Аутизм синдромы бар балаларды психологиялық-педагогикалық оңалту бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2014 в 15:28, доклад

Описание работы

Аутист балалармен түзету жұмысын жүргізу бағдарламасының әдістемелік негізі ретінде Л.С.Выготскийдің нормадан тыс баланың (қазіргі жағдайда аутист бала) психикалық дамуы концепциясының теориялық жақтары мен қазіргі нейропсихологияның (Архипов,Семенович)онтогенездің орын басу идеясы жатыр.
Түзету жұмысы бойынша бағдарламаның мазмұнын анықтау барысында дамудағы кез келген ауытқу әлеуметтік бейімделу және ортамен өзара қатынасқа түсу кезінде байқалатынын ескеру қажет

Файлы: 1 файл

Аутизм синдромы.doc

— 124.00 Кб (Скачать файл)

  -көз алдында заттардың  тез ауысуы;

  - жаңа сезімді сезу;

  - қораптағы заттарды  санау.

   Бала үлкен жылдамдықпен  бұрыштарға тиіп,еденге құлағанымен,өзін  қатты жарақаттамайды,бірақ кейбір  жерлері көгереді.Сондықтан ата-ана  мақсатқа жеткісі келсе,бұндай  әрекеттерді қайталауы керек

Егер өзінің өміріне қауіпті әрекеттерді (шкаф пен терезеге шығып,олардан секіру т.с.с.) жасауға талпынса,онда ата-ана оларға еліктемейді;психологпен бірге баланың көңілін басқа әрекетке бұруға тырысады.

    Баланың әрекеттеріне  еліктеуге ата-ананы үйрету 3-5 сабақ  барысында болады.Психолог 20 минут бойы кезектесіп жұмыс жүргізетін ата-ананың екеуімен  де жұмыс жасайды.Сабақ барысында маман үнемі ата-анаға қолдау көрсетіп,әрекеттерді түзете отыра және барлық көріністерде баланың әрекеттеріне еліктеудің нақтылығын бақылай отыра ата-анаға көмек көрсетіп,үйретеді,олардың нәтижесіз әрекеттерін көрсете отыра «Сізге бұны басқаша жасау дұрысырақ...» сияқты ұсыныстар жасайды.Психолог ата-ананың сұрақтарына жауап береді.

   Ата-аналарға бұл  жаттығуды өз бетімен үйде орындау ұсынылады.Олардың әрқайсысына күнделікті белгілі бір бөлмеде (бөлмеде әрекет етуі мүмкін көп зат болмауы керек) 20-25 минут бойы баланың әрекеттеріне еліктеу туралы өтініш жасалады.Әдетте ата-ананың біреуі жаттығуды таңертең жасаса,екіншісі кешке жасау қажет.Нәтижесінде күніне екі рет болады.Ата-ананы үйдегі сабақ барысында не болғаны,баланың мінез-құлығын сипаттау туралы,өздерінің сезімдері мен алаңдаушылықтарын жазып отыруды өтінеміз.

   Екінші кездесуден  бастап біздің модификацияланған  түрдегі холдинг-терапияны жүргіземіз.


Информация о работе Аутизм синдромы бар балаларды психологиялық-педагогикалық оңалту бағдарламасы