Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 07:37, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi оқушылардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................
I МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ ....
1.1 Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психология ғылымындағы теориялы қ аспектілері..........................
1.2
1.3 Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің
психологиялық ерекшеліктері............................................................
Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің сана-сезім жүйесіндегі өзін-өзі бағалау ерекшеліктері..............................
II МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИ-МЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ.......................................................
2.1 Зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеті, әдістемесі, сыналушыларға сипаттама....................................................................
2.2
2.3 Алынған нәтижелерді сандық және сапалық талдау.........................
Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері ..............................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................
ҚОСЫМШАЛАР....................................................................................

Файлы: 1 файл

sabieva.doc

— 1.22 Мб (Скачать файл)

4.Психотерапия адамдар арасында ықпал ету барысында жүзеге асатын құбылыстар жиынтығы;

музыкатерапия- музыканы тыңдау, библиотерапия- кітап оқу арқылы ауруға ықпал ету. Имаготерапия - бейнелермен ойнау(imago: лат.-бейне) арттерапия - өнермен терапия. Көбінесе өнердің қолданбалы түрі пайдаланылады.

Арттерапиялық  тапсырмалар екі вариант түрінде жүзеге асырылады: белгілі бір тақырыпта тапсырмалар орындау және берілген тапсырманың материасын еркін тақырыпта, еркін материалмен жұмыс жасайды. Тапсырма соңында тақырыпты орындау манерасын талқыға салады.

Натурпсихотерапия немесе табиғат ықпалы, логотерапия немесе әңгімелесу психотерапиясы, гештальттерапия негізгі мақсаты – жеке адам потенциалын көтеру, оның күшін үдету, интеграция және даму жолымен адам мүмкіндіктерін өсіру.

Марита-терапия негізі Японияда 1921 жылы берілген морита кітабында көрсетілген. Мұның теориялық нұсқауы адамдардың жолын, тәуелділігін түсінумен байланысты әдіс.

Супестивті психотерапия – сергектік, гипноздық ұйқы, наркотикалық ұйқы, жанама ұйыту және планцеботерапия – (дәрілік ықпал ету) қалпы.

Жүріс-тұрыстық психотерапия – (шартты рефлекстер) ықпал ету техникасы ретінде кеңінен қолданылады.(қорқынышты жою)

Жеке психотерапия. Бұл психолог пен клиент арасындағы өзара әрекеттесу мәнінің құрылу ерекшелігін көрсету болып табылады, яғни медициналық дигнозы бар. Психолог клиентпен қандай да бір өзара әрекет ету ситуациясын құрады. Ол адам мәні жөніндегі кәсіби білімі негізінде жасалады. Басқалай айтқанда психотерапевт жұмысы адам мәні туралы философиялық көзқарастарына сүйенеді.

Топтық психотерапия – бұл әр түрлі аурулармен ауыратын адамдар арасында жүргізілетін психотерапиялық ықпал жасау формасы ретінде қазір кеңінен қолданылады.

     Топтық психотерапия ерте жастан – мектепке дейінгі, ең кәрілік шаққа дейін қолданылады.

      Көптеген психотерапевт  пікірлері бойынша топтық психотерапия  қоршаған адамдармен өзара қатынас  құрылуына негізделеді немесе  қоршаған ортамен шиеленіс.

       Топтық психотерапия ашық немесе жабық 25-30 адам құрамында жүреді және 8-12 адам(шағын топ).

      Психотерапиялық сабақтар бір уақытта, бір жайлы жерде өтуі тиіс. Психотерапевт басқалардан ерекшеленіп тұруы тиіс. Топта оған қатысушылардың жекелік жетілуі деп атауға болатын құбылыстар жүреді. Олар жаңа формадағы әрекетте, өз танымдарын кеңейте ситуацияларды бастан кешіреді. Психотерапияны жүргізгеннен кейін жүріс-тұрыстық өзгерістер (ым-ишара, дене тұрысы, жүріс-тұрысы) байқалады. Олар өзіндік сана және санада өзгерістерінің сырттай көрінуі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Би  терапиясы

Би терапиясы өзінің даму тарихын  шығармашылық  биден алады.Ерте заманда  би сөзбен айтып түсіндіре алмайтын кейбір ойлар мен сезімдерді жеткізу  құралы болған.Спонтандық әрекеттер мен дене қимылы адам тілі шықпай тұрған кезде қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етті (Langer,1953).

Бидің көмегімен ауру адамдарды  емдеуге тырысты.Биге еліктеушілер өздерін орманның қаһарлы жыртқыштарымен немесе мыстанмен, әруақтармен теңестірді. Кез-келген мәдениеттің өздерінің халық билері болады.Оларды бір жағынан – күнделікті мәселелерден босау,екіншіден  - қарапайым халықтың мінез-құлқықтары мен салт-дәстүрлерін көрсетеді деп қарастыруға болады.

Батыс мәдениетінде би қарым-қатынас  пен өзін өзі көрсету құралынан өнердің бір түріне айналды және ол көпшілікті үйрету мен көңілдерін көтеру үшін қолданылды.

XXІ ғасырда би формализациясы  классикалық балетте өз шыңына  жетті.Солтүстік Америкада биге  жаңа өмір берген қызу қанды  Айседора Дункан болды.Ол би өнерінің негізін салушы болып есептеледі.Айседора үшін би адамның табиғи реакцияларының көрініс беру құралы.

Би психотерапиясында стилистикалық  стандарт жоқ,оған бидің барлық формалары  жатады.Олар халық билері,сонымен  қатар вальс,рок-н-ролл.Бұлардың кез-келгені сезімдерді білдіруге қызмет етеді.

Би терапиясының даму тарихында  төрт оқиғаны көрсетуге болады.Біріншісі, Екінші дүниежүзілік соғыс аймағынан  оралған ардагерлердің дене және психикалық айығу қажеттілігімен байланысты.Би терапиясы госпитальда жатқан мүгедектерді емдеудің көмекші әдісі болды.

Би терапиясының дамуының ерте кезеңдерінде Вашингтондағы Әулие Елизавета  госпиталі маңызды рөл атқарды.Осы  госпитальда жаңашыл еңбегі үшін Мэриен Чейс би терапиясының «бірінші ледиі» атағын алды.Әрі биші, әрі би мұғалімі Мэриен Чейс сабақ үстінде өзінің зейінін тек оқушыларына ғана аударды және олардың әрқайсысы сабақтан кейін алған жеңілдеулері мен жан үйлесімділіктері туралы хабарлап отырады.Бұл жергілікті психиатрлардың  қызығушылығын тудырды.

Би терапиясына қызығушылық тудырған екінші оқиға 50-ші жылдары ашылған транквилизатормен байланысты болды.Мұндай дәрілердің қолайлылығы психиатырлық емхананың жабық бөлмелерінде жатқан көптеген емделушілерді ашық бөлмеге ауыстыруға,тіпті оларды босатып,оларға жаңа бағдарламалар қолдануға мүмкіндік тудырады.

Үшінші фактор 60-шы жылдарда пайда  болған адам қарым-қатынас тренингі,яғни ол психологиялық түзету тобы мен  оған қатысушыларды тұлғалық дамыту жұмыстарына қолданылатын жаңа эксперементалды  әдістерді өңдеуге себеп болды. Би терапиясының жаңа бағдарламаларына деген қызығушылықты сөзсіз, қарым-қатынас зерттеулері жандандырды.Бұл бағыттың соңғы жетістіктерінің бірі, ол мидың оң жақ жарты қызметін дамыту жолымен интуитивті түрде ойлануға оқыту болды.

Би терапиясының дамуына психоаналитикалық теория да еңбегін сіңірді.Вильгельм Райх - 1942, Карл Юнг-1961 және аз да болса, Гарри Стек Салливан-1953 би терапиясының дамуына өздерінің ерекше әсерлерін тигізді. Би терапиясының дамуында Райхтың тұлғаның эмоционалды дамуындағы дененің рөліне деген қызығушылығы маңызды рөл атқарады.

Қазіргі таңда би терапиясы топтарында күш негізінен бұлшық ет қысымын  төмендетуге және қимылды дамытуға бағытталған. Би терапиясы мазасыз  адамдарды қоғам өміріне қосу мақсатымен қолданылса, онда Салливан ұсынған теория, яғни әлеуметтану мен қарым-қатынастары теориясы қолданылады.

Қазіргі таңда Университеттерде би терапиясын ауруханада, емханада, оңалту орталықтарында, жабық мекемелерде  (түрмелерде), пансионаттар мен басқа да қимыл әрекеттерді қажет ететін мекемелерде жүргізу үшін бакалавр және жоғары дәрежелі мамандар дайындалуда. 

Би терапиясы топта кем дегенде  бес міндетті шеше алады. Біріншісінде,топ  мүшелері өз денелерін танып,оны  пайдалану мүмкіндіктерін терең  сезінеді. Адамның физикалық және эмоциялық жағдайы жақсарады.Бірінші сабақтың басында би терапиясының тобында басқарушы қатысушыларды бақылайды. Мықты жақтарын бағалайды,осыдан кейін түзету керек және қандай әрекеттер қажет екенін анықтайды.

Біздің көпшілігімізге тек бұлшық еттерімізді қатайту үшін ғана көмек керек. Ал психикалық бұзылуы бар және аутизммен ауыратын балаларға бұдан да белсенді көмек керек. Мысалы, жүруге, жүгіруге, иілуге,секіруге қажет дағдыларды игеру үшін.

Би терапиясының екінші міндеті,дененің  жағымды бейнесін жасай отырып,топ мүшелерінің өздерінің адамгершілік сезімдерін күшейту.

Бұзылулары бар аурулар  өзіндік дене мен қоршаған орта нысандарының арасындағы айырмашылықтарды айыра  алмай қиналады.Мұндай топтарда би терапиясы өзінің алдында дененің  адекватты бейнесін құру мақсатын қояды.

Үшіншіден би терапиясы әлеуметтік дағдыларды дамыту үшін қолданылады.Психологиялық  мәселелері бар адамдардан тұратын  топқа қарым-қатынастың қарапайым  дағдыларын оқыту қажет болуы  мүмкін.

Өзінің эмоцияларын көрсете  алмаушылық көбінесе психотикалық емделушілерде анық көрінеді. Сау адамдардан тұратын топтарда би терапиясы шығармашылық өзара әрекетке жағдай жасайды,сөздік қарым-қатынаста туындаған қиындықтарды жеңуге көмек береді.

Би терапиясының төртінші міндеті  –топ мүшелерінің сезімдері мен  қимылдарының арасында байланыс орната отырып,өздерінің сезімдерімен байланысқа түсулеріне көмек беру. Шығармашылық қатынаста би психикалық күйзелістердің  бастауы болатын жасырын конфликтілерді зерттеуге ие болады. Би қимылдары тек экспрессивті болып қана қоймай, сонымен қатар физикалық күйзелістерді түсіреді.

Би терапиясының бесінші міндеті  «логикалық дөңгелек» тудыру ретінде  бейнеленеді. Би терапиясының топтарындағы сабақтар қатысушылардың бірлескен  жұмыстарын жобалайды. Бұлардың барлығы  толығымен қатысушылармен  топтық тәжірибелерінің жетілуіне мүмкіндік жасайды. Барлық компоненттер жабық,тұрақты комплекс – «логикалық дөңгелекті құрайды».

Би терапиясының негізі концепциялары  бір жағынан дене,анығырақ айтқанда,әрекет пен екінші жағынан - ақыл арасындағы тығыз байланысты бейнелейді.Би терапиясының маңызы мынада,біздің әрекет мәнеріміз жекелік ерекшеліктерімізді бейнелейді. Біздің бала кезіміздегі байланыстарымыз,алғаш қадам жасаған кездегі еркіндігіміз,достарымыздың әсері,атқарған жұмыстарымыз,басымыздан өткен стресс-осылардың барлығы біздің әрекет ету мәнерімізде із қалдырады.

           Би терапиясы еркіндікке және әрекеттің мәнерлілігіне талпындырады,күшті физикалық,сонымен қатар психикалық деңгейде күшейтеді.Онда дене мен ақыл біртұтас бүтіндік ретінде қаралады. Би терапиясының мақсатын келесідей ұйымдастыруға болады: «Кез-келген эмоционалды ығысуда біздің рухани,сонымен қатар физикалық жағдайларымыз өзгереді және сәйкесінше , біздің әрекетіміздің сипаты да өзгереді».

Би терапиясының топтарында терапевт топ мүшелері  үшін би билеуде әріптес бола отырып, сонымен қатар басқарушы да болады және қатысушылардың әрекет арқылы дамуына көмек береді.Терапевтің  басты қызметі – қатысушылар бір-бірімен байланысқа түсу үшін,өздерін танып,қоршаған ортамен қарым-қатынастарын түсіну үшін,жайлы және қауіпсіз жағдай жасау.

Топты басқарушы қатысушылардың  вербалды емес қатынастарына зейін  аударуы керек және осы қатынастарды терапевтік мағынада тиімді қылу үшін эмпатия таныта білуі керек. Би терапиясында эмпатия тек вербалды түрде ғана емес,сонымен қатар физикалық деңгейде де көрінеді.Эмпатияны би әріптесінің қимылын қайталай отырып көрсетуге болады.Бұл терапевтік үрдісті Мэриен Чейс былай суреттейді:

  Терапевт пациентпен билей жүріп былай дейді: «Мен сіздің сезімдеріңізбен бөлісемін.Маған да өшпенділік, мұңаю, жалғыздық сияқты сезімдер таныс,мен сізді өзгелерден оқшауландыратын  мұндай жағдайларды түсінемін.

Бұларды мен де сезіне аламын және  бұлардың барлығы менде сізге  деген теріс түсінікті тудырмайды. Сізбен билей отырып,мен сізді қабыл аламын және аз уақыт болса да біз бір-бірімізді түсіндік». Терапевт пациенттің спонтандық әрекеттерін бейнелейді және оларды дамытады.

Әрекетті талдау

Би терапиясында психотерапевтік  ықпалдың басты құралына әрекет жатады.Әрекеттің  анализі мен диагностикасын  бейнелеуде архитектор және биші Рудольф Лабан құрастырған жүйе кең қолданылады.Ол «күш жүйесі» немесе «күш формасы» ретінде белгілі.Ол әрекеттердің динамикалық және кеңістіктік аспектілерін бейнелеуге,сонымен қатар  емделушілердің қажеттіліктерін анықтауға арналған арнайы символдарды қолдануға негізделген.

Лабан бойынша, «күш жүйесінде» әрекет динамикасы төрт көрсеткіш бойынша  бейнеленеді: кеңістіктік,күш,уақыт  және қуат.Әрбір көрсеткіштің екі  полюсі бар:кеңістік – тура және көпфокусты болуы мүмкін;күш – қуаты және шектеулі болуы мүмкін.Әрбір әрекетті осы өлшемдердің кез-келгендерімен сипаттауға болады.

Ал олардың комбинациясы әрекеттерді  дамытуда қолданытатын сегіз базалық  күшті құрайды. Мысалы, қысымның күші баяу, мықты және тура болуы мүмкін.Би тобындағы әрекеттерді Лабан жүйесіне сүйене отырып талдау қатысушылардың әрекет репертуарларын зерттеу мен кеңейтуді терапевтке үлкен көмек болады.

 

Психодинамикалық  бағыттар

Би терапиясының  топтарымен жұмыс  істейтін терапевтердің  көпшілігі  әрекетті психоаналитикалық тұрғысын қарастырады.Әрекеттерді дамытуға жұмсалған күштер әрекеттің астарында жатқан эмоцияны түсінуге мүмкіндік  береді.

Джерри Селкин «оның денесі»  аты әдістің негізін салған.Бұл  күшті психоанализбен бірлікте талдау жүйесіне мысал бола алады.Төрт көрсеткіш белгілі бір мақсатқа жетудің спецификалық әрекеттерін бейнелеу үшін қолданылады.

«Оның денесі» әдісін қолданушы  терапевт қозғалыс паттерні эмоциямен  қалай байланысатындығын білуі  керек.Мысалы,эмоциялық бұзылулары бар адам көбінесе табиғи емес дене қалпын ұстайды. Мазасыз субъект жүйкелік байланысты қолын қытырлатып,дірілдеу мүмкін.

Топ басшысы олармен байланыс орнатып,біріншіден оның қимылдарын қайталап,содан кейін  өз қимылы арқылы пациент қимылын  өзгеріске әкелуі керек. Сэлкиннің  әдістемесі барлық жастағы балаларға,оның ішінде ақыл-ойында кемістігі бар емделушілерге,эмоциялық бұзылулары бар емделушілерге,сонымен қатар «дені сау» ересек адамдарға және кәсіби бишілерге қолданылады.Әрбір топтың қызметтері әр түрлі болғандықтан

Сэлкин клиенттерді жасы билеу икемділігіне байланысты топтастырды.Би - қозғалыс терапиясының келесі психодинамикалық тәсілін Бернштейн ұсынады.

Ол психотерапияны дамудың аяқталмаған  үрдістерін түзетудің құралы ретінде  қарастырады. Топтың басшысы хореограф және көмекші қызметін атқарып,дағдарыстық жағдаяттардың дамуын тежейді.

Бұл үрдіс барысында қатысушылар  топ жағынан қолдаусыз әрекет етуге және тұлғаарлық қатынаста  пайда болған мәселелермен күресу икемділігіне ие болады.Сабақты бірінші баяу әуеннің  сосын секіріп,итеруге дейін апаратын әуендерден бастауға болады.Топ мүшелері өзара әрекетке түсіп және бір-бірімен қимылдай бастауы олардың жасырын сезімдерін тудырады.

  Ритуалдық үрдістердің символизмі әсіресе Альберт Пессо жүйесінде айқындала түсті.Ол психомоторлық тренинг деп аталады.Психомоторлық тренингтерде зейін би техникасына емес,қимыл арқылы аффективті сезімдерді шығара білуге бөлінді.

Информация о работе Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері