Аутизм синдромы бар балаларды психологиялық-педагогикалық оңалту бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2014 в 15:28, доклад

Описание работы

Аутист балалармен түзету жұмысын жүргізу бағдарламасының әдістемелік негізі ретінде Л.С.Выготскийдің нормадан тыс баланың (қазіргі жағдайда аутист бала) психикалық дамуы концепциясының теориялық жақтары мен қазіргі нейропсихологияның (Архипов,Семенович)онтогенездің орын басу идеясы жатыр.
Түзету жұмысы бойынша бағдарламаның мазмұнын анықтау барысында дамудағы кез келген ауытқу әлеуметтік бейімделу және ортамен өзара қатынасқа түсу кезінде байқалатынын ескеру қажет

Файлы: 1 файл

Аутизм синдромы.doc

— 124.00 Кб (Скачать файл)

                                                Анесова Аңсаған Шаймарденқызы

                       «Мұғалжар ауданындағы психологиялық-педагогикалық

                                     түзеу кабинеті» ММ-нің әдіскері

 

Аутизм синдромы бар балаларды психологиялық-педагогикалық оңалту бағдарламасы.

 

 

Аутист балалармен түзету жұмысын жүргізу бағдарламасының әдістемелік негізі ретінде Л.С.Выготскийдің нормадан тыс баланың (қазіргі жағдайда аутист бала) психикалық дамуы концепциясының теориялық жақтары мен қазіргі нейропсихологияның (Архипов,Семенович)онтогенездің орын басу идеясы жатыр.

    Түзету жұмысы бойынша  бағдарламаның мазмұнын анықтау  барысында дамудағы кез келген  ауытқу әлеуметтік бейімделу  және ортамен өзара қатынасқа  түсу кезінде байқалатынын ескеру қажет.Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі баламен болатын түзету жұмысының негізгі мақсаты және нәтижесі ретінде әлеуметтік бейімделу,оңалту және ортамен байланысты жаңарту болып отыр.

        Түзету жұмыстарының принциптері

Балалармен жүргізілетін терапевтік және түзету жұмыстары түзету жұмысының төмендегідей принциптеріне негізделеді:

1.ПМПК-да өтетін психологиялық-медициналық-педагогикалық  тексерістің нәтижелерін қорытындылайтын,кеңестің  қорытындысы мен нұсқауларын  меңзейтін кешенді көзқарас. Балалардың барлығы да жұмыс барысында психоневролог дәрігердің бақылауында болып,үнемі медициналық ем алады.Терапевтік жұмысқа ата-аналар,педагог-дефектологтар,сонымен қоса тәрбиешілер және мұғалімдер белсенді түрде тартылады. 2.Онтогенетикалық көзқарас бала аффективтік және когнитивтік дамудың қай кезеңінде  отырғанын,оның бойында белгілі бір жасқа сәйкес келетін психологиялық өзгерістер және дағдылар қалыптасқанын немесе қалыптаспағанын анықтауға мүмкіндік береді.                   3.Жүйелі көзқарас психикалық дамудың түрлі жақтарының өзара байланысын орнату,әртүрлі бұзылыстардың (бірінші,екінші,реттік)өзара қатынастары,психикалық дамудағы тегіс еместіктер,уақыт жағынан үйлесімсіздіктер мен бұзылыстарды байқауға мүмкіндік береді.Оңтайлы терапевтік әсер ету үшін бала және оның ата-анасының өзара қатынасы мен байланысын тұтас жүйе ретінде қарастыру керек.

 

                    Түзету жұмысының әдістері.

  Бағдарлама қолдануға байланысты талаптар мен шарттарды міндетті түрде сақтаумен қатар белгілі форма және реттілікте қолданылатын әдістер жиынтығын құрайды.

 

                    Мінез-құлыққа еліктеу әдісі.

   Мінез-құлыққа еліктеу әдісі балаға еліктеу,оның барлық психикалық көріністерін байқауды көрсетеді.Баланың психикалық белсенділігін құрайтындар-қозғалыс,вокализация,сөйлеу тілі,тыныс алудың жиілігі мен қарқыны,ым-ишара,заттармен әрекет,яғни баланы бақылау нысаны болатындарды ата-анасы еліктеу арқылы қайталау керек.Ата-ана баланың артынана қалмай,оның барлық қимылдары,әрекеттері,,қалыбы,   дыбыстық вокализациялары,интонациялары,дыбыс жоғарылығы,тыныс алудың жиілігі мен қарқынын еліктеу арқылы қайталайды.Кейінірек ата-ана бірден емес,белгілі уақыт өткеннен кейін баланың мінез-құлқын қайталайды.

