Аутизм синдромы бар балаларды психологиялық-педагогикалық оңалту бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2014 в 15:28, доклад

Описание работы

Аутист балалармен түзету жұмысын жүргізу бағдарламасының әдістемелік негізі ретінде Л.С.Выготскийдің нормадан тыс баланың (қазіргі жағдайда аутист бала) психикалық дамуы концепциясының теориялық жақтары мен қазіргі нейропсихологияның (Архипов,Семенович)онтогенездің орын басу идеясы жатыр.
Түзету жұмысы бойынша бағдарламаның мазмұнын анықтау барысында дамудағы кез келген ауытқу әлеуметтік бейімделу және ортамен өзара қатынасқа түсу кезінде байқалатынын ескеру қажет

Файлы: 1 файл

Аутизм синдромы.doc

— 124.00 Кб (Скачать файл)

    1.Таныс емес жерде,жаңа кеңістікте баланың мінез-құлығы:таныс емес орта,бөтен адам мен қоршаған заттарға баланың реакциясы.

    Бала жаңа бөлмеге  еркін кіре ме,бұл жағдайда  оның мимикасы,пластикасы,воколизация  сипаты өзгере ме екендігін  анықтау керек.Ол ай наласындағыларға немқұрайлы,оларды байқамайды,тірі емес заттар сияқты қарайды(аяғымен басып,өрмелеуі мүмкін) немесе өзге адамның көзқарасы,қимыл-қозғалысы,дауысынан қорқып,айқайлайды,сыртқа шығуға тырысады,ата-анасынан бөлмеден шығып кетуін талап етеді.Анасы немесе әкесінің жанында бола ма немесе олардан бірден алшақтап кете ме?

    Айналасындағыларға,соның  ішінде таныс емес тұлғаға,ата-анасына  деген немқұрайлылығы,оларға тірі  емес заттарға қарағандай (құлағындағы сырғасын сипап,бетіндегі меңін ұстау) әрекеттенуі аутизмнің көріністерін байқатып,жақындары мен бөтен адамдарды ажырата алмауы,жақындарына тартымдылығы,айналасындағы тұлғаларға таңдамалы қатынас орнатудың жоқ екендігін білдіреді.

   Таныс емес жағдайда байқалатын  қорқыныш пен үрей,ата-анасымен  бірге болуға талпыну немесе олармен бірге бөлмеден шығып кетуге тырысу,керісінше,ата-анасына жақын екендігін,жақындары мен таныс емес тұлғаларды ажырату,оларға талғампаздана қарауын білдіреді.

   2.Эмоционалды реакциялар.Баланы бақылау барысында эмоционалды реакцияларының алуандығы мен байқалуларын немесе мүлдем байқалмайтындығына (беті мелшиген,бетперде таққандай,бет әлпеті немқұрайлықты білдіреді) көңіл аударамыз.Болып жатқан оқиғаларға байланысты эмоционалды реакциялар сәйкес келеді немесе мүлдем жоқ (мысалға себепсіз күлкі мен жылау,не болмаса олардың тез арада ауысып тұруы);қандай жағдайда және қалайша эмоциялар туындайды;олардың психологиялық уәжі (мотивация).

    Эмоциялардың көзге көрінбейтін көріністерінсіз көңіл-күйдің тегістігі,мимикасыз бетәлпет немесе беттің «қатып қалған» көрінісі,адамдарға бағытталмаған күлімсіреу,айналасындағылардан бас тарту жоғары деңгейге аутизмнің бірінші тобына жататын балаларда байқалады.

     Қорқыныш пен үрей  қаптаған,бұлшық еттері ширатылған  бет әлпеті,белгісіз себеппен  немесе қарапайым қоздырғыштарға қарсы туындайтын жағымсыз эмоциялар екінші топтағы балаларда байқалады.Бұндай балалар айналасындағыларға талғампаздықпен қарап,өздерін үрейлендіретін немесе қоздыратын заттарды кездестірмеуге және белсенді түрде қарсы тұруға тырысады.Бақылау барысында баланы не үрейлендіретінін,не ұнамайтынын,қорқыныштар және фрустрациямен қалайша күресетінін (мысалға,ата-анасы оның бөлмеден шығып кету туралы талабын орындамайды) анықтап алу керек.Уақыт өте келе бала дағдыланып,тынышталады,оның көңілін өзге затқа ауыстыруға болады немесе ло аяғына дейін қарсылық білдіріп,баланың бойында агрессия немесе өзіне бағытталған агрессия пайда болады.

