Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 07:37, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi оқушылардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................
I МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ ....
1.1 Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психология ғылымындағы теориялы қ аспектілері..........................
1.2
1.3 Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің
психологиялық ерекшеліктері............................................................
Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің сана-сезім жүйесіндегі өзін-өзі бағалау ерекшеліктері..............................
II МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИ-МЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ.......................................................
2.1 Зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеті, әдістемесі, сыналушыларға сипаттама....................................................................
2.2
2.3 Алынған нәтижелерді сандық және сапалық талдау.........................
Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері ..............................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................
ҚОСЫМШАЛАР....................................................................................

Файлы: 1 файл

sabieva.doc

— 1.22 Мб (Скачать файл)

 

 «Бейнелеу»  би терапиясы

Мақсаты: бейнелеу өзіндік денені сезінуге,әрекет репертуарын кеңейтіп, тұлғааралық қатынаста эмпатияны тереңдетуге мүмкіндік беретін жаттығу болып табылады. Ол бағынушы және басқарушы тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

Тиісті уақыт: 15 минут.

Материал: талап етілмейді.

Барысы: топ жұпқа бөлінеді. Әрбір жұпта біреуі басқарушы, біреуі бағынышты рөлін ойнайды. Әрбір жұпта қатысушылар қарама-қарсы тұрып, көз байланысын орнатады. Басқарушы баяу, қолымен, аяғымен, басымен, кеудесімен сәнді қимылдар жасай бастайды.

Бұл жерде оған өзінің денесін, эмоциясын  сезініп,өзінің денесіне сенуі керек. Жаттығу кезінде өзінің серіктесімен көздік байланысты сақтап,оның қимылдарын сезінуі керек.Бағынушы айна сияқты бірге,бір мезгілде әрекеттерін жасап, оның барлық қимылдарын қайталайды.

Мысалы,егер басқарушы оң қолын  созса,бағынушы сол қолын созады. Бағынушы басқарушының қайда және қалай қимылдайтынын бақылап отырады. Осы сәтте еш нәрсе туралы ойланбағаныңыз жөн.

Денеңіз өзі қимылдасын,ал сана өзгенің  қимылын қайталау тәжірибесін басынан  өткізсін.5мин. кейін бағынушы мен  басқарушы рөлдерін ауыстырады. Тағы 5 мин. Кейін олар өздерінің алған әсерлерімен бөліседі.

 

«Басқарушының соңынан ер» би терапиясы

Мақсаты: осы жаттығудың арқасында  кішігірім топтағы қатысушылар басқарушы және бағынышты болуға мүмкіндік алады.

Қажетті уақыт: 30 мин.

Материалдар: талап етпейді.

Барысы: Үлкен топ 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.Әрбір топ бір сызық болып тұрады. Кез-келген қатардың бірінші адамы жетекші рөлін атқарады.

Жетекші өзінің қиялына байланысты кеңістікте кез-келген жолмен жүре береді,сонымен  қатар әр түрлі қимылдар жасайды.Қалғандары оның соңынан еріп отырып,оның қимылдарын қайталайды.

Бірнеше минуттан кейін жетекші  ең соңына барып тұрады да, келесі адам жетекші рөлін атқарады.Бұл жаттығуды  қатысушылардың барлығы жетекші  рөлін атқарып болғанша  қайталана  береді. Жаттығу ерекше және көңілді болуы мүмкін.

Психологиялық коррекциялау жұмысының  мазмұны жасөспірімдердің мінез–құлық  ауытқуларын, өзiн-өзi бағалау, талаптану деңгейi мен мазасыздану деңгейін сипатын ескертетін, көп жобалы және көп деңгейлі құрылымнан тұрады.Психокоррекция - деп жасөспірімдердің ортамен әрекеттестік жасауы кезінде әлеуметтік бейімделуін бұзатын психикалық механизмдерге бағытталған, тәрбиеленушіге психологиялық ықпал ету тәсілдерін түсінеміз.

 Психокоррекцияның мақсаты  психика дамуының ауытқуларын  түзету, қалыптасып келе жатқан тұлғаның үйлесімділігін және жүйкелік-психикалық ауытқулардын алдын алуын ұйымдастыру.

Жүргізілген әдістемелердің қорытындысы  бойынша жасөспірімдерде.ауытқушы мінез-құлықтардың айқын көрінуін бәсеңдету үшін психокоррекциялық жұмыстар жүргізілді.

 

«Сезімдер» атауы тренингі.

Мақсаты: Эмоциональдық сферамен байланысты тәжірибелер мен білімдерді молайту, эмоциональдық күйін басқара  білуге үйрету.

Қорытынды:  Қатысушы жасөспірімдер  тренингке белсенді қатысып, тапсырмаларды  орындады. Барлық эмоциялар мен сезімдердің тізімін класс болып жасап, ең көп аталған сезімдер таңдап алынып, кестеге түсірілді.

Олардың көріну аймақтары анықталды. Барлық сынып бойынша кесте жинап алынып, орташа көрсеткіштері анықталды.

 

5-кесте. Жасөспірімдердің  сезімдері мен эмоцияларының басқара білу нәтижесі

 

 

«Сезім» атаулары

Бұл сезімдерді сезінетін  орындар

үйде

көшеде

мектепте

жаңа ортада

достардың арасында

басқа жерлер-

де

Әркезде

Ашу

17

16

10

9

14

3

Қуаныш

22

11

20

13

22

12

Көңілсіздік

12

5

7

19

4

5

Бүгін

Жалғыздық

5

10

12

6

6

8

Қорқыныш

8

20

15

14

8

18

Таңқалу

5

15

18

20

14

10


 

Жасөспірімдер өздерінің сезімдері  мен эмоциялары туралы тереңірек  ойланып, талдап, көрінетін аймақтарын анықтады. Өздеріндегі  жағымсыз сезімдерді біліп, олардың келесі жағдайларда басқарып отыратындықтарын айтты. Өздері тізім жасап, өздері анықтағаннан кейін қызығушылықтары оянып, талдау тиімді жүзеге асты. Жасөспірімдер өздерінің сезімдерін басқара білуге үйренді.

 

«Менің өмірім» тренингі.

Мақсаты: Жеке тұлғаны өзінің күшті және әлсіз жақтары туралы айта білуге, жағымды және жағымсыз қасиеттері мен жеке ерекшеліктері туралы саналы ойқорытынды жасай білуге үйрету.

Қорытынды: Жасөспірімдер ортаға шығып, айналасындағы құрдастарының сұрақтарына  жауап берді. Сұрақтар оның өмірі туралы, жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы және т.б. мәселелерді қамтыды. Жасөспірімдер сұрақтарға шын ниетпен жауап беріп, өз мінез-құлықтарына өздері талдау жасады, өздерінің әлсіз жақтарын анықтады.

Мынадай сұрақтар бойынша әңгіме қозғалды: «Сенің қандай жағымсыз және жағымды қасиеттерің бар?», «Сен не үшін ашуланасың?», «Қандай мәселелер сені толғандырады?», т.б. Жасөспірімдер қызығушылықпен қатынасып, өздерінің ғана емес, жолдастарының да жағымды және жағымсыз қасиеттерін біліп, салыстырып, олардан құтылу жолдарын бірігіп шешті.

 

 

«Медитация» тренингі

Мақсаты: Жасөспірімдердің  шектен тыс эмоциональдық күйін, қозғыштықтығы  және белсенділігін бәсеңдету, шаршау деңгейін басу.

Қорытынды: Жасөспірімдер медитация  кезінде өздерін демалғандай, жағымды көңіл-күй сезінгендей болғандарын айтты. Басқа әлемде жүргендерін, онда барлық қоршаған ортаның әсемдігін,  әдемі өсімдіктер мен әртүрлі жануарлардың түрлерін елестеткенін айтып, қасындағы оқушылармен бөлісті. Өздерінің күштері мен мүмкіндіктеріне деген сенімділігі күшейді.

 

« Мақтаулар» жатығуы

Мақсаты: Жаттығу баланы өзін-өзі  бағалауын және ұжымда беделін жоғарылатуға көмектеседі.

Нұсқау: Балалар дөңгеленіп отырады. Әрбір балаға карточка таратылады. Карточкаға бала «Бірде мен ...» деген  сөзден басталатын жақсы іс-әрекеттер жазады.Мысалы: «Бірде мен мектептегі құрбыма көмек бердім», немесе «Бірде мен үй тапсырмасын тез орындадым» т.с.с. Ойлануға 2-3 минут беріледі, содан кейін әрбір бала кезекпен өзінің жазған позитивтік әрекетін дауыстап оқиды. Әрбір бала өзінің жазғандарын оқып болғаннан кейін, жүргізуші (ересек адам) осы айтылғандардың бәрінен ортақ бір пікірге келуге талпыгады. Ал егерде балалардың өздері ортақ пікірге келуге талпынса, онда оларға міндетті түрде мүмкіндік беру керек. Қорытынды ретінде  балалармен «әрбір адам қандайда бір талантқа ие болады, ал оны байқау үшін айналамыздағы адамдарға зейінмен, қамқорлықпен және мейірімділікпен қарауымыз қажет» деген сияқты әңгімелер жүргізуге болады.

 

Зерттеу мәселесінің шеңберіне  байланысты жүргізілген коррекциялық жұмыстарының эксперименталдық нәтижелерін ұсынамыз.

       

 

 

3-сурет.Зерттеу нәтижесінің көрсеткіші

 

 

Сонымен, әр түрлі тұрғыда жүргізілген  түзету жұмыстарының бағытары мінез–құлықтарында ауытқылары бар жасөспірімдердің өзін–өзі бағалауы, деңгейі тепе-тең  түрде болуына мүмкіндік берді. Яғни бірінші кестеде көрсетілгендей арнаулы түзету мектеп интернатының және жалпыға бірдей мектеп оқушыларының 75 % өзін–өзі бағалау өз деңгейіне сәйкес түрде болып қалыптаса бастады.

