Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2014 в 15:28, доклад
Аутист балалармен түзету жұмысын жүргізу бағдарламасының әдістемелік негізі ретінде Л.С.Выготскийдің нормадан тыс баланың (қазіргі жағдайда аутист бала) психикалық дамуы концепциясының теориялық жақтары мен қазіргі нейропсихологияның (Архипов,Семенович)онтогенездің орын басу идеясы жатыр.
Түзету жұмысы бойынша бағдарламаның мазмұнын анықтау барысында дамудағы кез келген ауытқу әлеуметтік бейімделу және ортамен өзара қатынасқа түсу кезінде байқалатынын ескеру қажет
2- түрі. Гошаның мамасы бірнеше минут бойы онымен байланысқа түсуге тырысады, бірақ бала ол ұсынған ойындардың барлығын менсінбей, басқа жаққа кетіп, оның қаратпа сөздеріне елеңдеп қарамайды. Бұл кезде оның бойында анасын мазалайтын моторлы аутостимуляциялар ( гримасалар, басын жан-жаққа бұра қозғалту, көзін алартып қозғау) күшейеді. Ана баласын оларды тоқтатуды өтініп, баланың қолына мәшинені ұстатып, көңілін онымен ойнауға аударуға тырысады. Оның әрекеттері баланың бойында қозғалыс белсенділігі мен қозуын және баланың айғайы мен агрессиясын тудырғанына қарамастан, ана баланы ойынға тартуды жалғастырады.
Ата-ананың бұндай әрекеттері ананың өзінің баласын, оның қызығушылықтары, әрекеттерінің мағынасы мен мәнін түсінуде қиындықтар туындағанын т.с.с. білдіреді. Белгілі бір әрекеттің себептерін түсінбегендіктен анасы әлеуметтік нормалар тұрғысынан жағымсыз деп есептеген нәрселерді белсенді түрде қабылдамау туындайды. Бұндай жағдайда ана баланың қажеттіліктері мен талаптарына қарамайды, баланың белгілерін байқамай, менсінбейді және баламен байланысқа түсу қажеттілігі туындағанда, оның бойында белгілі әрекетке қызығушылығын тудыру керек болғанда жеңіліске ұшырайды.
Әдетте бұндай ата-аналар өте жауапты және ұқыпты, олар баланың көңілін аударту және онымен өзара қатынасты орнату мақсатында белсенді әрекеттер жасайды, бірақ барлығы да күштеп жасалады: « қырсықтықты жою», күштеу, «жетегінде жүрмеу» т.б. Тәрбиелеу барысында бұндай авторитарлы көзқарасты қолдану оң нәтиже беруі мүмкін: бала белгілі бір талаптарды орындауды бастап, тыйымдарға көндіреді.Осындай тәсілдермен нақты әрекеттер мен әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды орындауды «үйретуге» болады. Өкінішке орай нормалар мен дағдылар механикалық түрде меңгеріліп, тек белгілі бір жағдайда орындалады, лоарды саналы түрде меңгеру және басқа жағдайлар мен адамдарға көшіру мүлдем болмайды.
Үлкендердің талаптарын
Бұндай ата-аналармен жұмыс оларды баласын осы күйінде қабылдап, оның әрекеттерін дұрыс түсінуге үйретуден басталады: бала нені сүйеді немесе қабылдамайды; оның әрекеттері ( қуаныш, қанағаттанбағандық, қарсылық) нені білдіреді. Психолог ата-анамен бірге баланың белгілі бір әрекетінің, эмоционалды жағдайының және мінез-құлығының себептерін анықтайды. Ата-анаға бала ақпаратты қалай, қандай әдіспен (құлағымен, көзімен, денесімен, иіс сезу мүшелерімен) және қашан қабылдайтыны немесе қабылдамайтыны көрсетіледі.
Әдетте бұндай ата-аналар
баланы эмоционалды тұрғыдан
қабылдауда қиындықтарға
Өзара әсер етудің үшінші
түрінде ата-аналар табиғи
Бұндай көзқарас ең өнімді болып табылады. Осы тәсілді меңгерген ата-аналар баласының жағдайын жақсы сезініп, оны түсінеді. Бірақ олардың өздеріне де үнемі қолдау көрсету керек. Күнделікті, үлкен психикалық және дене төзімділігін қажет ететін тынымсыз еңбек; кейбірде күш жетпей қалатын сияқты; олқылықтар кетуі мүмкін, сондықтан жағдайды дұрыс түсініп, баламен жұмыста көмек көрсете алатын маманның қолдауы үнемі қажет.
3.Баланың психологпен өзара әрекеті
Ата-ана және баланың өзара әрекетін бақылаудан кейін өзіміз баламен байланысқа түсуге талпынамыз.Балаға ең жағымды және әлдендіретін ірекеттер,жаттығулар немесе ойындарды таңдауға тырысамыз.Мысалға,оны шеңбер бойымен айналдыру,қораптан заттарды лақтыру,сабын көпіршіктерін ату,барабан соғу және т.б. Бұндай әрекеттерге кіріспестен бұрын балаға біртіндеп жақындап,қол тигізіп, байқап әрекеттену керек.
Егер балаға үлкен адамның
әрекеттері ұнап,оларға
Бала байланысты дұрыс
Қорқыныш пен үрей нақты
байқалатын балалар (2-топ) кездесу
бойы маманмен қатынасқа
Психолог кездесудің қорытындысын жасайды.Ата-анаға белсенділігі және ұсынған ақпараттары үшін алғысын білдіріп,төмендегілерді хабарлайды:
-балада қарым-қатынас
-сонымен қатар баланың дамуы мен мінез-құлқында оң нәтижелер (оларды ерекше атау керек) бар екендігін;
Содан кейін психолог баламен сабақ жүргізу үшін қосымша ақпарат қажет екендігін мәлімдейді.Ата-ананың әрқайсысынан бала туралы ақпаратты жазбаша түрде келесі кездесуге әкелуді өтінеді.Мұнда баланың бойындағы жақсы және әлсіз (жағымсыз)жақтарын атап өту керек:
-баланың қандай мінезі,реакциялары ата-ананың бойында мақтаныш,ал қайсылары өкініш пен мазасыздық сезімдерін тудырады?
-адекватты емес немесе қажет емес мінездер қайта-қайта болса, олар өздерін қалай ұстайды?
- баланы неге ( білім, біліктілік және дағдылар, соның ішінде тұрмыстық) және қандай мерзімде үйретті?
Сол сияқты ата-анадан баланы сырттай бақылап, жазбаша түрде мыналарды жазып алу туралы сұрайды:
Келесі кездесуге
бала үйде көп ойнайтын
Екінші кездесу.
Екінші кездесу үшін бөлмені ерекше дайындаймыз: бөлменің түрлі бөліктеріне бала қызығатын бірнеше жұп ойыншық не затты орналастырамыз. Барлығы 3-4 жұп ойыншық не заттан аспауы керек.
Кездесудің басында бүгінгі сабақ қалай өтетінін ата-анаға хабарлаймыз. Психолог ата-анаға мінез құлыққа еліктеу әдісі туралы айтып, бұл жаттығуларды олар не үшін орындайтынын, ол неге бағытталғанын, баланың мінез-құлығында нені өзгерте алатынымызды түсіндіреді. Бұл жаттығуларды қалайша жасайтыны түсіндіріледі.
Ата-аналарға арналған
нұсқаулар: «Біз «баланың мінез
құлығына еліктеу» атты
Қазір бірнеше минут
бойы мен баланың алдында өзін
ұстауы керек екендігін
Баланың әрекеттерінің
толықтай көшірмесі оны
Психолог 5 минут бойы еліктеу әрекеттерін көрсетеді. Егер бала зат немесе ойыншықты алса, маман бір уақытта баламен қатар жұп ойыншықты алып, бала сияқты әрекеттерді жасайды. Егерде бала ересек адамның қолынан затты алып алса, онда сол уақытта ересек адам баланың екінші қолынан жұп затты алады. Бұндай «күрес» ересек адамның қатысуынсыз баланың өзге әрекетке спонтанды түрде ауысуына дейін болады. Егер бала 10 минут бойы басқа әрекетке ауыспаса, онда баланың көңілін басқа затқа аударуға тырысамыз. Мысалға, еденде тәрелкелерді айналдырып, үрме бұршақты салу т.б.