      3.Баланың  белсенділігі.Баланың бөлме ішінде орын ауыстыруы байқалады:белсенді түрде өрмелейді,орындықтар мен үстелдерге шығады;белгілі бір немесе бірнеше жерде болуды қалайды,ұзақ уақыт бойы тұрады,отырады немесе жатады.

      Бала ата-анасынан  ажырамайды,өзінің ішіндегі тұңғиық  дүниеге кіріп немесе өзінің  сезімдеріне шоғырланып бір жерде  қатып қалады;тұрғанда,жатқанда  немесе еденге отырғанда айналасындағыларға қарамайды-бұндай жағдайлар аутизацияның жоғары дәрежесін білдіріп,қоршаған ортадан айнудың көріністерін байқатады.

      Белсенділіктің төмендегідей  түрлері белгіленген:

      - Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жүгіреді,секіреді,айналады,терезеге шығады;қолын бұлғайды және т.б.;

      - танымдық  белсенділік(жаңа  заттарды қалайша зерттейді):есту  арқылы-дыбыстарға құлақ түреді,қағаз  парақтарын умаждайды,заттармен  әрекет ету барысында олардан  дауыс шығаруды көздейді(тарсылдатады,селкілдетеді);көру арқылы-кілем,төбе мен басқа заттарға қарайды,заттарды қатарға тізеді,оларды формасы немесе көлеміне қарай сұрыптайды және т.б.;иіс сезу арқылы(заттарды иіскейді);дәм арқылы(заттардың  дәмін көреді);заттық немесе ойын арқылы –доппен ойнап,тебеді,қорапша мен есікті ашып,жабады,шамды жағып,сөндіреді,текшетайлардан мұнара салады,пазлдарды жинайды,қарындаштармен сурет салады және т.б.;

     - сөйлеу тілі мен  дауыс арқылы :фразалар,сөздер,бөлек  буындар мен дыбыстарды айтады.

     Баланың жоғары деңгейі және әртүрлі белсенділігі түзету жұмысының тиімді болуының болжамы ретінде байқалады.Бала бөлме ішінде барынша қозғалып,қолжетімді түрлі тәсілдердің көмегімен кеңістікті зерттесе,оның зейінін жеңіл және өнімді түрде аудартып,содан кейін болашақта әрекеттерін қалыптастыруға болады.

    Түзету жұмыстарының  әдістерін таңдау үшін бала  қоршаған ортасын зерттеу барысында  қандай тәсілдерді қолданатынын  білу маңызды.Егер есту каналы  жетекші болса,онда жұмысты есту  анализаторларына әсер етуден  бастау керек. Егерде баланың бойында заттық әрекет бірліктері болса,онда байланысты орнату және баланы әрекетке қатыстыру заттарға әсер ету арқылы болады.

     4.Психикалық  тонус,аутостимуляциялар,стереотипті  әрекет. Спонтанды және берілген әрекет барысында баланың психикалық тонусы қанша уақыт сақталатынын,әлсіреу немесе жалығу қалай болатынын бақылаймыз.Әлсіреу барысында балаға не болады:

   - енжар түрде кету(мелшиіп  қалады,демалу үшін еденге жатып  алады);

   - анасына барады,оған жабысады;

   - тамақ пен сусын сұрайды;

   - қозып,қозғалыс стереотипиялары  пайда болады;

   - агрессия,өзіне бағытталған  агрессия.

  Қалайша өзін ынталандырады?Әлдендіру модальділіктегі аутостимуляциялар арқылы болады:көру,есту,вестибулярлы,тактильді және т.б. (заттар мен оюларға қарау,саусақтары және машиналардың дөңгелектерін көз алдына ұстап қимылдату,жарықты қосып,өшіру;қағазды умаждап,жырту,жармаларды салу,суды құю,заттарды сору және жалау;аяқ-қолды еркін ширықтыру,құлақты бітеу,ересек адамның баланы айналдыруы,жұлмалауы,жоғары лақтыруы).

   Аутист баланың танымдық  белсенділігі сырттай ұқсастығына  қарамай жоғарыда аталған аутостимуляциялар  мен стереотипиялардан айырмашылығы  аутостимуляциялар кезінде оларға  көңіл бөліп,басты назар аудару  байқалады.

    Аутостимуляцияның басқа  тәсілі ретінде заттармен стереотипті әрекеттер,стереотипті ойын:белгілі бір ретте заттарды қатарға қою,оюлар жасау,түрі,көлемі мен түсі бойынша топтау;бір ойын әрекеттерін қайталау және т.б.

    Стереотипиялырдың ұзақтығы  мен сапасы.Бала өзінің стереотипті әрекетімен қанша мерзімге дейін айналыса алады?Оны үзіп тастау неге әкеледі:енжар кетіп қалу,белсенді қарсылық білдіру,агрессия,өзіне бағытталған агрессия,моторлы стереотипиялардың көріністері.Басқа әрекетке тез ауыса ма? Ересек адам ұсынған әрекетті қабылдай ма?

   Баланың стереотипті әрекетінен  кейін балаға не болады?Ол баланың  психикалық тонусын,жалпы жағдайы  мен белсенділігін арттырады  не баланы әлсіретіп,шаршата ма?

   Егер бала бір әрекетте  тоқтап қалмаса,белгілі бір әрекетте  нақты тіреліп қалған балаға  қарағанда онда әрекеттің түрлері жеңіл қалыптасады.

   Баланың тонусын әрекеттің  қандай түрлері көтеретінін немесе  қайсысы әлсірететінін білсе,сабақ барысында түрлі әрекеттерді таңдап,терапевтік мақсатта кезектесіп қолдануға болады.

    5.Ата-анасымен  қатынасы.Ата-анасынан қандай қашықтықта,оларға жиі жақындай ма,көру,дене қимылдары т.с.с. арқылы байланыс орната ма?Ата-анасының қайсысына көбірек көңіл бөледі,қайсысын мүлдем байқамайды?Оларға көмек сұрап бара ма,өзінің әрекеттеріне тарта ма?

    6.Таныс емес тұлғаға (психолог) қатынасы.Таныс емес тұлғаға реакциялары,оның баланың әрекетіне кірісу жағдайлары анықталады.Бала бөтен адамның жақындауына қалай қарайтынын, көру,дене қимылдары т.с.с.арқылы байланысқа қандай реакция беретінін байқау керек.Өзінің қалауымен өзге тұлғамен әрекеттесуге талпына ма?Ересек адам ұсынған қандай заттарға көңіл бөледі,бала өзінің қажеттіліктерін атқару үшін үлкендерге жүгіне ме?Түсініктеме беріліп отырған ересек адамның сөзіне қандай реакция береді?

    Бақылау арқылы алынған  ақпаратты құрылымға салу үшін оны қалыпқа салынған хаттамаға енгізу керек.Оған енген бала және оның ата-анасының спонтанды мінез-құлығының ерекшеліктері баланың мүмкіндіктерін бағалауда көмектесіп,онымен өткізілетін терапевтік жұмыстың нақты әдістерін анықтауда маңызды (2-Қосымшаны қара).

    7.Сұхбат барысында  ата-анасының мінез-құлығы.Ата-анасының қайда және қалай орналасатынын белгілейміз.Маманға кім жақынырақ,кім алысырақ отыратынын анықтаймыз.Кім көбірек сөйлейді,ал кім аздау сөйлейді? Көбіне кім баланы бақылайды? Баланың мінез-құлығына қалайша қарайды?Психологтың бұны жасамау туралы өтінішіне қарамастан оның мінез-құлығын бақылауға тырысады (ескертпе айтып,тыйым салады);баланың мінез-құлығын талдап,түсініктемелер береді.

   Көп жағдайда маманға  белсендірек ата-ана жақынырақ  отырады,көбіне анасы болады (ол  үйде баламен отырады,оныменбірге  түрлі мекемелерге барады және  мамандармен кездеседі).Екінші ата-ана,көбіне  әкесә, алысырақ отырып,көбіне үндемейді,кейбірде ғана сұхбатқа араласады.бұндай сырттай енжарлыққа қарамастан баланың әкесін мазалап,баланың әкесін де мазалап,баланың мінез-құлқын талдауға кірістіру керек.Терапевтік жұмысқа әкесін тарту төмендегідей себептермен маңызды:

    а) әкелер көбірек бақылап,баланың  басындағы мәселелерді талдауда объективті түрде қарайды;

    б)психофизикалық ерекшеліктеріне  қарай ер адамдар жоғары деңгейдегі  психикалық тонусқа ,эмоционалды  және дене күшіне ие.

   Аналар үнемі баламен  бірге болып,оның күтімі,тәрбиесі  мен оқуын жүргізетіндіктен көп жағдайда психикалық және жалпы әлсіреу күйінде,депрессивті болады.Әкелердің

рөлі аналарға қамқорлық танытып,психологиялық қолдау көрсетуде болғандықтан,балаларымен сабақ барысында не істейтінін,кез келген жаттығулар неге бағытталғанын біліп,бала мен анаға өзінің көмегі  мен қолдауын уақытында көрсету мақсатында олармен не болып жатқанын білуі қажет.

 

  2. Бала мен ата-анасының өзара  қатынасын зерттеу.

