Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2015 в 10:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру жүйесін дамыту Тұжырымдамасында: «Бастауышта білім беру жас баланың ақыл- ойының дамуы және әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау, білім сапасын арттыру, дамыту, оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, білім деңгейін арттыруға бағдарланады»- деп көрсетілген

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................
І-тарау Қарапайым ұғымдар мен түсініктер қалыптастырудың педагогикалық- психологиялық негіздері

1.1.Ұғымдар мен түсініктер қалыптастырудың педагогикалық- психологиялық ерекшеліктері.........................................................................
1.2. Мектепке дейінгі кезеңде бастапқы математикалық ұғымдар мен түсініктерді қалыптастырудың психологиялық мәселелері...........................
1.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды математика элементеріне оқытудың негізгі принциптері...............................................................................................

ІІ-тарау Қарапайым математикалық ұғымдар мен түсініктердің мазмұны және оларды қалыптастыру.
2.1 Мектепалды даярлық тобы балаларында математикалық қарапайым ұғымдар мен түсініктер қалыптастырудың мазмұны.......................................

2.2 Қарапайым ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру мақсатындағы іс- тәжірибелер..........................................................................................................
Қорытынды......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............

Файлы: 1 файл

Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру - копия.doc

— 50.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жұмыс

 

Тақырыбы:

«Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру»

 

 

                                                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал – 2015 жыл.

 

                                      

  Мазмұны

                                         

 Кіріспе..........................................................................................................

 

І-тарау Қарапайым ұғымдар мен түсініктер қалыптастырудың педагогикалық- психологиялық негіздері

                                                  

1.1.Ұғымдар мен түсініктер қалыптастырудың педагогикалық- психологиялық ерекшеліктері.........................................................................

 

1.2. Мектепке дейінгі кезеңде бастапқы математикалық ұғымдар мен түсініктерді қалыптастырудың психологиялық мәселелері...........................

 

1.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды  математика элементеріне оқытудың негізгі принциптері...............................................................................................

    

ІІ-тарау Қарапайым математикалық ұғымдар мен түсініктердің мазмұны және оларды қалыптастыру.

 

2.1 Мектепалды даярлық тобы балаларында математикалық қарапайым ұғымдар мен  түсініктер қалыптастырудың мазмұны.......................................

                                                                                             

2.2 Қарапайым ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру мақсатындағы іс- тәжірибелер.......................................................................................................... 

 

Қорытынды......................................................................................................   

 

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру жүйесін дамыту Тұжырымдамасында: «Бастауышта білім беру жас баланың ақыл- ойының дамуы және әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау, білім сапасын арттыру, дамыту, оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, білім деңгейін арттыруға бағдарланады»- деп көрсетілген. Бастауыш саты оқушысының оқу әрекетін қалыптастыру- басым мақсат және ол білімнің теориялық деңгейін көтеру мен байланысты. Өзгермейтін ақиқат сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты- оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым- қатынасқа дайындау. Осымен байланысты білім берудің басты міндеті- оқушылардың өзін қоршаған, өзі өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаға үйренуінің, онда жаңа әлеуметтік мәртебе- оқушы мәртебесінің қалыптасуын, оқу, ойын, еңбек, қарым- қатынас сияқты әрекет түрлерін меңгеруін қамтамасыз ету. Мектеп міндеті әр оқушыға терең білім беру, сонымен қатар оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.

Зерттеудің көкейтестілігі:

Ғалымдардың деректері балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды меңгеруі тәжірибе жинақтаудан, яғни түрлі фактілермен танысуынан басталады. Сондықтан, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды жүзеге асыру жолдарын, мақсатын айқындау және оны жетілдіру күрделі мәселелердің бірі ұғымдарды қалыптастырудың мақсатын, міндеттерін және оны ұйымдастыру формалары мен түрлі тиімді әдіс- тәсілдерін ғылыми түрде айқындаудың маңызы зор.

