Психиканын калыптасуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 18:28, курс лекций

Описание работы

Материализм психиканың пайда болуын материяның эвалюциясымен түсіндіреді.Мүлде өзгермейтін, мәңгі тыныштықтағы денеде бірде-бір матеря жоқ. Барлық әлемдегі органикалық және органикалық емес матерялар сырттан жасалатын әсерді бейнелеуге қабілетті

Файлы: 1 файл

ПСИХИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ.doc

— 265.50 Кб (Скачать файл)

ПСИХИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

 

 Материализм психиканың пайда  болуын материяның эвалюциясымен  түсіндіреді.Мүлде өзгермейтін,  мәңгі тыныштықтағы денеде бірде-бір  матеря жоқ. Барлық әлемдегі  органикалық және органикалық  емес матерялар сырттан жасалатын  әсерді бейнелеуге қабілетті

 

 Мысалы:Тамшы тасты төседі. Кез-келген  зат, кез-келген матеря сыртқы  орта әсерлерінен өзгеріске ұшырайды.

 

 Бейнелеу формалары әр-түрлі  болады. Ол матеря формасына тәуелді.  Өлі табиғатты бейнелеу - механикалық,  физикалық, химиялық өзара заттардың әрекеттестігін көрсетеді.

 

 Тірі материяға бейнелеудің  биологиялық формалары тән. Тірі  матеряның белгілі бір даму  сатысында бейнелеуңдің ерекше  формаларын реттеуде психика  пайда болады.

 

 Психиканың пайда болу туралы  әр-түрлі теория бар:

 

 1)    панпсихизм (баршада психика бар);

 

2)    биопсихизм (тірі жанда,  табиғатта, өсімдікте психика  бар);

 

3)    антропсихизм (адамда  психика бар, өсімдіктер, жануар - тірі автоматтар);

 

4)    нейропсихизм (жүйке жүйесі  барларға ғана психика тән).

 

 Психиканың эвалюциясы-психиканың пайда болуымен, дамуымен, тіршіліктің пайда болуымен, дамуымен айналысады.

 

 Өлі табиғаттан тірі табиғатқа  өту мүмкін деген болжам - Опарин  гипотезасына дәл келеді.

 

 Опарин  болжамы бойынша осыдан 2млрд. жыл бұрын атмосферада бос оттегін бөліп шығарып, органикалық заттарда фотосинтетикалық реакциялардың жүруіне себепші болған заттар болған. Көміртегі, азот, фосфор, күкірт атомдарымен түрлі айналым аса күрделі көмірсутек түзеген. Бұдан алып молекулалар пайда болады.

 

 Бұл молекулалар құрамдас бөліктерге тез бөлінген. Олардың тіршілігі үшін ортамен заталмасу керек болған.

 

 

 

 Алып молекулалар ортадан  қоректік сіңіріп, ассилияциялайды.  Қорытылғандарды сыртқа шығарады, диссимиляция  жүреді. Бұдан молекула  ортамен зат алмасуы автоматизм түрінде реттелген өзін- өзі өндіретін жүйеге айналған. Бұл коацерваттар деп аталған.

 

 Коотцерваттар- өзара бәсекелес.  Үнемі қозғалыста. Кез-келген молекулалар  бірігіп, әрекет қасиетке не  молекулалар пайда болады.

 

 Коатцерваттар- қоректі таңдамалы сіңіреді. Тірі қалпын сақтауға керек заттарға ғана тітіркенеді. Тітіркенгіш болмаса енжар болады.

 

 Кез-келген тірі организім  сыртқы тітіркендіргішке таңдамалы  белсенді қатынас танытады, яғни  тірі материяға өзі-өзі реттеу  тән. Эмоционалды қатысын бейнелеудің әрекет формалары болады. Ол тітіркенуден басталып, сананың ең жоғарғы формасы ойлау мен еске дейін. Барлық эмоционалды сатыдағы жануар, өсімдіктерге – тітіркенгіштік тән.

 

 Тітіркенгіштік- биологиялық мәнді  әсерлерге жауап бере алуы. Бұдан  тітіркену биологиялық бейнелеудің ең қарапайым түрі.

 

 Қарапайым тітіркену бір  жасушалыларға тән. Орта ықпалмен  қозғалады.Бұл қозғалыс- ізденіс  ретінде көрінеді.

 

 Сырт орта заттың белгілер (иіс,түс, форма) органикалық қажеттіліктерді  қанағаттандырмағанымен сигналдық  мәнге ие. Бұған кейде қарапайымдар да абиотикалық факторларға да жауап береді.

 

 Жануарлар- абиотикалық, биотикалық  факторларға қатысты ортаны бейнелей  алады. Сезгіштік биологиялық  нейтралды, бірақ биотикалық әсерлерді  бейнелей алуға қабілетті. Сезгіштік  қарапайымдардан жануардың ең жоғарғы формасына дейін тән.

 

  Сезгіштіктің атқаратын қызметтері:

 

1)            Тіршілік иесі ортаға бағдар  жасай алады;

 

2)            Әрекет- қылықтардың небір өзгермелі  формаларын меңгеруге қабілетті  болады;

 

3)            Ортаның өзгермелі жағдайына бейімделе алады;

 

 

 

 Северцов бойынша ортаға  бейімделу жолдары:

 

1)            оргондар қызметі мен құрылымыныңөзгеруі  арқылы

 

2)            әрекет- қылықтарының өзгеруі арқылы

 

 Бейімделу- уақытша байланыс  жасау арқылы мүмкін болады.

 

1-саты: Уақытша байланыс - қарапайымға  тән.

 

 Масалы: жылу, жарық сезінеді.

 

 Уақытша байланыс тез сөнеді. Бейнелеудің өшкен формалары  тез қолнына түспейді.

 

 Бейнелеудің күрделі формалары  көп жасушалыларға тән. Олардың  дене құрылысы күрделі. Жасуша санымен ғана емес функцияға байланыс (1жасуша-қоректенеді,2жасуша- көбею, 3жасуша- қорғану т.б).

 

 Аса сезімтал жасушалар бір-бірімен  түйісіп, органиканың бүкіл бойына  тараған, оны жүйке торы деп  аталады.

 

2-саты: Ішек қуыстылар – жоғары  сезгіштікке ие (қармағыштар).

 

 Әрекеттері: 1)Эвалюция барысында  жетіліп, тұқым қуатын тітіркену  реакциялары арқылы мүмкін;

 

2) Тіршілік процестері болатын  уақытша байланыстар, яғни шартты  рефлекс арқылы болады.

 

3-саты: Эвалюциясы келесі сатысында  –құрлықта өмір сүретін көпжасушалылар. Олардың тіршілік ортасынан әрекет болғанда сезім органдары жетіле бастайды, ол - бунақденелілер. Оларда көру, дәм, иіс сезу, тері сезу нышандары бар.

 

 Әр бунақта жүйке жасушалар  шоғырланған, оны ганглилер деп  атаймыз. Әр ганглийдің бейнелеуінде - басшылық мәні бар. Ганглийлі жүйке жүйесі барларда - белсенді ізденіс болады. Оларға шартсыз рефлекс тән.

 

4-саты:  Ганглийлі жүйке жүйесі  өзінше күрделі дамыған жәндіктер  мен буынаяқтыға,  яғни олардың  бейнелеуі күрделі.

 

 Рецепторлары белгілі тітіркендіргіштерге жауап беруге бейімделеді.

 

 Ұялы фасет -  жарық аңғаруда  көрінеді. Жәндіктерде – фоторецепторлар  жетілген. Жақындаға жарықты көре  алатын фасетті көз ұяларынан  тұрады.  Мұртшалары арқылы тактильді  сезе алады.

 

 Әрекеттері:  инстинкт арқылы сипатталады.

 

 Инстинкт- тумадан беріліп отыратын  әрекет-қылық.

 

 Келер: аралар тұрмыс тіршілігін  сипаттау арқылы инстинкті түсіндіреді.

 

 Инстинктік  әрекеттер нақты  жағдайға байланысты болады.

 

 Сыртқы әсер рефлекторлық  реакция тудырады. Оның соңынан реакциялар тізбегі қоздырылады, бұдан тума бағдарлама іске асады.

 

 Фабрий әрекет стандартты  жағдайын өзгертсе, инстинк мақсат  бағдарын жойып алатынын дәлелдеген.

 

5-саты: Инстинкт - омыртқалыларға  тән (балық, құс). Омыртқалылырда  интелект негізінде бейнелеу мүмкіндіктері шамалы. Жүйке жүйесі түтік тәрізді бас миы және жұлыннан  тұрады. Рецепторлардың даму деңгейі күрделі. Бұдан инстинк әрекеттер белгілі сигналдар арқылы болады.

 

6-саты: Интелектуалды әрекет қимылдары  сүтқоректілерге тән. Омыртқалыларда, сүт қоректілерде күрделі уақытша байланыс құрылады, бұдан әрбір текте дара тәжірибе қалыптасады. Дағды қалыптасады. Сонымен, сүтқоректілерге инстинк, дағды тән.

 

 Дағды- шартты байланыс негізіндегі  жануарлар әрекетінің автаматтануы.Дағды  ми қабығы бар, жануарларда айқын көрінеді. Дағды тума қозғалыс негізінде дамиды.

 

 Мысалы:  қоянға барабан соғуды  оңай үйретуге болады.

 

 Дағды негізінде заттардың  қасиеттері негізінде күрделі  қатынас бейнеленеді. Дағды мүмкіндіктері  аса шекті: Мысалы: маймыл көзге көрінетін жағдайда ғана интелекті әрекет таныта алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ САЛА РЕТІНДЕ

 

Әрбір нақтылы ғылым бір-бірінен  өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. Псхология ғылымының қарастыратын аясы – адамның ішкі жан дүниесін бейнелейді:

 

Түйсіну – дәм, иіс сезу, көру, есту, сипап сезу;

 

Қабылдау – уақыт, кеңістік, тану...

 

Ойлау – не ойлап отырсың? Ештеңе ойламаған кезің бола ма?

 

Сезімдер – махаббат, қорқу, күйіну, қуану ...

 

Тілектер – білсем, арман, мақсат, міндет ...

 

«Психология» сөзі екі грек сөздерінің бірігуінен пайда болған:

 

«psyche» - жан, және «logia» - білім, яғни жан  туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.

 

Сана, ой, сезім т.б. адамның ішкі жан дүниесін құрайды. Матеря, сана, материалды және рухани дүние с.с. философияняң қарастыратын мәселелері.  Ғалымдардың мәселені шешуіне байланысты екіге бөлінеді: идеализм және материализи.

 

Идеализм - сана мен психиканы материалды дүниеден тыс өмір сүретін алғашқы  субстанция ретінде қарастырады. Платон жан тәнге байланыссыз болады; жан – мәңгі идея дейді. Табиғат, матеря рух, идея, санадан туған деп екінші ретте қарастырылады. Жан матерясыз болмағандықтан ХҮІІ ғ. Декарт дуализмді үсынады. Ол психологияға 2 термин енгізген: рефлекс, сана. Жоғарғы психикалық көріністер жан, сана мидан тыс өмір сүреді. Дуализм негізінде ХІХ ғ. психофизиологиялық параллелизм теориясы пайда болды, ол психика мен физикалық дене өзара байланыссыз, қатар жүреді дейді.

 

Материализм - психикалық құбылыстар матеря, мидың өмір сүруі нәтижесі. Матеря – жан негізі. Материалистік идея Гераклиттен басталады, ол үшін материалды бастама – от; Демокрит – жанның ұсақ атомдары деген. Аристотель «Жан туралы» трактатында жан мен тән бірлігін айтады. Ол жан қабілеттіліктері мен темпераменттің гуморальды теориясын құрған.

 

Сонымен, психика – жоғары дәрежеде ұйымдасқан матеря (адамның жан-дүниесі, мінез-құлық, жүріс-тұрысы), мазмұны бойынша психика – объективті дүниенің субъективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыс пен іс-әрекет регуляторы.

 

Психология психикалық фактілерді, заңдылықтарды, механизмдерді зерттейтің ғылыми сала.

 

Психолоияның зерттеу пәні –  психика;

 

Зерттеу объектісі – адам және жануар.

 

Биологиялық эволюция нәтжесі адамды дамудың жоғарғы сатысы – қоғамға  әкелді. Адамның қоғамдағы өмірі  сананың дамуын анықтайды (Маугли, саңыраулар). Сана – тарихи-қоғамдық даму нәтижесі.

 

Психологияның басты мақсаты –  адамды тұтастай қарастыру, қоқамда  және табиғатта. Герцин «Психология  – табиғаттың соңғы және тарихтың алғашқы сатысы»,- деген. 

 

 

 

 ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ АРА ҚАТЫНАСЫ

 

Ғымды зерттеу пәндеріне қатычты  үш топқа бөліп қарастыруға болады:

 

1.     жаратылыстану ғылымдары;

 

2.     ізгілікті ғылымдар;

 

3.     техникалық ғылымдар.

 

Адам әлеуметтік мәнге ие. Оның баллық психологиялық ерекшеліктері  әлеуметтік жағдайлармен сипатталады. Сондықтан, психологияны ізгілікті ғылымдар қатарына жатқызамыз.  Алайда, психология әрі ғылыми, әрә тұрмыстық сипатта.

 

Ғылыми пмихология –  жантануда  арнай зерттеуге бағытталған  пән.

 

Тұрмыстық психология – жеке адам, топ, мінез-құлықты жалпылый сипаттайды.

 

Дж.Келли: «Ғалым болу үшін адамға болжам қажет. Онда, кез келген адам – ғалым».

 

 

 Тұрмыстық психология 

Ғылыми психология

 

Эмпирикалық материалдарға негізделеді 

Теориялық жалпылауға негізделеді

 

Білімдері нақты, жағдаятқа байланысты 

Жалпыламалық ғылым

 

(ұлттық т.б. ерекшеліктерді ескермейді)

 

Интуитивті, тәжірибеге сүйенеді 

Рационалды және саналы

 

Ұрпақтан ұрпаққа тасымалдау күрделі 

Білім жинақталып, қорланып, ұрпаққа  мәдени мұра ретінде беріледі

 

Білімі шекті 

Білім көлемі кеңейіп отырады, деректерді жалпылайды

 

Тұрмыстық психологияның негізі - бақылау 

Ғылыми психологияның негізі –  эксперимент.

 

Ақпараттарын тексеру мүмкін емес. 

Ақпараттары тексеруді қажет етеді.

 

 

 

 

Тұрмыстықпсихология дегеніміз, адамдардың күнделікті өмірден жинақтған мінез құлқы жайлы білімі. тұрмыстық психология адамдар мен жануарлардың психикасын теориялық және  эксперименталды зерттеу процесі арқылы алынған тұрақты психологиялық білім.

 

 Тұрмыстық психологияның басты  көрсеткіші: басқа адамның тұрмыстық білімді қабылдай алуы. Мұнда ұғымдары фрагментті, дәлме дәл мағынасында қолданылмайды.

 

 Ғылыми психологияда  ұғымдар  нақты анықтау термині ретінде  пайдаланылады. ғылыми ұғымдар  жалпылық мәнге ие.

 

 Ғылыми психология тұрмыстық  психологияға арқаланады, одан өз міндеттерін көре алады, соңғы сатыда тексеріледі, анықталады.

 

Психиканың көптүрлі көріністері  психикалық процесстер, психикалық күйлері , психикалық қасиеттер деп бөлінеді.

 

 Психикалық өмірдегі мәндісі-процестер  (Ковалев)

 

 Сеченев психологиялық процестер белгілі басы және аяғы бар психологиялық құбылыс дейді және олардың мына төмендегідей жіктелуін береді.

 

 

 

 Психикалық процестер, күйлер,қасиеттердің

 

 жіктелуі

 

 

 

Психикалық процесстер 

Психикалық күйлер 

Психикалық қасиеттер 

 

 

 

 

 

 

Регуля

 

торлы 

 

 

 

 

Танымдық 

 

 

 

 

Эмоцио

 

нальды 

 

 

 

 

Интегра

 

тивті 

Көңіл

 

күй 

Аф-фект  

Фрустра

 

Ция 

Стресс  

Темпера

 

мент 

Мі-нез  

Бағыттылық

 

тылық 

Қабілет  

 

 

Зейін  

Ерік  

 

 

 

 

Сезімдік  

Логикалық  

Эмоция  

Ес  

Сөйлеу  

 

 

  

Түйсік  

Қабылдау  

Елес  

Ойлау  

  

  

 

 

  

  

 

 

  

  

 

 

  

  

 

 

  

Қиял  

  

 

 

  

  

 

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

 

 

 

 

 

Танымдық процесстердің негізгі  атқаратын қызметі- сыртқы дүние  мен ішкі организм ерекшеліктерінің қасиеттерінің бейнеленуі.

Информация о работе Психиканын калыптасуы мен дамуы