    Отбасы мүшелерімен  сұқбат жүрізгеннен  және  баланың  спонтанды  әрекеті мен мінез-құлығын бақылағаннан кейін ата-анаға өз қалауы бойынша баламен ойнау ұсынылады.

    Көбіне ата-ана балада  оң эмоционалды реакциялар тудырып,баланың  зейінін ойында ұстауға тырысып, баламен ең қалыптасқан және  қолжетімді әрекеттер мен ойындарды  көрсетеді.Оларды қолдап, түсініктеме бермеу және әрекеттерін сынамау керек. Ата-ана мен баланың өзара қатынасының ерекшеліктерін байқап, ата-ана және бала нені қалай істейтінін жай ғана бақылау қажет.

   Бақылау барысында ата-ана  мен баланың арасындағы өзара  әсері және қатынасының түрлерін анықтауға болады. Өзара әсердің бірінші түріне мысалдар келтірейік.

   Бағдадтың мамасы ыдыстың қақпағын белгілі бұрыш көлемінде бұрап, баласына беріп отырды. Бағдад қуаныштан қатты айқайлап, қақпақты зор ықыласпен айналдырды. Балаға бұл ойын қатты ұнағандықтан баламен осылайша ұзақ ойнай алатынын, бірақ осы әрекетте ұзақ тоқтап қалып, оны басқа нәрсеге тартып алу мүмкін емес екендігін ата-анасы айтып берді.

   Мишаның папасы баланы  ұзақ уақыт жоғарыға лақтырып, батутта онымен бірге секіріп, жалықпай оған допты ұсынып, балаға допты қайтадан лақтыруды өтінгенде бала допты әкесіне емес, басқа жаққа тастайтынын  баяндады.

   Бұндай өзара әсер барысында  ата-ана баланың айналасындағылармен  оған жағымды байланыс орнатып, зейінін тоқтатуға тырысады. Ата-ана баланың мүддесін түсініп, оған қалайша рақаттану сезімін ұсынуды біледі, баланың көңілін тауып, өзіне деген зейінін ұстау мақсатында бала ұнататын әрекеттерді қайта-қайта жасайды.

    Ата-ана мен баланың осындай өзара әсерінің оң нәтижесі ретінде ересек адамдардың баланың мүдделерін түсініп, оларға қатысты әрекет етуін атап өту керек. Бұндай әрекет барысында баланың бойында қалай дегенмен ата-анасының бейнесі қалыптасады. Бала өзі үшін әкесі қандай биіктікте және қанша уақыт өзін ұстай алатынын; қандай күшпен және қанша уақыт өзін айналдырып жүргенін, кімнің қолы жағымдырақ екенін атап өтеді. Анасы немесе әкесі қандай жағымды дауыстар шығарады т.с.с. ?

    Ал бұндай өзара әсердің  әлсіз жағы ретінде ата-ананың  белсенді емес, күтіп отырушы  позициясы болып отыр: ата-ана баланың мүддесіне қарай артынан қалмай жүреді, балаға белгілі бір жаңа нәрсені қалайша ұсынуды білмей және ұсыныс жасамай, баланы әрекеттің басқа түрлеріне ауыстырмай жүре береді. Олар барынша ықтияты, баламен қалыптасқан қатынастардың стереотиптерін өзгертуге тырыспайды, әрқашан баланың әдеттері, тыйымдары мен талаптарын сақтайды. Бала тарапынан болған көңіл мен қызығушылықты қалайша реттеуді білмей, қобалжып, баланы қызығушылық шыңында тастап кетуі мүмкін. Осылайша әкесі баласын айналдыра, жоғарыға лақтыру барысында тонусын көтеріп, оң эмоциялар тудырады, бірақ баланың белсенділігін нәтижелі әрекетке қалайша айналдыруға болатынын білмей, баланы тастап кетеді. Ата-ананың осындай әсерін енжар ретінде анықтаймыз.

   Бұндай ата-аналармен жұмыс олардың баламен өзара әсер дағдылары негізінде жүргізіледі. Ата-ана баласының стереотипияларын біліп, оларға белсенді түрде қатысады. Біздің негізгі мақсатымыз – осындай стереотипияларды кеңейтіп, толықтыруға үйрету. Ата-аналарға стереотиптерді қалайша кеңейтіп, орындау және аяқтау керек екендігін көрсетеді. Олармен қатар бір әрекеттен басқа әрекетке баяу түрде өтіп, бала үшін жағымды және ыңғайлы түрде өту мақсатында біз де стереотиптер кешенін жасаймыз.

Информация о работе Аутизм синдромы бар балаларды психологиялық-педагогикалық оңалту бағдарламасы