   Ата-ананың мінез-құлығы  баланың бойында оларға және  әрекеттеріне деген қызығушылығы мен зейінін тудырады.Егер бұған дейін баланы қоршаған адамдар ол түсінбейтін әрекеттерді орындауға тартса,ал енді ата-анасының қимылдарынан өзіне таныс нәрселерді байқайды.Бұл жағдайды сезіну бірден болмайды,бірақ белгілі бір уақыттан кейін бала ата-анасын байқап,олардың әрекеттері мен өздерін бақылап,қызығушылық танытып,содан кейін олардың мінез-құлығын бақылап,жауап реакциясын тудыру мақсатында белгілі бір әрекеттерді көрсетеді.

   Ата-ананың жауап реакциясы (оның қимылдарын қайталау) баланың бойында қанағаттанғандықтың эмоционалды реакциясы менталған нәтижеге қанағаттану сезімін тудырып,айналасындағылардан күтілетін реакцияны алу үшін белгілі бір әрекеттерді орындауға себеп болады.Осылайша баланың әрекеттері бірте-бірте әлі баяу болса да мақсатқа бағыталған және жанама түрде болады.Бала алдына ата-анасының жауап реакциясын тудыру мақсатын қойып,ал жанама түрде нақты нәтижеге қол жету үшін өзінің әрекеттерін қолдануды көздейді.

   Бұл кезеңде жеке белсенділіктің бастапқы қалыптасуы және баланың мақсатқа бағытталған әрекеттері туралы айтуға болады. Айналадағы қоршаған заттарды толығымен анықтайтын баланың мінез-құлығында мақсатқа бағытталған белсенді әрекеттер байқалып,бала өздігінен заттармен нені және қалайша әрекет ететінін,қандай нәтиже алатынын анықтайды.Біртіндеп бала ата-анасымен бірге жасайтын әрекеттерінің репертуарын қалыптастырады.Сонымен баланың бойында мақсатқа бағытталған әрекеттер қалыптаса бастайды.Негізгі құрылымдық компоненттерін атап өтсек болады:мақсаты (ата-анасының жауап реакциясын тудыру),жоспарлау (басында,содан кейін не істейді),операциялар (түрлі әрекеттер),бақылау (ата-анасы оның әрекеттерін қалай орындайды)және нәтижеге эмоционалды қатынасы (бала ата-анасы оның «тапсырмасын» қалай орындағанын ұнатады немесе ұнатпайды).

   Бұл әдістің оң нәтижесі ретінде баланың эмоционалды және коммуникативтік дамуында едәуір ілгерілеуін атап айту қажет.Терапия барысында баланың бойында ата-анасымен байланыс,оларға деген сенім пайда болып,ата-анасы жақынырақ және түсініктірек болады да,олармен эмоционалды байланыс туындап,нығая түседі.Бұған дейін оған түсініксіз әрекеттерді жасауды мәжбүрлеген ата-анасы енді әке-шешесін эмоционалды тұрғыдан қабылдап,оларға жақындауды тудырған және бақылап,басқаруға мүмкін болатын нағыз ата-ана болды.

   Терапия барысында бұндай мінез-құлық байқалатын болса,баланың ішкі қажеттіліктерімен ғана емес,сонымен қоса сыртқы жағдайларға (сөйлеу әрекеті формасында ересек адам білдірген өтініш,талап)негізделетін нағыз немесе «әлеуметтік»тұрғыдан мақсатқа бағытталған әрекетті қалыптастыруға көшуге болады..Баланың әрекеттеріне жаңа элементтер енгізіле бастайды.Ересек адам баланың әрекеттерін қайталай отыра бір нәрселерді өзгертіп,аздаған өзгерістер негізеді.Біртіндеп әреекттің әр түрі барысында үлкендер ұсынған нәрселерге қатысты танымдық қызығушылық дамып,бала өзінің нәтижелі әрекеті мен жетістіктеріне қанағаттанып,оның бойында өз әрекеттерін нұсқау,үлгі,ережеге сәйкес ұйымдастыру,ересек адамның әрекеттеріне саналы түрде еліктеу қабілеттері қалыптасады.Демек,тазалық дағдыларынан бастап бір нәрсеге қатысты әрекеттерге дейін әлеуметтік үйрету негізіне жататын қабілеттер балның бойынан байқала бастайды.

   Бұндай әрекеттің қалыптасуы  бала қалыпты жағдайдағы онтогенезге түсіп,сау баланың дамуы барысында меңгеретін білім мен дағдыларды біртіндеп қалыптастыруға болатынын білдіреді.

    Аутист баланы оқыту  мен тәрбиелеу қалыпты баладағыдай(сенсорлық эталондар,заттық және ойын әрекеттері,сөйлеу тілі т.б қалыптасуы)  дәстүрлі түрде болады,бірақ баланың дамуындағы эмоционалды-коммуникативтік мәселелерді шешуге бағытталған терапевтік жұмыстың арнайы әдістері мен тәсілдері қолданылады.

                Түзету жұмысын ұйымдастыру

   Сабақтардың бірінші циклі 6 айғасозылады.Ол екі кезеңнен тұрады:біріншісі 2 ай болса,екіншісі 4 айға созылады.Алғашқы айда сабақтар аптасына 4 рет болып,ұзақтығы 60 минутқа созылады.Келесі 5 айда аптасына 3 рет болады.

    Белгілі бір кезеңде (баланың жеке дайындығы болғанда) баламен жұмыс жүргізуге логопед,педагог-дефектолог,музыкант-педагог  қосылады.Құрбыларымен қатынасқа түсу және өзара әсер ету дағдыларын қалыптастыру кезеңінде бала қатарларының тобы немесе топшасына кіреді.

    Әр балаға келген кезде  психологиялық мінездеме мен  жеке оңалту бағдарламасы жасалады.

 

           Түзету жұмысының бағдарламасы.

І-кезең.Бала және оның отбасын тексеру.

    Бұл кезең барысында  бала және оның отбасымен танысу  олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін  тексеру,күшті және осал жақтарын  байқау, баланың эмоционалды-коммуникативтік  психикалық және сөйлеу тілі  нің даму деңгейі анықталып,дамуының алдын-ала болжамы мен түзету жұмысының тиімділігі белгіленеді.

    Бірінші кезең бала  және оның отбасымен ұзақтығы 60-90 минут болатын 3-5 рет кездесу  түрінде болады.Бала мен оның отбасын зерттеу белсенді түрде өтеді:олар бірінші кездесуден-ақ психолог арнайы ұйымдастырған терапевтік үдеріске қосылады.Аталған процедураны нақты қарастырып көрейік.

      Алғашқы кездесу.Бала  және оның отбасымен танысу.

      Алғашқы кездесуді  өткізудің шарттары мен талаптары.1.Алғашқы кездесуге ата-ананың екеуі де шақырылады,отбасының басқа мүшелерінің болуы міндетті емес,олар терапевтік жұмысқа келесі кезеңдерде қосылуы мүмкін. Алдын-ала келісілгендей кездесу бір жарым сағатқа созылады.

    2.Кездесу өтетін және  бұдан ары баламен жұмыс жүргізілетін  бөлме жеткілікті мөлшерде кең (20-25 ш.м.кем емес),арнайы таңдалған құралдар-қызметтік мақсаты бар ойыншықтар,заттар (текшетайлар,машиналар,доп,сенсорлық,көру,дыбыстық,тақтильді әсері бар ойыншықтар)және ойынға қатысы жоқ заттарды (орамал,қорапша,бөтелке,майда және сусымалы материал,сабын көбікшелері бар ыдыс т.б.)санамағанда бос болуы керек. Бөлмеде орындықтар емес,жұмсақ жиһаз,еденде оюсыз әрі бір түсті кілем болғаны дұрыс.

   Кездесу жайында келісім  барысында психолог ата-анадан  баланың жаңа бөлмеге реакциясы,онда қанша уақыт бола алатынын,есіктің жабылуына қалай қарайтынын,қандай ойыншықтар мен заттарға қалауы бар екенін нақтылайды.

  Алғашқы кездесу белгілі  бір жоспар бойынша өтеді.

  1.Ата-анамен сұқбат.Баланың  спонтанды әрекеті мен мінез-құлығын  бақылау

  Ата-анаға өз қалауы бойынша жайлы орналасып,ал балаға өзі қалағандай (анасының алдына отыру немесе жанында болу,кеңістікте жүру,ойыншықтар мен заттарды алу,бір нәрсеге шығу т.с.с.) әрекет ету ұсынылады.Ата-анадан баланың әрекетіне кіріспеу,оның мінез-құлығын ескертулер мен тыйым салу арқылы реттемеу туралы өтінеді.

