Психологияның тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 18:49, реферат

Описание работы

Бірінші психикалық түсініктер Грецияда, Египетте, Римде, Қытайда пайда бола бастады. Ерте заманда психика жөніндегі түсініктер аналистік сипатта болды. Анализм - әр заттың жаны бар деген мағынаны білдіреді. Гелозоизм – психика барлық материалдарға тән. Гераклит : дүниедегі заттар мен құбылыстар әр уақытта өсуде, өнуде болды. Соған байланысты адам жаны да сыртқы әсеріне байланысты өзгеріп тұрады.

Файлы: 1 файл

психология тарихы.docx

— 120.55 Кб (Скачать файл)

Психологияның тарихы

 

Бірінші психикалық түсініктер Грецияда, Египетте, Римде, Қытайда пайда бола бастады. Ерте заманда психика жөніндегі түсініктер аналистік сипатта болды. Анализм - әр заттың жаны бар деген мағынаны білдіреді. Гелозоизм – психика барлық материалдарға тән. Гераклит : дүниедегі заттар мен құбылыстар әр уақытта өсуде, өнуде болды. Соған байланысты адам жаны да сыртқы әсеріне байланысты өзгеріп тұрады. Демокрит: психикалық процестер көзге көрінбейді, олар ұсақ атомдар әсерінен пайда болады. Адамның қабылдауы бізді қоршап тұрған сыртқы дүниедегі атомдардың біздің сезім мүшелерімізге әсер етуден пайда болады. Дуализм – жан мен тән бөлек құбылыс. 
Аристотель – жан мен тәнді екіге бөлуге болмайды. Ол біртұтас процесс. Тән организм болса, жан – сол организмнің мазмұны.Ол жанды 3-ке бөледі: жәндіктер, жануарлар, адамдар жаны. 
XVIғ.басында француз философы Декард рефлекс деген ұғымды енгізді. 1874ж. Германияда бірінші психологиялық лаборотория ашылды.Оны ашқан неміс психологы Велгени Вунд. 
3.Ми және психика. 
Психика мидың қасиеті болып табылады.Ми мен психика әр уақытта байланысты. Адамның бас миында 15 милиардтан астам нерв талшықтары орналасқан. Адамның бас миы 4 бөліктен тұрады: 1) маңдай . 2) самай. 3) желке. 4) төбе. 
1)Маңдай – адамның оқу, жазу процестерін реттейді. 
2)Самай – естуді қамтамасыз етеді. 
3)Желке – адамның көру мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. 
4)Төбе – қимыл-қозғалыстарды реттейді. 
Адамның нерв системасы 2 бөліктен тұрады: 1)Орталық – бас ми және арқа ми. 2)Перифериялық – бүйрек, жүрек, бауыр, өкпе және бұлшық еттер. Орталық және перифилиялық нерв системасы сырттан және іштен түсетін информацияларды өңдеп отырады. Организмнің барлық органдарын орталық нерв системасы арқылы байланысады.Сырттан бас миға келетін импульстер эфференгтер деп аталады. 
4.Психика және сана. 
Психиканың 2 деңгейі бар. 1)Жоғарғы деңгейі – сана, 2)Төменгі деңгейі – санасыздық. 
Сана – психиканың ең жоғарғы формасы. Бұл адамның еңбек әрекетінде басқа адамдармен бірқалыпты қатынасуында қалыптасқан қоғамдық тарихи жағдайлардың нәтижесі. Сана заттар мен құбылыстардың адам миында сезім мүшелері арқылы байқалады. 
Сананың құрылысы:  
1)Сананың өзі. 
2)Объект пен субъектіні айыру. Жеке адам өзінің санасына сүйене отырып, өзін және өзінің әрекеттерін басқа адамдармен ажырата алады. Яғни адамдардың « мен және мен емес» деген ұғымды ажыратуды. 
3)Адамның өзінің іс-әрекетінде мақсаттың қойылуы. 
4)Керекті қатынастарды орнату. 
Психологияның төменгі деңгейі – санасыздық деп аталады. Санасыздық ақиқатты бейнелегенде жасаған әрекеті үшін есептің берілмеуі.  
Сана мен санасыздықты бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. Санасыздық – сана сияқты адамның психикалық көрінісі. Ол қоғамдық жағдайлармен негізделген. Адамның түс көруі, психикалық ауруға шалдыққан адамның әрекеті, жаңылыс айтылған сөздер, мұңдану. 
 
 
Адамзат қоғамында және жануарлар дүниесінде  
психиканың дамуы. 
 
