етеді», сөзін «естиді». Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз кейіпкерлерімен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін «сезіп», қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатқанын көрсе, өзін сол адамға ұқсататындығы соншалық,- өз жеңім де жыртық емес пе екен деп, еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен. Өмірден түйгені шамалы, шығармашылық қиялы жетілмеген адамнан жақсы ақын шығуы мүмкін емес. Абай мұны өте дұрыс көре білген.

Информация о работе Қабылдау түрлері , қабылдау дегеніміз не?