Психиканын калыптасуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 18:28, курс лекций

Описание работы

Материализм психиканың пайда болуын материяның эвалюциясымен түсіндіреді.Мүлде өзгермейтін, мәңгі тыныштықтағы денеде бірде-бір матеря жоқ. Барлық әлемдегі органикалық және органикалық емес матерялар сырттан жасалатын әсерді бейнелеуге қабілетті

Файлы: 1 файл

ПСИХИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ.doc

— 265.50 Кб (Скачать файл)

 

Танымдық процестер-сыртқы дүние  қасиеттері мен құбылыстары туралы ақпарат берді, қоғам мен табиғаттың даму заңдылығын ашуға көмектеседі.

 

Таным екі сатыдан тұрады: бейнелік және логикалық.

 

Бейнелік таным процесі-түйсіну, қабылдау, елестету.

 

Логикалық таным процесі- ойлау.

 

Эмоционалды психологиялық процесстерде адамның қатысы бейнеленеді. Олар адамның  өміріне әр-түрлі рең береді. (жағымды  және жағымсыз). Адам эмоцияның аясы кең, мысалы: бахыт, таң қалу, қайғыру, күйзелу т.б.

 

Регуляторлық процестер – адам тәртібі мен іс-әрекетін басқарады, мінездің таңдамалылығы мен мақсатқа бағыттылығын қамтамассыз етеді. Регуляторлық процесске зейін мен ерік жатады.

 

Интегративті психологиялық процестер - барлық психологиялық процестерге  қатысады: сөйлеу – екінші сигналдық жүйе ретінде көрінеді, эмоциянальды, логикалық, бейнелік бола алатын, сезімдік және логикалық, танымды және есті байланыстырады. Ес адам санасында бүгінгі мен өткендегіні байланыстырады, ал адам тұтас.

 

Психикалық күйлер -  психиканы  толық сипаттайтын әлдеқайда тұрақты психикалық құбылыс әрекеті. Оларды психикалық процесстер  өтетін фон ретінде қарастыруға болады. Олар белсенді әрекетке жағымды не жағымсыз әсер ете алады. Бұл еңбекке қабілеттілік, шаршау, стресс, аффект т.б күйлері.

 

Психикалық қасиеттер - осы адамға ғана тән тәртіп пен іс-әрекеттің белгілі деңгейін қамтамассыз етеді. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік, бағыттылық жатады.  

 

 

 

Психикалық құбылыстардың құрылымы (Ананьев бойынша)

 

 

Психикалық қасиеттер

 

Психикалық күйлер

 

Психикалық процесстер

 

 Психофизиологиялық функциялар 

Тәртіптің элементарлы мотивациясы

 

 

                                                                                     

 

Психикалық іс-әрекеттің үш негізгі  компаненті бар:

 

функциональды, операциялық,, мотивациялық.

 

Бұл компоненттердің басымдылығы  индивидуалды дамуға әсер етеді.

 

Функциональды механизімдер - ми құрлымына  байланысты және іс-әрекет әсері болды. Ол адамның онтагенездік даму эвалюциясымен  түсіндіріледі. Психофизиологиялық функцияларға: сенсорлы, моторлы, логикалық, вербальды жатады.

 

Психофизиологиялық іс-әрекетте жаттығуы, уақытша байланыс жүйелерінің пайда  болуы  операциялық механизімдерді тудырады. Олар іс-әрекеттің әлеуметтік, техникалық, мәдени компонентеріне негізделеді. Операциялық механизімдер мидың өзінде болмайды, әлеуметтену кезінде меңгеріледі, нақты-тарихи сипатта болады. Мысалы: айыру, тану, идентификация, талдау, саралау, жалпылау, жіктеу т.б ойлау операциялары.

 

Мотивациялық механизімдерге табиғи қажеттіліктерден бастап құндылықты бағдарлауына дейінгі барлық мативация деңгейлері енеді

 

Функцияналды және мотивациялық механизімдер базистік ретінде көрініп, барлық психикалық құбылыстарға еніп, әсер етеді.

 

Мазмђны

 

 

 

 

 

 

 

 

ПСИХИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ

 

 

 

  Мотивация ұғымының қалыптасуының  тарихи жолы.

 

  Тұлғаны зерттеуде мотивация  проблемасы адам психологиясы  аспектiсiне кiрерi сөзсiз. Мотивация  мұнда тұлға мен индивидуалды  ерекшелiктердi терең түсiндiрiп,  сипаттау кiлтi ретiнде немесе  индивидуалды ерекшелiктер қанша болса, соншалықты актуальды мiнез-құлық түсiндiретiн процесс ретiнде трактатталады.

 

 Бұл бағыттың өкiлдерi Нарцисс  Ах (1871-1946) және Зигмунд Фрейд (1856-1939) болды. Олардың зерттеу тәсiлдерi әр-түрлi болғанымен бiр-бiрiне қарама-қайшы келген жоқ. В.Вундт бағытын ұстана отырып Ах эксперименталды психология әдiстерi арқылы сананың пассивтi легiндегi когнитивтi процестердiң жетекшi компоненттерiн көрсеткiсi келдi [1,87б].

 

 З.Фрейд еңбектерi арандату, клиникалық  әдiсi (методика провоцирование) және түстердi жору арқылы түсiнiксiз қылықтарды түсiндiруге бағытталды. З.Фрейд көзқарасы Дарвиннiң биолого – эмпирикалық детерминизмiмен нақтылануы.

 

 Мотивация теориясын Фрейд  1915 жылы ''Құштарлық және оның  тағдыры'' еңбегiнде қарастырды (алғаш 1895 жылы ''Психология проектiсi''еңбегiнде қарастырып өткен.). Психологиялық ақпарат сыртқы емес, ағзада пайда болатын iшкi тiтiркендiргiштермен жұмыс жасау. Ағза қажеттiлiгi ''құтылуды'' талап ететiн және жинақталатын қозудың энергиясын үнемi тудырып отырады.

 

 Фрейдiк мотивация теориясында  құштарлық редукция моделi көрсетiлдi.

 

 Құштарлық редукция моделi  гомеостатикалық және гедонистикалық  түсiнiкке құрылған. Бiрiншiсi бойынша  ағза тепе-теңдiгi неғұрлым жоғары  болса, тiтiркендiргiштер деңгейi соғұрлым  жоғары болады, ал екiншiсi бойынша – бұл деңгейдiң төмендеуi- қанағаттану сезiмiне, Барынша жоғарылануынан- қанағаттанбау сезiмiне әкеледi. Осылайша психикалық аппарат белсендiлiгi қанағаттану-қанағаттанбау принципiне тәуелдi.

 

 Фрейд бойынша құштарлық  түсiнiгi дене мен жанның екi жақтылығын бiлдiредi,  өзара органикалық (энергия) және психикалық (аффект) деп түсiндiрiледi. Фрейд бойынша рухани өмiр конфликтер динамикасы болғандықтан да оған  дуалистiк принциптер жақынырақ, ал мотивтер классивикациясы – соның куәсi.

 

1915 жылғы еңбегiнде «Мен» қажеттiлiгiн  сексуалды құштарлыққа (либидо) қарсы  қойды, бiрақ кейiннен қажеттiлiк  орнын агрессиямен айыр бастады.  Оның зерттеу негiзi көлемдi сексуалды  құштарлыққа түйiнделген. Фрейд  еңбегiн қорытындылай келе, антогонистикалық құштарлықтарды қарама-қарсы қойды: өмiр (эрос) және өлiм (танатос).

 

 Мотивацияны зерттеуге дамытуға  ықпал еткен теорияларды қарастырайық:

 

 Бiрiншiсi егер құштарлықтың  көлемдi интенсивтiлiгiнен оны қанағаттандырушы  обьект жоғалса, орындалмаған  тiлек санаға құштарлықтың қанағаттандырылуы түсiнiгi ретiнде кiредi. Бұл мотивацияны өлшеуге көп әсер еттi. Құштарлық басқа обьектiге ауысуы мүмкiн, олар сублимацияланады (сырттай сексуалды емес мақсатқа бағытталады) және ығыстырылады. Ең соңында олар ойынға жасырын құштарлық немесе мiнез-құлықта көрiнiс бередi.

 

 Екiншiсi рухани өмiр тұлғаның iшкi үнемi қарама-қарсы конфликтi ретiнде  түсiндiрiледi, үш механизм ирерхиясы  түрiнде қарастырылады. Қанағаттандырушылықты  iздеу (Оно) моральдi  бақылауға  қарсы тұру (Сврх Я) шынайылыққа ұмтылу механизмi (Я).

 

 Үшiншiсi ересек тұлға құштарлық  тарихының нәтижесi балалыққа  ерекше мән берiледi.Құштарлықты  қанағаттандыру жолында пайда  болған кедергiлер адамның жұмыс  iстеуiне, жақсы көруiне қатты әсер  етедi. Психоаналитикалық терапевтiлiк  тәсілдер арқылы ерте балалықтан бастау алатын дамудың бұзылулары белгiлi бiр деңгейде жойылады.

