Психиканын калыптасуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 18:28, курс лекций

Описание работы

Материализм психиканың пайда болуын материяның эвалюциясымен түсіндіреді.Мүлде өзгермейтін, мәңгі тыныштықтағы денеде бірде-бір матеря жоқ. Барлық әлемдегі органикалық және органикалық емес матерялар сырттан жасалатын әсерді бейнелеуге қабілетті

Файлы: 1 файл

ПСИХИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ.doc

— 265.50 Кб (Скачать файл)

 

 танымдық және эстетикалық; 

 

 өзін-өзі актуализациялауға  қажеттiлiк.

 

 Барлық мотивтер инстинктер  тәрiздi, туа бiткен мiнезге ие  десек те, Маслоу мотивтер актуализациясы, төменгi деңгейдегi қажеттiлiктер өтiлуiне тәуелдi деген: төменгi қажеттiлiктердiң қанағаттандырылуы келесi деңгейге ауысуының негiзгi шарты болады (баспалдақ тәрiздi жоғары көтерiлу). Адам жоғары көтерiле беруге ұмтылады, бұл оның мiнез-құлқын бiлдiредi, ал егер конфликт болса, төменгi саты жеңгенi [4,287б].

 

 Маслоу концепциясы гуманистiк  теориялар арасындағы қажеттiлiктер  ирархиясының эксперимент арқылы  тексеруге болатынын дәләлдедi. Бірінші  ирархияның биiк деңгейiне мiндеттi  түрде көтерiлу арқылы төменгi баспалдақтың қажеттiлiктердiң өтелгендiгiн көремiз; екінші әр-түрлi деңгейдегi талпыныстар арасындағы конфликт Маслоу теориясы төменгi деңгейдегi талпыныстардың дамуын көрсетедi [5,123-126б].

 

 

 

 ХХ ғасырдың екiншi жартысында  мотивациялық концепциялар Д.Макклелланд, Д.Аткинсон, Х.Хекхаузен, Г.Келли, Ю.Роттер еңбектерiнде толықтырыла түстi. Бұл ғалымдардың пiкiрi ортақ, оны төмендегiдей топтастыруға болады:

 

1.    Адам мен жануарлардың  мiнез-құлқы қанағаттануда бiрдей  болады деп бiржақты түсiндiрiлетiн мотивация теориясына қарсылықтар туды.

 

2.   Реалдану деңгейiндегi мақсатқа  бағытталған белсендi мiнез-құлық  негiзгi мотивация көзi ретiнде  қызмет етпейдi, негiзгi мотивациялық  принцип болып табылмайды деп  есептейдi.

 

3.    Адам өз мiнез құлқында реактивтi емес, оның иманенттi белсендiлiгiнiң көзi- мотивациясы, оның психологиясында, өзiнде кездеседi деп санады.

 

4.   Мотивациялық ерекшелiктердi  көрсететiн спецификалық түсiнiктi ғылыми тұрғыда түсiндiруге тырысты.  Мұндай түсiнiктерге, мысалға мотивтер, әлеуметтік қажеттiлiктер (Д.Макклелланд, Д.Аткинсон, Х.Хекхаузен), өмiрлiк мақсаттар (К.Роджерс, Р.Мэй), когнитивтiк факторлар (Ю.Роттер, Г.Келли және тағы басқа).

 

5.   Қоректiк биологиялық депривация, физикалық стимул, тағы басқа  сол сияқты жануарларға арналған әдiстердi адамға қолдануға болмайды дейдi.

 

6.   Тек адамға ғана қолдануға  болатын арнайы әдiстердi iздестiрдi. Бұл әдiстердi адамның санасымен  және сөйлеуiмен тiкелей байланыстыруға  тырысты. Осыған қатысты барлық  концепциялар «әлеуметтiк қажеттiлiктер теориясы» және «гуманистiк теория» деген екi бөлiмге бөлiнедi [5,256-260б].

 

 

 

3) Қазіргі кездегі мотивацияның  анықталуы

 

 Немов Р.С бойынша «мотивация»  терминi қазiргi психолгияда екi түрлi мағына бередi: детерминантты мiнез-құлықты (бұған қажеттiлiк, мотивтер, мақсаттар, талпыныстар жатады) бiлдiретiн факторлар системасын анықтаушы ретiнде; және белгiлi бiр дәрежедегi мiнез-құлықтық белсендiлiктi стимулдайтын процесс мiнездемесi ретiнде көрiнедi.  Көбiнесе мотивацияны бiрiншi мағынада қолданамыз.

 

 Мотивацияны адамның мiнез-құлқын  түсiндiретiн психологиялық мiнез-құлық  себептерiнiң жиынтығы ретiнде  де қарастырамыз. Оның бастау  көзi – бағыттылық пен белсендiлiк.

 

 Мотивация түсiнiгi мiнез-құлықты  сипаттағаннан емес, түсiндiруден пайда болады. Бұл ''нелiктен?'', неге?'', ''қандай мақсатпен?'', ''не үшiн?'', ''не мағына бар?,'' деген сияқты сұрақтарға жауап iздеуден туындайды. Мiнез-құлықтың тұрақты өзгегiштiлiгiнiң сипатталынуы мен анықталуы оны құрайтын қылықтар мотивациясы туралы сұрақтарға жауап болып табылады [6,147-148б].

 

 Кез-келген мiнез-құлық формасы  iшкi және сыртқы себептерге қатысты  болады.

 

 Мiнез -  құлықтың әлеуметтiк  мотивтерi мен қажеттiлiктерi тұлғаның  басқа ерекшелiктерi сияқты нәрестелiк  кезден қалыптасып, дамиды. Биологиялық мотивация адамның негiзгi органикалық қажеттiлiктерi туа пайда болатындықтан балада туған кезеңен бастап-ақ көрiнiс бередi. Адамда туғаннан бастап қорек, су, ауаға тағы басқаларына деген қажеттiлiктерi туады. Биологиялық қажеттiлiктi бала өзбетiмен қанағаттандыруға тырысады [7,69-73б].

 

 Нәрестелік кезеңде сонымен  қоса қарым-қатынаста қажеттiлiк  (айналысындағылармен қарым-қатынас)  туындайды. Бұдан бала дамуының  болашағы көрiнедi.

 

 Мiнез-құлық мотивiнде 1-3 жаста  бiрқатар жаңа тенденциялар қалыптасады. Бiрiншiден өзiнiң органикалық бөлшектей қанағаттандыру қабiлетi және оны үлкендердiң талабымен немесе өз қалауы бойынша белгiлi бiр уақыт ұстап тұру. Екiншiден балада бұл жаста материалды қажеттiлiктер пайда болады. Мысалы: балалардың бiр ойыншықты өзі иемденгiсi келедi, айналадағы заттарға деген қызығушылығы оянады.

 

 Үш жастың соңына қарай  балада өзiне зейiн қоюға деген  қажеттiлiк, айналасындағылардың  оны жақсы бағалауына деген  қажеттiлiк, айналасындағыларға әсер  етуге қажеттiлiк туындайды.

 

 Мектеп жасына дейiнгi және  бастауыш мектеп жасындағы балаларда  мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың  саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер  мен қажеттiлiктер көлемi ұлғайады, рухани және материалды қажеттiлiктер  сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа  деген қажеттiлiк, жетiстiкке жетiлу, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi; Көп бiлу , басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады.

 

 Орта және жоғары сыныптарда  балалардың рухани қажеттiлiктерi нығая түседi; бұл бала үшiн бiрiншi орында тұрады. Сонымен қатар балада әрқашан басқаларын толықтыратын, олардың орындалуын қадағалайтын қажеттiлiктердiң тұрақты, анық ирархиясы қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Темперамент пен мінез психологиясы

 

Адамда темпераменттің әр түрлі типтерінің белгілі бір пайыздық мөлшері болады.  Бұл темпераменттік мөлшерді (модельді)  білу өзіндік бақылауды және өз істеріне баға беруді тиімді атқаруға мүмкіндік туғызады, қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін және әдістері мен тәсілдерін дұрыс талдауға, өз іс-әрекетін сауатты жүргізуге, жолдастық жақсы қарым-қатынастар орнатуға ықпал етеді. Темперамент моделін   анықтау әдістемесі   берілген кестедегі тест ретінде ұсынылған «паспортты» толтыру қажеттілігін талап етеді. Темперамент формуласын анықтаудағы жұмыс тәртібі: а) Төрт топқа белінген қасиеттер жазылған мәтінді оқи отырып, егер, оның кейбірі өз бойыңыздан байқалатын болса, онда «иә» деп жауап беру қажет.

 

б) Нәтижелерді өңдеу алгоритмі. Алдымен, әрбір топтағы А (А1 А2 А3 А4) «иә» деп берілген жауаптардың жалпы санын шығару керек. Содан соң төмендегі темперамент формулалары бойынша темперамент түрлерінің пайыздық арақатынасы анықталады:

 

Х=

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-топ: А1

 

Шыдамсызсыз, әбігершілсіз

 

Қызбасыз, ашушаңсыз

 

Тік мінездісіз, адамдармен қарым  қатынаста дөрекісіз 

 

Батыл және бастамашылсыз 

 

Бірбеткейсіз 

 

Пікірталаста тапқырсыз 

 

Үмтылыспен жүмыс істейсіз

 

Кекшілсіз және ренжігішсіз 

 

Сөзіңіз тез, қызба, дауыс ырғағы ретсіз

 

Үшқалақсыз, қызба мінездісіз

 

Агрессивті, сотқарсыз 

 

Тәуекелге бейімсіз

 

Кемшіліктерге төзімсізсіз 

 

Мәнерлі ымды тез түсінгішсіз 

 

Тез және шешімді қимылға қабілеттісіз  

 

Жаңалыққа үмтылғышсыз 

 

Шалт және шүғыл қозғалатын адамсыз 

 

Қойылған мақсатқа жетуде табандысыз

 

Көңіл-күйдің тез ауысуына бейімсіз

 

 

 

ІІ-топ: А2

 

Көңілді және ақжарқынсыз

 

Қуатты және іскерсіз

 

Көбіне істі соңына дейін жеткізбейсіз

 

Өзіңізді асыра бағалауға бейімсіз

 

Жаңаны тез үғып алуға қабілеттісіз

 

Қызығушылықтарыңыз бен бейімділіктеріңіз  түрақсыз    

 

Сәтсіздіктер мен жаманшылықтарды  жеңіл қабылдайсыз

 

Әртүрлі жағдайларға тез бейімделесіз

 

Іске қызығып кірісесіз

 

Егер іс қызықтырмаса, тез айнып  қаласыз

 

Жаңа жүмысқа тез кірісіп  кетесіз, бір жүмыстан екіншісіне тез  ауыса

 

аласыз

 

Күнделікті жүмыстың бірыңғайлылығы тез шаршатады

 

Көпшілсіз, қайырымдысыз, жаңа адамдар  шаршатпайды, қысылмайсыз

 

Шыдамдысыз және еңбекке қабілеттісіз

 

Мәнерлі қимылдар   мен ишараларды қолдана отырып тез, анық сөйлей аласыз

 

Кенеттен болатын жағдайларда  өзіңізді үстай білесіз

 

Барлық кезде сергек күйдесіз

 

Үйқыға тез кетіп, тез оянасыз

 

Шешімдер қабылдауда көбінесе жинақы емес, асығыссыз

 

Кейде салғырт өмір сүруге бейімсіз

 

 

 

ІІІ-топ: А3

 

Сіз байыпты, сабырлысыз

 

Істе жүйелі және байсалдысыз

 

Сақ жүресіз және парасаттысыз

 

Күте білесіз

 

Түйықсыз және бос сөйлегенді үнатпайсыз

 

Қатты эмоция, қимылдар мен ишараларсыз, байсалды және бірқалыпты сөйлейсіз

 

Үстамды әрі шыдамдысыз

 

Басталған істі аяғына дейін жеткізесіз

 

Күшіңізді босқа жүмсамайсыз

 

Өмірде тәртіпті, жүмыста жүйені қатаң үстанасыз

 

Қарқынды жеңіл тежейсіз

 

Мақтау мен даттауға көп көңіл  бөлмейсіз

 

Кекшіл емессіз. Қонақтарға кішіпейілділік білдіресіз

 

Қызығушылықтар мен қарым-қатынастарда түрақтысыз

 

Жүмысқа және бір істен екінші іске жай кірісесіз

 

Адамдармен қатынаста бір қалыптысыз

 

Барлық істе ђқыптылық пен тәртіпті үнатасыз

 

Жаңа жағдайға қинала бейімделесіз

 

Аз қозғаласыз, салғыртсыз,босаңсыз

 

Ђстамдысыз

 

 

 

ІҮ-топ; А4

 

Сіз үяңсыз, үялшақсыз

 

Тосын жағдайда абыржып қаласыз

 

Бейтаныстармен байланыс орнатуға қиналасыз

 

Өз күшіңізге сенбейсіз

 

Жалғыздықты жеңіл көтересіз

 

Сәтсіздікте абдырап қаласыз және ђнжырғаңыз түсіп кетеді

 

Үяңсыз, түйықсыз

 

Тез шаршайсыз

 

Кейде сыбырлап, өлсіз дауыспен сөйлейсіз

 

Өзге адам мінезіне амалсыз бейімделесіз

 

Мақтау мен даттауды қолайсыз көресіз

 

Өзіңізге және өзгелерге үлкен  талап қоясыз

 

Күмәншілсіз

 

Армандауға бейімсіз

 

Өте сезімталсыз және тез ренжисіз

 

Әсерленгішсіз

 

Тез ренжисіз

 

Түйықсыз, көпшіл емессіз

 

Белсенді емес, жасқаншақсыз

 

Басқалардың көмектесуі мен ниеттес  болғанын қалайсыз.

 

Өздеріңізде анықталган темперамент  типтерінің сандық сипатта-рын X және У  осьтерінде белгілеңіз. Төрт шеткі  нүктені өзара қосыңыз. Алынған кеңістікті ішінен бояңыз. Сіз өз темпераментіңіздің нақты моделін алдыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Темперамент  типтерініц  жалпы  сипаттамалары  жайлы оқып шығыңыз. Темперамент және мінез:

 

Темперамент дегеніміз психикалыќ процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-қүлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиетгер жиынтығы. Темперамент қасиеттерін адамның түлғалық қырларына шартты түрде жатқызуға болады. Өйткені, олар биологиялық тәуелді болғандықтан адамның дара ерекшеліктерін қүрайды. Темпераменттің төрт түрі бар: сангвиник, меланхолик, холерик, флегматик. Бұл төрт типтің ішінде сангвиник пен оған қарама-қарсы - меланхолик сезім темпераментіне жатады. Алғашқысы түйсіктер жүйке жүйесінде және адамның санасында аса жылдамдықпен пайда болады және сырттай бірден байқалады, бірақ іштей түрақсыздығымен сипатталады. Меланхолик темпераментінде түйсік (сезім) сырт кезге онша байқалмайды, бірақ іштей өте терең және үзақ болып келеді. Сангвиник темпераменті көңілді адамдарға тән. Ол болашаққа сенімді, әзілкеш болып келеді. Ол тез қызбаланады, бірақ тез сабасына түседі, жақында ғана өзін баураған нәрсеге қызығушылығы тез басылады. Сангвиник көп уәде береді, бірақ өзінің уәдесін орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңай тіл табыса алады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын түрады.. Оны ауыр ой мен дене еңбегі тез шаршатады.

 

Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға тән. Ондай адамның, әдетте, ішкі өмірі күрделі және ауыр болып келеді. Ол өзіне қатыстылардың бәріне үлкен мән береді, тынымсыз және нәзік жанды болып келеді. Ол көбінесе және уәде берер кезде өзін ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді.

 

Холерик темпераменті қызба адамға тән. Мђндай адамды «ол өте қызба, шыдамсыз» дейді. Алайда, оның айтқанын жөн санап, дүрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді.

 

Флегматик темпераменті салқынқанды  адамға тән. Ол ауыр және белсенді жүмыстан гөрі әрекетсіздікке бейім. Мүндай адам әсерлене бермейді, алайда, әсерленсе сол күйде үзақ болады. Мінез - бүл түлғаның адамдарға және орындалатын жүмысқа қатынасын анықтайтын түрақты белгілерінің жиынтығы. Мінез іс-әрекетте және қарым-қатынаста (темперамент сияқты) көрініс береді және ол адамның өзіне ғана тән қүлық ерекшелігін білдіреді. Қарым-қатынас мәнері тәрбиелі, инабатты немесе үстамсыз, сыпайы не дөрекі болуы мүмкін. Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана байланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәуелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЗЕЙІН ЖӘНЕ ТҰЛҒА

 

 

 

    Зейін өздігінен жеке-дара  психикалық процесс те, жеке адамның  қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның  өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне,  таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді.Зейін-кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы.Сөйтіп ол адам іс-әрекетініңсапалы әрі нәтижелі болуын жәрдемдеседі.Зейін дегеніміз-сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамассыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт- объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.

 

Зейіннің физиологиялық механизімі өте күрделі.Оның негізі-жүйке-жүйесінің  әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік  қызметі.Сезгіш дегеніміз-ми қабының  төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функцияналдылық ерекшелік.Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрлі бар.Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.

 

Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозып, тежеліп) тұруы нәтижесінде  әрқилы психикалық әрекет жүзеге асады.

Информация о работе Психиканын калыптасуы мен дамуы