Бала наразылық білдіріп, жылап, еденге заттарды тастаса, онда ересек адам баланың әрекеттері мен эмоцияларын (жылап, айғайлайды, заттарды тастап ұрады) азырақ соғу күшімен қайталайды.
Егер бала агрессия
немесе өзіне бағытталған
Содан кейін
психолог әр ата-анаға бөлек
бұл жаттығуларды орындауды
Анасына (немесе әкесіне) «балаға жақындауды» қалайша ұйымдастыру керек екендігін түсіндіреді. Ол баламен қатар иық тірестіре ішкі жақта, баладан 10 см қашықтықта қозғалуы керек, яғни балаға параллель және оның барлық әрекеттеріне еліктей отыра.
Ата-анаға бізді олардың әрекеттері емес, баланың ата-анасының әрекеттеріне реакциясы қызықтыратынын айту қажет. Бұны міндетті түрде айту керек, себебі бұндай жаттығуды орындау ата-ананың бойында ыңғайсыздық, ұялу, мазасыздану сезімдерін тудыруы мүмкін. Жаттығуды орындау кезінде ата-аналарды қолдап, мақтау («Сіз дұрыс әрі жақсы жасап жатырсыз») және жаттығуды сапалы түрде орындауға талпындыру керек. Осы әрекет барысында психолог ата-аналармен тікелей көзқарастан қашып, олардан тыс жаққа қарап отырғанын таныту керек. Екінші ата-анаға ересек адамның да, баланың да әрекеттеріне қарамай, олардың мінез-құлығына түсініктеме беріп, сынамау, эмоционалдық реакциялар күлкі, қалжың, жақтырмау) көрсетпеу ұсынылады.
Ата-аналарға баланың әрекетін нұсқау бойынша емес қайталап, түзетіп, көмектесеміз, бірақ ескертпелерді бірінші жақтан айтамыз ( «Біз Сізбен екі қадам қалып отырмыз», «Біз дұрыс емес шеңбермен келе жатырмыз» т.б.)
Жаттығуды әр
ата-ана 7-10 минут бойы орындайды.
Оны аяқтағаннан кейін маман
жаттығу барысында не
Ата-анамен бірге баланың әрекеттерін талқылау үлгісін берсек:
Алеша үнемі жүгіріп жүреді,тек көзіне түскен затты алу үшін тоқтап,оны бірнеше секунд бойы қарап,еденге тастайды.Ата-анасы одан кейін осы әрекеттерді қайталайды.Бала тез жүгіреді,үнемі бұрыштарға соғылады,сүрініп,еденге құлап,содан кейін орнынан тұрып,қайтадан жүгіріп кетеді.Ата-ананы бұндай мінез-құлық үрейлендіреді,олар еліктеушілер ролінен айнып,олардың ойларынша қауіпті әрекеттердің алдын алып,тыйым салуға тырысады.Тыйым салғанда бала еденге жатып,басымен ұрғылай бастайды.
Маман бұндай мінез-құлықты бала өзінің тонусын көтеріп,жағдайын жақсарту үшін қолданатынын түсіндіреді.Бала бұрыштарға тиіп,құлағанда әрі бөлме ішінде тез жүгіргенде суреттердің тез ауысуы,денесінен ұру,кеңістікте денесінің орналасуын өзгерту,жүгіру барысында аяқ бұлшық еттерінде тартылу сияқты өзіне жағымды дене,вестибулярлы,бұлшық ет,көру сезімдерін басынан өткізіп,өзінің тонусын көтереді.Бала қораптан заттарды тастағанда,ал содан кейін қорапқа қайта салғанда,одан соң бірнеше рет тастап,орнына салғанда,ол рақат сезімін басынана өткізеді.Мүмкін оған мыналар ұнағаннан болар:
Информация о работе Аутизм синдромы бар балаларды психологиялық-педагогикалық оңалту бағдарламасы