 

 Төртiншi құштарлықтың дамуында  эрогендi зонаның сәйкесiнше бiрнеше  психосексуалды фазалар өтедi. Әр  фазада нақты эрогендi зоналар  доминантты болып, оның тiтiркендiргiштерi максималды сезiмтал қанағаттандыруды жеткiзедi. Эрогендi зоналар  ауысымы мынадай: ауыз қуысы (оральная фаза: сору, жұту, тiстеу), артқы  қуыс (анальдi фаза:  тік ішек бөлiнiсi), жыныс органдары (фолмикалық және генитальды фазалар: маструбация, гомосексуалды және гетеросексуалды жыныстық қатынас) құштарлықтың дамуының тежелуi фазаларының бiрiнде болуы мүмкiн (фиксацияның пайда болуы). Травмалар әлдеқайда ерте  деңгейлерде (регресс) болуы мүмкiн.

 

 Бесiншi құштарлықтың даму жолында үш персонажды драма театрды елестетедi. (ерлi-зайыптылар , нақсүйерi). Нақсүйер рольiнде бала деп алсақ, ал қарама-қарсы жынысты ата-анасы жағынан баланы қарсыласуға итермелеуi. Қалыпты дамуда бұл конфликт бала мен ата-анасының бiр жынысты болу идентификациясы арқылы шешiледi. Бұл шешiм ата-анасының бiрiнiң персонафицияланған ерте балалықтағы моральдiк нормалардың меңгерiлуiне әкеледi және тұлғаның мiнез-құлқын басқарушы механизм ретiнде (Сверх Я) ұяттың пайда болуына әкеледi. Жанұядағы тұлға аралық қатынасқа әлеуметтiк әсерi туралы осы даму жолында мүмкiн болатын сақтану туралы, ерте балалықтағы құштарлықтың дамуы туралы үш жағдай осы күнге дейiн тұлға дамуын зерттеуде, мотивтер генезисiн зерттеу теорияларында қолданылып келедi.

 

 Мотивацияны зерттеудегi компонентердiң статистикалық-бейнелеу анализiн З. Фрейд сұрақтарды қарастыруда динамикалық аспектiлерiмен толықтырды [1,69б].

 

 

 

 Ал Нарцисс Ах Вундтың  және вюрцбургтiк мектептiң эксперименталды  психологиясын жақтай отырып, ерiктi өлшеу мәселесiмен айналысты.  З.Фрейд экспериментiнде Ах ерiктiк тенденцияны әдетпен бәсекелестiрдi. Жаңа тапсырмаға қатысты iс-әрекеттi орындауда егер тенденция жеңсе, ол бағдар ассоциациясындағы ерiк-жiгердiң басымдылығын көрсетедi. Осы және тағы басқа эксперимент нәтижелерiнде мiнез-құлық бағытталатын санада берiлген детерминантты тенденциялар постулиттенген.[1,78б].

 

 Ал экспериментте Курт Левин  (1890-1947) зерттеулерiне түрткi болды.  Ол үйрену барысында пайда  болған ассоциациямен бiрге репродуктивтi емес тенденция, психикалық күш пайда болады, тек бiр-бiрiмен байланыссыз элементтер арасында ғана байланыс бар деп көрсеттi. Бұл байланыс мiнез-құлықтан көрiнуi үшiн жаттандыларды еске түсiруге қатысты айырықша тенденциялар жиынтығы қажет. Сондықтан Ах өз зерттеулерiнде ерiктi өлшеуде ассоциация үшiн детерминантты тенденцияға (ерiкке) қарама-қарсы қойғанжоқ, оны конфликтiлiк жағдайға келтiре отырып, әр-түрлi екi детерминантты тенденциялардың жұмыс iстеуiне мәжбүр еттi. Левин Ахтың ''детерминантты тенденция'' терминiн ''квазиқажеттілік'' терминiмен ауыстырды.

 

''Квазиқажеттілік''- субьект ниеті  және берілген тапсырманы қабылдау  негiзiнде пайда болады [2,136б].

 

50-60 жылдары Дюкер шәкiртi Фукс  күтудiң мотивтелген энергиясымен  айналыса отырып, Ах, Левин, Фрейд  тұжырымдарын  біріктірді. Динамикалық түсiнiгi жағынан Фрейд бойынша да, Левин бойынша да мотивацияның негiзгi принципi бұзылған тепе-теңдiктi қалпына келтiру болды [2,130-136б].

 

 Левин өзiнiң жазықтық теориясы  арқылы жалпыланған психологиялық'  «сәттiк суреттегi» «ситуациялар жиынтығы» ойын күшiн беруге тырысты. (бiрлiк кеңiстiктi осылай атады). Бұл ситуацияға тек тұлға ғана емес, сонымен қатар, ол қабылдайтын орта да қосылады, ол iс-әрекет суммалары вектор ретiнде ойын күшiнен шығарылады. Кейiннен, әрине, жазықтық теориясының дифференсациялы күштер, бағыттылық, валенттiлiк, облыстар мен ара қашықтықты шынайы айқындап жазатын нақты өлшеу әдiстерi жоқтығынан қайшылықтарға тап болды. Бұл теория нақты модель ретiнде үлкен әсер бере алмағанымен, ұғымдар аппаратын құруда функциялар арасында бағдарлық қатыныастағы сенiмдiлiк оның типологиялық конфликтерге дейiн созылған ситуацияның күш анализi әр-түрлi эксперименталды парадигмаларын ұсынуы кейiннен мотивацияны зерттеуде өте үлкен роль атқарды. Левин еңбектерi мотивацияны зерттеудегi әр-түрлi бағыттарға әсер еттi: тұлға теориясы (Олпорт), үйрену теориясы (Толмен), тағы басқа 30 жылдары Мюррей, 50 жылдары Аткинсон, 60 жылдары  Фроом тұлға теориясында мотивацияны зерттеуде зор ықпал еттi [2,130-136б].

 

 К.Юнг мотивацияның негiзгi механизмi қысымды бәсеңдету деп түсiндiрдi.  Ол бұл жерде психоаналитикалық бағыттағы З.Фрейд теориясымен келiсетiндiгiн көрсетедi. Ал, ерекшелiгi Юнг ағза өздiгiнен реализацияға ұмтылады дедi. Қоғамда тек сексуалды немесе нашар импулсьтер ғана емес, сау талпынулар да болады дедi [3,289-297б].

 

 Юнгтiң үлкен мағынаға ие  болған концепциясы бұл- тарихта  атадан балаға мұра болған  бүкiл даналылық, адамгершiлiктiң  тәжірибелерiнен құралған коллективтiк  санасыздық. Коллективтiк санасыздық  дегенiмiз индивидттiң мiнез-құлқында маңызды роль атқаратын индивидуалды санасыздықтың негiзi болып табылады [3,289-297б].

 

 Толық жетiлуге тырысу (қанағаттандыруға  емес) – адам мотивациясының негiзгi принципi болып табылады.

 

 К.Хорни концепциясы бойынша  (адлерлiк анологиялық тезистен шыққан) қорғаныс нәресте қауiптi де, потенциалды (туғаннан) қорғаныс қауiпсiздiгiн iздейдi.

 

 Қорғансыздық сезiмi базалық  мазасыздықты тудырады. Мұндай ерекшелiктер  ең алдымен балаға қатысты  жылулықтың ата-ана тарапынан  болмауы, немесе тым еркелетiп жiберуде ғана болады.

 

 Бұл базалық мазасыздықтың  тууынан индивид оны жеңуге  бағытталған мiнез-құлық стратегиясын  алып келетiндiгiн дәлелдейдi [3,289-297б].

 

 

 

2) ХХ ғасырдағы мотивация ұғымына  түсінік

 

 ХХ ғасырдың 30 жылдары тек  адамға ғана (жануарға қатыссыз) тән арнайы мотивация концепциясы пайда болып, дами бастады.  Олардың көбi К.Левин концепциясынан бастау алды.

 

 Мотивацияның гуманистiк теориясын  қарастырғандар А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс тағы басқалар ғалымдар  болды.

 

 Г.Олпорт тұлғаның бiргейлiлiгiн зерттеу үшiн дәстүрден озық принципиальды әдiстер қажет дейдi. Қалыпты ересек адам функционалды автономды, дене қажеттiлiгiнен еркiн, негiзiнен саналы, жоғары индивидуалды болып табылады.

 

 Г.Олпорт психоаналитктер айтқандай,  өмiр бойы өзгермейтiн инстинктiк, санасыздық еркiне тәуелдi деген пiкiрге қарсы келiп отырды.

 

 К.Роджерс қалыпты тұлға тәжiрибеге  ашық болғандықтан оны басқаруға  не бақылау жасаудың қажетi  жоқ. Оны тек бақылап, онда  болып жатқан процесстерге қатысуға  болады. Адам өз сезiмдерiне сенiп, соны тыңдауы керек. Адамның мотивтейтiн күшi бұл- өз потенциалдары мен қабiлеттiлiктерiнен реализациялау. Адам  «мен идеалдыдан» «мен реалдыға»  жақындауға тырысады деген [3,286-297б].

 

 А.Маслоу адамдар мiнез-құлқындағы  негiзгi бес мотивтер тобын көрсеткен:

 

 физиологиялық; 

 

 қауiпсiздiк; 

 

 ортаға жақын болу және  махаббат, сыйласу қажеттiлiгi;

Информация о работе Психиканын калыптасуы мен дамуы