  Бала таныс емес жағдайға  реакция беру барысында бөлмеден  шығып кетсе,оған қызық болып  көрінетін ойыншықтар мен заттарға  назарын аудартамыз.Бұл заттарға  көңіл бөлінбеген жағдайда ата-анаға  балаға жағымды ойындарды (баланы тыныштандыратын айналу,жоғарыға лақтырып көтеру,әртүрлі позаларды қабылдау) ойнау ұсынылады.

  Бұдан кейін ата-анамен сұқбат  жүргізіледі.Әңгіме барысында ата-анадан  баланың өмірінің түрлі салалары  туралы мәліметтер алынады.Бала  туралы әңгіме барысында неге ерекше назар аударылатынын байқап,баланың дамуында қандай мәселелер ерекше айтылатынын белгілеу керек.Баланың мінез-құлығы мен дамуына ата-ананың берген бағасын сынай отыра ата-ана айтып отырған нәрселерді өз бақылауларыңызбен салыстырыңыз.Егер кәсіби және ата-ананың бағалауларында қарама-қайшылықтар байқалса,олардың себептері анықталуы қажет.Ата-аналардан жауабы алынуы керек сұрақтардың үлгі түріндегі тізімін ұсынайық:

-Сізді бұнда не әкелді?

-Сізді баланың дамуында не  мазалайды?

-Баланың ерте жастан дамуы  туралы айтып беріңізші (қалыпты  жағдайда баланың дамуымен салыстырғанда  әлеуметтік күлімсіреу, «жандану  кешені»,анасын тану,жақындары мен  таныс емес адамдарды ажыратудың  бар болуы және пайда болу  мерзімін анықтау.

-Бала бір нәрсе керек болған жағдайда Сізге қалай қарата сөйлейді?

-Бала көзге тік қарап,жақындап,құшақтасып,сүйісе  ме?

-Өзінің атына,қарата сөйлеген сөзге жалт қарап,үн қоса ма?Қандай дыбыс не сөз,сөйлем,әрекетке бала бірден реакция жасайды?

-Сіздің өтініштеріңізді орындай ма?Қарапайым нұсқауларды («мында кел», «отыр») орындай ала ма?

-Түрлі талаптарға қалай қарайды (орындайды,менсінбейді,негативті эмоционалды  реакция білдіреді,кетіп қалады,стереотипиялар  мен агрессияның үдетілуі байқалады)?

-Сіздің қимыл-қозғалыстарыңызға еліктей ме?

-Нұсқаулар бойынша («бер», «көрсет», «тап» т.б.) заттар менсуреттерді көрсете ала ма?

-Қалаған затын бермегенде немесе  тыйым салғанда қандай реакция  береді?

-Үйде не істейді?Қандай жағдайда  және қашан жүгіреді,жүреді,жатады,бірдемеге  қарайды,ойнайды?

-Көбіне немен айналысуды қалайды?Баланың  ең жақсы көретін ойындары  мен әуестіктері қандай?Нені ұнатпайды?

-Көбіне баланы тәрбиелеу,оны  күтумен кім айналысады?Ата-ана  тәрбиелеудің қандай түрін(еркелетеді,қамқорлық  танытады,қатал және талап қою  түрінде тәрбиелейді)қабылдайды?

-Анасы,әкесі,отбасының басқа  да мүшелері баламен уақытын қандай ұзақтықта және қалай өткізеді?

-Бала өзге балалармен ойнай ма?Кіммен ойнайды?Аға–інілері/бауырлары,апа-сіңлілері/қарындастары,өзінен үлкен/кіші,өзімен қатарлармен бе?

-Өзіңіздің балаңыздың күшті,жағымды  жақтары туралы баяндап беріңіз.Оның  дамуында Сізді не мазалайды?

-Сіздің пікіріңізше немесе қалауыңызша,психологтың  баламен жүргізетін жұмысы неге  бағытталуы керек?

-Өзіңіздің балаңыздың болашағын  қандай деп елестетесіз?

  Ата-аналармен сұхбат барысында психолог баланың спонтанды әрекетіне кіріспей мінез-құлығын бақылайды.Бақылау белгілі бір параметрлер бойынша мақсатты түрде орындалса,бала туралы объективті мәлімет алуға мүмкіндік болады:

Информация о работе Аутизм синдромы бар балаларды психологиялық-педагогикалық оңалту бағдарламасы