1.Психиканың пайда болуы. 
2.Психиканың филогонездегі дамуы. 
3.Сананың пайда болуындағы еңбектің ролі. 
4.Сана және тіл. 
5. Адам психикасы мен жануарлар психикасының айырмашылығы. 
 
Академик Орпореннің теориясы бойынша тірі материяның пайда болуы үшін органикалық заттар бір-бірімен қосылуы керек болады. Органикалық қоспалардың дамуы нәтижесінде молекулалар пайда болады. Молекуланың зат алмасу процессінде сыртқы әсерлерге жауабын тітіркенушілік деп аталады. Тірі организмдерге тән ерекшелік бұл тропизм. Өсімдіктер мен жәндіктердің түрлі сыртқы ортаға бейімделу формасын тропизм деп аталады. Тропизмнің түрлері: 1)Фототропизм – жарықтың әсерінен органиканың өзгеруі. 2)Термотропизм – температураның әсерінен органиканың өзгеруі. 3)Хемотропизм – органиканың белгілі бір физикалық және химиялық ортаның берілуі. 4)Топотропизм – механиканың тітіркендіргіштерінің әсерінен органиканың қозғалуы. 
Жәндіктерде біртіндеп сезімталдық қасиет пайда болады. Сезгіштік – органиканың сыртқы ортаны түйсіне алу сезімі. Жәндіктерде нерв системасы пайда бола бастады. Яғни Ганглийтүйіндері деп аталады, нерв клеткалары пайда болады. Бұл құрттар мен құиырсқаларға тән. Біртіндеп жәндіктерде іс-әрекеттері де күрделене бастайды. Құрт-құмыпсқалардың мінез-құлықтары іштен туа бітке, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін инстенгтивтік мінез-құлық. Инстинг дегеніміз – органиканың белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез-құлықтардың түрі. Оның 3 түрі бар : 1)қорғаныс. 2)тамақтану. 3)жыныстық. 
Біртіндеп жәндіктердің ми құрылысы күрделене бастайды. Жануарларда түрлі иіс сезу, дәм сезу қабықтары пайда бола бастайды. Ми қабығының құрылымы неғұрлым күрделі болса, жануарларда дағдының қалыптасуы да тез және оңай болады. 
Дағды – бір әрекеттің қайталана берілуінің нәтижесінде бірте-бірте жасалынатын іс-әрекет. Инстингтің физикалық негізі шартсыз рефлекс, дағдының физиологиялық негізі шартты. Жоғарғы сатыдағы жануарлардың берілуіне интелектуалдық мінез-құлық тән. Жоғарғы сатыдағы жануарларға тән ол – еліктеушілік. Сана – тек жеке адамға тән дара қасиет. Адамға жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық санада болады. 
Сананың қалыптасуындағы тілдердің функциясы: 
1)Тіл сыртқы дүниедегі жағдайлар мен заттарды жеке сөздер арқылы белгілей отырып, керекті заттарды басқалардан бөліп алып, оларға зейін қойып және оларды есте сақтауға мүмкіншілік береді. 2)Тіл заттарды талдап қорытады. 3)Тіл тек қатынас құралы емес, сонымен бірге ойдың басты құралы. 
Жануарлар психологиясы мен адам психологиясының арасындағы айырмашылық: 
1)Жануарлардың мінез-құлқы барлық уақытта биологиялық матифтермен байланысты жануарлардың мінез-құлқы негізінде биологиялық қажеттілік жатыр. 
2)Жануарлардың мінез-құлқы барлық уақытта тікелей қабылданған стимулдармен ғана анықталады. 
3)Жануарларда біоеудің тәжірибесін ұғынып, оны басқаларға жеткізу болмайды. 
Адамның саналы әрекеттерінің жануарлардан айырмашылығы: 
1)Адамның іс-әрекеті күрделі қажеттіліктермен сипатталады. Оларды жоғарғы қажеттіліктер деп атйды. 
2)Адамның саналы әрекеті сыртқы ортадан алған әсерлерін ғана анықталмайды. Адам баласы сыртқы ортадағы жағдайларды өте терең бейнелей алады. Олардың себепті байланыстарын да анықтай алады. 
3)Еңбек құралдарын жасап, оны пайдалану. Адам баласы еңбек құралдарын боспар бойынша жасап, оны керекті уақытта ғана пайдаланып, сақтап қояды. 
4)Қоғамдық тәжірибенің берілуі. Адамдарда, жануарларда да өзіне тән тәжірибесі бар. Бірақ адам баласы ғана қоғамдық тәжірибені иемдене алады. Қоғамдық тәжірибе адамның психикасын жетілдіреді. 
5)Сезім ерекшеліктері. Адам да жануар да айналада болып жатқан құбылыстарға өзінің сезімін білдіреді. Бірақ, тек адам ғана қуанышты және қайғылы жағдайларға түрліше жауап қайтарады. 
6)Өсу, даму шарты. Адам ел арасында өсіп-дамыса ғана адам бола алады. 
 
 
Зейін 
1. Зейін туралы түсінік. 
2. Зейіннің физиологиялық негізі. 
3. Зейіннің түрлері.  
4. Зейіннің қасиеттері. 
 
Зейін дегеніміз – адам санасының белгілі бір объектіге бағытталған және шоғырлануын айтамыз. Сананың бағытталуы деп – белгілі объектіні таңдап алуды айтамыз. Сананың шоғырлануы деп – объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтамыз. Зейінді анықтайтын факторлар 2 топқа бөлінеді: 
1)Адамға әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштердің құрылымын анықтайды. 
2)Жеке субъектінің іс-әрекетіне байланысты 1-ші топқа жататындар: а)тітіркендіргіштердің күші. б)тітіркендіргіштердің жаңалығы. 2-ші топқа жататындар: Жеке адамның қажеттіліктері, қызығуы, бағыт-бағдары. 
 
Зейіннің физиологиялық негізі. 
3-нің физиологиялық негізін академик Павлов нерв процессінің өзара индукция заңына байланысты түсіндіреді. Егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, соған байланысты қалған алабтарда тежелу пайда болады. Зейін пайда болу үшін Борлау деп аталатын рефлекстің мәні зор. Ол қошаған ортаның қандай да болмасын өзгеруіне органиканың туа біткен реакциясы.  
Зейіннің физиологиялық негізін Уктаиский түсіндірді. Уктаиский зейіннің физиологиялық негізін Даменанта теориясы тұжырымдамасымен түсіндіреді. Даменанто дегеніміздің мағынасы – үстем етуші. Бұл теория бойынша сыртқы дүниедегі көптеген тітіркендіргіштердің ішінен біреуі миға әсер етеді. Яғни мидың бір алабы күштірек қоздырады. Осындай қоздырған алабты даминанто деп атайды. Мұндай күшті қозғыш алаб қалған алабтардағы қозуды өзіне қосып алады. Осыдан мидың қозған алабы одан бетер күшейеді.  
Адамның жануарлардан ерекшелігі адам өзінің зейінін басқара алады. Сондықтан зейінді тәрбиелеуде алдына мақсат қоя білудің маңызы зор. Оны адамның өзі тұжырымдайды немесе басқа біреулер ұсынады. Зейін адамның сыртқы пішінінен, жүріс-тұрысынан, мимикасынан білініп тұрады.  
Зейіннің түрлері: 1)ырықты. 2)ырықсыз. 3)үйреншікті. 
Ырықты зейін деп – адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның психологиялық күйі әсер етеді. 
Ырықсыз зейін деп – адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға назар аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің пайда болуына объективті және субъективті факторлар әсер етеді. Объективті факторға жататындар: 1)Күшті әсер еткен тітіркендіргіш. 2)Жай нәрсенің әсер етуі. 3)Әсер етуші тітіркендіргіштердің қайшы келуі. 4)Өзіміз көріп жүрген заттардың дағдыдан тыс өзгеруі. Субъективті факторлар: 1)Адамның ішкі зезіміне, түсіндіруге байланысты. 2)Сыртқы тітіркендіргіштердің организмнің ішкі талаптарына сай келуі. 3)Адам бір нәрсені күтіп тұрса, онда назар аударады.  
Үйреншікті зейін. 
Үйреншікті зейін деп – басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы. 
 
Зейіннің қасиеттері. 
1)Зейіннің тұрақтылығы, оның бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді. 
2)Зейіннің алаң болушылығы. Ол зейіннің ауытқуынан көрініс береді. 
3)Зейіннің аударылуы деп – бір объектіден екінші объектіге назар көшіруді айтамыз. Зейін аударылуы ауытқудан айырмашылығы оның саналы түрде болуында. 
4)Зейіннің бөлінуі адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығы. 
5)Зейіннің көлемі деп – оның бір уақыт ішінде қамтитын объектілер санын айтамыз. Зейіннің көлемі танистоскоп деп аталады. Прибор арқылы анықтауға болады. Танис – тез, скопио – көру деген мағынаны білдіреді. 
 
 
Түйсік 
1. Түйсік туралы түсінік. 
2. Түйсіктің физиологиялық негізі. 
3. Түйсіктің топтары. 
4. Түйсіктің түрлері және ерекшеліктері. 
 
Түйсік дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі. 
Физиологиялық негіз. 
Түйсіктің физиологиялық негізін Павлов анықтады. Түйсік сыртқы тітіркендіргіштердің анализаторға әсер етуі арқылы пайда болады. Анализатор деп – сыртқы қабылдау аппоратынан басталып, миға барып аяқталатын күрделі нерв механизмін айтамыз. Анализатордың қайсысы болса да 3 бөліктен тұрады: 
1)Сезім мүшелері немесе рецепторлар. 
2)Орталыққа баратын нервтер. 
3)Мидағы нервтер. 
Түйсік пайда болу үшін бір анализатор ғана қызмет етеді. Адамның сезім мүшелері сана жағынан жануарлардан жоғары тұрады. Өйткені адамның сезім мүшелері қоғамдық қатынастың әсерінен еңбек ету нәтижесінде қалыптасып дамиды. 
Түйсіктің топтары. 
Түйсік 3 топқа бөлінеді: 1)Экстероцептивтік. 2)Интотоцептивтік. 3)Пропраоцептивтік. 
1. Экстероцептивтік түйсіктер – бұл түйсіктер организмнің сыртында орналасады. Жататындар: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу. 
2. Интотоцептивтік түйсікткр – бұл организмнің ішінде орналасады. Жататындар: дәм түйсінуі, ауруды түйсіну, барлық органикалық түйсінулер (шөлдеу, қарны ашуы) 
3. Пропраоцептивтік түйсінулер – бұл бұлшықетте, сіңіруде және нерв системасының ішкі жағында орналасады. Жататындар: дірілдеу, тамыр тартылып қалу. 
Экстероцептік түйсіктер 2-ге бөлінеді: Дистонгтік және контонгтік. 
Түйсіктің түрлері. 1. Көру. 2.Есту. 3.Иіс. 4.Дәм. 5.Тері. 6.Қозғалыс. 7.Органикалық. 8.Ауруды түйсіктену. 
Адамдардың түйсіне алу қабілетін – сезгіштік деп атайды. Түйсік қарқыны мен тітіркендіргіш күші арасындағы тәуелділік сипаты түйсік табалдырығы деп аталады. Түйсік табалдырығының 2 түрі бар: 1.төменгі абсолюттік . 2.жоғарғы абсолюттік . Төменгі абсолюттік табалдырық деп – сәл білінерлік түйсік туғызытын тітіркендіргіштердің ең аз күшін айтамыз. 
Жоғарғы абсолюттік табалдырық деп – тітіркендіргіштердің туғызатын ең жоғарғы күшін айтамыз. 
Ерекшеліктері. 
1.Адоптация – «бейімделу» 
Адоптация дегеніміз – сезім мүшелеріне ұзақ әсер еткен тітіркендіргішке байланысты адамдардың түйсігінің бейімделуінін айтамыз. Түрлері: қараңғы, жарық, иіс және тері. 
2.Синезтезия – гректің «қосрласқан түйсік». Синезтезия деп – бір түйсіктің екінші түйсіктің пайда болуына әсер етуін айтамыз. 
3.Сенсибилизация латынның «сезгіштік» деген мағынаны білдіреді. Сенсибилизация деп – бір түйсіктің екінші түйсіктің сапасын арттыруын айтамыз. 
Адамның түйсігі оның жаттығуына, мамандығына байланысты әруақытта өзгеріп отырады. Түйсік сапасын ажырату жаттығуына байланысты. Адамның сезгіштігі, олардың өмір барысында қалыптасады. Жануарлар түйсігінде сезгіштіктің артығырақ даму дәрежесі тектік белгі болып есептеледі.  
 
Қабылдау. 
1. Қабылдау туралы түсінік. 
2. Қабылдаудың физиологиялық негізі. 
3. Қабылдаудың түрлері және ерекшеліктері. 
4. Кеңістікті және уақытты қабылдау. 
 
Қабылдау дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі. 
Физиологиялық негізі. 
Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек. 
Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. 
Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды. 
Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді. 
Ерекшеліктері. 
1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз. 
2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз. 
3. Қабылдаудың таңдамалылығы . Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады  
4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты. 
Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады. 
Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді. 
Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі . Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау. 
Кеңістікті және уақытты қабылдау. 
Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады. 
Уақытша қабылдау. 
Уақыт дегеніміз – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның рпнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең.  
Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады. 
Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері жеке адамның кейбір қасиеттерін көрсетеді. Сөйлеу ерекшел іктері де адам туралы көп мәлімет береді. 
 
 
 
Ес. 
1. Ес туралы түсінік. 
2. Ес теориялары. 
3. Естің түрлері.  
4. Ес процесстері. 
5. Естің дара ерекшеліктері. 
 
1. Ес туралы түсінік. 
Ес деген проблемамен адамзат өте ерте заманда айналысқан. Мысалы: Өткен ғасыр-  
дағы ғалымдар Аристотель, Платон ес проблемасымен айналысып, адам баласы пассивтік жағдайдан активтік жағдайға өткенде ес көрініс беретінін анықтады. 
Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап , есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз. 
2. Ес теориясы. 
I. Психологиялық теория. Психологиялық теория негізінде назар не объектіге немесе  
субъектіге аударылады. Психологиялық процесстер жеке элементтерге бөлінеді. Ал кейін олар санада ассоциация заңына байланысты қайтадан бірігеді. 
Ассоциацияның 3 түрі бар: 
1)Іргелестік – бір-біріне іргелес жатқан заттар мен құбылыстардың біреуін қабылдаса екіншісі өзінен-өзі еске түсіреді. 
2)Ұқсастық ассоциация – бұл ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді. 
3)Қарама-қарсылық – бұл қарама-қарсы екі құбылысты байланыстырады. 
II. Физиологиялық теория. Естің физиологиялық теориясы Павловтың жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарымен байланысты. Есте сақтау бұл нерв системасының мидың иілімділігіне байланысты болады. Мидың иілімділігі өзгермейтін бірқалыпты қасиет емес. Ол түрлі жағдайларға байланысты не жақсару не нашарлауы мүмкін. Ми иілімділігінің көрсеткіші бұл ми шарының қабығында уақытша нерв байланысының құрылуы, олардың көп уақыт сақталуы және тез жеңіл түрде жалдануы болып табылады. 
III. Физикалық теория . Бұл теория бойынша нерв импульстері , нерв клеткалары арқылы өткенде өзінен кейін физикалық із қалдырады. Адамның ми қабығында қозулар тізбек бойымен айналып жүреді. Іздердің сақталуы қозудың бір нерв клеткасы екіншісіне өткенде оның ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Осы теория бойынша шоктык жағдай қозудың шеңбер арқылы өтуін бұзады. Ол іздің жоғалуына әкеледі. Ал іздер тек қозудың өтуіне байланысты сақталады. 
IV. Биологиялық теория . Іздердің сақталуы биологиялық өзгерістермен байланысты. Есте сақтау процессі екі сатылы болады:  
1.Нерв системасында қысқа мерзімді электрохимиялық реакция пайда болады. Бірақ ол нерв клеткаларында күшті физиологиялық өзгерістерді көрсетпейді . 
2.Бірінші сатының негізінде биологиялық реакция пайда болады. Ол РНК – қышқылымен байланысты.  
Бірінші саты бірнеше секундқа немесе бірнеше минудқа созылады. Ол қысқа мерзімді есте сақтаудың негізі болып табылады. 
Екінші саты бұл ұзақ мерзімд есте сақтаудың негізі болып табылады. 
Естің түрлері. 
Естің түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді: 
1.Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді: 1)қозғалыс есі 2)сезімдік 3)бейнелік ес 4)сөз логикалық  
2.Мақсатқа қарай 2ге бөлінеді: ырықты және ырықсыз. 
3.Материалды есте сақтау қзақтығына қарай 3-ке бөлінеді: 1)қысқа мерзімді ес 2)ұзақ мерзімді ес 3)оперативті ес. 
I. Психикалық белсенділікке қарай. 
а)Қозғалыс есі деп – еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып оны қайта жаңғырту. 
б)Сезімдік ес – бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру.  
в)Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту. 
г)Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.  
II. Мақсатқа байланысты. 
Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы. 
Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы. 
 
III. Материалдық есте сақтау. 
Қысқа мерзімді материалы қысқа сақтау.  
Оперативті - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.  
 
3. Ес процесстері. 
1.Есте қалдыру. 
2.Қайта жаңғырту. 
3.Есте сақтау. 
4.Ұмыту. 
1)Есте қалдыру –бұл мәліметті белсене қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны геру процесстері. Есте қалдырудың түрлері : 
1.Қысқа мерзімді есте қалдыру. 
2.Ұзақ мерзімді есте қалдыру. 
3.Оперативтік есте қалдыру. 
4.Ырықты есте қалдыру. 
5.Ырықсыз есте қалдыру. 
Жатау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты. 
6.Логикалық есте қалдыру. 
7.Механикалық есте қалдыруда заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады. 
Логикалық есте қалдыруда – қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте қалдырудың тәсілдері: 
1.Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру. 
2.Салыстыру. 
3.Материалды топтастыру және жіктеу. 
4.Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру. 
5.Бейнелі байланыстарға сүйену. 
6.Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау. 
7.Мағыналы байланысты орнату. 
2.Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1)Толық. 2)Толықсыз. 
Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді:1)Ырықты. 2)Ырықсыз. 
3.Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді: 1)Ырықты. 2)Ырықсыз. 
4. Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері: 
1)Жағымсыз индукцияның әсері. 
2)Проактивтік тежелу.  
3)Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру.  
4)Шектен тыс тежелу.  
Ұмытудың тағы бір ерекшелігі – амнезия. 
5.Естің өзіндік ерекшеліктері бар: 
Адам ерекшелігіне байланысты. Олар есте қалдырудың жылдамдығымен, дәлдігімен, біріктілігімен және қайта жаңғыртуға дайындығымен сипатталады. Адамда 2 процесс бар: 1.Есте қалдыру – тез тез, баяу баяу. 2.Ұмыту – баяу тез, баяу тез.

Сезім мүшелері

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Сезім мүшелері (органы чувств, сенсорные органы); (organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.

 
Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.

Оған дәм сезімі, иіс  сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі — проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.[1]

Мазмұны

[жасыру]

  • 1 Көздің құрылысы
    • 1.1 Алыстан және жақыннан көргіштік
  • 2 Анализатор
  • 3 Көздің құрылысы
  • 4 Алыстан және жақыннан көргіштік
    • 4.1 Көз гигиенасы
  • 5 Пайдаланған әдебиет

[өңдеу] Көздің құрылысы

[өңдеу] Алыстан және жақыннан көргіштік


Адамның тіршілігі сыртқы ортамен тығыз байланысты. Қоршаған ортада болып жатқан ақпараттар ағынын жүйкелер сезімтал ұштары (рецепторлар) арқылы қабылдайды.

Тітіркендіргіш (түршіктіргіш, қоздырғыш) әр түрлі заттардың (ине, ыстық, суық, қатты дыбыс және т. б.) денеге (ағзаға) әсері. Рецептор сезім мүшелерінің (анализаторлардың) шеткі бөлімдері, ол сыртқы және ішкі деп 2-ге бөлінеді. Сыртқы рецептор (жүйке ұштары) терінің үстіңгі (беткі) қабатында болады, тітіркендіргіштерді сыртқы ортадан қабылдайды. Мысалы, қолдағы теріге инемен әсер етсе, адам дереу қолын тартып алады. Ішкі рецепторлар ағзаның ішінде, ішкі мүшелерде (жүрек, ішек-қарын, қантамырлары және т.б.) болатын құбылыстарды хабарлайды.

Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі - көз; есту мүшесі - құлақ; иіс сезу мүшесі - мұрын; сипап сезу (түйсіну) мүшесі - тері; дәм сезу мүшесі — тіл. Сезім мүшелері қоршаған ортаның белгілі бір тітіркендіргіштерін ғана қабылдайды. Мысалы, құлақ - тек дыбысты, көз - тек жарықты және т. б. Сезім мүшелері мимен және өзара бірімен-бірі тығыз байланысып, бірін-бірі толықтырып тұрады.

Сыртқы және ішкі тітіркенуді  қабылдап талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығын физиолог ғалым И.П.Павлов анализатор деп атады. Сезім мүшелерін  кейде сенсорлық жүйе деп те атайды (латынша - сезу, түйсіну).

[өңдеу] Анализатор

Әрбір анализатор 3 бөліктен тұрады:

  1. тітіркендіруді қабылдайтын шеткі бөлігі - рецепторлық,
  2. қозуды (тірі жасушалардың тітіркенуге жауабы) рецептордан орталық жүйке жүйесіне өткізетін - өткізгіш бөлігі;
  3. ми қыртысында қозуды талдайтын - орталық бөлігі.

Сонымен анализатордың бөліктері - шеткі, өткізгіш, орталық деп аталады. Анализаторлардың барлық бөлігі бірімен-бірі тығыз байланысты. Егер анализатордың бір бөлігі зақымданса, басқа бөліктеріне әсер етіп, тітіркенуді ажырата алмайды (жойылады).

[өңдеу] Көздің құрылысы

Адам сыртқы ортада болып  жатқан түрлі ақпа-раттпрдың 80-90%-дан  астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша мүшелерден тұрады. Көз алмасы 3 түрлі қабықтан тұратын шар тәрізді мүше.

Сыртқы қабығы - қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабық. Бұл қабық көз алмасының алдыңғы және артқы бөліктерін қаптап тұрады. Ақ қабықтың алдыңғы жағы мөлдір әрі дөңес қасаң қабыққа айналады. Ақ қабық көз алмасына пішін береді, қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.

Ортаңғы қабығы - қантамырларына бай тамырлы қабық. Бұл қабықта  қантамырлары көп болғандықтан, көзді  коректік заттармен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабықтың алдыңғы жағы нұрлы (бояулары түрлі түсті) қабыққа айналған. Нұрлы қабықтың дәл ортасындағы  тесік - қарашық деп аталады. Қарашық  арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Көз қарашығы бірде ұлғайып, бірде  кішірейіп көзге жарықтың өтуін  реттейді. Жарық мол түссе, қарашық  кішірейеді, аз түскенде ұлғаяды. Қарашықтың кішірейіп немесе ұлғаюы нұрлы қабықта  болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына байланысты.

Мөлдір қабық пен нұрлы  қабық арасында көздің алдыңғы. қуысы  орналасқан. Нұрлы қабық пен көз  бұршағының арасында көздің артқы қуысы  бар. Көз қуыстарындағы сұйықтық көздің ішкі қысымын реттейді.

Нұрлы қабық пигментке (бояғыш зат) бай. Пигменті аздау көз - көк  немесе боз түсті. Қара көз бен  қой көзде (коңырқай) пигменттер жеткілікті болады. Пигментсіз болса, қызыл, тағы басқадай түсті болады. Қара пигментті жасушалар жарық сәулесін жақсы сіңіреді.

Қарашықтың артқы жағында  пішіні екі жағы да дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене - көз бұршағы (хрусталик) жатады. Ол күн сәулесін торлы қабыққа шоғырландырады (жинайды). Көз алмасының ішін мөлдір шыны тәрізді іркілдек дене толтырып тұрады.

Көздің ішкі қабығы - торлы  қабықтың құрылысы күрделірек. Көз алмасының түп жағында шар тәрізді ақ дақ (соқыр дақ), оның жанында сары дақ болады. Торлы қабықта жарықты сезетін жасушалар өте тығыз орналасқан. Бұл жасушалардың пішіндері таяқша, колба тәрізді (химиялық ыдыс) болып келеді. Сары дақ колба тәрізді жасушалардың жиынтығынан түзілген, жарықты жақсы сезеді. Соқыр дақта жарықты сезетін жасушалар болмайды, жарық сәулесін қабылдамайды. Сондықтан оны соқыр дақ дейді, соқыр дақ - көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері.

Таяқша тәрізді жасушалар  арқылы адам түнде, ымырт жабылған кезде  жақсы көреді. Колба тәрізді жасушалар  тек жарық жақсы түскенде ғана тітіркеніп, заттың түсін ажыратады. Жарық сәулесімен тітіркендіргенде жасушаларда козу пайда болады. Қозу көру жүйкесі арқылы ми қыртысының шүйде бөлігіндегі көру орталығына беріледі. Сонымен, көз алмасы - ақ қабық, тамырлы қабық және торлы қабықтан тұрады.

Көздің қосымша (қорғаныш) мүшелеріне - қабақ, кірпік, көз алмасын козғалтатын бұлшықеттер, жас бездері, қас жатады. Қабақ пен кірпік - көзді шаң-тозаңнан, жарқыраған жарықтан қорғайды. Бұлшықеттер - көз алмасын жоғары, төмен, ішке, сыртқа қарай қозғалтады. Жас бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Жас бездері ұдайы жас бөледі. Жас - көзді ылғалдап, жылытады. Көзге түскен бөгде заттар жаспен бірге сыртқа шығарылады. Жас зиянды микробтарды жояды. Қас - аққан терді көздің ішіне жібермей ұстап, қорғап қалады.

[өңдеу] Алыстан және жақыннан көргіштік

[өңдеу] Көз гигиенасы


Адамның көру қабілеті жасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 10 жаста затты 7 см қашықтықтан жақсы  көрсе, 45—50 жаста - 33 см-ден жақсы  көреді. Ал 70-те жақын тұрған заттар бұлдырап анық көрінбейді, көзілдіріктің  көмегімен, әр түрлі линзалар (ойыс, дөңес) арқылы реттеледі. Бұл жағдай көз бұршағының өз пішінін өзгерте алмай, төмендеуінен болады. Мұндайда алыстан көргіштік қалыптасады. Алыстан көргіштік (қырақтық) көбінесе қарт адамдарда кездеседі. Әсіресе, жастарда (мектеп окушыларында) жақыннан көргіштік жиі кездеседі. Жақыннан көретін адамдарға алыстағы заттар бұлыңғырланып көрінеді, оның қандай зат екенін ажырата алмайды. Жақыннан көргіштік көбінесе жарық аз түскен жерде оку, жатып оқу, көлікте жүріп окудан болады.

Көз ауруларының ішінде көбірек  таралған жұкпалы ауруға - көз қарығуы (конъюнктивит) жатады. Бұл кезде  көздің сілемейлі қабығы қабынады. Аурудың болуына көбіне бактериялар, вирустар және т. б. ағзалар әсер етеді. Кейде гүл тозаңдары, химиялық заттар, дәрі-дәрмектер де әсер етуі мүмкін.

Көз ауруларын емдейтін дәрігерді -офтальмолог (грекше — көз), кейде окулист (латынша — көз) деп атайды.

Көз гигиенасы. Көз адамның  маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны  қорғай білу абзал.[2]

[өңдеу] Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
  2. ↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х

Алдамшы көріністер

 

 

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

 

 

 Мында өту: шарлау, іздеу

 

 

Алдамшы көріністер, иллюзия (лат. іllusіo — алдаймын, мазақтаймын, келекелеймін) —

1.түрлі себептерге байланысты  өмір шындығының теріс, жаңсақ қабылдануы. Алдамшы көріністер көбінесе танымға жат, түсініп болмайтын бейнелер түрінде көрінеді.

2.Жалған, орындалмайтын үміт, арман. Алдамшы көріністер дені  сау адамдарға да елестеуі  мүмкін. Дегенмен бұл көбіне психика  жүйесінде соқпалы не созылмалы  дерті бар кісілерге тән нәрсе. Алдамшы көріністер, әсіресе шаршау, әлсіреу, қорқыныш, үрей секілді психикалық әсер салдарынан немесе айналадағыларға сенімсіздікпен қараудан көңіл күйінің бұзылуы кезінде жиірек бой көрсетеді. Мыс., орманда келе жатқан секемшіл жолаушыға бәзбір бұта тығылып тұрған жол торушы секілді болып көрінуі мүмкін; жұқпалы аурумен ауырып, қызуы көтеріліп жатқан адамға қабырғадағы дақтар ағаштардың, түрлі аңдардың суреті секілді болып елестейді; басы ауырып, мәңгіріп отырған маскүнемге көшедегі топ кісінің әңгімесі оның өз атына айтылып жатқан балағат сөздер секілді болып естіледі. Алдамшы көріністердің көзге елестеп, құлаққа естілумен бірге денені тітіркендіріп, дәм, иіс сезімі қызметіне әсер ететіні де болады. Алдамшы көріністер жалған елестен (галлюцинациядан) өзіндік шынайы қабылдау объектісі арқылы ерекшеленеді. Психопатология (психикалық ауытқу) құбылысы ретіндегі Алдамшы көріністермен қатар, жұрттың бәрі де бақылай алатын “физикалық Алдамшы көріністер” де болады. Бұл негізінен оптикалық құбылыстарға, яғни көрініс иллюзиясына байланысты. Иллюзия жалған қабылдаулар жайлы жекелеген мысалдарды антикалық дәуір авторларынан (Аристотель, Лукреций т.б.) да кездестіруге болады. Қайта өрлеу дәуірінде де, жаңа кезеңде де “Иллюзия” оптикамен шұғылдану және салыстырмалы қашықтық теорияларын жасау арқылы дәріптелді. Көрініс иллюзиясына байланысты мынадай Алдамшы көріністер кездеседі:

3.Оптикалық-геометриядағы Алдамшы көріністер (екі өлшемді контурлық кескін фрагменттері арасындағы метрлік ара-қатынастардың бұрмалануы);

4.Жарық контрасттары (қарама-қарсылық) феномені (сұр, жолақ, қара фонға қарағанда ашық фонда күңгірт сияқты көрінеді).

 

Қимыл-қозғалыста да Алдамшы көріністер көп кездеседі. Олар:

1.автокинетикалық қозғалыс (толық қараңғыда байқалатын, объективті  түрде қозғалмайтын жарық көзінің  ретсіз орын ауыстыруы);

2.стробоскопиялық қозғалыс (қозғалмайтын екі тітіркендіргішті бірінен соң бірін іле-шала көрсеткенде қозғалыс туғандай әсер болуы); # индукциялық қозғалыс (қоршаған фонға қарай қозғалмайтын объектінің қозғалғандай болып көрінуі). Алдамшы көріністердің оптикалық және физиологиялық себептерін анықтауға көптеген зерттеулер арналған. Алдамшы көріністер сырын дұрыс түсінудің тәжірибелік мәні зор. Мыс., Алдамшы көріністер туғызу архитектура мен бейнелеу өнерінде, полиграфияда әшекейлеулерде, театр сахналарын безендіруде (психология жайлылық үшін) жиі қолданылады.

Информация о работе Психологияның тарихы