         Тек осы  жағдайда ғана қабілетті, ұғымтал  жеке тұлға қалыптастыруға игі  ықпал етуге болады.Қай елдің  болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Білім беру ісі өз бағыттарына орай, адам мен қоғамның қажеттіліктеріне қарай өзекті мәселелермен бірге ұзақ мерзімді толықтырулар жасап отыр. Осы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты білім мен тәрбие беру аса назар аударарлық саланың бірі. Осы саланың алғашқы буыны- мектепке дейінгі тәрбие. Баланың мектепке балабақшадан дайындықпен барғанының артықшылығы білім сапасын арттыруда септігі мол екені өмірде дәлелденді. Баланы мектепке дайындаудың маңызды көрсеткіштерінің бірі: қарапайым талдау жасай алуы, заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін ажырата білуі, топтап салыстыра алуы негізгі көрсеткіш болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін көзделген негізгі мәселе: мектепалды тобында тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың формаларын түрлендіру, жетілдіру, жаңаша әдіс- тәсілдер қолдану. Сонымен, 

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Балаларды мектеп алды дайындауда  қарапайым математикалық ұғымдар мен түсініктер қалыптастырудың жолдары.

Зерттеу мәселесі: Кіші жастағы балаларда математикалық ұғымдар мен түсініктер қалыптастырудың мақсатын айқындау.

Бұл жұмысты ұйымдастыру және өткізу жолдары мен әдіс- тәсілдерін анықтау.

Зерттеу мақсаты: Қарапайым ұғымдар мен түсініктер қалыптастырудың ғылыми- әдістемелік негізін жасау.

Зерттеу объектісі: Қарапайым ұғымдар мен түсініктер қалыптастыруды сабақтарда жүзеге асыру.

Зерттеу нысаны: Мектепалды даярлық тобы балаларында бастапқы

математикалық ұғымдар мен түсініктер қалыптастыру.

Зерттеу әдістері:

-зерттеу тақырыбына байланысты  әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми  әдістемелік тұрғыдан талдау  жасау;

-алдыңғы қатарлы мұғалімдердің  іс-тәжірибесімен танысу;

-дәстүрлі оқыту әдістері мен  ұсынылған оқыту әдісіне салыстырмалы талдау жасау;

-оқушылардың білімділік, іскерлік, дағдыларын бақылау;

-педагогикалық эксперимент ұйымдастыру  және жүргізу;

Зерттеу міндеттері:

     Балаларды мектепке  дайындау жан-жақты дамыту мен  тәрбиені жолға қоюды талап  етеді. Мектепке барарда балалар оқу міндеттерін шешуде білімдерін өздігінен қолданып, танымдық және ойлау іс-әрекеттерінің дамуы жеткілікті дәрежеде болуы тиіс, психикалық үрдістері еркін болып, оқу іс-әрекетінің элементтерін игеруі қажет.

         Бұл міндеттерді  шешу математикалық түсініктерді дамытумен тығыз байланысты, атап айтсақ, ой іс-әрекетінің кейбір тәсілдерін қалыптастыру, қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды талдай, салыстыра және тағайындай білу, шешу тәсілдерін таңдап алу, нәтижесін талдау.

         Бұл бөлім міндеттеріне: 

  • санау машығын қалыптастыру
  • жиын мен сан туралы өзара байланысты білімнің кең ауқымын меңгеруі
  • негізгі математикалық байланыстар: тең, артық, кем, бүтін және бөлік түсініктерін бағдарлай білуі...
  • өлшеу машығын қалыптастыру
  • уақыт пен кеңістікте бағдарлай білу машығын дамыту
  • пішін мен өлшем туталы білімді меңгерту
  • есеп құрылымы мен оны шешу туралы түсініктерді игеру.

    Қарапайым математикалық  түсініктерді игеруді дамыту  жұмыстарының негізгі түрлері  – сабақтар, дидактикалық ойындар, ойын жаттығулары, қызықты есептер. 

Зерттеу базасы: Бөрлі ауданы «Ақсай бастауыш мектебі»

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру