Қабылдау түрлері , қабылдау дегеніміз не?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 18:22, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу ерекшеліктерін анықтау және оны қалыптастырудың психологиялық жолдарын қарастыру.Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер қалыптастырылады:
-Мектепке дейінгі балалардың даму туралы ғылыми еңбектерге талдау жасау.
-Мектепке дейінгі балалардың қабылдау мәселесі бойынша әдістерді іріктеп алу.
- Мектепке дейінгі балаларға (5 – 7 жас ) психологиялық әдістерді өткізу.
- Алынған нәтижелерге байланысты мектепке дейінгі балалардың қабылдауын қалыптастырудағы психологиялық дамытушы жаттығулар (тренингтік жаттығу) өткізу.

Содержание работы

Кіріспе ..................................................................................................................
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауын жетілдірудің теориялық мәселелері.............................................................................................................
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауының психологиялық теориясы................................................................................................................
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау саласындағы
дара айырмашылықтар........................................................................................
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауын
қалыптастырудың жолдары................................................................................
Қорытынды .......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (10).docxАмина.docx

— 168.88 Кб (Скачать файл)

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп- тегіс жұмыр келсін айналасы. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бар тандамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы?

Бұл өлеңіне Абай «қиыннан қиыстырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» секілді сөз тіркестері арқылы өздігінен жаңа туындылар бере алатын нағыз майталман ақындардың психологиясын, олардың шығармашылық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп отыр. Ғалым үшін де шығармашылық қиял аса қажет. Шығармашылық қиял ғалымның шығармашылық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жұмысын ұйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми жұмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғылымның жолы ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік - нағыз ғалымға тән қасиеттер, ғылымның «сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады». Белсеніді қиялдың ерекше бір түрі - арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман шығармашылық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол шығармашылық қиялдың бірінші дайындық сатысы. Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет. Орыстың белгілі демократ, публицисі Д. И. Писарев (1840-1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның «арманның іске талпындыратын пайдасы» туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бұл келешектің қиялы болмай, бос лағу, құрғақ қиял болар еді.

Қиял бейнелерінің жасалу жолдары

Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өнделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агпютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялык, бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия - танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана - суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады. Аглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка

индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған. Киял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі - гипербола Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бсйнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, киял-ғажайып бейнелсрді жасауда гипербола көп қолданылады.

Мұнда, сондай-ақ, тұтас заттың жеке бөліктерінің саны өзгертіледі, олардың орны ауыстырылады. Мәселен, үнді мифологиясындагы көп қолды құдайлар мен жегі басты айдаһардың бейнелері осылайша құрастырылған. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалынады. Егер затгардың айырмашылықтарын ескермей, оның ұқсастықтарына көбірек көңіл белінетін болса, схематизация әдісі қолданылады. Сурет өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады. Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі: «Бір жұмысшының, поптың, дүкенші саудагердің портретін дұрыс суреттеп жазу үш жүз, екі жүз шамалы поп, жұмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек»,- дейді М. Горький. Типтік образдар жасау дегенімізұ бірқатар объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтік образы бір жағынан жеке адамның даралық ерекшеліктерін білдіретін образ болып та есептелінеді. Мәселен, «Абай» романындағы Құнанбай образы сол кездегі үстем тап өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар, ол өзіндік психологиялық касиеттері бар жеке адамның да образы. Осы әдістер арқылы айтарлықтай маңызды шығармашылық қиял образдарын үнемі туғызу қиын.

Қиялдағы дара айырмашылықтар

Әр адамның қиялы әр түрлі болады, бірінің қиялы біріне ұқсамайды. Бір адамдардың қиялы бай, шындықпен орайласып жататын болса, екінші біреулердің қиялы жөнді жетілмеген, пәрменсіз, тар көлемді болады. Шындыққа сай, дәл, дүрыс образдар жасай алатын адамдардың қиялы мазмүнды келеді. Шындықка сай дұрыс қиялдай білетін адамдарда емірдің түрлі салаларынан алынған білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, соның негізінде қалыптасқан айқын сенімі болады. Американың аса көрнекті ғалымы Эдисон қиялы аса күшті дамыған адам болған. Бір машинаны үш түрлі жолмен ғана жасап шығаруға болады деген ұйғарымға келіспей, Эдисон машинаны 48 түрлі етіп жасауды ұсынған. Қиялы әлсіз адамның көркем әдебиет кітаптарын оқуы да бір түрлі. Ол мұндағы әдеби теңеулерге, суретгемелерге мән бермейді, әдеби суретгемелерді тастап кетіп, кітаптың тек әр жерінен «қызық» іздеп, тұтас оқып шығуға шыдамы жетпейді. Өйткені қиялы шабан адамға көркем суреттемелер әсер етпейді, оны тез жалықтырып жібереді. Қиялдың маңыздылығы оның шындықпен байланыстылығында. Шын мәнісіндегі қиял ғана мазмұнды, пәрменді де болып, адамды іс-әрекетке жетектейді, оның рухани өсуі үшін ерекше маңызды болады.

 

Қиялды дамыту жолдары.

Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады. Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері құралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болса да). Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қияжа дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған. Француздың әйгілі ғалымы, әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро: «Қиял! Бүл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам да, ойлайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес» деп тегін айтпаса керек.

Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды, келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бүрын санасында елестетеді. Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбектегі рөлі аса зор. Қиялдың өз алдына жеке психикалық процесс екенін мойындамайтындар да кездеседі. Олардың айтуынша, қиял ойлаудың бір бөлшегі сияқты. Рас, қиял мен ойлау бір-біріне өте үқсас. Себебі, екеуінің де физиологиялық негізі бар. Бірақ та олардың әрқайсының атқаратын қызметі әр басқа. Психология оқулықтарында берілген қиял анықтамалары да оның мәнін жете ашпайтын тәрізді. Ол бойынша қиял дегеннің не екенін бірден түсіну қиын. Кітап бойынша қиял елестерді.қайта қүру, жаңғырту, бейнелер жасау делінген де, қиялдағы үғымдар рөлі еске алынбаған. Біздіңше қиял, яғни фантазия дегеніміз өмірде бар, әзірше жеке тәжірибемізде кездеспеген, келешекте жүзеге асуға мүмкін болмасты күні бүрын санамызда елестету мен үғымдар негізінде өзгертіп, жаңғыртып, бейнелейтін психологиялық процесс. Кейде қүр қиялдану, мүндануды да қиял деп түсінетіндер бар. Бұл - теріс пікір. Қиял - психикалық құбылыс. Ал қиялдану мен мүндану - көңіл күйі. Көңіл күйін өзгертуде тек қана қиял ғана емес, басқа да психикалық құбылыстар да қатысады. Кейбіреулер екінші сигнал беру жүйесіне ешқандай қатысы жоқ түс көруді де қиял түріне жатқызады. Бұл да қиялдың мәнін бұрмалағандық. Түс көру - психикалық процесс емес. Ол ұйқы кезінде мидың кейбір бөліктерінің қызметінен пайда болатын физиологиялық құбылыс. Қиялды дамыту дегенімізде ең алдымен әркім өзі қиялының аз немесе көп екенін, қай дәрежеде екенін білгені жөн. Мұны көптен бері шетелдерде жиі қолданылып келе жатқан «Сізде қиял бар ма?» деген тест арқылы анықтауға болады. Мына кестедегі сан рет тексерістен өткен сүрақтарға жауап беріп, ұпайлар жинау керек.

 

Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен, еңбекпен, мақсатпен тығыз ұштасуында. Оны тәрбиелеу де осыған бағытталған. Оны қиялдану немесе мұңданумен айырбастауға болмайды. Бүл ұғым өз мағынасында қалуға тиіс. Психология оқулықтарында қиялды дамытуға, тәрбиелеуге біраз көңіл бөлінсе де оны меңгеру жайында ештеңе айтылмаған. Мүндай маңызды мәселе арнайы зерттеуді керек етеді. Туысқан қырғыз халқының үлы жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында үшатындығымен де адам биік, адам ұлы» деп терең философиялық ой қорытындылайды. Қиялы әлсіздің өзі де әлсіз. Ендеше бір мезгіл қиялдап, армандап, тұруды да үмытпайық. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын - бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, қүрастыруға әрекетжасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай. Мектеп - бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мүндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы окушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен «еститіндей» күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда, тарих сабақтарындағы әңгімелерде, оқушылардың түрлі ойындарында қиял процесі әр қырынан көрініп отырады.

 

Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра түскен дүрыс. Осы салада мүғалім істейтін іс — ұшан-теңіз. Мәселен, мүғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды, білмегендерін бірінен-бірі сұрап не мүғалімнен біліп алады. Ертеңіне мүғалім оқу сабағында балалардан көрмеген ормандарды (тайга, тундра, тропика т. б.) туралы айтып беріндер десе, бүл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасын тигізеді. Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бүл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады. Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.

 

 

Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмүнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мүғалім де, оқушының ата-анасы да бүл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу,табиғатқа өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербез орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.

 

Мектепке қабылдау тестілері

Тестілеу туралы педагогтар мен ата-аналарға нені білу қажет

Қазіргі уақытта көптеген мектептерде 1 сыныпқа қабылдау алдында балаларды психологиялық тексеру жүргізіледі. Бір жағдайларда бұл белгілі бір мамандықтарға үйрету немесе арнайы бағытқа салу (математикалық, эстетикалық, тілдік, т.б.) критерийлері бойынша сай келетін дайындығы жоғары балаларды іріктеп алу үшін жасалады.

 

Басқа жағдайда -балаларды оқыту қарқыны әртүрлі деңгейлі сыныптарға бөлу үшін жасалады. Мұнда "теңестіру сыныбынан" бастап жеделдетілген бағдарлама бойынша оқитын сыныпқа дейін кездеседі.Балалардың мектепке даярлық деңгейін анықтауда психологтар арнайы тестілерді қолданады.

Тестілер-бұл стандартталған,жекелей-психологиялық айырмашылықтарды анықтауға арналған,көбінесе уақыт жағынан шектелген сынақ түрі.

Тестілердің көмегімен қайсы бір қабілеттердің, дағдылардың, біліктердің, тұлғалық сапалардың деңгейін анықтауға тырысады.

Егер тестілеу нәтижесінде шын мәнінде әр баланың жеке даму ерекшеліктері ескерілетін болса, мектепке іріктеп алуда тестілеу дұрыс болып табылады және балалар нәтижелі оқыту мен дамытуға ең қолайлы мүмкіндіктер жасайтын сыныптарда немесе мектепте оқи алады.

Жалпымектептік бағдарламаны меңгеру шапшаңдығына үлгере алмайтын балалар кәдімгі сыныптарда табыссыздыққа душар болады, ал "теңестіру сыныбында" көтерілуге мүмкіндік туады, өйткені олар созылыңқы(ор. растянутая) бағдарламамен оқиды.

 

Тестілер балада маңызды танымдық процестердің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді: көру және есту арқылы қабылдау, ес және зейіннің, бейнелі ойлаудың, психикалық шапшаңдықтың әртүрлі түрлері. Тестілер тек мектепке дейінгілерді оқыту немесе интеллектуалды дамыту мәселелерін диагностикалау үшін ғана емес, тәрбиешілер мен ата-аналарға балаларды мектепке даярлау үшін де қолданылады. Әрбір тест тапсырмасы - бұл бала үшін әрі қызықты есеп әрі тартымды ойын, әрі ес, зейін, қол моторикасы, ойлау үшін дамыту жаттығулары. Осылайша, тестілер жақсы оқуға дайындық негізі болып табылатын балалардың танымдық процессін дамыту үшін де қолдануға болады: ақпаратты қабылдау, жадында ұстау, сақтау және өңдеу (қабылдау және ес), түсіну, талдау,салыстыру, жүйелеу қорытынды жасау (ойлау), жинақтау, тарату, зейінді ауыстыра алу, өз білімін іс-әрекетте, таңбада, сөзде, іс-әрекет өнімдерінде (көру-қозғалысты координация, сурет,сөз) қолдану.

Сонымен бірге тестілер баланың ақыл-ойын қарқынды дамыту бағдарламасын жасауға, оларды мектепте оқуға дайындауға, және де психикалық даму деңгейі сәйкес болмаған жағдайда түзету бағдарламаларын жасауға негіз бола алады.

Тестілеу түрлері.

Мектепке қабылдауда бала топтық немесе жеке тестілеуден өтуі мүмкін.

Топтық тестілеу нәтижелері әрқашанда шамамен алынған, болжамды сипатта болады, өйткені бұл жағдайда зерттеуші барлық балалардың дұрыс нәтиже көрсете алмауының субъективті себебін немесе мүмкін болатын кедергілерді ескере алмайды. Сондықтан мұндай нәтижелерді кейін жеке тексеру барысында анықтау ұсынылады.

Бұдан басқа баланың мектептік жетілуін бағалау материалының бірі- оның тестілеу және әңгімелесу кезіндегі тәртібі болып табылады, мұнда әсіресе баланың әлеуметтік жетілуі өте анық көрінеді: жалпы қоғамдық ережені орындауы, жаңа жағдайға үйрене білуі, үлкендермен қатынаста өзін дұрыс ұстай білуі, т.б.

Ата-аналар балаларды алдын-ала дайындауы қажет: тестілеу кезінде тәртіпке қойылатын талаптар туралы, ойын түрінде немесе сөзбен психологпен (немесе мұғаліммен) әңгімелесуге (собеседование) кіруді және шығуды дайындау, мүмкін болатын қиын ситуацияларды талдау, т.б

Информация о работе Қабылдау түрлері , қабылдау дегеніміз не?