 Бұл олардың қоршаған ортаға  деген көзқарастары, білім саласына  қызығушылығы, өз–өзіне және басқа адамдарға байланысты ізгі ниетті қарым–қатынастарының болуынан байқалды. Ал сыналушылардың 15 % өзін–өзі бағалаулары жоғары болды. Бұл олардың тұлғасының толық кемелденбегенің, өздерінің іс–әрекеттерінің нәтижелерін дұрыс бағалай алмау, өздерін басқалармен салыстыра алмау көрсетеді.

Өзін–өзі бағалаудың мұндай көрсеткіші тұлғаның қалыптасуында бұрмаланулардың болуын, яғни қоршаған ортанын бағалауына, ескертулеріне, өздерінің қателіктеріне, сәтсіздіктеріне немқұрайлым қарауы байқалды. Сыналушылардың 10 % өзін–өзі төмен бағалағандары көрсетілді.

Бұл өз кезегінде өз–өздеріне сенімсіз болуына түйінделеді. Экперименттің басында алынған нәтижелер Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатыныоқушыларының әлеуметтік жағдайлардың себептеріне, яғни педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалу, отбасының ажырасуы, дұрыс тәрбие алмай теріс жолға түсу және т.б. түйінделеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі таңда еліміздің егемендік  алуы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымызға байланысты көптеген өзгерістер енгізді. Яғни қоғамымыздың қарқынды әлеуметтiк дамуы белсендi, жасампаз тұлғаны қалытастыруға жоғарланған талап қояды. Әсіресе білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін құру, оқу мен тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлату мен білім беру үрдісінде оқушылардың тұлғалық сана-сезімдерінің дамыту болды.

     Білім беру поцесінде жасөспірімдердің тұлғалық сана-сезімдерінің қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашағына жол сілтеу — қазіргі таңда ауқымды мәселе болып отыр. Өйткені, тұлғалық сана-сезімдерін қалыптастыру тек білім берумен ғана шектелмейді, яғни ол үшін мектепте өткізілетін тәрбие жүйесінің іс-шаралары оқушылардың болашақта парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына ықпалын тигізуіне түйінделуі қажет.

    Ұрпақ - өміріміздің жалғасы, болашақтағы әр мамандықтың иесі, қоғамның арқа сүйер тірегі екні белгілі. Республикамыздың жастарына ең сапалы білім берумен қатар еліміз егеменді, тіліміз мемлекеттік болуына байланысты жастардың жағымды мінез-құлқын дамытып, оларды адамгершілікке, мейірімділікке, тәртіпке, қоғамның лайықты азаматтары ретінде тәрбиелеу – бүгінгі күнгі басты мәселелердің бірі. Біздің қоғамымызда жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне, оларды жақсылыққа тәрбиелеуге баса назар аударылуда.

    Елдің экономикалық жағдайы, бұрынғы дүниетанымның құлдырауы мен бәсекелі және жоғары өндірісті жағдайда өмір сүру мен жұмыс жасау іскерлігі мен дағдысының жоқтығы – қоғамның күрделі қиындықтары мен ішкі дау-жанжалдарды тудыруға әкеледі. Жастар арасында ересектермен күрделі және қиын қарым-қатынастар көрінеді.

Сонымен қатар, қаталдық пен агрессивтілік  пайда болып, қылмыстық әрекеттер  көбейді. Осындай жағдайларға байланысты жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылықтарын психологтар зерттеп білулері шарт.

   Диссертациялық жұмыстың мақсаты – мінез - құлықтарында ауытқушылықтарына байланысты мәселелердің қаншалықты зерттелгендігін анықтап, түрлі әдістерді пайдалана отырып, оған талдау жасай отырып , мінез-құлықтарында ауытқушылықтары бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін айқындау болды. Сонымен қатар олардың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін  жан-жақты зерттеу болды.  

       Жасөспірімдерді тәрбиелеудің қазіргі қалыптасқан жүйесі психологиялық ғылымның қиыншылықтары мен мәселелерін айнадағыдай көрсетеді. Бала бақшасы білім беруді бірінші кезекке қоятын мекемеге айналды.

       Бала бақшасындағы сабақтар әдетте интеллектуалдық бағытта жүргізіледі. Мәдениетті және иманды адамды, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру екінші кезекке ығыстырылды.

      Жасөспірімдердің эмоционалдық дамуы, балаға маңызды жеке мәселелердің шешілуі, оның өміріндегі оқиғаларды және жақын адамдармен қары-қатынасын ойдан өткізуі ұйымдастырылған педагогикалық үрдістен тысқары қалды. Бала тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикаға өтуді - тереңдете білім беру мәселесі ретінде шешу мүмкін емес. Бұл – біздің бүкіл өмірімізді қайта құру және ұрпақтар арасындағы байланысты қайта қалыпқа келтіру мәселесі болып табылады.

        Балалар психологиясы   бойынша    зерттеудің  өзінде   талдай  келсе,  оның   мінезі   ересектермен   қарым –қатынасы,  жеке   тұлғаның   өзін -өзі  бағалауының   әр сатысында   маңызды  екендігін    көрсетті.

Информация о работе Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері