Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 18:49, реферат
Бірінші психикалық түсініктер Грецияда, Египетте, Римде, Қытайда пайда бола бастады. Ерте заманда психика жөніндегі түсініктер аналистік сипатта болды. Анализм - әр заттың жаны бар деген мағынаны білдіреді. Гелозоизм – психика барлық материалдарға тән. Гераклит : дүниедегі заттар мен құбылыстар әр уақытта өсуде, өнуде болды. Соған байланысты адам жаны да сыртқы әсеріне байланысты өзгеріп тұрады.
Жануарларда да коммуникациялық іс-әрекеттің қарапайым түрлері кездеседі. Олардың кейбір дыбыс шығаруы немесе көру тітіркенулері басқа жануарларға сигнал болуы мүмкін. Алайда ол екінші сигналдық жүйе бола алмайды.
Тілдің ұғындырушы әрекеті - дерексіз ойлаудың, түсінудің құралы. Түскен ақпаратты талдап қорыту арқылы пікір және тұжырым туады. Сөйтіп сигналдық жүйелердің өзара әрекеті қарапайм сезуді күрделі ойлау процесіне ауыстырады.
Тілдің реттеуші әрекеті сөз арқылы организмнін әртүрлі жүйелерін реттеуді жүзеге асырады. Сөз сигналы ішкі ағзалар қызметін, организмдегі зат алмасу қарқынын өзгертеді. Мұны K. M. Быковтың ми қыртысы—ағзалық теориясы дәлелдейді.
Сөздік тітіркендіргіштер қимыл-әрекетті, сезімдік жүйелерді, вегетативтік жүйкені, мидың қызметін өзгертіп, адамның психикасына, көңіл күйіне әсер етеді. Мұндай психофизиологиялық көріністерді адамның және науқастардың әртүрлі әрекеттік жағдайларын анықтау үшін қолданады.
Нәрселерді сөзбен белгілеудің акустикалық, кинестезиялық және оптикалық түрлері кездеседі.
Тілдің акустикалық формасы дыбыс сигналдары түрінде болады. Ол сөз түйдектерін жіктеп немесе құрап түйсінуге көмектеседі. Яғни байланыстырушы әрекет атқарады,
Тілдің кинестезиялық түрі дыбыс шығарушы артикуляциялық
мүшелердің қимыл-әрекеті арқылы жүзеге асады. Тіпті дыбыс шығармай тек ойлаудың өзі олардың бұлшықеттерінің сергуін күшейтеді. Ал ойын саусақпен, ыммен түсіндіретін керең-мылқаулардың қол еттері жиырылады. Сол арқылы оларды екінші сигналдық жүйе жоғары парасаттық дәрежеге жеткізеді.
Тілдің оптикалық түрі жеке сөз (әріп) тітіркендіргіштерін талдау және бірлестіру механизмдерін, сөздің символдық мәнін қамтамасыз етеді. Ми қыртысының шүйде аймақтары зақымданса әріптерді тану, ажырату қиындайды. Ал қозғалыс және есту талдағыштары зақымданған жағдайда әріпті жазумен қатар естіген сөзді ұғыну бұзылады.
Тілдің физиологиялық
Тілдің немесе екінші- сигналдық жүйенің іс-әрекеті мидың маңдай бөлігі мен сөзді айту, есту және жазуды көру талдағыштары арқылы орындалады.
Сөзді айту талдағышы дыбыс аппаттары мен бұлшықеттері рецепторларынан мәлімет алып, сөйлемдер құрастырып сөйлеуді жүзеге асырады. Ол мидық маңдай бөлігінің екінші және үшінші қатпарларында орналасқан (Брока орталығы). Аурсыну кезінде еріксіз сөйлеуге байланысты бұған қыртысасты құрылымдар д, а қатысады деп болжауға болады.
Тілді түсіну мидың сөзді есту талдағышы, арқылы атқарылады. Ол оңқай адамдардың сол жақ ми сыңарының самай аймағынын, жоғарғы бөлігінде орналасқан (Вернике орталығы).
Тіл түйсігінін, негізгі алғы шарты акустикалык немесе оптикалық түрде келген ақпаратты жіктеп ажырату. Мұны тек есту зердесі мен қиын материалды оқыған кездегі көздін, ізденіс қимылдары арқылы орындауға болады. Ми қыртысының белгілі аймақтары екінші сигналдық жүйенің әрбір көріністеріне жауапты болғанымен, әдетте, тілдің күрделі іс-әрекеті
(сөйлеу, оқу, жазу, санау) мидың баска бөліктері бөлінсе де бұзылады. Өйткені пехикалық іс-әрекет бүкіл мидың бірлестірілген қызметі.
Сана
Сана — болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу, түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен құралады. Сана адам миы қызметінің - жемісі. Материяның әрбір қасиеті сияқты сана тек ақиқат заттар мен құбылыстардың өзара әрекетінен туады.
Адам мен жануарлар болмысты сезімдік түйсіктер арқылы бірдей таниды және бағалайды. Алайда адам жануарларға қарағанда объективтік дүниені ақыл-оймен бейнелеу және дерексіз ойлау, тіл арқылы түсінеді.
Тіл — сананың (ойдың) материалдык көрінісі, негізгі. Тілсіз сана жоқ, ал санасыз адам жоқ. Сана жеке адамның субъективтік әсерленушілігі. Жалпы сана сезіну және сана - сезімнен құралады. Сезіну дегенміз акиқат болмысты жинақталған біліммен салыстыру және адамның тәжірибесін молайту. Сана арқылы басқа адамға білім беріледі.
Адам өзіндік сана (сана-сезім) арқылы өзін-өзі сезініп ұғынады. Сана-сезім дегеніміз — адамның өзін-өзі және өзінің психикалық күйін түсінетін арнайы кісілік ерекшелігі. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық қоғамдық сана-сезіммен тығыз байланысты. Сондықтан сана-сезім адам өзін - өзі түсінгеннен көрі кең ұғым. Өйткені өзін - өзі сезіну мен қоршаған болмысты сезінудің бірлігі арқылы тек адамның кісілік қасиетіне тән өздігінен реттелудің жоғары формасы жүзеге асады. Сөйтіп әрбір сана қоршаған әлемнің нәрселерін сезіну мен адамның өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін сезінуден тұрады. Адам санасы әлеуметтік түрткілердін, ықпалынаң — енбек іс-әрекеті мен қатынастан қалыпасады. Caна-сезім бір жағынан, танымдық екінші жағынан, әрекеттік рухани құбылыс. Өзін түсіну арқылы адам өзін - өзі жөнге салады, өз ісіне баға береді, мінез - құлқын реттейді, тәрбиелейді.
Алайда адамның көптеген психикалық әсерленісі оның санасына жетпей атқарылады. Оларды П. В. Симонов екі топқа бөледі. Бірінші топ — шаласана (подсознание). Оған санадан тыс шығарылған автоматты қимыл дағдылары, ішкі ағзалардың қызметі мен реттелуі, эмоция реңкі мен олардың сыртқы көрінісі, мотивациялық келіспеушілік жатады. Шаласана адамды артық энергия шығынынан сақтайды, оны ышқынудан қорғайды. Шаласананың немесе санасыздықтың (бессознательное) бірінші деңгейі—адамның өз денесін, тіршілігін психикалық санасыздықпен бақылауы. Екінші деңгейі — адамның ұйықтамай жүрген кезеңіне ұқсайтын процестер. Оның үшінші деңгейі адам рухының жоғары сергектігінде жетілетін көркемдік, ғылыми және басқа сезімталдық психикалық процестерден көрініс табады. Екінші топ — асқан сана (сверхсознание) немесе интуиция. Ол сана бақыламайтын шығармашылық нұрлану (озорение) , болжам, жорамал, аңғару, шамалау қасиеттерін қалыптастыратын механизмнен тұрады. Асқан сананың негізі — зерде іздерін өңдеп, жаңаша комбинациялар табу, жаңа уақытша байланыстар жасау, аналогтар құрастыру. Ол ғылыми жаңалықтар ашуға, көркем шығармалар жазуға, өнер туындыларын жасауға ықпалын тигізеді.
Сана мен таным процесінде эмпияның мәні өте зор. Адам эмоция мен сезімі арқылы ақиқат болмысқа өзінің арнайы ыңғайын білдіреді. Сонымен бірге адам қоршаған болмысты жандандыруға саналы іс-әрекет жасайды. Сананың практикалық қимыл-әрекетке бағытталуы, оның маңызды бір саласы — адам ырқын құрайды. Ырық дегеніміз — киындықтарды жеңуге арналған саналы, мақсатты психикалық іс-әрекет. Ол адамның талаптарын, мақсат-мүдделерін, істерін жүзеге асырады.
Көп жылдар бойы сана үлкен ми сыңарлары қыртысы, ал шаласана орталық жүйке жүйесінің төменгі бөліктері арқылы атқарылады деген пікір болды. Алайда олар мидың барлық құрылымдарының бірлестірілген
іс-әрекеті. Яғни, үлкен ми сыңарларының қыртысы барлық рефлекстік әсерленістерге қатысады.
Мидың бірлес тіріліс (интеграция) іс-әрекеті үш негізгі әрекеттік жүйенің өзара әсерлерінен құралады. Біріншісі — сезім ақпаратын қабылдайтын және өңдейтін сезім жүйесі (талдағыштар) , екіншісі — жүйке жүйесін белсендіретін мидың түрлендіріс (модуляция) жүйесі (лимбия жүйесі, торлы құрылым) , үшіншісі — мінез актісін бағдарлайтын, іске қосатын және бақылайтын — қимыл - әрекет жүйесі (қозғалыс талдағышы).
Әрбір шарты рефлекстік әсерленіс, оның ішінде екінші сигналдық жүйе де, шаласана деңгейінде іске қосылады. Қез келген ақпарат санаға жетпестен, мидың тиесі бөліктерінде талдаудан өтеді. Бұл адамның жоғары жүйке, психикалық іс-әрекетінің саналы және шала саналы көріністеріне мидың тұтас қатысатындығын көрсетеді.
Адамның мұндай екі сатылы құрылымы организм мен ортанын, үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Сана шаласана тудыратын нейрофизиологиялық құбылыстардың арасында жылжымалы (динамикалы) тепе-теңдік болады.
И. П. Павловтың айтуынша, шала сана деңгейінде пайда болатын әлсіз тітіркенудің сергітетін ықпалы ми қыртысының қызметті бірлігін күшейтеді Жаңа көп ақпарат мидың шаласаналық сатысы сананың бүкіл пәрмейін қосатын бағдарлама жасайды. Егер шаласананы ақпараттық талдау мен өңдеуден айырса, саналық әрекет болмай қалады, Сондықтан да психикалық ауытқулар немесе жағымсыз субъективтік әсерленушілер тууы мүмкін.
Дені сау адамда ішкі ағзалардың шартты рефлекстік реттелуі де шаласана деңгейінде атқарылады. Ішкі ағзалардың интерорецепторына әсер ететін үйреншікті тітіркендіргіштерден шығатын мәліметтер ми қыртысына жетіп талданады. Бұл шаралар организмнің мінез қылғын өзгертетін шартты рефлекстердің негізі болуы ықтимал. Мұндай күйлер адамның өзіне түсініксіз болады («күңгірт сезім»). Осы тітіркендіргіштердің әсері күшейсе, ақпараттар санаға жетіп, организмнің сәйкес аймақтарындағы жаман халды баяндайды. Ол науқастарда әртүрлі субъективтік сезулер мен шағымдар туғызады.
Шаласана әсерленіс, мінез-құлықтық және психикалық іс-әрекеттің басқа түрлері сияқты, себеп пен олардар қатынасы заңдарына бағынады.
Психофизиологиялық сауал
Қазір физиология, психология, философия ғылымдары саласында өзекжарды проблемалардың бірі — психофизиологиялық сауалдар. Ол материалдық пен идеалдық мәндердің бір-біріне ауысу қатынастарының құрамына кіретін физиологиялық және психикалық құбылыстардың арасалмағын ажырату. Бұл туралы қазіргі философия да үш түрлі қағида бар. Бірінші қағиданы жақтаушылар физиологиялық құбылысты да, психикалық құбылысты да, материалдық процесс деп санайды. Яғни психиканы жоғары жүйке іс әрекеті сияқты материя қозғалысының қасиеті деп есептейді. Олардың пікірі бойынша, адам миы объективті болмысты материалдық нәрселермен бейнелейді. Демек', психика физиологиялық құбылыстар сияқты мидың рефлекстік механизмдерінен туады.
Екінші қағида психика материя қозғалысының формасы екендігі туралы тезисті теріске шығарады. Психиканы жоғары жүйке қызметіне ұқсастыруға болмайтындығын ерекше атайды. Мұны жақтаушылардың айтуы бойынша, психика рухани нәрсе, материалды дүниенін, идеалдық шындығы. Яғни, сана болмыстың идеалдық кескіні бола тұра мидың нақтылы құбылысы және өз идеалдығын жоймайды. Алайда мұндай пікірдің көмескі жерлері көп.
Үшінші қағиданы қолдаушылардық басты тезисі психика — мидың белгілі бір нейродинамикалық жағдайының субъективтік көрінісі. Басқаша айтқанда, кез келген психикалық күй (сезу, эмоция, ой) мидың әрекеттік жүйелерінің сәйкестелген нейродинамикалық құбылыстарының көрінісі.
Шындығында, психика мен физиологиялық кұбылыстарды тірі организм әрекеттерінің екі түрлі даму сатысы ретінде қараған жөн. Расында, идеалды құбылыс — нәрсені субъективті бейнелеу. Сондықтан ол мида орналасады, өйткені осы материалдық құрылымнан тыс субъективті бейнелеу болмайды. Психика субъективті болмыс ретінде тек адам миында туады, әрине, ол сыртқы әсерлерге, адамның әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Адамның психикалық іс-әрекетінің күрделі формаларының механизмдер адамдардың өзара және адам мен әлеуметік ортаның қарым-қатынасына негізделген. Сондықтан адамдарды олардьщ іс-әрекетінен бөлек алып үғыну мүмкін емес.
Соңғы жылдары миды электр тогымен тітіркендіру арқылы психикалық әсерленістердің негізгі механизмдері анықталды. Сөйтіп, күрделі психикалық құбылыстарды жүзеге асыруға мидың терең орналасқан құрылымдарының белсенді түрде қатысатындығы дәлелденді (H. П. Бехтерева). Адамның ойлау қасиеті, ақпараттармен жоғары сатыда әрекет жасайтын құбылыс ретінде, нысаналы зерттелді. Адам миының орасан ақпараттық сыйымдылығы бар. Ол 14—15 миллиардтай нейроннан тұрады, шамамен. 1020 дәрежесіне тең ақпаратты қабылдай алады. Мұны көптеген ми нейрондарынан басқа, олардың көп әрекеттік популяциясы және мидың барлық іс-әрекетінің негізін қалайтын жылжымалы механизмдері жүзеге асырады.
Психикалық іс-әрекеттің бірлестіру механизмдері. Адам мінез-кұлқының саналы іс-әрекетті бағдарлауын, реттелуін және бақылауын қамтамасыз ететін механизмдері өте күрделі біріккен жүйелерден тұрады. Олар адамның психикалық іс-әрекеттің күрделі салаларын реттейтін физиологиялық механизмдер.
Психолог A. P. Лурияның пікірі бойынша, психикалық іс-әрекеттік қайсысы болса да, үш негізгі әрекеттік блоктан құралады. Бірінші әрекеттік блок қалыпты психикалық іс-әрекетті жүзеге асыратын ми қыртысының сергектігін реттейді. Ол қыртысасты және ми бағаны бөлімдерінің торлы құрылымында орналасқан. Бұлар ми қыртысына әсер етумен қатар, өздері оның ықпалында болады. Оларды белсендіретін үш түрлі әсер бар. Бірінші белсендіру көзі — гомеостаз бен ырықсыз мінездің негізін қалайтын зат алмасу процестері. Оған торлы құрылымнан басқа орталық аралық ми, лимбия жүйесі ықпал жасайды. Екінші белсендіру көзі — сыртқы әлемнен келетін тітіркендіргіштер. Олар организмді сезім мүшелері арқылы белсендіреді, бағдарлау рефлексін тудырады. Бұл рефлекске таламус, құйрықты дене, гипокамп нейрондары қатысады. Үшінші белсендіру көзі — адамның саналы өмірінде тіл арқылы қалыптасатын ниет, жоспар, керініс және бағдарлама. Олар ми қыртысы, торлы құрылым, таламус, ми бараны арасындағы қатынастар арқылы жүзеге асады. Екінші әрекеттік блок мидың ақпарат қабылдауын, өңдеуін және сақтауын қамтамасыз етеді.Олар ми қыртысының көру, есту және сезімдік аймақтарында атқарылады. Үшінші әрекеттік блок белсенді саналы психикалық іс-әрекеттің реттеу мен бақылау бағдарламасын жасайды. Бұл орталық үлкен ми сынарларының алдыңғы маңдай бөлігінде орналасқан. Мидың маңдай бөлігі сыртқы тітіркендіріске синтез және бағдарлама жасап, қимыл-әрекетті дайындаумен қатар, олардың нәтижесі мен барысын қадағалайды.
Қазіргі ұғымдарға байланысты белсенді психикалық әсерленістердің кұрылысын өзін-өзі реттеуші күрделі «рефлекстік шеңбер» түрінде қарайды. Саналы іс-әрекеттің қайсысы да үш блоктың біріккені-жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Бірінші блок үйлесімді қимылға қажет бұлшықеттер тонусың екіншісі — афферентік синтезді, үшіншісі — бағдарламаға сәйкес ниетті қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар көптеген психикалық әрекеттерге ми сыңарларының әртүрлі меңгеру айырмашылықтары ықпалын тигізеді.
Мидың әрекеттік асимметриясы. Адам миы симметриялы орган. Алайда олардың әрекеттері әртүрлі болып, әралуан іс-әрекетті меңгереді.
Бұрын мидың сол сыңары тіл, ойлау, қимыл-әрекетіне, кеңістікте дене бағдарланысына жауапты, сондықтан үстемді (доминантты) деп есептелді. Ал оң сыңары қосалқы ретінде қаралды. Қазіргі кезде әрбір психикалық әрекетті меңгеруде сол немесе оң ми сыңарларының үстемдігі болатындығы анықталды. Мәселен, сол ми сыңарының әрекеті басым адамдар теорияға бейім, сөз қоры мол, оны кеңінен пайдаланғыш, қимылы белсенді, мақсатқа талпынғыш, уақиғаларды болжағыш келеді.